Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мейірбикелердің өмір сапасын зерделеу және кәсіби күйінуін бағалау (әдебиет шолу)

Денсаулық сақтау саласында жұмыс жасау – еңбекке қабілеттілікпен төзімділікті және жауапкершілікті жоғары деңгейде талап ететін, психологиялық жоспардың жүктеме дәрежесінің жоғарлығымен сипатталатын, адамның еңбек ету жолында кездесетін жауапты, аса күрделі жұмыстардың бірі. Халыққа медициналық көмектің дұрыс және тиімді көрсетілуі медицина қызметкерлерінің атқаратын жұмысына тікелей байланысты. Қазіргі таңда олардың өмір сапасының көрсеткіштерін зерделеу және кәсіби күйіну деңгейін бағалау арқылы медициналық көмекті ұйымдастыру және сапасын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Тақырыптың өзектілігі. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Мейірбике ісін 2020 жылға дейін дамытудың кешенді жоспарын» бекітті, онда денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбике ісі мамандары үшін жаңа құзіреттіліктерді енгізу, мейірбикелердің өмір сүру сапасын жақсартуын арттыру, медициналық колледжерді дамыту және университеттерді мейірбике ісі реформасының қажеттілігіне қарай дамыту қарастырылған. Кешенді жоспарды дамыту халықаралық деңгейге бағытталған мейірбике ісінің жаңа үлгісін енгізуге көмектеседі және дәрігердің тең дәрежедегі серіктесі ретіндегі мамандардың тәуелсіз рольін қамтамасыз етеді [1].

Қазақстан тұрғындарының медициналық-демографиялық көрсеткішінің қолайсыздығы және аурушылдық деңгейінің жоғары болуы барлық сатыдағы медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруды қажет етеді. Бірақ мейірбикелердің жұмысының қарқындылығы, қаржымен қамтамасыз етудің төмендігіне қарамастан, медициналақ көмек сапасына талаптың артуы орта буында медициналық персонал кадрларының ағымына, жоғары психикалық жүктеме «кәсіби күйіну» симптомдарының пайда болуы және олардың басқа жұмысқа ауысуына алып келеді. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін орта буында медициналық персонал жұмысын ұйымдаструдың функционалдық талдау арқылы жүргізілген зерттеулер аз. Жұмыс сапасына және мейірбике ісі мамандарының психикалық жағдайына кәсіптік зиянды орындардың әсерін бағалайтын әлеуметтік психикалық зерттеулер жүргізу қажет [2].

Денсаулық сақтау саласында медициналық көмек сапасын жоғарлатпай медициналық ұйымдарды тиімді басқару мүмкін емес. Медициналық көмек сапасын жоғарлату үшін қаржыландыру, материальдық техникалық қамтамасыз ету, сонымен қатар модернизациялаудың ұйымдастырушылық әдістемелік сұрақтарын да қарастыру қажет. Медициналық еңбек мотивациясын жоғарлату маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. ҚР медициналық кадрларды еңбектік ынталандыру маңызды мәселе ретінде қарастырылып отыр. Медицина кадрларының арасында кәсіби күйінудің айтарлықтай таралуы ынталандырудың төмендеуінің бірден бір факторы болып табылады [3].

Денсаулық сақтау саласында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне өту негізінде мейірбикелерді материальдық ынталандыру жүйесін дамыту үшін жұмыс сапасын бағалаудың нәтижесін қолдануға болады. Медициналық көмек сапасын жоғарлату бойынша ынталандыру сапалы көрсеткіштерге байланысты - дифференцирленген еңбекақыға өту кезінде қалыптасады.

Орта медициналық қызметкерлердің жұмысын бағалауда теориялық талқылаулардың жеткіліксіздігі негізгі мәселелердің бірі болып табылатындығы айдан анық. Ал бұл басшыларға және нақты маман иелеріне персоналдардың қызметін анықтауға және бағалауға, кәсіби дамудағы және оқытудағы қажеттіліктерді анықтауға, сондай-ақ көрсетілетін медициналық көмек сапасын жоғарлатуға мүмкіндік беретін құралдардың бірі болып табылады [4].

Психология саласы 30 жылдан аса уақыт бойы эмоциональды күйіну синдромын (ЭКС) кәсіби қызметтің атқарылуында кездесетін күйзелістердің зардабымен байланыстырып кеңінен зерттеп келеді. Бұл мәселе медицина саласында аз зерттелген.

1974 ж алғаш рет американдық психиатр Х . Фреиденберг эмоциональды күйіну синдромын (ЭКС) сипаттап жазды. Синдромды зерттеуге қызығушылық американдық оқымыстылар К. Маслач және С. Джексонның осы синдромға қатысты жүйеленген сипаттама және саның бағалау үшін сұрастыру дайындап шығарған соң арта түсті. К. Маслач және С. Джексон моделдеріне сай «күйіну» үш құрылыммен көрсетіледі, олар эмоциональды зорығу, деперсонализация және жеке жетістіктердің жеңісімен бекітіледі. «Күйіну» синдромының қауіптілігі оның күннен күнге үдемелі өрши түсетіндігі. Бұл үрдісті тоқтату қиынға соғады. Сондықтан медицина қызметкерлеріндегі кәсіби күйіну синдромының қалыптасу ерешеліктерін білу олардың жұмыстарын оңтайландыру үшін аса қажет.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің денсаулығына әсерін ететін факторлар кешені: химиялық агенттер (дәрі- дәрмек препараттары), психологиялық (микроклиматтық жағдай), өндірістік (жүктемелердің тең бөлінбеуі) және т.б.[5,13].

Эмоционалды күйіну симптомдарының тізімі кеңінен таралған. ДСҰ «күйіну синдромын» медициналық араласуларды қажет ететін мәселе деп мойындаған. Халықаралық аурулар жіктемесенде ХАЖ «күйіну синдромы» психикалық бұзылыстар бөліміне кірмеген, ол өзі бөлек диагностикалық таксон - Z 73 (өз өмірін басқарудағы кездесетін қиындықтармен байланысты мәселелер) және «күйіну» (burnout) -Z 73 таңбаланады [6,12,16].

Мейірбикелер шаршау сезімдеріне және жүктемелерге қарамастан, жұмыстарына қызғушылығын жоғалтай, өз еңбектерінің пайдалығын сезіне отырып орындаған жұмыстарына қанағаттанады, ұжымдағы психологиялық климаттың қолайлы болуы сапалық көрсеткіштерді арттырады. Ұжымдағы әріптестер арасындағы дұрыс қарым-қатынас, басшылықпен сыйластық байланыс орнату, адамның өзіне тән жеке мінез-құлықтың ерекшеліктерімен сипатталады [7, 15].

Медицина қызметкерлері арасында жұмыстағы күйзелістік жағдай анестезиология және реанимация бөлімдерінде ауыр халдегі жағдайлармен өлімділіктің жоғары көрсеткіштігіне байланысты жиі кездеседі. Медицина қызметкерлерінің психоэмоционалдық статусына әсер ететін негізгі күйзелістік факторлар: үмітсіз науқасты көруі, физикалық шаршау, жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу, науқастың өлімі, науқастың туыстарымен әңгіме жүргізу, жұмысының нәтижесіне қанағаттанбау, білімін үздіксіз жетілдіру қажеттігі, ыңырсулар, айқайлар, науқастардың шағымы, тез шешім қабылдау қажеттігі, бір патологияның басқасына ауысуының жиілігі. Осындай жағымсыз көріністердің әсері кәсіби деформацияны және эмоционалды күйінуді тудыруы мүмкін. Психологиялық күйіну еңбек іс-әрекетінің тиімділігіне және сапасына жағымсыз әсерін тигізіп кәсіби дамуының регрессиясына әкеледі.

Медициналық мейірбикелердің кәсібі эмоционалды күйіну синдромының туындау қауіпі бойынша бірінші орынды алады. Орта медицина қызметкерлерінің жұмыс шарттары синдромның туындауының себебі болуы сирек емес. Олардың жұмыс күндері - бұл адамдармен тығыз қарым- қатынас орнату, қырағы күтім мен аса назарды қажет ететін науқастар. Кәсіби күйіну синдромы дәрігерлерге қарағанда мейірбикелерде тез дамиды, орташа алғанда 5-9 жыл. Сондықтан атап айтканда осы кәсіп өзінің қызмет пәнінің мазмұнында үнемі интенсивті рефлексияны қажет етеді [8,17]. Кәсіби күйіну -қарқындылығы орташа кәсіби стресстердің ұзақ уақыт адам организміміне әсер етуінен пайда болатын организм реакциясы. Бұл еңбек жолындағы адамдардың шиеленіскен жағдайларға психикалық және соматикалык реакцияларын білдіретін көпсалалы феномен [9,11,18]. Эмоционалды ойлау қабілетінің әлсіреуі, физикалық жүктеме, жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендеуі сияқты симптомдармен көрінетін эмоционалдылық, когнитативті және физикалық энергияны біртіндеп жоғалтатын үрдіс. Мексикалық зерттеушілер өз зерттеулерінде кәсіби күйінудің таралуы бойынша дәрігерлер арасында 41,4%, ал орта және кіші медицина қызметкерлері арасында 19,4% болғандығын көрсетті [10]. Өмір сапасын сондай-ақ, адам үшін өмірлік маңызды жақтардың, процестердің және еңбек қызмет аспектісіндегі сияқты жалпы тіршілік қызметі аспектісіндегі оның қазіргі болмысын көрсететін белгілі бір сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастыру керек. Өмір сапасын зерделеудің бір негізгі бөліктері адамдардың өмір сүру салты. Өмір сапасының бір көрсеткіші мамандық таңдау, сол таңдаған мамандығы бойынша еңбек ету жолдары. Медицина саласында мейірбикелердің атқаратын жұмыстары маңызды және жауапты. Халыққа медициналық көмектің дұрыс көрсетілуі тікелей орта буын мамандарына жүктеледі. Өз жұмыстарын, міндеттерін ешқандай кедергісіз орындауларына мемлекет қолдау көрсетіп, білімдерін жетілдіру, өмір сүру сапасын арттыру міндеттелген [14,19,20].

Зерттеудің мақсаты. Жоғарыда келтірілген әдебиет көздерін талдай келе, университеттік клиникалардағы әр түрлі деңгейдегі мейірбикелердегі кәсіби күйінудің деңгейін, оған әсер етуші факторларды анықтау және алдын-алу, өмір сапасын зерделеу арқылы өмір сапасын жақсарту жолдарын айқындау мақсатында мейірбикелердің өз жұмыстарына қызғушылық пен қанағаттанарлылық деңгейін және нақты қажеттіліктерін анықтап, Университеттік клиникалардағы мейірбикелердің кәсіби күйінуі мен өмір сапасын жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

Ғылыми зерттеу ҚазҰМУ университет клиникалары базасында әр түрлі деңгейдегі мейірбикелердің өмір сапасы мен кәсіби күйінулерін сабақтастыра отырып өмір сүру стилдерін қалыптастыруы анықталады.

Аталған зерттеулер, психологиялық, жеке-тұлғалық, тест, әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі.

Өмір сапасымен кәсіби күйіну алдағы уақыттарда кең көлемде зерттелетін өзекті мәселенің бірі. Медицина саласы қызметкерлерінің жұмысын тиімді ұйымдастыру тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырады. Өмір сапасының төмен көрсеткіштерге ие болуы мен кәсіби күйінулердің зардабы халыққа медициналық көмектің дұрыс және уақытылы көрсетілмеуіне, күйзелістік жағдайларға ұшырауына, психологиялық көмекке жүгіну санының артуына, жұмыссыздық өршуіне әкеледі. Қандай жұмыс болса да төзімділікпен, шыдамдылық мол тәжірибені талап етеді. Сол себепті жұмыс жасауға ешқандай кедергісіз жағдай жасау, рухани және адамгершілік қасиеттерін арттырып, материалдық және моралдық қолдау көрсету жұмыс ұсынушы тарапынан дұрыс ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда мейірбикелердің өмір сапасы және кәсіби күйінуі толықтай зерттелмеген. Мейірбикелердің өмір сүру салтын қалыптастыруларына байланысты, университет клиникаларында кәсіби күйінудің даму себептерін анықтау үшін әлеуметтік, клиникалық және санитарлық-гигиеналық кешенді зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Бұл мейірбикелердің кәсіби күйінуінің алдын алуға және өмір сапасын жоғарлату үшін кешенді бағдарлама дайындауға мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. ҚР президенттінің №922 1 ақпан 2010 ж бұйрығына сәйкес “Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары” негізінде дайындалған 2016-2020 жж. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы
  2. Исаев Д.С., Третьякова С.Н., Надиров Ж.К., Игликова А.Э Системный подход в оценке ресурсного обеспечения медицинских организаций // Социальные и гуманитарные науки. - Бишкек: 2008. - № 1-2. - С. 212 - 214.
  3. Александрова, С.Т., Бутенко, Т. В. (2010). Профессиональное выгорание и трудовая мотивация медицинских сестер. Журнал. Вестник Московского государственного гуманитарного университета им. М.А. Выпуск № 3- С. 4.
  4. Тюлькина Е.Е.Контроль и оценка деятельности медицинских сестер лечебных отделений больницы на примере процедурной медсестры //Главная медицинская сестра. - 2009. - № 3 -С.55 - 63.
  5. Григорьев, Ю. И. Организационно-правовые принципы осуществления реформ в сфере охраны здоровья населения [Текст]: зарубеж. опыт / Ю. И. Григорьев //Медицинское право. - 2007. - No 2. - С. 9-13.
  6. Curiel-Garda, J. A. Burnout syndrome among health staff // Rev. Med. Inst. Mex. Seguro Soc. - 2006. - Vol. 44. - № 3. - P. 221-226.
  7. Гагунова, Е. Я. Общии уход за больными [Текст]: [учебник для мед. училищ] / Е. Я. Гагунова. - М. : Медицина, 1964. - 284 с.
  8. Свидовыи, В. И. Гигиена и охрана труда медицинских работников. - СПб. : АБЕВЕГА , 2006. - 90 с.
  9. Касымбаева Б.Б., Турчак И.В. Влияние стресса на здоровье медицинской сестры // Милосердие. - Алматы: 2008. - №1. - С.17-21.
  10. Руженков В.А., Сергеева Е.Л. Качества жизни медицинских работников. - М.: Медицина, 2005. - 390 с.
  11. Орел В.Е. Феномен «выгорания» в психологии: эмпирические исследования и перспективы // Психологический жур- нал.— 2010.—Т. 22.—№ 1.—С. 90-101.
  12. Кошкина О. П. Синдром "эмоционального выгорания" в профессиональной деятельности медицинской сестры // Главная медицинская сестра. - 2008. - № 6. - С. 68-86.
  13. Измеров, Н. Ф. Медицина труда. Введение в специальность [Текст] : [учеб. пособие для систе мы последиплом. подгот. врачей]. - М. : Медицина, 2002. - 390 с.
  14. Анифеева А., Сиротина А.Ю. Здоровье медсестры и безопасность на рабочем месте // Милосердие. - Алматы: 2009. - №3-4. - С.23-29.
  15. Новак Л.И., Сибурина Т.А. Социологическое исследование образа жизни медицинских работников. // В сб.: Социология в медицине: теоретические и научно-практические аспекты. - М.: Тбилисский гос. мед. институт, 2010. - С.23 - 30.
  16. Засеева И.В. Влияние профессиональных деформа- ции и синдрома эмоционального выгорания на деятельность медицинских сестер. Роль руководителей сестринских служб в профилактике этих состоянии// Высшее сестрин- ское образование в системе российского здравоохранения . Материалы россиискои научно -практической конферен - ции с международным участием (Ульяновск, 27-30 ноября 2007 г.). - Ульяновск: 2007. - №17. - С. 24-31.
  17. Профессиональная патология: национальное руководство / под ред. Н.Ф. Измерова. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2011. - 784 с.
  18. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состоянии. «Этюды критической медицины», т.4. - Петроза- водск: Изд-во ПетрГУ, 1998. - 560 с.
  19. Смирнова О.Ю.Терапия и профилактика синдрома эмоционального выгорания // Медицинская сестра. - 2011. - No 7. - С. 36-40.
  20. Водопьянова Н.Е., Старченкова Е.С. Синдром выгорания: диагностика и профилактика. -2-е изд. - СПб.: Пи- тер, 2008. - 336 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.