Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сәбилердегі т¥маудың әртүрлі эпидемиологиялық кезеңдеріндегі клиникалық ерекшеліктері

Сәбилердегі эпидемиялық және эпидемия аралық кезеңдердегі тұмаудың клиникалық ерекшеліктеріне арналған жұмыс. Эпидемиялық кезеңДе тұмау ауыр түрДе әтеДі, респираторлық кәріністерінен бұрын улану белгілері, токсикалық асқынуларДың дамуымен жүреДі. Эпидемия аралық кезеңДе шамалы улану белгілерімен және де жиі бронхәкпелік патологияларДың асқынуларымен жүреДі.

Өзектілігі. Балалар арасында жедел респираторлы инфекциялар ең жиі кездесетін аурулар болып саналады. Респираторлы инфекцилардың ішінде тұмау ауруы жиі кездеседі, ал эпидемиялық кезеңде кездесу жиілігі 70-85% құрайды. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай тұмаудың қауіптілігі өте жоғарырақ. Әдебиеттік мәліметтер бойынша өмірінің алғашқы айларындағы балаларда, өмірінің екінші жарты жылдығындағы сәбилерге қарағанда тұмаудан шетінеу 3 есе жоғары болып келеді.

Тұмауға эпидемиялық кезеңде көтерілу шыңы тән, әсіресе қазан-наурыз айларында, бірақта тұмаумен ауыру жағдайлары эпидемия аралық кезеңдерде кездесетіні белгілі, яғни ол иммундытолерантты адамдардың организмінде тұмау вирусы персистеленіп жүруіне байланысты.

Әдебиеттік мәліметтер бойынша сәбилерде тұмаудың клиникалық көрінісі әртүрлі екендігін көрсетеді, яғни жасырын және өте жылдам түрде дамитын түрлерімен көрініп, соңы өлім себептерімен аяқталады. Бұл көптеген факторларға байланысты және де ары қарай талқылап, оқуды талап етеді.

Ғылыми зерттеудің мақсаты: сәбилердегі әртүрлі эпидемиялық кезеңдердегі тұмаудың клиникалық ерекшеліктерін зерттеу болды.

Материалдар мен әдістер. Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы ауруханасында (БҚКЖА) ЖРВИ диагнозымен түскен 10 күннен және 1 жас аралығындағы 208 сәбилердің ауру тарихына талдау жүргізілді, олардың ішінде 123 бала эпидемия кезеңінде ауырса, ал 85 бала эпидемия аралық кезеңдерде ауырған.

Нәтижелер және талқылау. Респираторлы инфекциялардың этиологиялық факторын вирусологиялық тұрғыда анықтау барысында осы науқастарға қанның сары суынан тұмаудың антигендерінн анықтау жүргізілді. Вирусологиялық әдіспен тексерілген 208 сәбилердің 161 тұмаудың вирустары анықталды (106 - эпидемилық кезеңде және 52 - эпидемия аралық кезеңде). Осы науқастар біздің тексеру тобының негізін құрады. Вирустарды типирлеу кезінде науқастардың көбісінде тұмау микст-инфекция түрінде туындаған - А және В вирустарының қосарланып кездесуі анықталған. Бұл эпидемиялық мерзімге байланысты болған жоқ.

Сәбилердің барлығына жалпы клиникалық тексерулер жүргізілді (ЖҚА, ЖНА, копрограмма; кеуде қуысындағы ағзалардың рентгенографиясы, ЭКГ, нейросонография - көрсеткіштері бойынша).

Эпидемия кезеңінде ауырған балалардың клиникалық көріністеріне сараптама жасау барысында тұмаудың жедел басталғаны анықталды. Басты белгілері улану синдромымен көрінсе, катаралды белгілері онша айқын болмаған. (1 кесте). Улану белгілері дене қызуының субфебрилді деңгейге және гипертермияға дейін жоғарлауымен көрінді, тері жабындыларының бозаруы, жалпы жағдайының, ұйқысының бұзылуы, мазасыздық (100%), емуден бас тарту, емген сүтінің қайта шығуы (12,8%).

1 кесте - Сәбилердегі тұмаудың әртүрлі эпидемиялық кезеңдеріндегі клиникалық көріністерінің ерекшеліктері

Клиникалық көрінісі

Эпидемиялық кезең n = 109

Эпидемия аралық кезең

n = 52

Абс.

%

Абс.

%

Дене қызуының жоғарлауы

109

100±0,09

52

100±0,1

Мазасыздық

109

100±0,09

52

100±0,1

Мұрынның бітіуі

51

46,8±4,7

23

44,2±6,8

Жөтел

109

100± 0,09

52

100±0,1

Лоқсу (срыгивания)

14

12,8±3,2

7

13,5±4,7

Құсу

26

23,8±3,2

23

44,2±6,8

Метеоризм

40

36,7±4,6

33

63,5±6,7

Іштің өтуі

49

44,9±4,8

33

63,5±6,7

Ентікпе

64

58,7±4,7

30

57,7±6,8

Дауыстың қарлығуы

21

19,3±3,8

6

11,5±4,4

Тырысулар

23

21,1±3,9

13

25,0±6,0

44,9% науқастарда іштің өтуі, метеоризм (36,7%), құсу (23, 8%) байқалды. Анықталған асқазан ішек жолдарының бұзылыстары токсикоз белгілеріне және тұмаудың жедел ішек инфекцияларымен 26 науқаста (23,4%) қосарлануына байланысты анықталынып отыр. У 21,1% науқаста жайылмалы тырысулар анықталды, тоникалық сипатта болды, көбінесе дене қызуының 38 C жоғарлауына байланысты тоникалық тырысулар болды. Осы балаларды нейросонография әдісімен тексерген кезде вентрикуломегалия анықталды.

Тыныс жолдарының зақымдануы аурудың бірінші күніне бастап байқалды, ол мұрынның бітуімен(46,8%), аңқаның қызаруымен, құрғақ жөтелмен (100%), дауыстың қарлығуымен көрінді. Науқастардың көбісінде (66%) респиарторлы жолдардың зақымдануы ринофарингит (60,6%) түрінде өтті. 24,8% балаларда обструктивті бронхиттің белгілерімен өтсе, 11,0%- ларинготрахеитпен көрінді.

58,7% балада ентікпе байқалды, көбінесе жаңа туылған нәрестелерде (66,7%) жиі кездесті. Ентікпе сәбилердің көбісінде аралас сипатта болды және 15% инспираторлы ентігу байқалды, яғни ол жедел ларингиттің көрінісіне және көмекейдің стенозына байланысты болды.

Тұмаудың эпидемилық кезеңінде асқынған ағымы науқастардың 74,6% кездесті. Асқыну көбінесе аурудың 4-5 күндерінде дамыды, нейротоксикоздың клинкалық белгілері алғашқы тәліктерде анықталды (2 кесте).

Тұмау кезінде ең жиі кездесетін асқынуы отит (40,4%) болды, жиі катаралды сипатта болса, 3% іріңді отит кедесті.

Тұмау инфекциясы жүрек қан тамыр жүйесі бойынша да өзгерістерді туындатты. Науқастардың 34,9% миокардит анықталды, ол жүрек шекараларының кеңеяімен, жүрек үндерінің кереңделуімен, тахиакрдия, сирек жағдайда брадикардиямен көрінді. Бұл асқынулар жиі жаңа туылған нәрестелерде анықталғандығын айта кету керек. 24,8% науқастарда аурудың бірінші күнінен бастап нейротоксикоздың белгілері көрініс берді.

2 кесте - Балаларда әртүрлі эпидемиялық кезеңдеріндегі тұмаудың асқынулары

Асқынулары

Эпидемиялық кезеңі n = 109

Эпидемияаралық кезеңі n = 52

Абс.

%

Абс

%

Ларинготрахеит

9

8,3±2,6

11

21,1±5,6

Бронхит

15

13,8±3,3

19

36,5±6,6

Пневмония

26

23,8±4,0

13

25,0±6,0

Нейротоксикоз

27

24,8±5,9

5

9,6±4,0

Отит

44

40,4±6,8

16

30,8±6,4

Миокардит

38

34,9±6,6

10

19,2±5,5

Респираторлы асқынулардың ішінде жиі пневмония (23,8%) кездесті, ол аурудың 3-5 күндерінде жалпы жағдайының нашарлауымен, дене қызуының қайта көтерілуімен, ентікпенің үдеуімен, цианозбен, тахикардиямен, тыныс жетіспеушілігінің (46%) дамуымен көрінді. Жөтел пневмонияның басты белгісі емес. Өкпеде перкуторлы қораптық дыбыс естіледі, аускультацияда әлсіз дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Балалардың 13,8% бронхит кездесті және де тыныс жолдарының обструкциялық белгілерімен өтті (обструктивтік бронхит). Науқастарда жөтелдің күшеяі айқын болды, 66% тыныс жетіспеушілігінің белгілерімен өтті. Перкуторлы қораптық дыбыс, аускультацияда қатаң тыныс, әртүрлі калибрлі ылғалды, құрғақ сырылдар естіледі, ал науқастардың бір бөлігінде құрғақ ысқырықты сырылдар естілді. Обструктивті бронхит жиі нәрестелерде кездесті және ауыр түрде өтті.

Эпидемия аралық кезеңде науқастарда (80%) тұмаудың клиникалық белгілері біртіндеп басталды. Улану белгілері (дене қызуының жоғарлауы, әлсіздік, мазасыздық, бозғылттық, тәбеттің төмендеуі) шамалы болды. Бұл токсикалық асқынулардың миокардиттің (19,2%), нейротоксикоздың (9,6%) төмен деңгейде кездескенін көрсетті. Сонымен бірге осы кезде ішектік синдром жиі байқалды, ол нәжістің сұйылуымен, метеоризммен, сирек жағдайда құсумен байқалады (1кесте). 58% науқастарда тұмау жедел ішек инфекциясымен қосарланды, ол шартты -патогенді флорамен туындаған.

25% науқастарда жайылмалы клоникалық-тоникалық сипаттағы тырысулар байқалды. Тұмаудың эпидемия кезіндегі ауырғандардан айырмашылығы тырысулар аурудың кеш мерзімінде асқынған кезінде дамиды (обструктивный бронхит, пневмония. Перенаталды энцефалопатияның үдемелі гипоксия фонындағы көрінісі болуы мүмкін (осы науқастардың барлығында тыныс жетіспеушілігі байқалды).

Тыныс жолдары жағынан катаралды көріністер 75% ринофарингит, 11,5% - ларингит, 7,7% - обструктивті бронхит, у 5,8% - жедел бронхит түрінде өтті.

Эпидемия аралық кезеңде тұмаумен ауырған науқастарда 83,7% асқынулар кездесті. Әдетте аурудың 4-5 күнінде қослып, вирустық-бактериалды сипатта болды. Ең жиі асқынуларының бірі бронхит (36,5%), обструктивті синдром (15) науқаста әртүрлі жәрежедегі тыныс жетіспеушілігімен көрінді. 25% науқаста пневмония анықталды, қабыну екі жақты немесе біріккен ошақты түрде болды. Ларингит 11 науқаста кездесті, 8 стеноздың I-II дәрежелерінің белгілері байқалды.

Тұмаудың респираторлы асқынулары эпидемия және эпидемия аралық кезеңдерінде айырмашылықтар болған жоқ.

Тұмаудың эпидемия кезеңімен салыстырғанда отит 30,8%, нейротоксикоз 9,6%, миокардит - 19,2%, болды.

Клинико-вирусологиялық анализдердің нәтижесіне сүйенсек, тұмаудың әртүрлі эпидемиологиялық кезеңдерінде клиникалық көрінісі вирустың туындатқан түріне байланыссыз болды.

Қорытынды:

  1. тұмаудың әртүрлі эпидемиологиялық кезеңдерінде нәрестелер арасында жиі кездесті және асқынулармен өтті.
  2. тұмаудың клиникалық көріністері эпидеимия және эпидемия аралық кезеңдерде әртүрлі екендігін көрсетті.
  3. эпидемия кезеңінде респираторлы көрінісіне қарағанда улану белгілері айқынырақ.
  4. токсикалық асқынулардың (нейротоксикоз, миокардит) дамуымен өтті.
  5. эпидемия аралық кезеңде улану белгілері шамалы болды.
  6. бронхөкпелік асқынуларымен, пневмония, обструктивті бронхит түрінде көрінді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Кельцев В.А. Избранные лекции по детским инфекционным заболеваниям. - Самара: 2004. - 250 с.
  2. Осидак Л.В., Дриневский В.П. Грипп у детей. Клинико-патогенетические особенности. Основные принципы диагностики и терапии// Методические рекомендации. - СПб.: 2006. - 53 с.
  3. Дерягин Ю.П. Грипп и другие острые респираторные заболевания //Учебное пособие. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2006. - 155 с.
  4. Shorman M, Moorman JP. Clinical manifestation and diagnosis of influenza// South Med J, 2003. - 96. - Р. 737-739.
  5. Искаков А.С. Исмагулова Ж.А. Актуальные вопросы гриппа и вопросы его профилактики//Методические рекомендации. - Алматы: 2004. - 53 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.