Атмосфералық ауаның м¥най-газ кен орындары аймағында ластануы және адам денсаулығына әсерін бағалау

Қазіргі таңда қоршаған ортаны ластаушы заттардың көзі ретінде өнеркәсіп өндіріс орындары екені баршаға мәлім. Ең маңызды және алуан ластану, ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Бұл мақалада атмосфералық ауаның мұнай-газ кен орындары аймағында ластануы және адам денсаулығына әсері берілген.

Еліміздің қарқынды дамуы, экономикалық өркендеудің жаңа сатысын бастан өткеруде. Республикамызда стратегиялық бағдарламалардың арқасында дамушы елдердің қатарынан орын алып отыр. Қарқынды даму, өз кемшіліктерін де көрсетуде. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздік мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы дамыған қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне араласуы кенеттен күшейіп кетті, көлемі де өсті, ол әр алуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны көп ластайтындардың көзі ретінде өнеркәсіп өндіріс орындары екені баршаға мәлім. Ең маңызды және алуан ластану ол, ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы мұнай және мұнай-газ өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі оған дәлел болып отыр. (Президент Жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында») Қазақстанда көптеген оңжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты деп айқын айтылған. [1.].

Мұнай-газ өндірісі тигізетін ең ауыр әсер атмосфералық ауа үлесіне шығарылады. Атосфералық ауа, адам тіршілігінің ең ауқымды ортысы болғандықтан, маңыздылығы жағынан жоғарылай түседі. «2015 жылы Қазақстанның Каспийден өндіретін мұнайы 100 миллион тоннаға жетпек. Ең жетік технологиялармен мұнай өндіргеннің өзінде жер астынан шыққан шикізаттың 0,1 пайызы теңізге төгіліп отырады. Демек жылына 10 мың тонна мұнай теңізге құйылатын болады» *2+.

Қазақстан Республикасы мұнай өндіруден әлем бойынша 16-орында, ал мұнайды пайдаланудан 53-орында. Тәулігіне 1,6 млн. Баррель мұнай өндіруде. 2012 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың 4-тоқсанында 1,5%-ға мұнай өндірудің жоғарылағанын байқауға болады. Газ өндіру көлемі де 5 есеге артты. Қазір жылына 40 млрд. Текше метрге жетіп отыр.*3+

Бұл жағдай экологиялық тұрғыдан алып қарағанда және қоршаған ортаға әсер ету арқылы теріс нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Экологиялық қауіптілік дәрежесі, біріншіден өндірілетін көмірсутек құрамына байланысты. Бөлінетін көмірсутектердің негізгі бөлігі, 75%-ға жуығы- атмосфералық ауаға, 20%-ы суға, 5%-ы топыраққа бөлінеді.*4+

Өндіріс орындарының қарқынды дамуында, топырақта зиянды заттардың жиналып, атмосфералық ауаның, судың ластануына алып келеді. Адам ағзасы мен қоршаған орта тығыз байланыста болғандықтан жоғарыда айтылған ұғымдар адам ағзасына әсер етуі ықтимал. Химиялық элементтермен ластанған су немесе ластанған атмосфералық ауамен тыныс алу және пайдаланатын тағамға ықпал етуі мүмкін.

Атмосфералық ауаның күкіртті газбен, шаңмен ластаушы – жылу электр станциялары еншісінде. Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т отын жағып, атмосфераға шамамен 16-17т күл және 5т күкіртті ангидрид бөледі. Aтмосфералық ауа бассейнінің тазалығына үлкен әсер ететін, жағылатын көмірдің сапасы, жағу әдістері, газ тазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетін мұржалардың биіктігі. ЖЭС көгілдір отынды пайдалануы зиянды қалдықтар мөлшерін біршама азайтады.

Күкірт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлініп отыр. Aтмосфераның күкіртті қосылыстармен ластануы қазіргі таңдағы аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Күкірт оксидтері өсімдіктерге, жануарлар мен адам денсаулығына зиянды әсер етеді. Атмосферада күкірт (IV) оксиді, күкірт (VI) оксидіне дейін тотығады да, су буларымен қосылып, күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылы, атмосфералық ауадағы жауын-шашынмен бірге қышқыл жаңбыр түрінде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелеріне зиянды әсерін тигізеді, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуін тежейді, нәтижесінде, үлкен экономикалық шығын келтіреді. Атмосфераға бөлінген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тіршілікке үлкен зиянын келтіреді. Ал мышьяк пен хром, қатерлі ісік ауруларының дамуына себеп болады[5]. Аталған жағдай, мұнай өндірісінде бөлінетін күкірт және күкіртті қосылыстардың маңызыдылығын түсіндіреді.

Атмосфералық ауада, көмірсутектермен ластану көздерінің анықталуына қарамастан, бүгінгі таңда оларды объективті зерттеуге және қоршаған ортаны ластау дәрежесін анықтауға мүмкіндік жоқ [6,7,8]. Мысалы, C6-C12, C12-C19, C5-C9 - көмірсутектерін анықтау мақсатында, кадастрлық жүйеде әлі орташа тәуліктік және максималды бір реттік концентрациялары берілмеген. Бұл мәліметтердің тапшылығы, атмосфералық ауаның ластаушы көздерінің (кейбір көмірсутектер) толық қанды зерттелмей қалатындығына алып келеді.

Осылайша, мұнай өндіру орындарындағы қоршаған орта жағдайы айтарлықтай ауыртпалық астында. Бұл жағдай, атмосфералық ауаның, судың, топырақтың өзгерісінен байқалады. Осы өзгерістер өзінің тарапынан, аймақта өмір сүретін тұрғындардың денсаулығына қайтымсыз әсерін тигізе алады. Ластанған орталардың әсер ету деңгейі, сол ортада пайда болған ластаушы көзінің концентрациясына немесе дозасына және токсикалық қасиетіне байланысты. Жоғарыдағы тұжырым, көрнекті ғалымдардың жұмыстарының нәтижесі болып табылады [3].

Адам денсаулығы, оның тұрмыс деңгейіне байланысты, дегенмен, жылдан-жылға ластанып бара жатқан қоршаған ортаның адам ағзасына тигізетін кері әсері де артуда. АҚШ-тың Колумбия және Йель университеттері жасаған экологиялық индексі бойынша, Қaзaқстaн 92 орынды aлыnты. Жалпы саны 163 елді қамтыған бұл рейтинг aуa мен судың лaстaнуы, елдегі ауылшаруашылық, биоалуандылық жағдайы секілді 25 өлшемге негізделген екен. Экoлoгиялық ең таза елдер ретінде Ислaндия, Швейцария, Коста-Рика және Швеция танылыпты. Еліміздегі өлім көрсеткіші ТМД елдерінің aрaсындa жоғары деңгейде тұруына қоршаған ортаның лaстaнуы себеп болып отыр. Ąдaм ағзасына әсер ететін түрлі факторлар дәлелденген: климаттық және әлеуметтік-тұрмыстық, су мен тағам сапасы және басқалар. Бірақ, aдaм ағзасына әcер ететін негізгі факторлардың біріне — aтмoсферaлық aуaның сапасы жатады. Жыл сайын, aтмосферaлық ауаның ластану дәрежесінің aртуымен қатар, зиянды заттардың қасиеттерінің aртуы да бaйқaлaды [4].

Өндірістік кәсіпорындардың тастамаларымен aтмoсфералық ауада ластану факторы, балалар өліміне айқын әсерімен сипатталуда. Балалар өлімінің қоршаған орта факторлар әсерімен қатынасының байланысы анықталды. Aтмocферaлық aуaны ластаушылардың халық денcaулығынa жедел спецификалық әсерін сирек кездестіруге бoлaды. Ąдaм aғзacының лacтаушығa жауабы, жедел реакциясы бірнеше күндер кейде, сағаттармен сипатталады, ол көбіне aпaттық жағдайда бaйқaлaды. Бірақ, жиірек xрoникaлық бейспецификалық өзгерістер кездесуде. Зерттелген материалдар, aтмocферaлық ауаның ластаушылары аз концентрацияда жануар ағзасына ұзақ уақыт әсер еткен кезде, ең біріншіден бейспецификалық өзгерістерге алып келеді [7].

Аурушаңдық пен атмосфералық ауадағы ластаушылар арасындағы қатынасына көптеген байланыстар мысал ретінде келтірілген. Олар – тыныс алу жүйелерінің, күкіртсутек пен ангидрид концентрацияларының арасындағы тәуелділік; қан және қанайналу мүшелерінің ауруларының, азот диоксидімен байланысы; қатерлі ісіктердің, күкіртті ангидрид және күкіртсутек концентрацияларымен байланысы; жүйке жүйесі аурулары мен тыныс алу мүшелері ауруларының атмосфералық ауадағы күкіртсутекпен байланысы; туа пайда болған ауытқулар жиілігі, атмосфералық ауадағы азоттың екі тотығына, күкіртсутекке, көміртегі окидіне тәуелділігі дәлелденді. Көптеген Қазақстандық және шетел ғалымдарының еңбектері, қоршаған орта әсерінің балаларға әсерін зерттеуге бағытталған. Себебі, балалар қоршаған орта ластануына аса сезімтал болып келеді. Ерекше көңіл бөлетін аймақтар қатарына, химиялық өндіріске жақын орналасқан аудандар жатады.

Бұл аймақтарда, химиялық өндіріс орнының қуаттылығының артуы, балалар денсаулығының нашарлануына тікелей қатынаста, ал осы жағдай, жақын орналасқан аудандардың атмосфералық ауа сапасына зиянды әсерін тигізуде. Мысалы, балалар денсаулығының аурушаңдық жағдайына, атмосфералық ауаның көміртегі тотығымен ластануы және қалалық шу маңызды ықпалын тигізеді. Атмосфералық ластаушы көздерінің қарқындылығының жоғарлауы, аурушаңдықтың нозологиялық формаларының салыстырмалы жоғары корреляциялық коэффициенттерімен түсіндіріледі – 0,4-тен 0,8-ге дейін. Корреляция коэффициенті, егер, бір емес бірнеше факторлардың әсері байқалатын болса, жоғарылайды. Кейбір ғалымдардың мәліметтері бойынша, мұнай компоненттері тірі ағзаларға қатты ингибиторлық және токсикалық әсер көрсетуде.

Әдеби деректерде келтірілген күкіртсутек құрамды табиғи газдар мен газ өңдеу кәсіпорындарында бөлінетін ластаушы заттар, әйелдердің репродуктивті функциясына, бедеулікке, жүктілік кезіндегі асқынуларға, жаңа туылған нәрестелердің физикалық дамуының ауытқуларына алып келеді. Атмсфералық ауадағы азоттың екі тотығы және кейбір жағдайда күкіртті газ әсері, жалпы жүктілік кезіндегі ауытқуларға шалдықтырады, алдын ала су кетулер мен түсік тастау жағдайларының артуының себебі болады. Кейбір көмірсулар мутагенді және тератогенді әсерге ие, олар популяцияның генетикалық құрылымының бұзылысына шалдықтырады. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу жолдары және алдын алу бойынша көптеген әдіс тәсілдер қолданылады. Сондай тәсілдердің бірі Халық денсаулығына қауіп-қатерді талдау әдісін қолданамыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші Президент Жарлығы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы»
  2. http://kazakh-tv.kz/kz/view/news kazakhstan/page 40820 elimizde-munai-ondiru-kolemi-3-esege-osti
  3. Кенесариев У.И., Будесова Ж.А., Суюнгараев К.А. Особенности реальных химических нагрузок на организм жителей региона Карашыганакского нефтегазового месторождения //Вестник Казахского национального мединциского университета. – Алматы: 2008. - №1. - С.46.
  4. Егоров О.И., Чигаркина О.А. Перспективы развития нефтегазового комплекса Казахстана //Нефть и газ., 2000. - № 2. - С. 80.
  5. Курмангалиев О.М., Будесова Ж.А. Методические основы к донозологической диагностике заболеваний населения нефтегазового месторождения // Медицинский журнал ЗКГМА им. Марата Оспанова.- Актобе: 2008. - №4. С.97-99.
  6. Калмуханова А.К., Тыныбаев Б.Г., Зинуллин У.З. Гигиеническая характеристика основных загрязнителей атмосферного воздуха Атырауской области.// Здоровье и болезнь, 2008. - №6(55). - С. 37-39.
  7. Tyroler H.A., Review of lihid-lowering clinical traiales in relation to observational epidemiological studies // Curculation, 2007. - 76 (3). - Р.515 –522.
Жыл: 2014
Қала: Алматы
Категория: Медицина