Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Асқазан және он екі елі ішек ойық жараларының хирургиялық емінің клиникалық тәжірибесі

Бұл жұмыста соңғы 3 жылда Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында асқазан және 12 елі ішек ойық жараларының асқынуларын емдеу нәтижелері сарапталған. Жалпы 904 емделген аурулардың 96,5%-ы жедел, ал 3,5%-ы жоспарлы түрінде түскен. Асқынулардың 54%-ы жарадан қан кетумен, 25%-ы жараның тесілумен, ал қатты ауырсыну синдромымен, пенетрациямен, стенозбен және малигнизациямен түскендер 21%-ды құраған. Хирургиялық белсенділік жоғарғы деңгейде қалып тұр: жара тесілуінде – 100%, қансырағанда – 23%, ал басқа асқынуларда 52%-дан 58%-ға дейін жоғарылаған. Барлық емделгендердің 67%-ын 12 елі ішек, ал 33%-ын асқазан ойық жаралары құраған. Асқазан резекцияларының көбісі Б-ІІ Ру бойынша анастомозбен жасалынған. Жедел оталар қан кетудің F-I және рецидивінде немесе F-II, яғни рецидивтін жоғарғы ықтималдығында жасалған. Рационалді оталық тактика отадан кейінгі леталносттың және асқынулардың төмендеуіне әкелді.

Кіріспе. Жедел абдоминалды хирургияда ойық жараларды емдеу әлдеде қиындықтарды туғызады [5]. Оның негізгі себептері: 1. Заманауи гастроэнтерология және фармация жетістіктеріне қарамай ойық жара ауруының біріншілік науқастану санының жоғары болып қалуы-100 мың адамға 2000 рет, және оның асқынулары 15% дейін [3].

  1. Хирургиялық стационарлардағы ем тактикасын белгілеу және ота түрін анықтаудағы әртүрлі көзқарастар болуы.
  2. Асқазандағы жоғары секрецияның, асқазан және он екі елі ішек кілегей қабатының қорғанысының төмендеуін, протективті простагландиндердің дефицитін, жоғарғы орталық жүйке жүйесінің ықпалын және Н.руіогідың этиологиялық орнын ульцерогенездің және оның асқынуларын қамтитын патогенез механизмдері бүгінгі таңда бұл ауруға бір жақты және қарапайым көз қарасқа жол бермейді [1,2,4,5].

Жұмыс мақсаттары-соңғы 3 жылдағы Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы (ШҚЖМЖА) асқазан және он екі елі ішек ойық жарасымен түскен ауруларды хирургиялық ем нәтижелерін сараптау.

Материалдар және тәсілдер.

Соңғы үш жылда ШҚЖМЖА АОЖА және ОЕІОЖА хирургиялық ем нәтижелерін салыстырмалы сараптау жасалынған. Аталған уақытта ШҚЖМЖА жедел хирургиялық патологиямен барлығы 12456 ауру емделген: 2011жылы-4860, 2012жылы-3965, 2013 жылы 3631, яғни ауру санының азаю байқалады. Бірақ хирургиялық белсенділік жоғары болып қалып тұр: 2011ж.-77%, 2012ж.- 77%, 2013ж.-79%. АОЖ және ОЕІОЖ асқынуларымен 904 ауру түскен, немесе барлық аурулардың 7%. Олардың 873 немесе 96,5% жедел, ал 31 немесе 3,5% жоспарлы түрінде. 490 ауру немесе 54% асқазан және ішектің қан кетуімен, 227 немесе 25% жараның тесілуімен, ал қалған 181 немесе 21% ауырсыну синдромы, пенетрация, стеноз және малигнозация сияқты басқа асқынулармен түскен.

Жылдар бойынша динамикада ойық жаралармен түскендер саны айтарлықтай азаюы байқалады: 2011ж.-326, 2012ж.-

326, 2013ж.-252. Ал асқынулар бойынша: 2011ж.-59% қан кету, 25% жара тесілуі, 16% басқа асқынулар; 2012ж.-52% қан кету, 22% жара тесілуі, 26% басқа асқынулар; 2013ж.- 51% қан кету, 29%-жара тесілуі, 20%-басқа асқынулар болды.

Қарап тұрсақ қан кетудің саны-59% дан 51% дейін азайған, ал басқа асқынулардың саны (ауырсыну синдромы, пенетрация, стеноз, малигнизация) 16% дан 26% дейін көбейген.

Хирургиялық белсенділік тесілген жараларда 100% болып қалып тұр, қан кетуде 23-21%, ал басқа асқынуларда 52% ден 58% дейін жоғарлаған.

Леталдық тесілген жараларда 3,6-3,9%, қан кетуде 6,2-9,1%, ал басқа асқынуларда 6,8-5,6%.

Төсекте орташа жату жара тесілуде аздап көбейген - 6,9-7,28,8, қан кетудеде - 6,8-7,8-8,6, ал басқа асқынуларда орташа 8,3 құрайды.

Барлық ойық жаралардың 33% асқазан жаралары, ал 67% он екі елі ішек жаралары құрайды. Еркектер -81%, әйелдер- 19%.

Жасы бойынша асқазан ойық жараларының 60% 50 жастан жоғары, ал он екі елі ішектің ойық жараларының 59% 49 жасқа дейін кездеседі.

Локализация бойынша: асқазан ойық жарасы денесінде 41%-да, пилорикалық бөлігінде-18%-да, антралды бөлікті- 17%-да, кіші иірімде-13%-да, кардий және субкардийде 11%-да кездеседі, ал он екі елі ішек ойық жалары пиязшаның алдыңғы қабырғасында 52%-да, артқы қабырғасында-27%, постбульбарлы-17%-да, ал 4% “сүйісетін” жаралар кездеседі.

Асқазан ойық жараларына аталған асқынулар тән: қан кету- 55%, перфорация-17%, стеноз-5%, малигнизация-5%, пенетрация-2%, аралас-2%, ал 14% жараның өршуі. Он екі елі ішек ойық жараларда қан кету -39%-да, перфорация- 26%-да, пенетрация-7%-да, стеноз-6,6%-да, аралас 6,4%-да, малигнизация 0,8%, ал 19%-да жараның өршуі кездеседі.

№1 диограммада көрінгендей қан кету мен малигнизация Оталық белсенділік жалпы 51% құрады. АОЖ-42%, ал АОЖ, ал перфорациямен стеноз және пенетрация ОЕІОЖ ОЕІОЖ-55% болды. Оталардың саны және түрі төмендегідей тән. болды.

Тесілген жараны тігу ОЕІОЖ 21%, ал АОЖ-7%. Асқазан резекциясы ОЕІОЖ көбірек -25%, ал АОЖ-15%. Гастротомия және қанаған жараны тігу 13% дуоденотопиядан көп кездесті-6%, пилоропластика ОЕІОЖ екі есе көп жасалды 3% және 1,5%, ал гастроэктомия 3,3% және жараны кесіп алып тастау 1,5% тек АОЖ жасалынды.

Асқазан резекциясы көбіне ОЕІОЖ жасалынды.

Жедел оталар қан кетудің өршіген кезінде, консервативті емінің нәтижесіздігінде, рецидивте және рецедивтің жоғары ыхтималдығында, яғни Forest I және Forest II жасалынды.

Отаның көлемі аурудың және жараның жағдайына, хирургтың тәжрибелігіне және тәуліктің мерзіміне байланысты болды. Б-II отасы негізінде Ру бойынша гастроэнтероанастомозбен аяқталды.

Отадан кейінгі асқынулар 1,6% тек жараның іріңдеуімен сипатталды.

Қорытындылар.

  1. Ойық жара ауруының асқынуларымен түскендердің саны азаюда: 2011ж.-326, ал 2013ж.-252. Бірақ жедел жағдайда түскендер саны жоғары болып тұр – 96,5%.
  2. Ойық жараның асқынулары жиылығы сақталуда: қан кету-54%, перфорация-25%, басқалары-21%. Сонымен қатар қан кетудің мөлшері-59%-дан 51%-ға азайған, ал басқа асқынулар саны 16%-дан 26% көбейген.
  3. Ойық жаралардың 33% асқазан, ал 67% он екі елі ішек жаралары, ерлер-81%, ал әйелдер 19% құрайды.
  4. Хирургиялық белсенділік перфорацияда 100%, қан кетуде 23-21%, ал басқа асқынуларда аздап жоғарлаған 52%-дан 58% дейін. Асқазан резекциясы көбіне 17%-да Б-II Ру тәсілімен, ал 11% Б-I бойынша жасалынды.
  5. Рационалды хирургиялық тактика перфорацияда 3,6-3,9%, қан кетуде 6,2-9,1%, басқа асқынуларда 6,8-5,6% леталдыққа қол жеткізді, ал отадан кейінгі асқынулар 1,6% құрады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Маев И.В., Самсонов А.А. Современные стандарты лечения кислотозависимых заболеваний, ассоциированных с Н.руİогİ (материалы консенсуса Маастрихт-3) // Consilium Medicum: Гастроэтерология. - 2006. - №1. - С. 3-8.
  2. Майстренко Н.А., Мовчан К.Н. Хирургическое лечение язвы двенадцатиперстной кишки. - СПб.: Гиппократ, 2000. - 360 с.
  3. Панцырев Ю.М., Михалев А.И., Федоров Е.Д. Хирургическое лечение прободных и кровоточащих гастродуоденальных язв // Хирургия. - 2003. - №3. - С. 43-49.
  4. Сацукевич В.Н., Сацукевич Д.В. Факторы риска острых осложнений гастродуоденальных язв. - М.: Либерия, 1999. - 416 с.
  5. Ромашенко П.Н., Майстренко Н.А., Коровин А.Е. и др. Новые подходы в лечении больных с перфоративной дуоденальной язвой // Вестник хирургии имени И.И.Грекова. - 2013. - №3. - С. 42-50.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.