Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бойынша қатерлі ісіктердің деңгейі мен құрылымы

Бұл мақалада Ақтөбе облысы бойынша 2011-2015 жылдар аралығындағы қатерлі ісіктердің деңгейі мен құрылымына жүргізілген ретроспективті талдау нәтижелері келтірілген. 2015 жылы қатерлі ісік аурушаңдық көрсеткішінің 1,1 есеге жоғарылап, өлім көрсеткішінің 1,3 есеге төменДегені, қатерлі ісіктің І-ІІ сатысында анықталғанДар үлесі 2с/о-ға, кеш сатысында анықталғанДар үлесі 1,2℅-rа және 5 жылДық өміршеңДік көрсеткішінің 1,1℅-ĸа артқаны анықталДы. Қатерлі ісік аурушаңДығы құрылымынДа алғашқы орындарда сүт безі, өкпе, асқазан, тері обырлары тұр.

Кіріспе. Жылына қатерлі ісіктің 10 миллионнан астам жаңа жағдайы тіркеледі және олардың 8 миллионы көз жұмадыДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша барлық әлемде 2020 жылға дейін қатерлі ісік аурушаңдығы және өлім көрсеткіші 1,5-2 есеге өседі. 2020 жылға қатерлі ісіктерден болатын өлімнің болжамды саны шамамен 12 миллионды құрауы мүмкін [2, 6].

Онкологиялық аурулар әлеуметтік-маңызды аурулар тобына жатқызылады, өйткені Қазақстанда өмірінде алғаш рет онкологиялық диагноз қойылғаннан кейін науқастардың 50 %-ы қайтыс болады [3].

Халықтың әл-ауқатының және өмір сүру ұзақтығының артуын, қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау бағдарламаларының енгізілуін ескере отырып, обырдан сырқаттанушылықтың өсуінің үрдісі Қазақстан Республикасына да тән [1, 3].

Нақты статистика мәліметтері бойынша соңғы 5 жылдың ішінде Республикада қатерлі ісіктерден сырқаттанушылардың абсолюттік саны ұлғайды: егер 2010 жылы 29574 сырқаттанушы болса, 2014 жылдың аяғында олардың саны 34352-ге жетті. Аурушаңдықтың өсу тенденциясы салыстырмалы мөлшерде де байқалады. Қазақстан бойынша 2010 жылы аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 181,2-ні, ал 2014 жылы 198,7- ні құрады. Жыл сайынғы өсу темпі айтарлықтай жоғары, қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар санының жыл сайынғы өсуі 5%-ды құрайды. Қазақстанда онкологиялық аурулардан өлім көрсеткіші тұрғындардың өлім көрсеткіші құрылымында жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан кейін екінші орынды алады. Қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2010 жылы 108,93-тен 2014 жылы 91,36-ға дейін төмендеді [4].

Өлім көрсеткішінің азаюы, бірінші кезекте, қатерлі ісіктерді ерте сатыларда диагностикалаудың жақсаруына және емдеу нәтижелерінің тиімділігіне байланысты. Сонда да, бұл көрсеткіш әлі де болса дамыған елдердің көрсеткіштеріне жетпейді, өйткені обырдың кеш сатыларында өлімді болдырмау мүлдем мүмкін емес және болу қаупі әлі де жоғары.

Дамыған елдерде қатерлі ісіктерден өлім көрсеткішінің төмендеуі тиімді жұмыс жасайтын профилактикалық бағдарламалардың және обырды ерте анықтаудың жақсаруы есебінен, сонымен қоса жоғары сапалы емнің нәтижесінде болып отыр [5].

Зерттеудің мақсаты - Ақтөбе облысы бойынша қатерлі ісіктердің деңгейі мен құрылымына ретроспективті талдау жасау.

Зерттеу мәліметтері және әдістері.

2011-2015 жылдар аралығындағы Ақтөбе облысы бойынша қатерлі ісіктердің деңгейі мен құрылымына зерттеу жүргізілді. Қатерлі ісік аурушаңдығы, өлім көрсеткіші, қатерлі ісік аурушаңдығының құрылымы, қатерлі ісіктің ерте (І-ІІ) және кеш (IV) сатысында анықталғандар үлесі және 5 жылдық өміршеңдік көрсеткіштеріне республикалық көрсеткіштермен салыстырмалы талдау жасалды. Зерттеу объектісі - Марат Оспанов атындағы БҚММУ медициналық орталығындағы онкологиялық бөлімі. Зерттеу мәліметтері 2011-2015 жылдар аралығындағы халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы статистикалық жинақтарынан және 2015 жылғы Ақтөбе облысы бойынша онкологиялық көмек көрсету қызметінің қорытындысынан алынды. Зерттеу көлемі – соңғы 5 жылда (2011-2015 жж.) Ақтөбе облысында қатерлі ісіктер бойынша аурушаңдық және өлім көрсеткіштерінің барлық тіркелген жағдайлары.

Зерттеу әдістері: ақпараттық-аналитикалық және статистикалық.

Зерттеу дизайны: ретроспективті талдау

Зерттеу нәтижелері.

Зерттелетін жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша қатерлі ісіктерден аурушаңдық көрсеткішінің жоғарылап, ал керісінше қатерлі ісіктерден өлім көрсеткішінің төмендеп жатқанын көруімізге болады. Облыста қатерлі ісіктен аурушаңдық көрсеткіші 2011 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда 169,2-ден 2015 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда 177,3-ке дейін өсті. Тек 2014 жылы қатерлі ісік аурушаңдығы 100 000 тұрғынға шаққанда 165,1-ке төмен болды. Ал қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші 2011 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда 93,1-ден 2015 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда 73-ке азайды. Ең жоғарғы өлім көрсеткіші 2013 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда 101,2 болды (сурет 1).

Ақтөбе облысы бойынша 2014 жылы барлығы 1345 (100 000 тұрғынға шаққанда – 165,1), ал 2015 жылы 1467 (100 000 тұрғынға шаққанда – 177,3) қатерлі ісікпен ауыратын науқастар тіркелді.

Қатерлі ісік аурушаңдығы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Ақтөбе қаласында тіркелді, 100 000 тұрғынға шаққанда 203,9 болды. Одан кейін Хромтау (191,9), Мәртөк (172,2), Қарғалы (170,1), Алға (166,7) аудандары болды. Қатерлі ісік ең аз тіркелген аудан Байғанин ауданы. 2015 жылы Байғанин ауданында 24 жағдай тіркелген, яғни 100 000 тұрғынға шаққанда 104,8 болып отыр.

Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіштері бойынша облыста 2014 жылы 586 (100 000 тұрғынға шаққанда – 71,9), 2015 жылы 595 (100 000 тұрғынға шаққанда – 73) жағдай тіркелді. Облыс бойынша өлім көрсеткіші жоғары Ақтөбе қаласында тіркелген, 2014 жылы – 396 (100 000 тұрғынға шаққанда – 91,4), 2015 жылы 373 (100 000 тұрғынға шаққанда – 83,9) болды.

Облыста өлім көрсеткіші жоғары аудандар: Әйтекеби (80,3), Мұғалжар (73,4), Ырғыз (72,4) аудандары. Өлім көрсеткіші ең аз тіркелген Байғанин ауданы болып отыр. 2015 жылы Байғанин ауданында 3 жағдай тіркелген, яғни 100 000 тұрғынға шаққанда 13,1 болды (1 кесте).

"Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштері

Қатерлі ісік аурушаңдығының көрсеткіші

Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші

2014 ж

2015 ж

2014 ж

2015 ж

абс.

сан

100

000 тұрғ.

абс. сан

100

000 тұрғ.

абс. сан

100

000 тұрғ.

абс. сан

100

000 тұрғ.

 

Қазақстан Республикасы

34352

198,7

36374

207,4

16241

93,9

15763

89,9

1

Ақтөбе облысы

1345

165,1

1467

177,3

586

71,9

595

71,9

2

Ақтөбе қаласы

842

194,4

906

203,9

396

91,4

373

83,9

3

Әйтекеби ауданы

26

99,8

32

122,3

15

57,6

21

80,3

4

Алға ауданы

59

147,8

67

166,7

23

57,6

21

52,2

5

Байғанин ауданы

15

65,4

24

104,8

3

13,1

3

13,1

6

Ырғыз ауданы

19

125,0

17

111,9

11

72,4

11

72,4

7

Қарғалы ауданы

24

141,2

29

170,1

7

41,2

8

46,9

8

Қобда ауданы

27

138,2

27

139,3

11

56,3

11

56,7

9

Мәртөк ауданы

55

177,5

53

172,2

33

106,5

20

65,2

10

Мұғалжар ауданы

92

139,3

93

139,3

20

30,3

49

73,4

Кесте 1 - Ақтөбе облысының аудандары бойынша 2014-2015 жж. аралығындағы қателі ісік аурушаңдығы мен өлім көрсеткішінің көрсеткіштері (абс.сан және 100 000 тұрғынға шаққанда)

 

11

Темір ауданы

48

128,7

46

122,5

21

56,3

23

61,2

12

Ойыл ауданы

17

89,6

22

115,9

11

58,0

11

58,2

13

Хромтау ауданы

64

153,5

80

191,9

3

7,2

13

31,2

14

Шалқар ауданы

57

123,4

71

152,8

32

69,3

31

66,7

2014-2015 жж. аралығында Ақтөбе облысында қатерлі ісіктер бойынша аурушаңдық құрылымында өзгерістер байқалады. 2015 жылы аурушаңдық құрылымында бірінші орында сүт безі обыры тұр, барлық обырлардың 15,6%-н (161) құрайды. Әрі қарай реттілік бойынша өкпе обыры -

14,9% (154), асқазан обыры – 13,5% (139), тері обыры – 12,6% (130), өңеш обыры – 11,1% (114), жатыр мойны обыры – 8,6% (83) , жатыр - 7,7% (79), аналық без обыры – 6,3% (65), тік ішек обыры – 5,5% (57), тіл, ауыз қуысы және жұтқыншақ обыры – 4,6% (47) (сурет 2).

Қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау сапасының маңызды көрсеткіші барлық анықталған қатерлі ісіктердің ішінде ерте сатысында анықталған қатерлі ісіктердің үлесі болып табылады. Ақтөбе облысында қатерлі ісіктердің ерте сатысында (І-ІІ сатысында) анықталған науқастардың үлесі

2014 жылы 60,9%-ды, 2015 жылы 58,9%-ды көрсетіп отыр. Ақтөбе облысы бойынша қатерлі ісіктердің кеш сатысында (ГV-сатысында) анықталған науқастардың үлесі 2014 жылы 9%, 2015 жылы 10,2% болды (сурет 3).

Қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау сапасының тағы бір маңызды көрсеткіштерінің бірі 5 жылдық өміршеңдік көрсеткіші болып табылады. Ақтөбе облысы бойынша қатерлі ісікпен ауыратын 5 жыл және одан жоғары өмір сүретін науқастардың үлесі 2011 жылы 52,8% болды. 2012 жылы бұл көрсеткіш 46,8%-дан 2014 жылы 46,3%-ға дейін төмендеді. 2015 жылы 5 жыл және одан жоғары өмір сүретін науқастардың үлесі 49% болды (сурет 4).

Алынған мәліметтерді талқылау.

  1. Ақтөбе облысында 2015 жылы қатерлі ісік аурушаңдығы 2011 жылмен салыстырғанда 100 000 тұрғынға шаққанда 1,1 есеге жоғарылады, ал қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші 1,3 есеге төмендеді. 2015 жылғы республикалық көрсеткішпен салыстырғанда Ақтөбе облысында қатерлі ісікпен аурушаңдық көрсеткіші 1,2 есеге төмен, қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші де 1,2 есеге төмен екенін көрсетті.
  2. 2015 жылы Ақтөбе облысының аудандары бойынша қатерлі ісік аурушаңдық деңгейі 2014 жылмен салыстырғанда артып келеді. Республика бойынша салыстырсақ Ақтөбе облысында аурушаңдық көрсеткіші төмен екенін көруге болады. Қатерлі ісік аурушаңдығы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Ақтөбе қаласында, Хромтау, Мәртөк, Қарғалы, Алға аудандарында тіркелген. Қатерлі ісік ең аз тіркелген аудан Байғанин ауданы. Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіштері бойынша облыста ең жоғары өлім көрсеткіші Ақтөбе қаласында, Әйтекеби, Мұғалжар, Ырғыз аудандарында тіркелді. Өлім көрсеткіші ең аз тіркелген Байғанин ауданы екені анықталды.
  3. 2015 жылы қатерлі ісіктердің жалпы құрылымында сүт безі, өкпе, тері, өңеш, жатыр және аналық безі обырларының үлесі артты, ал асқазан, тіл, ауыз қуысы және жұтқыншақ, жатыр мойны, тік ішек обырлары үлесінің азайғанын көруге болады.
  4. 2015 жылы қатерлі ісіктердің ерте сатысында анықталғандардың үлесі 2014 жылмен салыстырғанда 2℅- ға төмендеді. Ал 2015 жылғы республикалық көрсеткішпен (56,3%) салыстырғанда 2,6%-ға жоғары болып отыр. 2015 жылы қатерлі ісіктердің кеш сатысында анықталғандар үлесі 2014 жылмен салыстырғанды 1,2%-ға жоғарылады, ал Республикамен (11,5%) салыстырғанда 1,3%-ға төмен.
  5. 2015 жылы 5 жыл және одан жоғары өмір сүретін науқастардың үлесін 2011 жылмен салыстырғанда 3,8с/о-ға төмендеді, ал 2015 жылғы республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 1,5/-ға төмен екенін көрсетті.

Қорытынды:

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, Ақтөбе облысында соңғы жылдары қатерлі ісіктерден аурушаңдық көрсеткіші жоғарылап, қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші төмендеп келеді. Жалпы соңғы 2 жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктердің аурушаңдық құрылымынды ісіктердің рангілік реті сақталған. Қатерлі ісік аурушаңдығы құрылымында алғашқы орындарда сүт безі, өкпе, асқазан, тері обырлары анықталып отыр. Қатерлі ісіктерден аурушаңдық көрсеткішінің жоғарылауы және өлім көрсеткішінің төмендеуі ерте сатысында анықталған науқастар санының артуымен байланысты. Қатерлі ісіктерді ерте сатысында (І-ІІ-сатысында) диагностикалау көрсеткішінің және кеш сатысында (IV-сатысында) диагностикалау көрсеткіштерінің өзгеруіне амбулаторлы- емханалық мекемелерде жүзеге асырылатын профилактикалық шаралар жүйесі (ауруды ерте анықтауға бағытталған скринингтік тексерулер) айтарлықтай әсер етеді. Сол сияқты қатерлі ісіктердің ерте сатысында анықтау 5 жылдық өміршеңдік көрсеткішінің жоғарылауына және науқастардың өмір сапасының жақсаруына мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Байпеисов Д.М. Принципы онконастороженности и ранней диагностики злокачественных новообразований у населения Казахстана [Текст] / Д.М. Байпеисов, А.Ж.Жылкайдарова, Г.Д.Сейтказина и др. // Методические рекомендации для медицинских работников ПМСП. – Алматы: 2012. – С. 88-92.
  2. В.И. Чиссова, В.В. Старинского, Г.В. Петровой Злокачественные новообразования в России в 2007. - М.: ФГУ МНИОИ им. П.А. Герцена Росмедтехнологий, 2009. - 244с.
  3. Нургазиев К.Ш. Показатели онкологической службы Республики Казахстан за 2011 год / [Текст] / Нургазиев К.Ш., Сейтказина Г.Д., Байпеисов Д.М., Сейсенбаева Г.Т., Ажмагамбетова А.Е. Статистические материалы. – Алматы: 2012. – С.- 108.
  4. Сауекенова, Л.Н. Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2014 году. [Текст] / Сауекенова Л.Н., Бармагамбетова Г.Н., Нугуманов Т.К. // Статистический сборник. – Астана: 2015. – 360 с.
  5. Walter W. Holland, Stewart S., Masseria C. Screening in Europe. - Geneva: European observatory on health systems and policy,WHO, 2008. – 76 p. – С.2-6.
  6. World Cancer Report 2008 (Ed. by Peter Boyle and Bernard Levin) // http://www.iarc.fr/en/publications/pdfs- online/wcr/2008/wcr_2008.

713

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.