Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттер білімдерін рейтингтік бағалау мәселелері

МақалаДа қазіргі қоғам Дамыған елДерінің жоғары оқу орынДары қоятын талаптарДы қанағаттанДыратын стуДенттерДі кәсіби біліктілікке машықтанДыру үшін оқытуДа тапсырмалар түрлері мен оның балл көрсеткішіне сәйкес топтастырылуы нәтижесінДе білімДі бағалау мәселелері қарастырылған.

Педагогика әдебиеттерінде білім сапасы ұғымы оқыту нәтижесінің негізгі сипаттамасы ретінде қарастырылады. Оқыту нәтижесінің сапасы деп меңгерудің толықтық, дұрыстық сияқты кейбір аспектілерін түсінеді. Әдетте, қандай да бір объект-нәрсенің және құбылыстың сапасы болып оның осы нәрсе екенін көрсететін мәнді, орнықты қасиеттері, сипаттамалары саналады [1].

Білім сапасының сипаттамасы толықтық, тереңдік, шапшаңдық, бірізділік, нақтылық, жалпыламалық, орамдылық, тармақталғандық, жүйелілік, түсініктілік және тиімділік болады.

Білімнің толықтылығы оқу бағдарламасында қарастырылатын объектілердің барлық белгілерін білумен сипатталады. Студенттер білімін тексергенде, алдымен, олар объектілердің белгілерін бөліп көрсете алуы және айтып бере алатындығымен анықталады.

Студенттердің білімінің тереңдігі оқу объектісін тұтастай бейнелеуімен, білімін басқа білімдермен мәнді байланыстыра білуімен белгілі болады. Білімнің бұл сапалық қасиеті студенттердің меңгерген білімдерінің практикада қолдануымен де сипатталады. Байланыстардың анықталуы белгілі бір уақытты қажет етеді, тіптен кейде оқу курсын оқытудағы барлық уақытты қамтуы мүмкін. Әдетте, білімдер арасындағы байланыстар бірден байқала бермейтіні себепті біріншіден, студенттер параллель немесе тізбекті орналасқан байланыстарды түсіне алмай қалады (білім бағалануы 50-74 балл), екіншіден, ол байланыстарды түсіну үшін жаңа аралық байланыстың болуы қажет етіледі.

Білімдегі байланыстар студенттердің ұқсас және әр түрлі оқыту немесе белгілі бір жағдайда қолдана білуге дайындығы білігімен және білімнің жеделдете, тереңірек меңгерілуімен анықталады. Студенттердің өзіне қажетті білік пен дағдыны меңгеруі білік пен дағдыны түрлі жағдайларда қолдануына қарай анықталады, ал білімнің тереңдігі олардың білімді интеллектуалдық дәрежеде меңгеріп, практикада қолдана алу дағдыларына, икемділігіне қатысты сипатталады.

Дағды ұғымы мен икемділік ұғымын ажырата білу маңызды. Психологияда икемділік дегеніміз студенттердің қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті, ол білім мен тәжірибеге негізделеді, білім мен тәжірибесі мол студенттердің икемділігі артықтау болады. Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім қорын практикада қолдана алудың көрінісі, білімнің амалға айналуы және амалды жүзеге асырудың де тәсілі.

Білімнің икемділігі студенттердің тапсырмаларды орындаудың тиімді нұсқасын табудың жылдамдылығымен сипатталады. Ол және де студенттердің бір тапсырманы бірнеше тәсілдермен орындау қабілеттілігіне де қатысты анықталады.

Икемділік пен білімнің жеделдете меңгерілуі арасындағы айырмашылық былай сипатталады: білімнің жеделдете меңгерілуі нақты жағдайлар үшін білім мен дағдыны қолдану болса, ал білімнің икемділігі белгілі жағдайлардан ауытқып жаңа тәсілді бұрыннан белгілілері арқылы шығарып алуға қатысты жаңа білік пен дағдыны қалыптастыру болып табылады.

Білімді жалпылауда нақтылы көріністерді ашу мен жалпылама білімдерді нақтылау қабілеттілігі арқылы білімнің нақтылығы мен жалпыламалылығы сипатталады. Білімді жалпылау білімді нақтылау арқылы қарастырылады. Екеуін студенттер бірден қолданған жағдайда нақтылы фактілерді жалпылау дағдысының қалыптасуына, жекеден жалпыға біртіндеп өтуге игі әсерін тигізеді.

Білімнің меңгерілуінің тежелуі мен дамытылуы, біріншіден, студенттердің білімдер арасындағы байланыстарды анықтап, керекті сәтте қолдана білуі, екіншіден, меңгерілген білімнің негізгілерін тұжырымдай білу қабілетінен көрінеді.

Білімнің жалпыланған болуымен қатар жинақталған болуы да маңызды. Студенттерге кей жағдайда білімнің жинақталған түрін қолдану үшін жалпыланған білімді негізге алатын нақты білімдер қажет. Жалпыланған білімдерді нақтылап, оны негіздегеннен кейін студенттердің білімді тереңдете түсуі жеткілікті.

Студенттердің кез келген оқыту курсындағы сияқты информатика курсында берілген материалдарды жалпылау қабілеттері әр деңгейлі тапсырмаларды орындауда ортақ тәсілді таба алуымен, сәйкесінше ортақтан әр түрлі тәсілді байқау қабілеттерінен көрінеді.

Информатика курсында тапсырмаларды орындағанда тапсырмалардың типі басқа болса да тұжырымдаудың жинақталуы арқылы студенттердің ойлау қабілеті қалыптастырылады. 50-74 балл жинаушы студенттер тапсырмаларды бірнеше рет орындағаннан кейін ғана ол туралы білімін жалпылай алады. Сондықтан ол студенттерде тұжырымдау, тексеру, түзету әрекеті сирек байқалады.

Информатикадан тапсырмаларды орындауда ойлау үдерістерінің жинақталуы бағытының айқындалуы:

а) шапшаңдығы (тапсырма шартын оқығаннан кейін бірден жауап беріледі);

ә) ой қорыту үдерісінде бірнеше буындар қалып қойса да, ойлау үдерісін дұрыс бағытта жүргізе алуы (ойлаудың жоқ буындарында);

б) қиындығы, студенттердің ойлау үдерісінің мүмкіндіктерінің толық ашылуын талап етеді.

Білімнің жүйелілігі оның жинақтылығымен анықталады. Студенттердің білімді жүйелі меңгеру деңгейі бағытының көрсеткіштері:

а) оқу материалдарының мазмұнын білімдерді өзара байланыстыра меңгертетіндей айқындау;

ә) оқу материалдарын қайта өзгеше құрып, байланыстырып мазмұндау;

б) қажетінше әрекеттерді тізбектей орындауы;

в) жаңа байланыстарды өзінше орналастыру, атап айтқанда, біріншіден, меңгерілетін білімдер аралығы, екіншіден, жаңа білімдер мен меңгерілген білімдер аралығы.

Студенттерге білімді жүйелі меңгертуде оқытушыдан білімдерді меңгерту арасындағы байланыстарды біртіндеп жалпылау талап етіледі.

Жалпыланған идеялар білімдерді меңгерту аймағында жинақталып жүйеленеді. Әрбір оқыту курсы үшін жүйелеу әртүрлі болады. Оның бәрі курсының мазмұнын баяндауға байланысты анықталады. Білімнің берілуі келесі тізбек бойынша: негізгі ұғым, негізгі ереже, салдар, қосымша анықтамалар берілсе, онда білімнің берілуі жүйеленген деп саналады.

Білімнің берілуініің жүйелілігіне келесі белгілер енеді: бір білімнен кейінгі жаңа білімнің туындауы, бірінің келесі білім үшін негіз болуы. Дегенмен, білім кей жағдайда жүйелі берілгенімен де бір жүйеге келмеуі мүмкін. Білімнің берілу жүйелілігін анықтауда информатика курсын оқыту объектісі мазмұнының сипаты мен тәсілін, оны студенттердің меңгеру деңгейін ескеру қажет.

Білімнің сапалылығы білімдер арасындағы байланыстарды түсінуімен, елеулі және елеусіз байланыстарды ажырата білу біліктілігімен, осы байланыстардың байқалуы мен жүзеге асырылу механизмін түсінумен, білімдерді меңгеруде қолданатын тәсілі мен оны қолдану үшін негізге алатын принциптерді ұғыну аймағын анықтаумен сипатталады, осы білімнің сапалылығы белгілерін қалыптастыру біртіндеп жүзеге асады. Студенттердің информатикадан білімін бағалауда білімнің сапалылық белгілерінің көрсеткіштерін анықтай білу керек. Білімнің сапалылығының негізгі көрсеткіші критерийіне студенттердің берілген сұраққа оқулықтағы, оқу әдістемелік кешендегі келтірілген дайын жауап бергені емес, сұраққа жауапты өздігінше тұжырымдап, ой қорытып беруі үшін білімдерді топтау мен жүйелей алуы енеді. Білімнің жүйелілігі мен тереңдігі білімдердің арасындағы байланысқа қатысты болғандықтан сапалылықтың артуына әсерін тигізеді. Біртұтас теорияда жүйелілік білімнің орнықтылығын анықтайды.

Студенттердің білімді меңгеру орнықтылығы деп ойында ұмытпай сақтау ұзақтығы мен есінде қалдыра алуы, білімді толық жүйелілігімен қайталай алуын айтамыз.

Білімнің меңгеру орнықтылығы елеулі білімдер жүйесін есте сақтау мен оны қолдану тәсілдерін білуден тұрады. Ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орындарының оқыту тарихында студенттерге білімді меңгерту орнықтылығы білімді бір немесе бірнеше формада бір мазмұнды қайталап айтқызу арқылы қамтамасыз етіліп келді.

Зерттеу жұмыстарынан қайталап айтқызу білімнің сапалы меңгерілуін барлық уақытта қамтамасыз ете бермейтіндігін, керісінше, білімді жүйелі ұғынып меңгерту, оны талдауға үйрену білімді орнықты меңгеруге септігін тигізетіні белгілі болды және білімнің орнықты меңгерілуін іске асыру арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға болады.

Оқыту үдерісінде білімнің сапалылығын жүзеге асыратын барлық элементтері бір мезгілде, кейде қабаттасып жатады. Студенттердің білімдерінің сапасын және білімінің деңгейін олардың білімді қаншалықты меңгергенін алған білімдерін әр түрлі типтегі тапсырмаларды орындауда қолдана алатындығын тексермей білу мүмкін еместігі айқын.

Мысалы, «Ақпарат және информатика. Информатиканың негізгі мәселелері. Санау жүйелері» тақырыбы бойынша тапсырмалар түрлері мен оның рейтинг балл көрсеткішіне сәйкес топтастырылуы келесі кестеде келтірілген [2]:

Осы уақытқа дейін оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқулықтар, тапсырмалар жинағы, әдістемелік құралдар қарастырылғанмен де студенттердің информатика курсынан білім алу қабілетіне қарай балдық бағалау бойынша нені меңгеру қажеттілігі, білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды анықтау әлі де жетілдіре түсуді талап етеді.

Осы мәселердің негізгі себебі тапсырмалардың қиындығына байланысты студенттердің қабілетіне қарай жіктеп ұсыну критерийлерін анықтау оқытушының кәсіби біліктілігін талап ететіндіктен туындайтыны аян.

Тапсырмалардың қиындығына байланысты студенттердің қабілетіне қарай жіктеп ұсыну нәтижесін объективті тексеру мен бағалау тек талап етілетін білім сапасы мен оны меңгерудің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Объективті түрде студенттер білімін тексеру мен бағалағанда білім сапасы мен оны меңгерудің деңгейі дәл анықталады.

Оқытуды студенттер білімін бағалау үшін оларға берілетін тапсырма рейтинг балл көрсеткішіне сәйкес топтастырылады:

  • міндетті тапсырма (50-74 балл);
  • шығармашылық зерттеу жұмыстарына дайындық деңгейіндегі тапсырма, бағдарламадағы міндетті білімді толық меңгертетін, жоғары деңгейге жетуге жағдай туғызатын тапсырма(75-89 балл);
  • шығармашылық зерттеу жұмыстары тапсырмасы, студенттердің қызығушылық пен танымдық қажеттілігіне, қабілетіне байланысты білімін тереңдететін, оперативтік өзіндік ойлау іс-әрекетін орындауды талап ететін тапсырма (90-100 балл).

Қорыта келгенде, оқытудың және студент білімін бағалаудың жариялылығы білім беруді ізгілендіру мен білім берудің мазмұны мен әдістерін жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетілдіру мәселелерін шешудің тәсілі екендігі ақиқат.

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

  1. Б.А.Қадырбаева. Оқытудағы басты тұлға-студент // СГПИ, Московский ГПИ,Новосибирский ГПИ, Респ ИПК рук. и научно-пед. кадров системы образования, сб. матер.межд. научно-пр.конф «Непрерывное пед. образование в контексте современнности: теории, концепции, опыт». – Семипалатинск: 2008. – 295 с.
  2. Б.А.Қадырбаева, Ш.Д. Белғожаева, Р.К.Унайбаева, А.А.Тохтаметова. Информатика пәнінен зертханалық жұмыстар. Әдістемелік оқу құралы. – Алматы: ТОО «Tandem-2», 2010. – 369 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.