Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Плацентаның ауытқуымен орналасуындағы жүктіліктің ағым ерекшілігі

Бұл мақалада гестацияның патологиялық ағымының плацентаның ауытқуымен орналасуы кезіндегі қауіп -қатер факторлары көрсетілген және плацентаның төмен орналасуы кезіндегі жаңа туған нәрестелердегі патология қатары анықталған. Өз уақытылы қолданылған емдік-диагностикалық шаралар шұғыл операциялар саны мен перинатальды өлім көрсеткіштерінің төмендеуіне септігін тигізеді.

Өзектілігі: Қазіргі акушерліктің маңызды мәселесінің бірі бала жолдасының орналасу ақауы кезіндегі ана мен перинаталді өлімнің алдын алу жұмыстары болып табылады. Әдеби деректерге сәйкес бала жолдасының алда жату жиілігінің 0,1%- 1%- ті күраса, толық бала жолдасының алда жатуы-5,2%, ал толық емес бала жолдасының алда жатуы-48,2 % жағдайда кездеседі (1,2,3). Бала жолдасының алда жатуы кезіндегі ана өлімі 2,3-10,1 %〇 кездессе, ал перинаталді өлім 22,2-41,7%0 ге дейін жетеді (4,5,6).

Акушерлік аспектісінде плацентаның ауытқумен орналасу (ПАО) салдарынан туындаған қан кету кезіндегі жүктілікті сақтап қалу немесе жалғастыру маңызды мәселе боп табылады. Көптеген сұрақтар плацентаның ауытқумен орналасуының этиологиясы, патогенезі, жүктілік ағымы мен босану, үрық және жаңа туған нәресте жағдайы толық шешілмеген сұрақ болып қалмақ.

Мақсаты: Плацентаның ауытқуымен орналасуының перинатальды және акушерлік асқынуларының жиілігі мен ауырлық дәрежесінің төмендетуде тиімді әдістер әзірлеу.

Зерттеу әдістері мен материалдар: ПАО деректерге сәйкес Алматы қаласы 5 ші перзентханасында 2011-2012 жж аралығында ретроспективті босану тарихының анализі жүргізілді,150 босанушы (негізгі топ) және 60 сау жүкті әйелдің ауру тарихы тексерілді. Біздің деректер бойынша осынша тең топ ультрадыбыстық скринингте, 16-18 апталық жүктілікте бала жолдасы жатыр мойнына 2 см жақын орналасқан. Берілген науқастар топтары 3 ке бөлінген,яғни орналасуына және жылжуына қарай І топ (14,7%)-22 науқастың бала жолдасының алда жатуымен (жылжуының болмауы) ; ІІ топ (31,3%)-47 әйелдің бала жолдасының төмен орналасуының толық емес жылжуы (бала жолдасының төменгі жағы ішкі арнадан 5 см төмен); ІІІ топ (54,0%) жүктіліктің толық нәтижелігі, жатырдың жоғарғы бөлігіне плацентаның толық жылжуы (плацентаның төменгі бөлігі ішкі аралықтан 5 см жоғары). Барлық жүктілерге клиникалық,микробио-, бактерио-, вирусологиялық және биохимиялық тексеру жүргізілді. Сонымен 2 топқа да фетоплацентарлы кешен жағдайы ,жаңа туылған нәрестелердің жағдайын Апгар шкаласы бойынша және плацентаның патоморфолиялық анализін бағалау жүргізілді. Статистикалық өңдеу Стьядент критериімен жүзеге асырылады. Корелляциялық анализдің сандық нұсқасында Пирсон критериі қолданылады. Жургізілген зертттеулер ПАО 58,7 % жиі кеш репродуктивті жаста (30 жастан жоғары) кездесетінін көрсетеді. Әйелдердің 86,2% балалық шақта инфекциялық және мұрын жүтқыншақ, тыныс жолдарының қабыну ауруларымен ауырған. Негізгі топ пациентерінің 122-інде (81,3%) экстрагенитальды аурулар, 28 пациентте (18,6%) біріккен бұзылыстар анықталды. Бақылау тобымен салыстырғанда ПАО-мен ауыратындарда жүрек-қантамыр және зәр шығару жүйесінің патологиясы жиі кездескен (р<0,001). Мұрын -жүтқыншақтың, тыныс жолдарының жұқпалы қабыну аурулары, асқазан-ішек жолдарының аурулары және біріккен урогенитальды инфекциялардың санына назар аударылды. Жатыр және оның қосалқыларының созылмалы қабынуы, жатыр мойнының патологиясы, менструальды және репродуктивті функциялардың бұзылысы жиі кездесетіні (р<0,001) анықталады. Акушерлік анамнез көбіне жүктіліктің үзілуімен (жүктіліктің 51,7% жасанды, 16,9% өзіндік түсікпен аяқталған, (р<0,01), гестация кезеңінің асқынуымен және өлі туылумен аяқталған.

Нәтижелер: Плацентаның алдыңғы қабырғаға жабысу жағдайы біздің мәліметіміз бойынша (40,1±2,0%; р<0,001), бақылау тобында (25,0±2,5%; р<0,001) күрады. Жатырдың алдыңғы қабырғасы бойынша плацентаның жылжыуы 82,5% жағдайда, оның ішінде әйелдердің 47,5% аяқталған, 35,0% аяқталмаған түрі байқалған. Жатырдың артқы қабырғасы бойымен плацентаның жылжуы 75,0% анықталды, оның 30,0% процесс аяқталған, 45,0% аяқталмаған. Плацентаның толық емес жылжуы жиі жатырдың артқы қабырғасында тіркелген (р<0,05). Бұл қанданудың төмендеуі, миометрийдің жұқаруы - жатырдың төменгі сегментінің ерте және анық күрылымдық өзгерістеріне байланысты болуы мүмкін.

Сонымен, плацентаның жылжуына әсер ететін факторлар анықталды: процесстің түрі және жатыр қабырғасына қатысты орналасуы. Плацента жатырдың алдыңғы қабырғасы арқылы белсенді қозғалады. Процестің толық емес/аяқталмаған түрі жылжуы жылдам типін, толық/аяқталған жылжуының кезеңдері (өсуі, шыңы және жылдамдығының төмендеуі) әлсіз және баяу типін көрсетеді.

Жатырдың алдыңғы қабырғасымен жылжуының аяқталмаған түрі плацента жылжуының жағымсыз процесі болып табылады; осымен қатар плацента жылжуының максимальды жылдамдығы мен өте ауыр симптоматика тіркелген.

Гестационды кезеңде негізгі бақылаушы топта жүктіліктің үзілу қаупі мен қанды бөліністердің қайталану жиілігі өскен; плацентаның жатуы мен төмен орналасуы кезінде асқынулар өте айқын көрінген. Әрбір үшінші пациентте (31,1%) ерте токсикоз, әрбір бесінші пациентте (20,0%) жүктілік гипертензия байқалған.

Плацентаның жатуы мен төмен орналасуы бар қаралушыларда зәр шығару жүйесінің созылмалы инфекциясы мен ЖРВИ өршу үлесіне көбірек назар аударылды. Гестацияның I триместрінде ЖРВИ, тыныс-ағзалары ауруларының өршуі жиі кездесті, (8,8%; р<0,05), (7,4%; р<0,05); II (4,1%) және III триместрінде(4,7%) урологиялық патология аз жиілікте диагностикаланды.

Плацентаның ауытқумен орналасуының жүкті әйелдерде қоздырғыштардың анализі микроскопиялық (56,1%), бактериологиялық (46,7%) зерттеулер және полимеразды тізбектік реакция жыныс жолдары арқылы берілетін ассоцирленген формадағы инфекцияның жоғарғы деңгейін анықтады; инфекция анықталған пациенттерде процестің симптомсыз ағымы орын алып және герпестік, цитомегаловирустық, хламидиялық, уреа-микоплазмалық формалы инфекциялар кездескен.

Гемостаз жүйесінің бузылысы негізгі топта пациенттердің 33,7% жүктіліктің II триместрінде, 56,1% жүктіліктің III триместрінде анықталды және бақылау тобымен салыстырғанда плацентаның жатуы мен төмен орналасуында өте айқын көрініп, қанның коагуляциялық потенциялының басымдылығы; қан ағу уақытының(р<0,05), қан уя уақытының( р<0,01), плазманың гепаринге төзімділігінің(р<0,01) төмендеуі.

Тромбоциттердің санының азаяы (p<0,05) тамырлық - тромбоцитарлық звеноның өзгерісін көрсетеді.

Гемокоагуляциялық жүйедегі өзгерістер ТІШҰ синдромының созылмалы формасын көрсетеді, қанның агрегациялық қасиетінің бузылуына әкеледі, микроциркуляция патологиясы жатырдың спиральды артериясының қабырғасына трофобластың толық емес енуіне алып келеді. Ол өз кезегінде жатыр артериясы бассейніндегі қан ағысының бузылысына және осы акушерлік патологиядағы ерте плацентарлы жетіспеушілік дамуына алып келеді. Ауытқумен орналасқан плацентаның жетілу дәрежесін бағалағанда науқастардың 73 (49,3 %) - кеш және 18 (12,2%) - ерте жетілуі анықталған. Төмен плацентация кезінде плацентаның жатуы (41,4 %) және жылжуына (37,5%) қарағанда кеш жетілуі жиірек (67,3%; p<0,01) анықталған. Негізгі зерттелуші топта урықтың курсақішілік дамуының кідіруі плацентаның мезгілінен бурын / кеш жетілуінде анықталды. Ұрықтың курсақішілік айқын кідіруі плацентаның кеш жетілу фонындағы (21,8% ; p<0,01) төмен плацентацияда байқалды , мезгілінен бурын жетілумен салыстырғанда (7,3 %) курайды.

Негізгі топтағы науқастарға кесарь тілігі кезінде 13 ( 16,9%) жағдайда тотальды және субтотальды гистерэктомия жасалды. Жиі осы операциялық араласулар плацентаның жатуында (17,2%) және плацентаның толық емес жылжуында (21,9 %) іске асырылды. Операция көлемін кеңейтуге көрсеткіштер болып: плацентаның жатуы ( 13,8%) және төмен бекуімен (9,4 %) зерттелушілерде плацентаның шынайы өсуі; плацентаның жатуы (3,4%), төмен плацентация (12,5%) және плацентаның жылжуы (5,9%) бар науқастарда үлкен көлемді миома немесе миоматозды түйіннің төмен орналасуымен байланысты.

Негізгі зерттелуші топта 146 тірі бала туылды , жетіліп туылғаны - (75,3%).

Төмен салмақ - бой көрсеткіштері жаңа туылғандар арасында жатырдағы плацентаның жатуы мен төмен орналасуы бар аналарды анықтайды. Өлі туылу плацентаның жатуы (5,6%) және төмен орналасуы (2,2%) бар жүкті әйелдерде анықталды. Интранатальды өлімнің себебі (13,5%) шала туылу, урықтың жетілмеуі, асфиксия.

Плацентаның ауытқумен орналасуы бар науқастарда жеңіл дәрежелі асфиксиямен 46,% , орташа дәрежелі -13,0% , ауыр дәрежелі - 6,8% бала туылды. Балаларда асфиксияның ауыр дәрежесі плацентаның жатуы төмен плацентация фонында диагностикаланған. Жылжудың аяқталған түрінде, орташа дәрежелі ауырлықтағы асфиксия 3,1% жағдайда анықталады.

Негізгі топта 75 жаңа туылған ауру балалар арасында 10 (13,3%) қурсақішілік инфицирлену диагностикаланған: жайылған герпетикалық инфекция және курсақішілік пневмония.

Балалар арасында курсақішілік инфицирлену (p<0,05) жиірек төмен плацентациясы бар науқастарда анықталған : I топ -13,0%, II топ - 16,7% , III топ - 6,3%.

Анықталған қоздырғыштың ішінде бірінші орында - қарапайым герпес вирусы I және II типі , бул инфекция жеке түрде де , цитомегаловируспен, микоплазмамен, «Candida» саңырауқулағымен, хламидиямен, энтерококкпен қосарланған инфекция түрінде кездеседі.

Плацентаның дурыс емес пішіні (16,4%) қосымша бөліктерімен көбінесе төмен плацентацияда кездескен.

Салмағы (375,1 ± 13,7) г және плацентарлық - урықтық коэффициент 0,20± 0,005 төмен көрсеткіштері анықталды. Плацентаның жатуы кезінде аз мөлшерін инфаркт пен қан куйылулар (20,7± 1,12% , p<0,001) курады.

Қорытынды: ПАО кезінде келесі жағдайлар орын алады: плацентарлык жетіспеушілік кезінде гестация ағымының патологиясына әкелетін кауіп-катер факторлары: жасы 30-дан жоғары, жоғары паритет, жыныс жолдарының инфекциялары, жатырдың курылымдык бузылыстары (тыртык\ миома\ баска да аномалиялар). Плацентаның төмен орналасуында жаңа туған нәрестелердің патологиясының максимальды саны аныкталады: ОЖЖ-нің перинатальді бузылыстары (72,2 %), гипотрофия (41,7 %), инфекция (16,7%). Плацентаның орналасуы және миграциялык варианты урыктың морфологиялык ерекшеліктеріне айтарлықтай әсер етеді (бүрлерің патологиялық жетілмеуі, циркуляторлык бузылыстар, кабынулык өзгерістер). Аякталмаған миграция процессінде плацентарлык жетіспеушіліктің субкомпенцаторлык формасы, ал плацентаның жатуында компенцаторлы формасы басым болады.

Плацентаның аномалиясы бар жүкті әйелдерге емдік- диагностикалық және уйымдастыру - әдістемелік іс-шараларды еңгізу және оларды мезгілінде пайдалану шуғыл түрде босанулар мен гистерэктомиялардың жиілігін, перинатальды аурулар мен өлім көрсеткіштерін төмендетуге мумкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Миграция плаценты в зависимости от срока беременности и локализации/ И.В. Тимофеева// Межрегиональная научно-практическая конференция «Немедикаментозные методы лечения и актуальные вопросы в акушерско-гинекологической практике»: Тезисы докладов. - Барнаул, 2006. - С. 81-83
  2. Э.К. Айламазян, В.Е. Радзинский, В.И. Кулаков, Г.М. Савельева.- Акушерство национальное руководство.-Москва.-2011.-С.1046-1051.
  3. Курцер М. А. // Материалы 6-го Российского форума "Мать и Дитя". — М., 2004. — С. 112—113.
  4. Радзинский В. Е., Жуковский Я. Г., Оленева М. А. и др. // Акуш. и гин. — 2007. — № 1. —С.48—50.5
  5. Справочник по акушерству, гинекологии и перинатологии / Под ред. Г.М.Савельевой. — М., 2006. - С.201.
  6. Anderson J., Etches D., Smith D. // Advanced Life Support in Obstetrics (ALSO) Provider Course Manual / Eds J. R. Damos, S. H. Eisinger. — Kansas, 2000. — P. 1—15.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.