Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әлемдік шетелдік тәжірибеде т¥рғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалаудың аспектілері

Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау әдіснамасы көптеген санитарлық гигиеналық іс-шараларды, гигиеналық бағалауды және басқа да шешімдерді қабылдауда қолданылады. Бұл мақалада кейбір мемлекеттерде қауіп-қатерді бағалау әдіснамасының қолданылуы баяндалған.

Қазіргі қоғамның дамуы өндірістің қарқынды дамуымен, әлемдік нарықтың кеңеюімен, адамдармен тікелей жанасатын жаңа химиялық заттардың пайда болуымен *10], шығу тегі әр түрлі биологиялық өкілдермен *9+, түтынуға арналған өнімдердің бірінші және екінші реттік ластану қауіпінің тууымен сипатталады.

Жаңа қауіптердің арасында – наноматериалдар мен әлсіз зерттелген гигиеналық сипаттамалары бар нанотүйіршіктер. Тауарды пайдалануға байланысты денсаулықтың бұзылуы жағдайы жиірек тіркелуде. Халықтың денсаулығына зиян тиіп жатса, өндірушілер тауарларының нарықтан шығарылуына байланысты шығынға бату үстінде *10+. Жалпы алғанда қоғам түтынушылардың жаңа, әлдеқайда жетілген және техникалық реттеу мен өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне сай, орын алған жағдайға ең оңтайлы әдістер мен тәсілдерді пайдаланудың қажет екендігін түсінді.

Осындай құралдардың бірі ретінде қазіргі замандық басқару парадигмасы сияқты ең алғашында Америка Құрама Штаттарында кейін, әлемнің басқа елдерінде қабылданған және қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болған және тіршілікті және халықтың денсаулығын қорғау және түтынушылардың құқығын қорғауда басқарушылық шешімдерін қабылдаудың жалпы қолдауға ие болған құралы, денсаулыққа зиян келу қаупін бағалау әдістемесі болып табылады. Қауіптілікті бағалау нәтижелері және тауардың қауіпсіздігінің ғылыми дәлелдемелері шын мәнінде өнімді нарыққа шығаруға байланысты шешім қабылдау және түтынушының қорғалу деңгейін бағалау кезінде маңызды әсер етуші факторлар болып табылады.

Мемлекеттердің әлемдік сауда жүйелеріне интеграциялануы - Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүшелеріне, посткеңестік, кеңістіктің елдеріне одақтық және ұлттық заң негіздерін халықаралық құжаттарға үйлесімділігін қамтамасыз етуді талап етеді. Ресей Федерациясының, Белоруссияның, Қазақстанның, Украинаның, Қырғызстаның санитарлы- эпидемиологиялық жүйесі қауіптілікі бағалау әдістемесіне негізделмеген еді.

«Қауіп-қатер» термині ЕО, АҚШ, ДС¥ заңнамалық құжаттармен байланысқан, сонымен қатар бірқатар редакциялық өзгерістермен мағынасы бойынша біркелкі болып табылады. Ең қарапайым түріне қауіп «мүмкіндік қауіптілігі мен денсаулыққа кері әсер ететін зиян мөлшеріне, қауіптің болуына байланысты» ЕО 178/2002 регламентінде келтірілген түсініктеме ең болып табылады (9 т, 3 бап). Қауіп «агенттердің әсерінен белгілі бір шарттардың себебінен туған организмге және белгілі бір түрге жайсыз салдарлардың пайда болу ықтималдылығы ХДС¥ кеңесі бойынша анықталады» *8+.

Бұл жағдайда зиянды салдарларды анықтауды жалпы түрге арнап ендіру маңызды болып саналады, ал бұл денсаулыққа тиетін қауіпті бағалаудың аясын кеңейтеді.

Еуроодақ пен АҚШ тың құқықтық базалары заң мәтініне өнімнің қауіпсіздігін негіздеу кезінде қауіпті бағалау шарасын унификациялауға және ұйымдастыруға өте маңызды болып табылатын заңдар мен бірқатар түсініктерді енгізеді. Мысалы, ЕО-тың 178/2002 Регламентінде «қауіптілікті бағалау» үш өзара байланысқан компоненттерден: қауіпті бағалау, қауіпті басқару және қауіп жайлы ескерту» тұратын үрдіс деген баға берілген (3 бап, 10 тарау). Құжатта «қауіпті бағалау – ғылыми негіздемесі бар және төрт сатыны: қауіпті анықтау (бірқатар жағдайларда – экспозицияны бағалау), әсерін бағалау ( «мөлшер – әсер» - дің тәуелділігін бағалау) және қауіпті сипаттамаларын қамтушы үрдіс ретінде қарастырылған.

Заң бойынша «қауіптілікті басқару» термині «қауіптілікті бағалау» үрдісінен ерекшеленетін, мүдделі тараптармен әр түрлі саяси қадамдардың оң және теріс салдарларын таразылау, қауіптің және тағы басқа легитимді факторлардың бағасын ескеру және қажет бола қалған жағдайда тиісті превентивті және бақылау шараларын» таңдауға байланысты кеңес беру жиналыстарын өткізіп тұру деп бекітілген (ЕО 178/2002 Регламентінің 12 т. 3 бап) .

Қауіп жайлы ақпараттандыру, қауіптілікті бағалау және қауіптілікті бағалауға жауапты субьектілер арасындағы, тұтынушылармен, азық – түлік секторының кәсіпорындарымен, ғылыми орта мен басқа да қызығушылық танытқан жақтармен қауіп пен қатер жайлы, қауіппен байланысты факторлар жөнінде ақпарат пен пікірлерді интерактивті алмасу ретінде қарастырылады.

Қабылданған гигиеналық критерилер мен потенциалды қауіптілік факторларына сәйкес жұмыс жағдайын оптималды, рұқсат етілетін, зиянды және қауіпті деген кішігірім тармақтарға бөліп қарастырады. Өндірістік ортаның әсер етуші факторлар ретінде: радияциялық, химиялық, биологиялық, шу, діріл, ультра дыбыс, нанотехнологиялық кәсіпорындардың өнімдерін және т.б. қарастырады. Ұсынылған терминдерде ГПР – ді әсер ету деңгейі бойынша бір немесе бірнеше өндірістің факторларының бірі қауіпті санатқа жатқызылатын жұмыс жағдайы бар қызметкерлер құрайды *8+.

Қазіргі уақытқа дейін жұмысшылар денсаулығына зиянды өндірістік факторларын бағалаудың негізгі құралы болып гигиеналық нормативтер болып табылады. Олардың қалыпты деңгейден асып кетуі санитарлық заңнамаларды бұзу ретінде қарастырылады және бұл ақпараттар қорғаудың әлеуметтік және экономикалық сипаттамаларын анықтау кезінде ескеріледі.

Дегеніменен мұндағы негізгі басымдылықты әлеуетті қауіптіліктің деңгейін төмендетуге емес, шығындарды өтеу шараларына береді. Сол себепті де өндірістік ортаның әсер етуші факторларын анализдеудің және кәсіптік адам денсаулығының бұзылуының медициналық критерилерін анықтаудың комплексті бағалау жүйесіне көшу дұрысырақ болар.

Осындай анализдердің нәтижелері әлеуметтік, медициналы экономикалық және ұйымдастырушы факторларды ескергендегі жеке қауіпті жүйелік басқарудың негізіне айналуы мүмкін. Кәсіби қауіпті басқару жүйесінде негізгі— мониторинг, профилактика және әлеуметтік қорғау сияқты үш кіші тармаққа бөліп қаратырса болады.

Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының кәсіптік қауіпінің деңгейін гигиеналық критерилер бойынша анықтау болжалдық сипатқа ие және кәсіптік шартталған аурулардың деңгейінің медико-статистикалық көрсеткіштерін пайдалана отырып фактілік әсерін бағалаумен толықтырылуы тиіс.

Өндіріс орындарындағы қайғы оқиғалардан және кәсіптік аурулардан сақтандырудың әлеуметтік міндетті сақтандыру жүйесінің түзілуі жалпылай алғанда шығынды өтеу қызметінің жүзеге асырылуына қол жеткізгенімізді көрсетеді. Алдын алу және қалпына келтіру жүйелерінің қызметіне келетін болсақ оларды әлі де жүзеге асыру керек.

Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып кәсіптік қауіпті төмендетуге бағытталған қоғамға, мемлекетке және кәсіптік топтарға келесі сыныпталуға сәйкес: қандай жағдай болмасын рұқсат етілмейтін; тиімді колективті және жеке бас қорғау жабдықтарының болған жағдайында; жұмысшылардың денсаулығына әрдайым мониторинг жасап отырған жағдайда және жұмыс беруіші мен жұмысшылардың жұмыскерлерді сақтандырудың бекітілген қорғаныс шараларын жүзеге асырған жағдайда ғана рұқсат етілетін; техникалық қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларды сақтаған кезде және жұмысшылар денсаулығы мен өндіріс мәдениетін мониторнигін өткізген жағдайда ғана тиімді кәсіптік қауіпті салалау (түр мен деңгей бойынша); өндірістің ортаның, еңбек үрдісінің және жұмысшылардың денсаулығының бұзылуының алғашқы түрлері сияқты әртүрлі факторларына арналған кәсіптік қауіпті комплекстік бағалау жүйесін жасап шығару;

Қауіпті бағалауға мүмкіндік беретін кәсіптік қауіпті зерттеуге маманданған адамдар тобын түзу және қауіп деңгейін төмендетуге байланысты ұсыныстарды жасап шығару, сонымен қатар олардың уақыт бойынша әсеріне байланысты тармақталуын оптималдандыру алдын алу шараларының жүйесін құру шаралары үшін орынды болып табылады.

Аталған жүйе кәсіби қауіптер тармақтарында көрсетілген фактордың мағынасын орынды бағалауға және оны басқа жайсыз фаторлармен қатар қойып салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл әлеуметтік жеңілдіктердің және кәсіби аураға ұшыраған қызметкерлерге арналған арнайы төлемдердің мәселесін шешу кезінде ерекше маңызға ие болып табылады.

Адам денсаулығы тек қоршаған ортадан туындайтын қауіп-қатер факторларына ғана байланысты емес. Қауіп- қатерді салыстырмалы бағалаудың заманауи әдіснамасы, адам ағзасына әсер ететін қауіп-қатерлерді қатар қарастыруға мүмкіндік береді. Олар, экожүйелердің бұзылысы мен су және жер бетіндегі ағзаларға теріс әсер көрсететін экологиялық қауіп- қатерлер,тіршілік сапасы мен тіршілік жағдайының

күйзелісінен пайда болатын қауіп-қатерлер. Қауіп-қатерді салыстырмалы бағалау әдісінің мақсаты — қоршаған ортамен байланысты приоритетті мәселерді анықтау. Негізі, салыстырмалы қауіп-қатерді бағалау әдісі, қауіп- қатерді бағалау әдісін және қолданыста бар мәліметтерді, химиялық заттардан мүмкін болатын қолайсыз эффектілерді тереңірек зерттейді [1,2,3].

Ресей Федерациясының заманауи даму кезеңі келесі мәселелер бойынша сипатталады, әлемдік интеграциялық процесске ену барысында инновациялық өндірістердің дамуының жеделдеуі халық денсаулығына жаңа қауіп-қатердің туындауымен байланысты болды, сонымен қатар мемлекеттік билік өкілдерінің алдына қойылған стратегиялық тапсырмаларының бірі, яғни халық денсаулығын сақтау, өлім деңгейін төмендету, өмір сүру ұзақтығын жоғарылату, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға біршама кедергілерін келтіруде [4-8].

Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды басқаруды қамтамасыз ететін тәжірибелік тиімді ғылыми құралдарды енгізу бүгінгі таңда маңызды мәселе болып отыр. Осындай құралдардың бірі- қоршаған ортаның жағымсыз әсерімен байланысты, халық денсаулығына қауіп-қатерін талдау әдісі. Ұсынылған әдіс Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ, Канада және халық денсаулығына қауіпсіз ортаны, өнімдерді, өндіріс технологиялары мен процесстерді, сонымен қатар заңнамалық негіздер мен құқықтық нормаларды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттерде қолданылады *6+.

Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалаудың әдіснамалық негізі, гигиеналық және отандық жинақталған тәжірибелер, отандық заңнамалық базада да өз орнын тауып отыр. «Методика оценки риска для состояния здоровья населения от загрязнения окружающей среды». [№139-б, 2008 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі бекіткен].

Отандық кәсіби қауіп-қатерді бағалау әдіснамасы, Халықаралық Еуропа Одағының EuropeAid 119764/C/SV/RU және Ресей федерациясының бірлескен жобасы «Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың құқықтық- нормативтік базасының жақындасуы», сонымен қатар Халықаралық Еңбекті қорғау ұйымының құжаттарында «...жұмыс орнын аттестациялауды өткізу алдында қауіп- қатерді бағалау тәртібін пайдаланып, минималды қауіп- қатерді анықтау критериі пайдаланылсын» делінген. Сондықтан жоғарыда аталған құжаттарға сүйенеді.

2025 жылға дейінгі Еңбекті қорғау жүйесін қайта реформалау тұжырымдамасы қалыптасты [1].

2012 жылдың шілде айында Ресей халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) 156-шы толыққанды мүшесі болып, 1995 жылы басталған ұйымға кіруге байланысты жүргізілген келіссөздерге баййланысты, өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындауға кірісті. Осы міндеттемелерді орындау үшін, мемлекеттік санитарлық- эпидемиолгиялық қадағалау жүйесі мен ағымдағы нормалар мен Кеден Одағы нормативтерінің көптеген бөлігіне өзгертулер енгізуді талап етеді. Ресей Федерациясы мен Кеден Одағы шекарасында шикізат және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігын қамтамасыз етуде 7 мыңнан астам санитарлық-эпидемиологиялық көрсеткіштермен қадағаланып отыр.

Ресей Федерациясының «Кодекс Алиментариус» комиссиясының 35-ші сессиясында, рактопаминнің рұқсат етілетін тәуліктік мөлшері жеткіліксіз мөлшерде дәлелденбегендіктен, оның максималды рұқсат етілетін деңгейін анықтауда ет өнімдеріне қолданылуға болмайтындығы дәлелденді.

«Codex Alimentarius» комиссиясының нұсқаулығымен ұсынылған құрамында рактопамині бар тағамдық өнімдерді пайдаланғанда, Қауіп-қатерді бағалау көрсеткендей, қауіп қатердің қабылданарлық деңгейінен төмендігіне соқтырады жәнеа функционалдық өзгерістер мен жүрек-қан-тамыр ауруларының пайда болуына , өмір сүру ұзақтығына әсерін тигізеді *2,3,4+.

Халық денсаулығына қауіп қатерді бағалау әдіснамасы көптеген санитарлық гигиеналық іс-шараларды, гигиеналық бағалауды және басқада шешімдерді қабылдауда қолданылады.

Тұтынушылар құқықғын қорғау және азықтық, ауыл шаруашылық ұйымдарының игілігі үшін ең бірінші рет

Ресейде федеративтік қызметкерлердің бастамасы бойынша 2013 жылдың сәуір айында БҰҰ (Food and Agriculture Organization) және (Codex alimentarius) біріккен түрде Мәскеу қаласында азық-түлік өнімдерінің құрамындағы қоспалар туралы отырыс болды *7+.

Мәскеу қаласының атмосфералық ауасының ластануын зерттеу, қауіп-қатерді бағалау қортындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық бағдарламаға ұсыныс енгізуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар 6 өндірістік ұйымға санитаралық қорғау зонасын бекітуге мүмкіндік берді *9+. Жалпы алғанда қауіп қатерді бағалау әдіснамасы, гигиеналық алдын алу әдістерінің ішінде дамушылардың қатарына жатады. «Денсаулық - ортасы» жүйесі арасында үлкен рөл атқарады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. О состоянии санитарно-эпидемиологического благополучия населения в Российской Федерации в 2011 году: государственный доклад. - М.: Федеральный центр гигиены и эпидемиологии Роспотребнадзора, 2012. - 323 с.
  2. Онищенко Г.Г. Основные итоги и перспективы обеспечения санитарно-эпидемиологического благополучия населения // Материалы Х1 Всероссийского съезда гигиенистов и санитарных врачей / под ред. акад РАМН Г.Г. Онищенко, акад РАМН проф. А.И. Потапова. - М. - Ярославль: Канцлер, 2012. - С. 30-40.
  3. Онищенко Г.Г. Журнал «Анализ риска здорвью», 2013. – С. 5-9.
  4. Василовский А.М. Риски для здоровья населения Красноярского края, обусловленные потреблением продуктов питания, контаминированных тяжелыми металлами // Вопросы питания, 2009. - Т. 78, № 1. - С. 63-69.
  5. Законодательное обеспечение оценки риска воздействия на здоровье населения качества атмосферного воздуха в республике Беларусь / Т.Е. Науменко, В.А. Рыбак, Т.Д. Гриценко, Л.М. Шевчук, А.Е. Пшегрода, А.Н. Ганькин // Анализ риска здоровью, 2013. - № 1. - С. 30-35.
  6. Камалиева Л.А. Опасные для жизни или здоровья потребителей лекарственные средства и спиртосодержащая продукция // Актуальные проблемы экономики и права, 2011. - № 1. - С. 237-239.
  7. Кучинская Л.В. Опыт контроля и надзора за потребительским рынком стран-участниц Европейского союза // Вестник Российской таможенной академии, 2010. - № 3. - С. 38-45.
  8. Оценка безопасности допустимых уровней содержания L. Monocytogenes в пищевых продуктах по критериям риска здоровью населения / Н.В. Зайцева, П.З. Шур, Н.Г. Атискова, Д.А. Кирьянов, М.Р. Камал- тдинов // Анализ риска здоровью, 2013. - № 2. – С. 4-16.
  9. Зайцева Н.В., Май И.В., Шур П.З. Актуальные проблемы состояния среды обитания и здоровья населения стран Содружества Независимых Государств // Известия Самарского научного центра Российской академии наук, 2012. - Т. 14, № 5-2. – С. 527-533.
  10. European Union System for the evaluation of substances: the second version / L. Attias, P. Boccardi, G. Boeije, D. Brooke, J. De Bruijn, M. Comber, B. Dolan, S. Fischer, G. Heinemeyer, V. Koch, J. Lijzen, B. Muller, R. Murray-Smith, M. Rikken, J. Tadeo, T. Vermeire // Chemosphere, 2005. - Vol. 59, № 4. – Р. 473-485.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.