Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазұму студенттерінің жүктілік кезіндеп қынаптық биоценоз жағдайын зерттеу

Зерттеуге ҚазҰМУ- дың 64 жүкті студенттері алынды. Зерттеудің мақсаты қынаптық микроценоз жағдайын зерттеу болды. Зерттеу нәтижесінде қынаптық инфекциялардың ішінде ең жоғарғы көрсеткішті кандида - 64% құрады. Кандидоздың негізгі формасы – шынайы кандидоз 76,1% екендігі анықталынды. Қынаптық кандидоз бен жатыр мойны эрозиясының (35%) жоғары байланысы бар екенí анықталынды.

Өзектілігі:Қазіргі кезге дейін инфекция мәселесі медико- социальды және ғылыми-практикада да маңызды және актуальды аспект ретінде қалуда. Бүгінгі таңда әйел жыныс ағзаларында кездесетін қынап инфекциялары барлық инфекциялық - қабыну ауруларының ішінде бірінші орында тұр*1+. Инфекцияның барлық мемлекеттерде жиілеп өршіп баруы бізге оның акушерия және перинаталогияда өзекті проблемаға айналып бара жатқанын түсіндіреді. Соңғы жылдарда отандық және шетелдік зерттеулері бойынша репродуктивті инфекция патологиясы жүйесінде алдыңғы қатарда 3 түрлі инфекция тұрады:бактериалды вагиноз, кынаптық кандидоз, трихомониаз *1,2,3+

Қынаптық кандидоз - саңырауқулақтардың Candida тобымен шақырылатын, қынаптың шырышты қабатының ауруы.

ВОЗ мәліметтері бойынша Жер шарында саңырауқулақтармен шақырылатын аурулармен бесте бір бөлігі зардап шегуде *2,3+. Қынаптық кандидоз жиілігі 2 есеге жоғарылаған, қынаптық кандидозбен жиі тіркелетін бұл ыстық климатты және санитарлық - гигиеналық жағдайы төмен елдер болып табылған *4+.Төменгі жыныс жолдарының инфекциялық ауруларының 25%- тен - 40-45% дейін осы қынаптық кандидоз қурауда *4,5+. Әйелдердің 75% ең болмаса бір рет, ал 40-45% екі немесе оданда көп рет қынаптық кандидозбен аурады. Бүгінгі таңда кандидоздық инфекцияның клиникалық жағдайы жлпы мойындалған. Репродуктивті кезеңде қынаптық кандидоз асқынудың пайда болу себептерінің бірі болып табылады, сонымен бірге тек жүкті әйелдердің денсаулығы ғана емес іштегі нәресте және жаңа туылған баланың денсаулығына, келешек ұрпаққа үлкен қауіп төндіреді. Әр түрлі авторлардың берілгені бойынша гестация кезеңінде қынаптық кандидоз 2050% қурайды, бұл жүкті емес әйелдермен салыстырғанда 1,8 - 3 есе көп *5,6+. Бұл мәселенің маңыздылығы гестация кезеңінде ұрықтың зақым алу қаупі мүмкіндігі.Сонымен қатар тіркелген жүктілер және босанушыларда қынаптық кандидоз қурсақішілік инфекцияның жұғуының және жаңа туылған нәрестеде инфекцияның жұғу көзі болуы мүмкін.Соңғы 20 жыл ішінде жетілген жана туылған балалар арасында кандидоз жиілігі жоғарылаған 1,9 -15,6% дейін *4,5,6,7+. Бұл көрсеткіштерге қарап қынаптық кандидоздың нәрестелерге де тигізер әсерінің өте жоғарылағанын байқауымызға болады.

Зерттеу мақсаты:Қаз¥МУ студенттерінің жүктілік кезіндегі қынаптық биоценоз жағдайын зерттеп үйрену.

Зерттеу тапсырмасы:

  1. Жүктілік кезіндегі қынаптық инфекциялардың жиілігін зерттеу.
  2. Жүкті студенттер арасындағы қынаптық кандидоз себебін анықтау.
  3. Жүргізілген емнің нәтижелілігін анықтау.

Зерттеу материалы және әдістері:

  1. Қаз¥МУ-дың 100 жүкті студентінің амбулаторлық картасы зерттелінді.
  2. 35 жүкті студенттерге қынаптық кандидозға ем жүргізілді.
  3. Қынаптық бөлінділер емге дейін және емнен кейін алынды.

«Қалалық студенттер емханасынан» барып рұқсат алып, Қаз¥МУ - дың 100 жүкті студенттерінің амбулаторлық карталары зерттелінді. Зерттеу барысында жүкті студенттердің экстрагениталды, гинекологиялық ауруларының жиіліктері анықталынды.

Сонымен қатар жүкті студенттерден қынаптық бөлінділірді алу бірінші ем жүргізуден алдын алынды. Қынаптық бөлінділірді алуды алдын ала жүкті студент келісімін алғаннан соң жүргізіле бастадық. Студенттеріміздін барлығы келісе коймағандықта рұқсат берген 35 жүкті студенттерден ғана жағындыны өзім жасадым. Ал қалған жүкті студенттерге дәрігер өзі жасады, тұрдым. Қынаптық бөлінділер нәтижелері шыққан соң және бір рет кандидоз бар екеніне көз жеткізіп, зерттеу жүргізуді жалғастырдық. Яғни зерттеуге алынған жүкті студенттерге ем тағайындадық. Ем тағайындалған соң жүкті студенттерге барлығы түсіндіріліп, ем қабылдап біткен соң осы студенттер емханасына келіп және 1 рет қынаптық бөлінділерге жағынды тапсыру керек екені айтылды. Барлық жүкті студенттеріміз өз уақытында келіп қынаптық бөлінділерге зерттеуге тапсырды.

Зерттеу нәтижелері: Алғаш рет ҚазҰМУ жүкті студенттерінің қынаптық биоценоз жағдайына зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде қынаптық инфекциялардың жиілігі анықталынды, ең жоғарғы көрсеткішті кандида - 64% құрады, ал қалған инфекциялар төмен жиілікте кездесті.

Жүктілер арасында көбіне бірінші жүктілік болу себебі, жүкті болғанға дейін біздің қыздарымыздың қаралып ем қабылдамауы. Бізде көп адамдарымыз арасында жүкті болып ғана емделемін деген соз қалыптасып кеткен. Міне біз сол жағдайды болдырмай біздін болашақ аналарымызға түсіндіруіміз керек. Дені сау ананың болуы үшін және дені сау ұрпақ туылуы үшін.

Акушерлік анамнезде зерттеуде амбулаторлық карталары қаралған 100 жүкті студенттер арсында:

  • 1 - жүктілік 70% құрап отыр;
  • 2 - жүктілік 23% құрап отыр;
  • 3 - жүктілік 7 % құрап отыр;

Осы мәліметтерді қарап айтуға болады, зерттелуші топта көбі 1 жүктілік (сурет 2).

Жүкті студенттерді зерттеу материалындағы кандида мөлшеріне және шағымданып келген клиникалық көріністеріне байланысты оларды 3 топқа бөліп қарастырылды. 1 топ - кандида тасымалдаушы(33,9%), 2 топ- шынайы кандидоз(76,6%), 3 топ - аралас кандидобактериалды(23%).

Зерттелуші топтағы экстрагениталды аурулар жилігі анықталынды - ЖРВИ(44%), Соз.Пиелонефрит(41%), Анемия(38%) ең жоғары жиілікте кездескен осы үштік болып табылды. Гинекологиялық аурулар зерттелуші топта жиілігі - жатыр мойын эрозиясы(35%), аднексит (15%), офарит (9%)кездесті.

Студенттердің жүктілік кезіндегі кандидоз себептері:

  • Қабыну ауруларының жоғары жиілігі - 44 %
  • Гинекологиялық аурулардан жатар мойны эрозиясы жоғары жиілігі - 35 %
  • Иммуносупрессия - физиологиялық жүктілік кезіндегі негізгі диаметр болып табылады.

Қынаптық кандидозға ем жүргізілді. Емді 2 және 3 триместрдегі жүкті студенттерге жүргізілді. Емнен кейінгі инфекция кездесу жилігі төмендеді, бірақ 2 триместрде(20%) 3 триместрде(31%) әр түрлі жиілікте.

 

Бул көрсеткіштерге карап кандидозды каншалыкты ерте аныктасак емнің эфективтілігіде соншалыкты жоғары болатынын көрсетеді.

Қорытынды:

  • ҚазҰМУ студенттерінің жүктілік кезеңінде қынаптық инфекциялар жиілігі тексеріліп , кынаптык кандидоздың кездесу жиілігі жоғары екені аныкталынды (64%)
  • Кандидоздың негізгі формасы - шынайы кандидоз екендігі
    анықталынды (76,1 %)
  • Қынаптық кандидоз бен жатыр мойны эрозиясының жоғары
    байланысы бар екені аныкталынды (35%)

Бүгінгі біздің зерттеу мәліметтерімізге сүйене отыра, ҚазҰМУ жүкті студенттерінде алдынғы қатардағы 3 түрлі инфекцияның бірі қынаптық кандидоздың жоғары екендігін көрсетті.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Мамедалиева Н.М., Исенова С.Ш. Современные подходы к лечения вагинального кандидоза у беременных // Рекомендации для врачей. - Алматы: 2000. - C.59.
  2. Сапарбеков А.З. Актуальные аспекты вагинального кандидоза// Акушерия и гинекология, 2005. - №1. - С. 40-42.
  3. Подзолкова Н.М., Созаева Л.Г., Дамиров М.М. и др. Эффективность бетадина в комплексном лечении больных бактериальным вагинозом. // Акушерство и гинекология, 2001. - №6. - С. 59-60.
  4. Мамедалиева Н.М., Исенова С.Ш., Сапарбеков А.З. Современные аспекты терапии вагинального кандидоза // Методические рекомендации. - Алматы: 2006. - C.7.
  5. Сергеев А.Ю., Сергеев Ю.В. Кандидоз. Природа инфекции, механизмы агресси и защиты, лабораторная диагностика, клиника и лечение. - М.: «Триада - Х», 2001. - 472 с.
  6. Гречканев Г.О., Качалина О.В., Использование озонотерапии в лечении неспецифического кольпита и бактериального вагиноза.// Акушерство и гинекология, 2001. - №3. - С.47.
  7. Каяпова Л.С., Пак В.И., Еспаева Р.Н., Пак С.В. Состояние микробиоценоза влагалища женщин репродуктивного возроста.// Акушерия, гинекология и перинаталогия, 2006. - №1(25). - С. 50-53.
  8. А.Т Райсова, Р.Ғ. Нурқасымова. Акушерия жəне гинекология.- Алматы: Асем-систем, 2006. - Б. 196 - 197.
  9. Чайка В.К. Инфекции в акушерстве и гинекологии. - Донецк: 2006. - С.15.
  10. И.К. Славенова Акушерия и гинекология. - Ростов н/Д: «Феникс», 2001. - С. 296 - 297.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.