Ішкі аурулар клиникасындағы психикалық бұзылыстар және біріншілік көмек көрсетудегі дәрігер терапевттің рөлі

Бұл мақалада ішкі аурулар клиникасында жиі кездесетін негізгі психикалық бұзылыстар, сонымен қатар олардың таралу тенденциясы қарастырылады. Ішкі аурулар клиникасында орын алатын негізгі психикалық синдромдар атап көрсетілген, «соматизириленген симптомдарға» түсініктеме берілген. Соматикалық көріністер беретін психикалық бұзылыстар, сонымен қатар психикалық бұзылыстармен көрінетін соматикалық аурулар жайында жазылған. Дәрігер терапевттің рөлі бірнішілік медико-санитарлық көмек көрсетудегі ішкі аурулар клиникасында кездесетін психикалық бұзылыстарды анықтай алу болып табылады.

Қазіргі таңғы медицина ғылымы мен тәжірибесінің даму тенденциясы адамды толығымен түсінуге бағытталған. Яғни науқасты соматикалық және психикалық тұрғыда біріктіре қарастыру болып табылады. Сол себепті мамандандырылған дәрігер терапевт науқастың соматикалық патологиясымен бірге, оның ішкі жан - дүниесін дұрыс бағалай алу керек.

Зерттеулердің көрсетуі бойынша дәрігер терапевтке қаралуға баратын науқастың 15-30 %- ға жуығы соматикалық ауруына байланыссыз шағымдар айтады. Шағымдардың ішінде жиі кездесетіндері мыналар:

Түсіндіруге келмейтін бұлшықеттегі ауыру сезімдері: бас ауыруы, кардиялгиялар, абдоминалды симптомдар, шаршағыштық, бас айналуы.

Мұндай шағымдарды жиі « медициналық түсіндіруге келмейтін симптомдар» ағылшын тілінде « medically unexplained sympthoms» немесе соматизирленген немесе функционалды симптомдар деп атайды. Аталған құбылыстардың табиғаты жайлы толық дәлелдер жоқ.

Терапевттер аталған сиптомдарды функционалды бұзылыстар шеңберінде, ал психиатрлар ол симптомдарды соматоформды, үрейлі немесе депрессиялық ретінде бұзылыстардың дәрігер жиі кездесуі көптеген

Психикалық бұзылыстардың патоморфозы.

Психикалық бұзылыстардың жеңіл ағымы олардың соматизациялануға бейімділігі (сол себепті науқастар психиатрлардың қарауына ілінбей, ішкі аурулар клиникасына таралады).

  • - Біріккен соматикалық және психикалық бұзылыстардың кең таралуы.
  • - Аталған аурулардың феноменологиялық ұқсастығы.

Әрине, терапевт бірінші кезекте науқастан соматикалық ауруын, оның жасырын және атипиялық формаларын қоса, сәйкес лабораторлық және инструменталды әдістерімен зерттеу арқылы табуы керек. Кез - келген психикалық бұзылыстың бар болуы келесі жанама белгілермен сипатталады:

  • - Аурудың клиникасы соматикалық аурудың көріністеріне ұқсас емес.
  • - Науқасты тексеру барысында ішкі ағзалар патологиясы анықталмады немесе ол патология науқастың айтылған шағымдарының айқындылығына сәйкес емес.

Науқас « соматикалық» ауруын ұзақ уақыт бойы немесе әртүрлі мамандарға жолығып ем алған, бірақ ол емнің нәтижесі жоқ.

Соматикалық клиникада психикалық диагноз қоюдағы басты мәселе болып үрей және депрессия симптомдарын ішкі ағзалар аурулары симптомдары ретінде немесе науқастың ауруға қатысты қалыпты реакциясы деп қабылдау табылады. Аталған жағдай психикалық бұзылысты анықтауға кедергі келтіреді.

Мысалы, ұйқының бұзылуы және тәбеттің төмендеуі жиі соматикалық ауруларда кездессе, ал қайғыру және қызығушылықтың төмендеуі депрессиямен байланысты.

Психикалық бұзылыстар диагностикасы соматикалық аурудағы секілді позитивті тұрғыда болуы тиіс.

Дәрігер терапевт білуі тиіс:

  • Негізгі психопатологиялық белгілерді анықтай алу.
  • Психопатологиялық белгілердің түрлерін білу және оларды ажырату.

Психопатологиялық белгілердің мүмкін себептерін анықтау. Шындығында, дәрігер терапевтпен сұхбат барысында үрейі бар науқастардың тек 20 % - ы ғана үрей симптомдарына шағымданған, ал өзге науқастар тек соматизирленген симптомдарды атаған.

Депрессия тұрғындардың 9-20 %- ында кездеседі. Ал амбулаторлы науқастарда жиілігі 10-33 % - ға жетеді.

Депрессияны диагностикалау қиындығы - алекситимия. Алекситимия - науқастың өз ішкі жан - дүниесін сипаттай алмауы. Жеңіл депрессияда алекситимия - 60-70 % кездеседі. Көптеген науқастар депрессияны өздерінде бар соматикалық ауруларымен және өмірлеріндегі қиыншылықтарымен байланыстырады.

Терапевттер жалпы әлсіздік, дімкәстік деп анықтаған шағымдарды психиатрлар көңіл-күйдің төмендеуі, күнделікті тірліктерге қызығушылығының жоғалуы, яғни депрессияның симптомдары ретінде қарастырады.

Депрессия жиі соматизирленген симптомдармен бірігеді. Депрессиясы бар науқастардың 15 % - ы ғана депрессия симптомдарына шағымданған, ал өзге науқастар соматикалық шағымдарды атаған.

Егер соматизирленген симтомдар депрессияның симптомдарымен қатар көрініс берсе немесе депрессияның көріністерін азайтса, «соматизирленген депрессия» терминін қолданады.

Кесте 1

Негізгі бұзылыс

Қосалқы бұзылыс

Жиілігі

Әдебиеттер

Рекурентті

Паникалық бұзылыстар

10 - 20 %

AHCPR 1993; Grunhous L. 1988;

депрессиялық бұзылыс

 

15 - 30 %

19 %

ECA, 1988.

 

Жайылмалы үрейлі бұзылыс

30 %

AHCPR, 1993.

 

Үрей

96 %

Hamilton M., 1998.

Паникалық бұзылыстар

Рекурентті депрессиялық

бұзылыс

23 %

Savino M et al., 1993

Дистимия

7 %

ECA, 1988.

Агорафобия

Депрессия

91 %

Munjack D. J., Moss H. B., 1981.

Жайылған үрейлі бұзылыс

Депрессия

23 - 87 %

Rouillon F., Chigon J M., 1992.

Ішкі аурулар клиникасына жолығатын науқастарда көптеген вегетативтік бұзылыстар болады. Вегетативтік бұзылыстар психикалық аурулардың ажырамас компоненті. Вегетативтік бұзылыстарға алып келетін көптеген себептер бар:

Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы кезінде туындайтын вегетативті жеткіліксіздік синдромы. Оның себептері - бассүйек - ми жарақаты, нейроинфекциялар, атрофиялық үрдістер.

Жүрек жэне жүрек - қан тамыр жүйесінің, тыныс алу жүйесінің, асқазан - ішек жолының, зэр шығару жүйесінің соматоформды вегетативті дисфункциясы да аталған науқастарда кездесуі ммүкін.

Ал соматогенді вегетативті бұзылыстарға алып келетін тиреотоксикоз, инфекцияылқ аурулар, астениялық - сомтикалық патология болып табылады. Сонымен қатар вегетативті компоненті бар психикалық бұзылыстар да кездеседі - аффективті - психологиялық бұзылыстар, үрейлі - фобиялық бұзылыстар.

Қорытынды:

  1. Мамандандырылған дэрігер терапевт, өзге елдерде қабылданғандай, аса ауыр емес психикалық бұзылыстардың емін жүргізе алуы тиіс.
  2. Терапевт науқастарда қаупі пайда болған жағдайларда өз науқасын психиатрға жолдауы тиіс.
  3. Терапевттердің психикалық бұзылыстарды жүргізуінде белсенді қатысуды қажет ететін жайт- психосоматикалық патологиясы бар көптеген науқастар арнайы психиатриялық мекемелерге емес, бастапқыда ішкі аурулар клиникасына жолығуы.
  4. Тұрғындар арасында психикалық жэне мінез - құлықтық бұзылыстардың кең таралуы, аталған патологияның атиптік жэне өзгермелі сипаты, адамның психикалық элемі жайындағы ақпараттың аздығы, тэжірибеде сэйкес мамандандырылған көмек көрсетудің тапшылығы.
  5. Бұл жағымсыз салдар - емдік - диагностикалық, моральдық - этикалық қателіктер, ірі қаржылық шығындар, медицина қызметкерлеріне қатысты жағымсыз имидждің қалыптасуы, «альтернативті медицина» өкілдерінің шарықтауына ықпал жасайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Козырев В. Н. Организация психиатрической помощи больным с психическими расстройствами в учреждениях общемедицинской сети. // Пограничная психическая патология в общемедицинской практике. - М.: 2000. - С. 120 - 128.
  2. Дробижев М. Ю. Распространенность психических расстройств в общемедицинской практике // Психиатрия и психофрамакология. - 2002. - Т.4. - №5. - С - 813.
  3. Белялов Ф. И. Психические расстройства в практике врача терапевта. 3-е изд., доп. - М.: МЕДпресс-информ, 2005. - 256 с.
  4. Джарбусынова Б. Б. Психиатрия для врачей общей практики. - Алматы: 2011. - 395 с.
  5. Кудьярова Г. М, Зальцман Г. И. Психиатрия для семейных. - Алматы: «Медицина Баспасы», 2000. - 259 с.
  6. Смулевич А. Б. Депрессии при соматических и психических заболеваниях. - М.: 2003. - 432 с.
  7. Краснов В.Н. Организационная модель помощи лицам страдающим депрессиями в условиях территориальной поликлиники // Методические рекомендации. - М.: 2000. - 188 с.
Жыл: 2015
Қала: Алматы
Категория: Медицина