Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Fact-g – онкологиядағы жұмыс жасауды бағалаудың сауалнамасы: тілдік, мәдени бейімделу және валидация

Берілген жұмыста халықаралық FACT-G сауалнамасының көмегімен онкологиялық аурумен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын зерттеуге байланысты заманауи мәліметтер көрсетілген. Халықаралық стандарттарға сәйкес популяцияның этно- лингвистикалық ерекшеліктерін, құралдардың валидациясын есепке ала отырып тілдік және мәдени бейімделуі өткізілді және түпнұсқаға тең FACT-G сауалнамасының қазақша түрі жасалды. Берілген нұсқа жоғары психометриялық құрамдармен мінезделеді. 

Кіріспе. Онкологиялық қызметтің пайда болуынан кейін біраз жылдар мөлшерлі көрсеткіштер (өміршеңдік, өмір сүру ұзақтығы) сол кездері өмір сүру сапасын сипаттау ретінде қажетті назар аударылмаған, жүргізілетін емдік шаралардың жалғыз нәтижелік индикаторлары болды. Қазіргі таңда ісікке қарсы емдеудің мақсаты оның өмірін сақтап қалу ғана емес, сонымен қатар оның сапасы болып табылады. Жүргізілетін емдік шаралардың нәтижелігін кешенді салыстырмалы талдаудың бөлінбес құрамы қазіргі таңдағы ең маңызды, заманауи онкологияның басым бағыттары онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын (ӨСС) бағалау болып табылады. Осыған байланысты заманауи медицина осы пациенттерге ӨСС-ті қиын медициналық, психологиялық, жандүниелік және әлеуметтік бағдарламалар кешенін жүзеге асырудың соңғы мақсаты ретінде қарастырады [1,2].

1994 жылы әлемнің әртүрлі елдерінің сарапшылары кіретін ӨСС-ті зерттеудің Халықаралық қоғамы құрылды. Қоғамның жұмыс бағыттарының бірден-бір негізгісі онкологиялық науқастардың ӨСС-ін зерттеу және оны бағалаудың әдістерін өңдеу мен жетілдіру болып табылады [1].

Онкологиядағы функцияларды бағалау сауалнамасы - Functional Assessment of Cancer Therapy-General (FACT-G) онкологиядағы ӨСС-ті бағалау үшін кең тараған. Ол АҚШ- тың Емдеу нәтижелерін зерттеу орталығында өңделген [2,3].

1998 жылы жасалған FACT редакциясы әртүрлі халықаралық мультиорталықтық клиникалық зерттеулердің III фазасы аясында зерттелетін аурулардың бөлек түрлерінің ерекше ағымын ескерген өлшеу жүйесін дамыту нәтижесі болып табылды.

FACT-G -дің заманауи нұсқасы 27 сұрақты қамтиды және пациенттердің өмірлік іс әрекетінің 4 негізгі саласын бағалайды (4 сәйкестендірілген шкалалар): дененің хал- жағдайы (Physical well-being, PWB), әлеуметтік және жанұялық жағдайы (Social/Family well-being, SWB), жан толғанысы (Emotional well-being, EWB) және функционалдық жағдайы немесе өмірдегі жағдайы (Functional well-being, FWB) [1,4].

FACT-G сауалнамасының негізіне EORTC QLQ-C30 негізінде қамтылған тұжырымдама мен әдістеме орналастырылған [5,6]. FACT-G сауалнамасы сонымен қатар EORTC QLQ-C30 секілді модульді болып табылады, яғни, оның негізіне сауалнаманың базасы бар (FACT-G-дің өзі) ерекше немесе сол рактың түріне немесе емдеу бағдарламасына бірнеше қосымша сұрақтарды қамтыған модульдік тәсіл орналастырылған. FACT-G үшін EORTC QLQ-C30 секілді модульдардың айтарлықтай саны өңделді [4,5,6].

ӨСС-ті бағалаудың кез келген сауалнамасын қолдану үшін, соның ішінде FACT-G және оның модульдері, халықаралық стандарттарға сай сауалнаманың ары қарай валидациясымен тілдік және мәдени бейімделуін жүргізу, яғни, құралдың психометриялық құрамын тексеру қажет [7,8].

Сауалнамалардың тілдік және мәдени бейімделуі - бұл мамандар мен пациенттердің қатысуын талап ететін популяцияның этно-лингвистикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, құралдың түпнұсқасына басқа тілде баламасын көп сатылы жасау процесі [7,9,10].

Осы мақсатқа жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау керек:

  1. сауалнаманың бірізділік аудармаларының рәсімдерін халықаралық стандарттарға сай жүзеге асыру;
  2. сауалнаманың түп нұсқасына сәйкестігімен және соңғы нұсқасынмен қамтамасыз ету;
  3. сауалнаманы популяцияның этнолингвистикалық ерекшеліктеріне бейімдеу.

Материал және әдістер. Сауалнаманың тілдік нұсқасының пайда болу рәсімі жалпы 3 бағытқа саяды:

  • бірізділік аударма;
  • аударманың сараптамасы;
  • аударманы жетілдіру.

Сауалнаманың тілдік нұсқасы тек халықаралық стандарттарға сай бейімдеу рәсімін орындау барысында ғана халықаралық зерттеулерде қолдануға құқық беретіні белгілі. Сауалнаманың нұсқасы бейімдеу мен валидацияның нәтижелерін көрсеткеннен кейін заңды болып мойындалады.

FACT-G сауалнамасының тілдік және мәдени бейімделуі халықаралық стандарттарға сай бірнеше бірізді кезеңдерді қамтыды.

  1. ші кезең - сауалнаманың түпнұсқа тілінен тікелей аудармасы (түпнұсқа-сынан 2 тәуелсіз аудармасы жүзеге асырылды). Осы кезеңде аудармашыларға белгілі талаптар қойылды, олар (2 адам):
  2. жоғары медициналық білімнің бар болуы;
  3. берілген сауалнамамен таныс болмауы;
  4. қазақ тілінде сөйлейтін адам.

Аудару барысында маңызды аспектілер қатары ескерілді:

  • сөзбе сөз аударудан аулақ болу;
  • сұрақтың мағынасын толық беруге ынталанды;
  • қарапайым және оңай тіл қолданылды.
  1. ші кезең - келісілу. 2 тікелей аударманың негізінде Сарапшы комитетпен сауалнаманың алдын ала нұсқасы жасалды. Осының барысында баламалы аударманың әдісін қолданумен барлық айырмашылықтар жойылды. Сарапшы комитетіне сонымен қатар келесідегідей талаптар қойылған аудармашы кірді:
  2. жоғары медициналық білімнің бар болуы;
  3. берілген сауалнамамен таныс болмауы және оның тікелей аударылуына қатысының жоқ болуы;
  4. қазақ тілінде сөйлейтін адам.
  5. ші кезең - кері аударма. Бұл кезеңдегі жұмыс құжаты алдын ала нұсқасы, ал нәтижесі - алдын ала нұсқасының 2 кері аудармасының жасалуы болып табылды.

Бұл кезеңде аудармашыларға (2 адам) келесідегідей талаптар қойылды:

  1. жоғары медициналық білімнің бар болуы;
  2. ағылшын тілінде сөйлейтін адам, қазақ тілінде тез сөйлейтін адам;
  3. алдыңғы кезеңдерде жұмысқа қатыспаған және берілген сауалнамадан хабары жоқ.

Аудармашыларға тәжірибелік нұсқаулықтар ретінде мынадай қажеттіліктер ескертілді:

  • сұрақтың мазмұнын беруге;
  • сұрақтың барлық мәнін атап өту;
  • қарапайым тілді қолдану.
  1. ші кезең - сараптама. 3 тәуелсіз сарапшы қатысты (1 лингвист, 1 медицина, психология және денсаулық сақтау саласындағы маман, 1 үйлестіруші). Әрбір сарапшы бұйырылған хаттама бойынша тәуелсіз бағалауды іске асырды. Бұл кезеңде сонымен қатар орфографиялық және грамматикалық жөндеулер жасалды. Нәтижесінде тест- нұсқасы жасалды.

Ары қарай пилоттық тестілеу немесе претестинг (5-ші кезең) өткзілді. Пилоттық зерттеудің нәтижелерін талдау сауалнама тұжырымдамасын популяцияның ерекшеліктеріне, мәдени және тілдік дәстүрлеріне барынша жақындатуға мүмкіндік береді.

Нәтижелері. Пилоттық зерттеуде 56 емделуші қатысты. Сонымен бірге таңдаудың сапалы репрезентаттылығы сақталды. Пилоттық зерттеу сауалнаманың децентерингі мен онкологиялық науқастардың сұхбаттасуымен қорытындыланды. Сұхбаттасуды - сұрақтар анықтылық, шайылық және тиімділік секілді көрсеткіштерге қаншалықты жауап беретіндігін анықтау үшін жүргізді. Сұхбаттасудан кейін децентеринг жүргізілді.

Валидацияны орындау барысында берілген ӨСС-ні бағалау құралының сезімталдығына, шынайылығына және сенімділігіне талдау жасалды. Сауалнаманың сенімділігін тексеру үшін Кронбахтың а-коэффициентін анықтау әдісімен сауалнаманың ішкі қалыптылығы есептелді [11]. FACT-G сауалнамасының барлық шкалалары бойынша берілген көрсеткіштердің мөлшері 0,81-тен 0,92-ке дейін құрайтыны бекітілді. Сауалнаманың барлық шкалалары үшін Кронбахтың a-коэффициент мөлшерінің мәні 0,7-ден жоғары екенін ескерсек, бұл сауалнама шкалаларының және құралдың толығымен сенімділік деңгейіне қанағаттанушылық туралы куәландырды.

FACT-G сауалнамасының сезімталдығын (респондент жағдайындағы өзгерістерге сәйкес ӨСС баллдарының дұрыс өзгерістерін беру қабілеті) және шынайылылығын (өлшеуге міндетті негізгі мінездемені дұрыс өлшеу қабілеті) кешенді бағалау барысында берілген сауалнаманың жасалған нұсқасы онкологиялық науқастардың ӨСС-ін бағалаудың шынайы және сезімтал құралы болып табылады.

FACT-G сауалнамасының тілдік және мәдени бейімделуін, сонымен қатар құралдың (валидациялар) психометриялық құрамын тексерістен өткізгеннен кейін берілген сауалнаманың ақырғы нұсқасы жасалды (кесте 1).

Сіздің ауруыңызбен ауыратын науқастардың айтуымен маңызды болып табылатын симптомдар мен жағдайлардың тізімі төменде көрсетілген. Өтініш, соңғы 7 күнде осы симптомды немесе жағдайды қалай өткергеніңіз туралы нақты көрсететін әрбір тармақтағы нөмірді дөңгелектеңіз:

Кесте 1 - FACT-G сауалнамасы (қазақ тіліндегі нұсқасы)

ДЕНЕНГҢ ХАЛ-ЖАҒДАЙЫ:

Симптом

Жоқ

Кішкене (әлсіз)

Уақыт өткен сайын (күшті емес)

Қайта- қайта (жетерлік күшті)

Жиі (өте күшті)

GP1

Күшімнің жеткіліксіз болуы

0

1

2

3

4

GP2

Менің жүрегім айниды

0

1

2

3

4

GP3

Менің денемнің хал-жағдайы нашарлауына байланысты жанұяма көмектесу қиынға соғады

0

1

2

3

4

GP4

Ауыруды сеземін

0

1

2

3

4

GP5

Мені емделуден кейінгі жанама әсерлер мазалайды

0

1

2

3

4

GP6

Мен өзімді ауру сезінемін

0

1

2

3

4

 

GP7

Мен өз уақытымды төсекте өткізуге

0

1

2

3

4

 

мәжбүрмін

         

ӘЛЕУМЕТТІК/ЖАНҰЯЛЫҚ САУЛЫҚ:

GS1

Мен достарыммен жақын қатынастамын

0

1

2

3

4

GS2

Менің жанұям мені эмоциялды қолдайды

0

1

2

3

4

GS3

Менің достарым мені қолдайды

0

1

2

3

4

GS4

Менің жанұям ауруымды қабылдады

0

1

2

3

4

GS5

Мен жанұямда менің ауруым туралы сөйлескенге қанағаттанамын

0

1

2

3

4

GS6

Біз жарымыз екеуміз жақынбыз (немесе менің негізгі тірегім болып табылатын адаммен)

0

1

2

3

4

Q1

СізДің сексуалды белсенДілік Деңгейіңізге қарамастан келесі сұраққа жауап беріңіз. Егер әлДеқалай жеке себептеріңізге байланысты сұраққа жауап бергіңіз келмесе, мына терезеге □ крест қойыңыз және келесі сұрақтар секциясына өтіңіз.

GS7

Мен өзімнің жыныстық өміріме қанағаттанамы н

0

1

2

3

4

ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙ:

GE1

Көңіл-күйім түсіп кетеді

0

1

2

3

4

GE2

Мен өзімнің ауруымды емдеудегі шамама ризамын

0

1

2

3

4

GE3

Ауруыммен алысуға үмітімді үзіп жатырмын

0

1

2

3

4

GE4

Мен күйгелектенемін

0

1

2

3

4

GE5

Өлуден қорқамын

0

1

2

3

4

GE6

Жағдайым нашарлап кетеді ме деп қорқамын

0

1

2

3

4

ФУНКЦИОНАЛДЫ КҮЙ:

GF1

Жұмыс істеу халіндемін (соның ішінде үй бойынша)

0

1

2

3

4

GF2

Жұмысымды толығымен атқарып жатырмын (соның ішінде үй бойынша)

0

1

2

3

4

GF3

Өмірден нәр алу жағдайындамы н

0

1

2

3

4

GF4

Ауруымды қабылдадым

0

1

2

3

4

GF5

Жақсы ұйықтаймын

0

1

2

3

4

GF6

Өзімнің күнделікті сауықтарымнан ләззат аламын

0

1

2

3

4

GF7

Қазір өміріме ризамын

0

1

2

3

4

Қорытынды. Онкологиялық науқастардағы ӨСС-ті бағалау әдісін қолдану тәжірибесін және онкологиялық ғылымды заманауи кезеңде дамыту ақпараттық, сенімді, сонымен бірге аурудың денсаулығын бағалаудың үнемді әдісі болып табылады. ӨСС-ті бағалауды онкологиялық зерттеуге кіргізу сол зерттеудің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды элемент болып табылады. Алынған мәліметтердің негізінде адамның өмірлік іс әрекетінің барлық қырларын қамтитын онкологиялық науқастарды оңтайландыруға және емдеудің толық кешенді бағдарламасын жасауаға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ӨСС талдамасы жасалмаса, онда қандайда бір емдеудің жаңа әдісі тәжірибеге ене алмайды. «Ауруды емес науқасты емдеу» медициналық ғылымның негізгі қағидаты пациенттердің ӨСС-ін бағалау арқылы тікелей жүзеге асуы мүмкін.

FACT-G сауалнамасының халықаралық стандарттарға сай тілдік және мәдени бейімделуін жүргізгеннен кейін популяцияның этно-лингвистикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, түпнұсқасына балама сауалнаманың қазақ тіліндегі нұсқасы жасалды. Сонымен бірге жасалған FACT-G сауалнамасының нұсқасы клиникалық зерттеулердегі онкологиялық науқастарға кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін жоғары психометриялық құрамдармен сипатталады.

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

  1. Alex C. Michalos Encyclopedia of Quality of Life and Well-Being Research. - 2014. - 7347 p.
  2. Cella D.F. Quality of life outcomes: measurement and validation // Oncology. - 1996. - Vol. 11. - P. 233-246.
  3. Bonomi A.E., Cella D.F., Hahn E.A. et al. Multilingual translation of the Functional Assessment of Cancer Therapy (FACT) Quality of Life Measurement System // Qual. Life Res. - 1996. - Vol. 5. - P. 1-12.
  4. Adam B. Smith Functional Assessment of Cancer Therapy (FACT) / / Encyclopedia of Quality of Life and Well-Being Research. - 2014. - P. 2367-2370.
  5. Adam B. Smith, Kim Cocks, David Parry et al. Reporting of health-related quality of life (HRQOL) data in oncology trials: a comparison of the European Organization for Research and Treatment of Cancer Quality of Life (EORTC QLQ-C30) and the Functional Assessment of Cancer Therapy-General (FACT-G) // Quality of Life Research. - 2014. - Vol. 23, Issue 3. - P. 971-976.
  6. Kazuki Sato, Megumi Shimizu, Mitsunori Miyashita Which quality of life instruments are preferred by cancer patients in Japan? Comparison of the European Organization for Research and Treatment of Cancer Quality of Life Questionnaire-C30 and the Functional Assessment of Cancer Therapy-General // Supportive Care in Cancer. - 2014. - Vol. 22, Issue 12. - P. 3135-3141.
  7. Ricardo Sánchez, Monica Ballesteros, Benjamin J. Arnold Validation of the FACT-G scale for evaluating quality of life in cancer patients in Colombia / / Quality of Life Research. - 2011. - Vol. 20, Issue 1. - P. 19-29.
  8. K. Ashing-Giwa, M. Rosales A cross-cultural validation of patient-reported outcomes measures: a study of breast cancers survivors // Quality of Life Research. - 2013. - Vol. 22, Issue 2. - P. 295-308.
  9. Yixin Wang, Jie Shen, Yan Xu Symptoms and quality of life of advanced cancer patients at home: a cross-sectional study in Shanghai, China // Supportive Care in Cancer. - 2011. - Vol. 19, Issue 6. - P. 789-797.
  10. Marko Popovic, Nicholas Lao, Liang Zeng et al. The impact of clinical and sociodemographic features on quality of life in patients with early stage cancers using the Functional Assessment of Cancer Therapy-General assessment tool // Supportive Care in Cancer. - 2013. - Vol. 21, Issue 8. - P. 2267-2277.
  11. Cronbach L.J. Coefficient alpha and the internal structure of tests / / Psychometrica. - 1951. - Vol. 16, N 3. - P. 297-334.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.