Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Туа ұршық шығудың рентгенологиялық сипаты

Туа ұршық шығу балалардағы тірек қимыл жүйесіндегі ақаулардың ішіндегі ең жиі кездесетін ақау. Бұл статьяда бір жасқа дейінгі балалардың туадан ұршық шығу ақауының рентгенологиялық белгілерін келтірген. Осы рентгендік белгілері арқылы бір жасқа дейінгі баларға нақты ерте диагностика жасауға болады.

Туа ұршық шығу ақауын айтпас бұрын осы ақаудың алдында кездесетін ұршық буынының дисплазиясына тоқталған жөн. Дисплазия сөзін грекшеден аударғанда δυς dys - бұзылыс + πActθω plaseo - даму - деген мағана береді.

Ұршық буынын құрайтын негізгі компененттер: буын шұңқыры, ұршық басы, лимбус, буын қабы, буын байламдары және қантамырлар (1-ші сурет). Осы компоненттердің біреуі немесе бірнешеуі дұрыс дамымай, өзгеріске ұшыраған болса, оны дисплазия дейміз. Дисплазия уақтылы анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған жағдайда баланың ұршығы буынынан тайып кетуіне әкеліп соқтырады. Ал кейбір жағдайларда ұршығы буын шұңқырынан туа алшақ орналасқан болады. Сондықтан уақытылы, дұрыс рентгендік диагностика жасау өте маңызды болып табылады.

Балалардың ұршық буынын рентген әдісімен зерттеу жасау үшін алдын ала дайындық қажет емес. Баланы рентген столына шалқасынан толық жатқызып, жамбас сүйегі мен ұршық буындары симметриялы болуын қадағалап, сонымен қатар сәл де болса баланы мүмкіндігінше қимылдатпай жатқызу керек. Егер бұл шарттар бұзылса, рентген суретке дұрыс сипаттама беруге, нақты диагноз қоюға және қорытынды жасауға кедергі келтіреді. Дұрыс жасалынған рентген суретте жапқыш тесік, шонданай сүйегі және шат сүйегі көлемі мен пішіні екі жақта да симметриялы болып келеді.

Осындай дұрыс түсірілген рентген суретке сипаттама беру үшін алдымен ұршық буынының рентген анатомиясына тоқталған жөн. Жамбас сүйегі үш түрлі сүйектен құралған: мықын, шонданай, шат. Осы үш сүйек бір-бірімен жамбастың буын шұңқырында түйіліседі. Жас балаларда

 

осы түйісетін жер әлі сүйектенбегендіктен рентген суретте ағарып тұрады, бұны «У» тәрізді шеміршек дейміз. Мықын сүйегінде буынның жоғарғы қыры сәл бұлтиып тұрады. Ол баланың жасына байланысты, жасы өскен сайын ол өте анықталып, сүйірленіп өседі (2-ші сурет). Ортан жіліктің басы жаңа туған нәрестеде қалыпты жағдайда мүлдем көрінбейді. Жасы өсе келе сүйектену нүктесі пайда бола бастағаннан бастап, рентген суретте байқалады. Бұл үрдіс ұлдар мен қыздарда екі түрлі жүреді. Қыздарда сүйектену нүктесі 3-4 айлығында көріне бастаса, ұлдарда бір ай кеш көрінеді. Егер қандай да бір ақау болатын болса, ортан жілік басының сүйектену нүктесі пайда болуы кешеуілдейді. Бір жасқа дейінгі балалардың рентген суретін сараптау өте мұқияттылықты қажет етеді. Себебі, ақау неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым ем нәтижесі оң болады.

Жамбас буынының рентген суретін дұрыс сараптау үшін ең маңызды деген бірнеше авторлардың сызықтарын ұсыну жөн. Алдымен Хильгенрейнер сызығын сызамыз. Қалыпты жағдайда осы сызықтан ортан жіліктің басы жоғары шықпауы тиіс. Ол жоғарыда айтылған екі «У» тәрізді шеміршектен немесе буын шұңқырының түбінен жүргізіледі. Енді осы сызыққа буынның жоғарғы қырынан «У» тәрізді шеміршекке қарай қиғаш сызық жүріледі. Түзілген бұрышты ацетабулярлы индекс дейміз (3-ші сурет). Ол жаңа туған нәрестеде 26°-30° болады да, бала өскен сайын бұл градус кішірейіп отырады. Бұны мына кесте арқылы бақылауға болады.

Баланың жасы

Градус

1 ай

26,7°

1,5 ай

25°

2 ай

24,7°

2,5 ай

24°

3 ай

23,3°

4 ай

22,6°

5 ай

21,3°

6 ай

21,2°

7 ай

19°

8 ай

18°

9 ай

18°

10 ай

17,5°

1 жыл

17°

Біз бұл арқылы ұршық буынының шыққандығын біле алмаймыз. Тек ұршық буынының жоғарғы қыры тайқыланғанын ғана білеміз. Ацетабулярлы индекс жасына сай емес қатты тайқыланған болса, онда бала өсе келе аяғын тірегенде ортан жіліктің басын тірейтін сүйектің жоқ екендігін көрсетеді. Ортан жілік басының орнынан таюын келесі бір сызықтармен анықтауға болады. Ол Омбридан Паркенс сызығы. Ол буын шұңқырының жоғарғы қырынан немесе лимбус тұратын мықын сүйегінің төмпешігінен төмен қарай Хильгенрейнер сызығына 90° пен түседі де ортан жіліктің диафизінің ортасынан өтеді. Сол кезде ортан жіліктің басы Омбридан Паркенс сызығынан ішке, Хильгенрейнер сызығынан төмен орналасу қажет. Егер Омбридан Паркенс сызығы ортан жіліктің басының тең жартысынан сызылса, онда шығу алды жағдайы, ал жартысынан асып кетсе ұршық шыққан деуге болады (4- сурет).

 

Келесі сызық Шентон сызығы. Ол ортан жілік мойнының төменгі қырындағы доғалмен өтіп, жапқыш тесіктің жоғарғы қырымен бір деңгейде үзілмеген жарты доға жасау керек. Егер сызықта үзік болса және ол үзік қаншалықты бір-бірінен алшақтаса, сол мөлшерде аяғы қысқа болады. Ол - ұршық басының орнында емес екенінің белгісі (5-сурет).

Кельве сызығы: мықын сүйегінің және ортан жілік мойнының сыртқы қырымен жартылай доға жасалынады. Бұл сызық ақау кезінде үзік болады 5-ші сурет. Осы белгілердің жиынтығы қатесіз диагностика жасауға көмектеседі. Жоғарыда айтылған мәліметтердің нақтылығын дәлелдеу үшін бір жас және екі айлықтағы балалардың жамбас-сан буынының рентгендік суреттері мысалға алынды. Бір жасар баланың ұршық буынының рентгендік зерттеу нәтижесі: оң жақ ұршық буыны сау, сол жағында туа біткен ұшық шығуы бар (7 - сурет). 8- суретте екі айлық баланың ұршық буынының рентгендік зерттеу нәтижесі: екі жақты туа біткен ұршық шығуы бар. 6-суретте сызба нұсқасы.

Сонымен, жоғарыда айтылған сызықтар ұршықтың туа сипатталған рентгендік белгілер көмегімен оңай әрі нақты, біткен ақауларын ерте анықтау үшін ең маңыздылары. Осы дер кезінде диагноз қоюға болады. Ұрпағымыз ақсамасын, рентгендік белгілерді толықтаратын басқа да сызықтар бар, дерті уақтылы тоқтатылсын.

және олар ота жасалатын болса қажет етіледі. Жоғарыда

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Куценок Я.Б., Рулла Э.А., Мельник В.В. Врожденная дисплазия тазобедренного сустава. Врожденные подвывих и вывих бедра. - Киев: 1992.
  2. Бакланова В.Ф., Филиппкина М.А. Рентгено-диагностика в педиатрии 2-том. - М.: 1988.
  3. Ерекешов А.Е., Разумов А.А. Врожденный вывих бедра у детей. - Астана: 2004.
  4. http://www.medicinform.net/revmo/ther pop39 2.htm
  5. http://www.turner.ru/tzb vvb.html
  6. http://www.det-orto.ru/media/vvb/diagnostika/rentg diagn.htm

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.