Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зорлық-зомбылықпен күрес

Бұл мақаланың мақсаты халыққа зорлықтың түбі неге әкелетінін көрсету, сақ болуларын, өз туған балаларына қамқорлық көрсетіп, осындай қылмыстарға бару аса ауыр қылмыстардың бірі екенін көрсету. Зорлау - қылмыстық заңнамада көрсетілген қылмыстардың ішінді аса ауыр қылмыстардың бірі болып саналады. ҚК 10 бабында көрсетілгендей бұл қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс болып саналады, ал зорлау ҚК 2-тармағында көрсетілгендей-ауыр қылмыс, ҚК 3-тармағында көрсетілгендей- аса ауыр қылмыс ретінде жаза тағайындалған.

Мақалада мынадай мәселелер қарастырылған, яғни, зорлау – аса ауыр қылмыс ретінде қарастыру, және осы қылмыстық оқиғалардың көбісі кішкентай балалардың зардап шегуімен аяқталатыны өте өкінішті. Бүкіл еліміз бойынша тіркелген зорлық- зомбылық оқиғаларының саны жыл өткен сайын өсуде. Дегенмен айтпай болмас, елімізде 16 жасқа дейін зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың саны 2011 жылы – 148, 2012 жылы – 236 болса, биылғы жылдың бес айында 184-ке жеткен. Жылдан-жылға артпаса кемігені байқалмайды

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қылмыстың жеңілі жоқ. Әсіресе адамның ар-намысы, денсаулығы, өміріне қатысты жасалған қастандықтарды, зорлау қылмыстарын ешкім ақтап ала-алмайды. Мұндайға қатысты заң да қатал. Дегенмен заңның қаталдығы адам зорлау оқиғаларының азаюына түрткі бола алмай отыр. Азаймақ түгілі жылдан- жылға көбейіп барады. Тағы бір түйткіл. Бұрындары негізінен тек әйел зорлау оқиғалары тіркелетін болса, бүгінде кәмелетке толмаған балаларды, өрімдей сәбилерді, тіпті еркектің еркекті зорлауы да жиілеп кетті.

Адам болған жерде қылмыстың болуы заңдылық шығар, десек те заман өзгерді ме әлде адам баласы азғындалып кетті ме, кім білсін, әйтеуір зорлық-зомбылықтың жиілегені соншалық, күн сайын осындай хабар естімесек құлағымыз елеңдеп отыратын жағдайға жеттік. Естіген құлақта жазық жоқ, елдегі телеарналардың қайсыбірін қосып қалсаң да жер-жерлерде орын алған зорлықтың неше атасын естисің.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын заңмен қорғалатынын қоғамға жеткізу. Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.

Зорлау- қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстардың ішінді аса ауыр қылмыстардың бірі болып саналады. ҚК 10 бабында көрсетілгендей бұл қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс болып саналады, ал зорлауда ҚК 2-тармағында көрсетілгендей-ауыр қылмыс, ҚК 3-тармағында көрсетілгендей- аса ауыр қылмыс ретінде жаза тағайындалған.

Қылмыс обьектісі болып әйел адамның жыныстық бостандығы, ал кәмелетке толмағандарды зорлау кезінде кішкентай қыздың жыныстық қол сұғылмаушылығы болып саналады. Және де зорлау кезінде денсаулығына қарсы күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытудың өзі ерекше орын алады.

Заң зорлауды жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрмнсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауы деп анықтама береді.(ҚК ҚК 120 бабының 1-тармағы). Бұл жерде ҚР ҚК 120 бабының диспозициясы үш топқа бөлінеді және де олар өзінің сипаты бар обьекті бар деген ойға келуге болады:

  • Кәмелетке толған әйелді жәбірленушіге және де тағы да басқаларға күш қолданып немесе қолданамын деп қорқытып жыныстық қатынасқа мәжбірлеу.
  • Кәмелетке толған әйелдің дәрменсіз күйін қолданып жыныстық қатынасқа түсу
  • Он төрт жасқа толмағандармен жыныстық қатыннасқа түсу және кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу

Осы жоғарыда көрсетілгендердің өзіне тән қол сұғу обьектілерінің бар болғанына қарамастан мұның барлығын бір ҚР ҚК 120 бабына жинауға мүмкіндік береді.

Зорлық жасалған кезде жасына басқа негіздемелеріне қарамастан жәбірленуші тек әйел жынысы бола алады. Тәжірибе көрсеткендей зорлау бөтен әйелдерді ғана емес өзінің әйелін, бірге тұратын әйелін, және де өзінің туыстарына қарсы жасалатыны да белгілі.

Қылмыстың обьективті жағы заңмен көрсетілгендей жәбірленушіге және дебасқа да адамдарға жыныстық қатынасқа зорлық көрсету немесе дәрменсіз күйін пайдалану болып табылады.

Зорлау кезінде әйел мен ер адамның арасындағы жыныстық қатынастың зорлық нәтежиесінде болған болмағаны үлкен рөл атқарылады.

Зорлық деп тек тән зардабы қана емес психологиялық зардап деп те түсіндіріледі.

Тәндік зорлық- денсаулыққа зиян келтіру, денеге ауыр жарақаттар салу, көмекке шақыру мүмкіндігінен айыру, байлап қою, қамап қоюдан тұрады. Тәндік зорлық жәбірленушінің денесімен сипатталады. Және де тән зардабы оның сыртқы денесімен қатар оның ішкі органдары да зардапануы мүмкін. Мысалы есіркі заттары, токсикалық немесе психотроптық заттар қолдану.

Қазақстан республикасының Жоғарғы соты бұл жағдай әйел адамын дәрменсіз күйге әкелу сияқты бағалануы тиіс деп өз көз қарастарын айтып өтті. Осы көзқараспен келісе отырып,тағы осы екі белгіні біріктірлуі тиіс сиқтытәндік зорлықпен (оның ішкі органдарына оның келісімінсіз әсер ету) оның дәрменсіз жағдайға әкелуі және оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып оны зорлауы.

Психологиялық зорлау - жәбірленушіні қорқыту, дене зардабын саламын деп қорқыту, денсаулығына ауыр зардаптар әкелкмін деп, оның балаларына, туысқандарына және ол танымайтын адамдарға да дене жарақатын саламын деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Қорқыту жәбірленушіге ақиқат түрінде көрінуі тиіс, тек осы қорқыту ғана оның қарсылығын тоқтата алады. Осы қорқытулардың барлығы қылмыстың обьективті жағына кіреді, және де қосымша квалификацияны талап етпейді.

Зорлықтың екі түрі де жыныстық қатынастың алдын болуы тиіс. Мақсаты- жәбірленушінің қарсылығын басып және оның еркінсіз зорлық жасау.

Зорлауда жәбірленушінің еркінен басқа жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалануда негізге алынады яғни құрбан адамның өзімен не болып жатқанын сезіне алмай, қарсыласуға шамасы келмей әрекетсізденуі.

Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы есінен айрылу ауруы салдарынан болуы мүмкін ( диабетикалық ком, стенокардин приступі, эпилептикалық есінен айрылу және т.б) стреске байланысты талу жағдайы және т.б.

Тәндік қарсылық көрсете алмау ынтықтықпен, тәндік жетіспеушіліктермен, және қозғалу функцияларының жоғалтуы ( паралич, острохондроз, артроз) және де т.б. қылмыскердің немесе оның сыбайластарының тәндік әрекеттерімен түсіндіріледі.

Субьективті жағынан - зорлау тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі өзінің жыныстық қатынасты зорлау арқылы жасап отырғанын, және де жәбірленушінің келісімінсіз, еркіне қарсы бара жатқанын сезініп отыр. Қылмыстың себебі жыныстық құштарлығын қанағаттандыру болып табылады. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының редакцияда 23сәуір 1993ж. №1 «Заңдылықты соттардың тәжірибеде, зорлауға жауаптылықты регламенттеуді қолдану туралы» жарлығында зорлау тікелей қасақаналықпен міензделеді және көрсетілген жағдайларда әйел жынысынан жыныстық құмарлығын қанағаттандыруды бұрмалау нысанында болуын зорлау деп саналсын делінген. Басқа да қылмыс себептері де кездеседі мысалы кек алу, адамның ар намысын таптау. ҚК 120 бабының 2-тармағында зорлау біліктілігі деп мыналар саналады:

  • Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобын емес ұйымдасқан топ жасаса
  • Өлтіремін деп қорқыту мен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатігездікпен жасалса
  • Жәбірленушіге соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса
  • Бірнеше реет немесе бұрын нәпсіқұмарлық сипатындағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаса
  • Көрінеу кәмелетке толмағанға жасаса

Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі. Олардың құқығын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету баршамыздың борышымыз. Елбасымыздың «Қазақстан- 2050» Жолдауында әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап етілуі жайында айтылған, яғни «...Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талапет етін боламын. Біздің топырағымызда туған кез-келген сәби – қазақстандық және оны мемлекет қамқорлығына алуға тиіс. Ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ, осы саладағы ең ұсақ деген заң бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын», – деп атап көрсетті. Соңғы жылдары жас балаларға қарсы жасалып жатқан арсыз, адами қасиетке жат қылықтар қо- ғамда белең алып, бұқараның наразылығын туғызуда. «Мал құлағы саңырау» демекші, туған қызына қиянат жасаған әке, жасөспірімдерге көрсетіліп жатқан зорлық- зомбылықтар сияқты жан түршігерлік оқиғалар белең алып бара жатқаны жасырын емес.

Биыл Қазақстанда балаларға жыныстық сипаттағы зорлық- зомбылық жасалған 465 факт тіркелген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қылмыстың алдын алу жөніндегі басқарма басшысы Алексей Милюк мәлім етті.

«Ресми статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткендері үшін 133 қылмыстық іс қозғалған, ал 16 жасқа толмаған балаларды жыныстық қатынасқа тартқан және жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерге қатысты 465 факт тіркелді», - дейді А.Милюк.

Құқық қорғаушының айтуынша, балаларды қорғау үшін қолда бар заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, бірқатар жаңа заң жобалары қабылданған.

«Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары балалардың құқығын қорғау бағытында, әсіресе, осы балаларды зорлық- зомбылықтан қорғау үшін бірқатар заң жобалары қабылданды. Ата-аналардың да жауапкершілігін арттыратын шаралар бар. Мысалы, жаңа Қылмыстық кодекске сай, өз баласының тәрбиесіне көңіл бөлмеген ата-аналарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады», - дейді А.Милюк.

Маманның пікірінше, өзге заң жобаларымен қатар, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң жобасы балалар мен жасөспірімдерге зәбір көрсететін, кәмелет жасына толмағандарға қатысты қылмыстар санын азайтқан.

2015 жылдың 5 ай ішінде, зорлық - зомбылық фактісі 2010 жылды толығымен алғанда 30% - дан асып кетті. ҚР Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың айтуынша, «объективная статистка вызывает серьезную обеспокоенность. По итогам 5 месяцев текущего года количество таких уголовных правонарушений составило 1881 преступление. Особенную озабоченность вызывает увеличение фактов посягательства на половую неприкосновенность несовершеннолетних». Айтуынша, 2015 жылдың 5 ай ішінде 632 балаларға зорлық - зомбылық фактілері тіркелген, маусым айының басынан - 16 факт. 2010 жылы 491 бүлдіршіндер зардап шексе, 2014 жылы - 943 бүлдіршін. Соңғы 5 жыл ішінде 3 мыңға жуық зорлық - зомбылық фактісіне байланысты ашылмаған істер бар, соның ішінде 605 қылмысы - кәмелетке толмағандарға байланысты. Осы қылмысқа қатысты хабар - ошақсыз кеткендер саны - 444 әйел адамдар, 52 кәмелетке толмағандар. Бас прокурордың мәліметтері бойынша, соңғы 5 жылда зорлық - зомбылық 2 есеге өсті деп мәліметтер беруде.

Бүкіл еліміз бойынша тіркелген зорлық-зомбылық оқиғаларының саны жыл өткен сайын өсуде. Дегенмен айтпай болмас, елімізде 16 жасқа дейін зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың саны 2011 жылы - 148, 2012 жылы - 236 болса, биылғы жылдың бес айында 184-ке жеткен. Жылдан-жылға артпаса кемігені байқалмайды.

Бір сөзбен айтқанда, адамзаттың ойлау қабілеті неғұрлым дамып, ғылыми техника сан түрлі жетістіктерге қол жеткізді. Алайда, қоғам жетілген сайын оның осал тұстары да қалыс қалмайтыны белгілі, соның ішінде хакім Абай айтпақшы: «Гшсем, жесем, ұйықтасам - тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен - жан құмары», демек, адамгершілік қағидаларын ұстану сынды мәселелер қиынға соқты. Оны қоршаған ортамен, ақпараттар легімен тығыз байланыстыруға болады. Бүгінгі жастарымыз бен орта буындағы топтар интернет көздеріне, әртүрлі ақпараттық порталдарға, басқа да sms хабарламалардың түрлеріне қатты әуестеніп алды. Тіпті, олардың іс-әрекетін онсыз елес- тету қиын. Бұл тұрғыда аш-тәнін жалаңаштаған адамдар, әртүрлі мазмұны үйлеспейтін жарнамалар, ашықтан-ашық порнографиялық түсірілімдер адам санасына әсер етпей қоймайтыны сөзсіз. Соның салдарынан соңғы он жылда ашықтан-ашық балалар жынысына қатысты қылмыстар күрт өсті, «педофил» термині қолданысқа енді. Орта Азия психоанализ институтының жүргізген зерттеу- леріне зейін қойсақ, педофилия деген ұғымға - психикалық ауытқушылық, психикалық ауру деген сипаттама берген. Алайда, олар бұл аурудың емі бар деп есептейді. Олар бұл ауруды маньякқа жатқызбайды, яғни, аталған орталықтың директорының сөзімен айтсақ: «...маньякқа бәрібір, ұл ма, қыз ба, кәрі ме, жас па талғамайды. Ал педофилдердің айырмашылығы - олар жас баланың тәніне құмар. Ұл болса да, қыз болса да әйтеуір баланың тәні болуы керек. Түбін қазбалап, ары іздейтін болсақ, ол эмоциялық тәуелділік». «Педофилдердің құрбаны болған баланың психикасы өзгереді, өміріне балта шабылады. Бұл дегеніңіз үлкен ғұмырлық трагедия», деп есептейді Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Алтынбаев. Сол себепті, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар үшін жауапкершілікті түбегейлі күшейтіп, педофилдерге қатысты өте қатаң жаза қолданатын уақыт жетті. Бұл қылмыстарға жаза шеңберін белгілеу жүйеге келтiрiлген заңдарда көрініс тапқан, яғни Қылмыстық кодекстің 121-(нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері), 122-(он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер), 124-(жас балаларды азғындату) баптарында қылмыскерге қолданылатын жа- заның мөлшері нақты белгіленген.

Мәселен, Ақтөбе облысында екі жыл ішінде тиісті органдар 27 педофилді түрмеге тоғытқан. Соның ішінде адам аузы бармайтын оқиға орын алған, яғни 13 жастағы қыз баланы... туған әкесі зорлаған. Ал тағы бір қасіретті оқиға Орал облысының Қаратөбе ауданында болған. Тұрмысы төмен отбасында жетім қалған 9 жастағы және 7 жастағы қыз балалардың әкесі күн-көрістің қамын ойлап, таңның атысы мен күннің батысы тиын-тебен таппақ болып, ел кезіп, жұмыс істеп жүргенде осы жағдайды пайдаланған оның туған інісі бірнеше жыл бойы екі қызды зорлап келген, алайда, олар бұл сырды ашатын болса әлгі сұмырай, қыздарды әкесімен бірге пышақтап өлтіретіндігін айтқан. Ақыры қорлықтың жеміне айналған қыздың бірі көп ұзамай жүкті болған, тек сонда барып емдеуші дәрігер мен әкесіне бар құпияны баяндаған. Айуандыққа барған інісі бар болғаны 17 жыл мерзімге ғана сотталған. Осындай жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында кездескен, яғни 10 жастағы ер баланы қонақтан көңілді оралған өгей әкесі зорлаған.

Өткен жылы Тараз қаласының тұрғыны 12 жастағы қыз баланы зорлағаны үшін 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. 2012 жылы Жамбыл облысында осындай 50-ден аса жан түршігерлік оқиға орын алған. Биыл тағы 10-нан аса оқиға тіркелген. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында 42 жастағы ауыл тұрғыны 10 жастағы қыз баланы зорлап, оны артынша өлтірген.

Қоғамды дүр сілкіндірген бұндай оқиғалар айта берсе өте көп. Олардың қауіптілігі белгілі бір мерзім ішінде жазасын өтеп шыққаннан кейін қылмыстың осы түрінің қайталана беруі. Мәселен, Семей қаласында қанды оқиға елді елең еткізбей қоймады, ол балаларға осындай қиянат жасап, өлтірген, жасаған іс-әрекеті үшін 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған, ал одан бұрын осы қылмысты жасағаны үшін 8 жыл түрмеде отырған. Бұдан байқайтынымыз, арада 1 жыл ішінде аталған қылмысты қайталаған. Кейінгі кезде бұндай фактілер жиі кездесуде. Сондықтан да, педофилдердің аталған қылмыс түрін қайталамайтындығына ешкім кепілдік бере алмайды.

Еліміздің медициналық психологтары былай деп айтуда: - Нағыз педофильдік - бұл ауру. Науқастың балаларға қатысты нәпсіқұмарлық қиялдары болады. Осы құмарлығын осы жерде және қазір орындай алмайтындығы оны қатты мазасыздандырады. Сырт қарағанда бұл қарапайым адам, сондықтан да баланы айтпағанда, ересек адам да оның педофиль екенін аңғара алмайды. Сонымен қатар, криминалдық жаңалықтардан күнде естіп жатқандай қылмыскерлердің көпшілігі арақ ішіп немесе басқа да мас қылдыратын заттарды қолданып, мас күйінде арсыз әрекеттерге баратындар. Бұлар жай ғана бұзылған адамдар. Медициналық тұрғыдан қарағанда бұлардың барлығы педофиль емес. Олар тек мас болып, өздерін өздері ұстай алмайтын жағдайда ғана сондай болады. Педофильдер лайт және хард-педофильдер болып екігебөлінеді. Біріншілерден көп қауіп жоқ. Бұлар - психологиялық проблемалары бар, қорланған адамдар. Олар ешқашан өз қиялдарын жүзеге асырмайды. Ең қауіптілері - хард-педофилдер. Олар өздерінің не қалайтындарын жақсы біледі, барлығын мұқият ойластырып, көбіне топпен басқа қалаларда жұмыс жасайды. Жалпы, үлкен кісілерді қатты сыйлайтын, оны беделге санайтын, үлкеннің айтқанын бұлжытпай тыңдайтын, қадір тұтқаннан «Жоқ!» деп айта алмайтын балалар көбіне педофильдердің құрбаны болады. Қылмыскерлердің қолданатын айлалары шаш етектен - шоколад кәмпит беруден жоғалған мысығын табуға көмектесу сияқты өтініштер. Ата-аналар балаларының қайда, кіммен қыдырып жүргенін білуі керек және қараусыз қалдырмауы тиіс. Қандай жағдай болса да, танымайтын адаммен сөйлесуге болмайтынын, ол атыңды атап тұрса да, жақындамау керектігін жете түсіндіру қажет. Өкінішке орай, жақында өткізген талдау жұмыстары ата-аналардың 60%-ы балаларын тыңдамайтынын анықтады. Баланың әңгімесінен, қылығынан оны бір нәрсе алаңдататынын байқауға болады. Тәжірибеде балаларды зорлаудың көптеген фактілері көбіне жабулы қазан күйінде қалады, өйткені балалар болған жағдай жөнінде ата-аналарына айтуға қорқады.

Алдыңғы жылы Иранда кішкентай балаларды зорлаған екі педофил өлім жазасына кесіліп, көпшілік алдында дарға асылған еді. Мұны көрген халық соттың шығарған әділ үкіміне ризашылығын білдіргенін естігенбіз. Осы оқиғадан кейін Иранда бала зорлығына қатысты деректер күрт азайып кетіпті. Дегенмен біздің елде өлім жазасы уақытша тоқтатылған. Сол себепті де заң шығарушы органдар осыны алға тартып, бекітілген заңнан аттап кете алмаймыз деп отыр. Біздің елдегі кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін тағайындалатын жазаның бірі - 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру ғана. Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеуге міндетті адамдардың — ата- ананың, педагогтың осындай қылмысы үшін 10 жылдан 20 жылға дейін педагогикалық қызметпен айналысуына тыйым салу.

Алдыңғы жылы осы мәселе Парламент қабырғасында қаралғанда да, біраз даулы жайттарға куә болғанбыз. Сол кезде сенатор Ғани Қасымовтың дауысы ерекше шыққан. Кеңес заманынан мысал келтіріп, «мұндай қылмыс жасағандарды ол кезде ату жазасына кесетін»,-деп еді. «Түрмеге түсіп, тозақты көріп шыққан соң, үлкенге күші жетпеген соң, қайта келіп, кегін баладан алады»,-деген ол педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айырып, химиялық жолмен піштіру керек деген ой айтқан. Десек те бұл мәселе әлі күнге бір орында табандап тұр. Алға жылжитын түрі көрінбейді. Ал осы аралықта еліміздің әр түкпірінде бала зорлап, қыз зорлап күнәға батқандар туралы күнде болмаса да күнара жаңа деректер пайда болуда.

Мамандардың айтуынша, балаларды зорлауға отбасында беделі жоғары үлгілі әкелер мен жауапкершілігі жоғары лауазымдағылар да барады екен. Бірақ олардың 70 пайызына жуығы - бала күнінде біреулерден қорлық көргендер, яғни, педофилдердің құрбаны. Психологтар мұндайлар негізінен өздерін қорсынатын, қорқақ әрі жалтақ болатынын айтады. Педофилия - медициналық тұрғыда қойылатын диагноз. Оны емдеуге болады. Бірақ аурудың келісімімен ғана. Өкініштісі, дерттен құлан-таза айығып кету күмәнді. Тіпті, «оларға химиялық жолмен піштіру де көмектеспеуі мүмкін» дейтін мамандар бар. Мәселен, қатаң режимдегі колонияда 10 жыл бойы қызмет істеген психолог Галина Булавенко: «Піштіру туралы ұсыныс күлкілі сияқты. Бұл ауру адамды айықтыра алмайды. Өйткені эмоциялық ахуалмен бірге санадағы дертті де ескеру қажет. Бар қиындық - баста. Егер дөрекі түрде айтсақ, басты кесіп тастау керек». Оның бұл пікірін жақтаған әріптестері бар. Мәселен, Психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова педофилдер өздерінің ауру екенін мойындап, өз еріктерімен емделуге тырысуы тиіс дейді. «Жастарға ерік берсеңіз, күмәнданғанның бәрін піштіруге кетары емес. Бірақ бұл біздегі заңға қайшы», - деген А.Құдиярова отбасындағы бала тәрбиесіне де баса назар аудару керектігін айтады. Ал заңгерлер болса, құқық қорғау органдарының қызметкерлері педофилдерді анықтауға бел шеше кірісуі керек деген сенімде.

Қорыта айтқанда, бала тағдыры кімді болса да бейжай қалдырмауы керек. Біздің міндет - ой тастау, ал оның жүзеге асуы құзырлы органдар мен әр адамның өзіне байланысты. Қалай десек те, жүзін нұр аймалаған сәби әлеміне қол сұғушы қылмыскерлерге қатаң жаза тағайындалуы керек. Еліміздің заң шығарушы органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері керекті шешім тауып, осындай сұмдық зорлау оқиғаларының көптеп қайталанбауына жол бермесе екен.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 2014. - С. 3-4
  2. ҚР Қылмыстық кодексі 2014 жылы 3 шілдеде қабылданған. - Алматы: 2015. - С. 122-126.
  3. «Қазақстан- 2050» бағдарламасы//adilet.zan.kz
  4. Сергеев Ю.Д. Медицинское право. - М.: 2008. - 254 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.