Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кредиттік оқыту жүйесінде студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімділігі

Бұл мақалада сабақ берудің жаңа технологияларын меңгере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып, білім сапасын арттыру мәселесі қарастырылған. Жаңа әдіс-тәсілдердің ерекшелігі – жеке тұлғаны қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істей алуда, шығармашылыққа баулуда ерекше рол атқарады. Тіл сабақтары эстетикалық, адамгершілік, еңбек және патриоттық тәрбие беруде өте маңызды болғандықтан, ұстаздан терең білімді, ізденушілікті, қажырлықты талап етеді. Өздік жұмыс студенттің өз ойын, қиялын дамытып, сөздік қорын молайтып, өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыландырады.

Сапалы ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар студенттердің үлгерімін жақсартудың бірден-бір кепілі. Сондықтан СӨЖ тиімді жақтарын қарастырып, сапалы түрде ұйымдастыру бүгінгі күннің талабы.

Мақаланың өзектілігі: студенттерге қазақ тілінде кәсіби қарым-қатынасты меңгеру барысында өздік оқу әрекетін қалыптастыру, олардың өз бетімен оқып-жаттығу жұмыстарын дамыту – өте маңызды мәселе.

Зерттеу мақсаты: Медициналық жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты студенттердің сөйлеу икемділігі мен дағдыларын практикалық тұрғыдан меңгерте білу. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынталандыру.

Зерттеу әдістері: ұйымдастыру, шығармашылық, ізденіс, қорытынды жасау

Кіріспе. Қаіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандағы білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағытталады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге байланысты студенттердің таным-білім белсенділігін арттыру, жеке шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары ерекше мәнге ие болды. Жоғары оқу орындарында даярланатын мамандардың білімділік белсенділігін арттыруда өз бетінше орындайтын жұмыс түрлерінің орны ерекше.

Сапалы, әлемдік стандартқа сай білім беру ең алдымен оқыту әдістемесін кредиттік жүйеде ұйымдастырумен байланысты. Орыс аудиториясындағы студенттерге қазақ тілінде кәсіби қарым-қатынасты меңгеру барысында өздік оқу әрекетін қалыптастыру, олардың өз бетімен оқып-жаттығу жұмыстарын дамыту – өте маңызды мәселе.

Студенттердің өз бетімен жұмысы – оқу үрдісінің құрамдас бөлігі. Сабақ барысында толық игере алмаған материалдарды түрлі әдістер арқылы, яғни өз бетімен істейтін жұмыс түрлері негізінде жан-жақты игереді. Ол үшін тапсырманың тиянақты болуын қадағалай отырып, студенттерді уақытты тиімді пайдалануға үйретуіміз керек. Сонда ғана жұмыс өз нәтижесін береді.

Өз бетімен жүзеге асыратын жұмыс негізінде студент сабақта толық қамтылмай кеткен мәселелер бойынша тереңірек ізденіп, берілген әдебиеттермен жұмыс істейді. Сондықтан студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы тиянақты, мақсат қоя ұйымдастыруға, әр кез білімін жетілдіріп отыруға назар аударылады.

Өзіндік жұмыстың маңыздылығы мынада:

  • студенттер бұрын өздері білмейтін білімдік мағлұматтарды өз беттерінше ізденіп, білімді терең меңгеруге мүмкіндік алады;
  • жұмыс барысында олар өз бетімен ғылыми тұжырым жасай алуға, алынған деректі жүйелеп қорытындылауға дағдыланады. Осының негізінде өзіндік пікірлері қалыптаса бастайды.

Қай кезде де жұмыстың сапасы болуы үшін жоспарлы түрде жұмыс істеген жөн. Мәселен, студенттердің жауапкершілігін арттыру мақсатында апталық, айлық жұмыс жоспарын енгізген артықтық етпейді. Онда жұмыстың тақырыбы, мақсаты, қай мерзімде орындау керектігі, апта күндері, тексеру формалары көрсетіледі.

Өзіндік жұмысты тиісті дәрежеде орындау үшін студент өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі жаттықтыруға, міндеттеме алуға тәрбиелеуі қажет. Әдетте, өзін-өзі тәрбиелеу мен өз бетімен жұмыс екеуі екі түрлі нәрсе болғанымен, олардың арасындағы сабақтастықты жоққа шығаруға болмайды. Айталық, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгерген студент дербес білім алуға, өз бетімен ізденуге, оқытушының берген кеңестерін тыңдауға, өзіндік пікір айтуға үйренеді.

Мемлекеттік тіл – қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Қазақ тілін студенттерге өздік жұмыстар арқылы да оқыту тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Қоғам өз бетімен білім ала алатын және алынған білімнің өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа технологияларына көшу талабын қойып отыр.

Оқытушының сабақ берудегі басты міндеті тіл үйренушіге тек оқу материалын ғана үйрету емес, оған өз бетінше оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудың жолдарын көрсету болып табылады.

Медициналық жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты студенттердің сөйлеу икемділігі мен дағдыларын практикалық тұрғыдан меңгерте білу. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынталандыру.

Сабақ берудің жаңа технологияларын меңгере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып, білім сапасын арттыруға тырысамыз. Жаңа әдіс-тәсілдердің ерекшелігі – жеке тұлғаны қалыптастыруда, өз бетімен жұмыс істей алуда, шығармашылыққа баулуда ерекше рол атқарады. Тіл сабақтары эстетикалық, адамгершілік, еңбек және патриоттық тәрбие беруде өте маңызды болғандықтан, ұстаздан терең білімді, іденушілікті, қажырлықты талап етеді. Өздік жұмыс студенттің өз ойын, қиялын дамытып, сөздік қорын молайтып, өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыландырады.

Студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру барысында түйінделген ойлар:

  1. Оқытушы көбіне бағыт бағдар беруші, өзіндік жұмысты орындау кезінде студенттер өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.
  2. Әр студент өз білімінің деңгейін анық байқайды, білімді жүйелі түрде өз бетінше алуға үйренеді.
  3. Студенттердің ауызша және жазбаша баяндау дағдысы қалыптасады.
  4. Жазба жұмыстарын сауатты жазуға, сөйлемдерді стильдік тұрғыдан дұрыс әрі көркем жазуға машықтанады, ойы ұшқырланады.
  5. Студенттердің танымдық қабілеттерін де, танымдық үрдістерін де дамытуға мүмкіндік береді.
  6. Қажетті білімді меңгеру студенттердің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытуға көмектеседі.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің қарқынды дамуы студенттердің өздігінен білім алуына кең жол ашты. Соның негізінде адам қабілеттері мен икемділіктерінің барынша дамуына ықпал етті. Бұл білім беру технологияларын жетілдіріп, студенттердің оқу белсенділігін арттыруға жетелейді. Бүгінде заманның ағымына сай оқытудың технологияларына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді.

Демек, студенттерге толыққанды білім беру үшін бар мүмкіндікті пайдаланып, оқыту технологияларын жетілдіру көп нәтижеге қол жеткізеді.

Оқытудың кредиттік жүйесінде, негізінен, СӨЖ дәрісханада оқытушының басшылығымен және дәрісханадан тыс уақытта ұйымдастырылады.

Жиі қолданылатын өзіндік жұмыстардың мынадай формаларын атауға болады:

  • машықтық, зертханалық сабақтарға дайындық;
  • коллоквиумға, сұрақтарға дайындық;
  • үй тапсырмасы мен бақылау жұмыстарын орындау;
  • дәрісханалық бақылау жұмысына, тестке дайындалу;
  • баяндама, эссе, реферат жазу;
  • түрлі ойындарға дайындық;
  • курстық жұмыс;
  • практика бойынша есеп жазу;
  • диплом жұмысы т.б.

Әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін СӨЖ берілетін уақыт көлемі оқу жоспары бойынша жүргізіледі. Дұрыс жүйелі құрылған өз бетімен жұмыс студенттердің оқу үлгерімдеріне үлкен септігін тигізіп, оның сапасын көтереді. Ол үшін СӨЖ әдістемелік нұсқаулары талапқа сай жазылып, мақсаты айқын болғаны жөн. Сонда ғана студенттер өздерінің алған білім дәрежесін өзіндік жұмыс жазу кезінде көрсете алады. Дегенмен СӨЖ түрлері, оны жүргізу жүйесі мен барысы әлі де назар аударуды қажет етеді.

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда оқытушы жетекші орын алады. Оқытушының жеке шығармашылығына орай СӨЖ түрленіп, әр түрлі сипатта болады.

Білім берудің қай түрі болса да, сабақ арқылы іске асатыны белгілі. Сондықтан сабақты дұрыс ұйымдастырып, жүйелі жүргізу жағына көп мән берілуі керек.

Өзіндік жұмыс – ізденіс айнасы. Студенттер өзіндік жұмыс арқылы білмегенін білуге, білгендерін одан әрі толықтырып, жетілдіруге ұмтылады. Сабақтың негізгі мазмұнымен таныстырып, пәннің проблемалық сипатын анық жеткізгенде ғана студенттер өз бетімен жұмыс істеуге ынталы болады. Берілетін материалдардың сипатын анықтап, оқытудағы сабақтастықты сақтағанда, студенттердің білімдері кеңейе түседі. СӨЖ сәтті болуы, көбінесе, оны шығармашылықпен ұйымдастырып, дұрыс жүргізуге тікелей байланысты.

Сондықтан болашақ мамандардың білім алу мақсатындағы ізденістерін жетілдіре түсу керек. Бұл мәселе оқу орындардың талапқа сай материалдық базасын нығайтуды, білім беру саласындағы үлкен мәселелерді шешуді көздейді. Әр пәннің мазмұны мен құрылымына, сипаты мен ерекшелігіне орай, өзіндік жұмыстарға берілетін тапсырмалар да алуан түрлі болып келеді. Біз жұмыс барысында ауызша сұрақ-жауап ұйымдастыру, қысқаша жазбаша жұмыстар жүргізу, жеке кеңес беру, студенттерді аттестациялау т.б. тексерудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданамыз.

Қорытынды. Студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыру – университеттегі оқу тәрбие үрдісінің шешуші буыны болып табылады. Жоғары оқу орындарының жаңа кезеңде алға қойып отырған міндеттерінің бірі - кәсіптік білімі мол, өмірлік іс – тәжірибесінде алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білетін білікті кадрлар даярлау. Студенттерді болашақ мамандықтарын игеруіне тәрбиелеуде тек дәрісханалық жұмыстарымен ғана шектелмей, өзіндік жұмыстарды да түрлендіріп отыру – студенттердің терең білім алуына, кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына, ақыл -ойының ұшталуына септігін тигізеді.

Сапалы ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар студенттердің үлгерімін жақсартудың бірден-бір кепілі. Сондықтан СӨЖ тиімді жақтарын қарастырып, сапалы түрде ұйымдастыру бүгінгі күннің талабы.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ж.А.Қараев «Кредиттік оқыту жүйексіне арналған педагогикалық технологиялар». - Алматы: 2004. – 182 б.
  2. Г.Т.Әбітова «Қаақ тілін оқытуда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру». – Алматы: 2008. – 253 б.
  3. Тілдерді қолданумен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. «Тіл және қоғам журналы». – Алматы: 2001. – 52 б.
  4. Сматова К.Б. Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық алғышарттары: дис. ... канд. пед. ғыл. - Алматы, 2008. - 79 с.
  5. Қазақстанда білім беруді дамыту //Егеменді Қазақстан. - 2004. – 22 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.