Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кафедрадағы оқыту үрдісіне білім алушылардың көзқарасын талдау

Бүгінгі таңда Қазақстандағы заманауи медициналық білім беру стратегиясы қолданыстағы оқыту технологияларын жетілдіруге, әзінДік уәжДемені көтеруге, сананы жетілДіруге, біріктірілген оқыту стратегиясын Дамытуға, сонымен қатар білім беру үрДісінің сапасы мен мониторингісін ұйымдастыруға бағытталғаны белгілі. Осы бағытта С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде және "Денсаулық сақтау саясаты және басқару" кафедрасында студенттерді оқытуда құзіреттілік әдістерін жүзеге асыруға, білім сапасын жоғарлатуға, заманауи ғылыми жетістіктерді және медициналық кадрларды дайындау үрдісінде интерактивті әдістерді қолдануға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Мәселенің Өзектілігі. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қазіргі таңда еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қаз¥МУ-нің «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасында 3 және 5 курс студенттердің, резиденттердің және магистранттардың кәсіби құзіреттіліктерін (білімі, коммуникативтік дағды, құқықтық дағды, тәжірибелік дағды, студенттің өзіндік жұмысы) дамыту бағытында оқытудың белсенді, интерактивті әдістерін қолдана отырып, студенттердің өз бетінше білімді меңгеруге мүмкіндік береді. Оқытудың белсенді әдісі оқытушы мен білім алушының арасында коммуникативті дағдыларын дамыту арқылы тығыз қарым-қатынасты қалыптастырады.

Қузіреттіліктер білім алушыларға (студенттер мен түлектерге) нағыз мақсатқа қатысты қундылықтар мен ұстанымдарды түсінуге, қиын міндеттерді шешуге және жаңа идеялар мен инновацияларды қолдануға әсерін тигізеді, сонымен қатар студенттердің қызметін бақылауға және өз бетінше оқуға, кері

байланысты орнатуға, бақылау дағдыларын қалыптастыруға және берілген мақсаттарға жетудегі мәселелерге көңіл аударуға үйретеді.

Зерттеудің нәтижелері. Білім беру сапасын арттыру мақсатында С.Ж. Асфендияров атындағы Қаз¥МУ-нің «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасында «Дәлелді медицина негіздері» және «Жалпы тәжірибелік дәрігер қызметін ұйымдастыру» пәндері бойынша 3, 5-ші курс студенттерге, сонымен қатар резиденттер мен магистрантарға сауалнама жүргізілді. Әлеуметтік сауалнама жүргізудің мақсаты кафедрада оқытылатын пәндердің сапасына білім алушылардың қанағаттануын бағалау.

2013-2014 оқу жылының қазан-қараша айларында Қаз¥МУ «Жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысын ұйымдастыру» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттеріне 150 сауалнама жүргізіліп мынандай нәтиже алынды:

«Пән сізді қызықтырды ма?» деген сұраққа респонденттердің 95,3% иә, 2,7% жоқ, 2% білмеймін деп жауап берді. Бұл көрсеткіш 2012-2013 оқу жылының ақпан - мамыр айында жүргізілген сауалнама қорытындысымен салыстырғанда жоғарғы көрсеткішті көрсетті (1-сурет).

Студенттің пәннің басты мазмұнын түсінгендігі туралы сұраққа бәрі түсінікті деп жауап бергендер 87,3%, кейбір тақырыптар түсініксіз дегендер 12,7 % құрады. 2013 жылдың ақпан-мамыр айында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде бәрі түсінікті 79,7 %, кейбір тақырыптар түсініксіз 19,2 % жоқ деп жауап бергендер 1,1 % құрады (1-кесте).

 

1 кесте - Студенттердің «Жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысын ұйымдастыру» пәннің басты мазмұнын түсінуі

Сіз пәннің басты мазмұнын түсіне алдыңыз ба?

2012 - 2013 оқу жылы

2013 - 2014 оқу жылы

абс. саны

% «Барлы ғы»,

M±m

абс. саны

% «Барлығы»,

M±m

Бәрі түсінікті

141

79,7±10,8

131

87,3 ±8,9

Кейбір тақырыптар түсініксіз

34

19,2±10,5

19

12,7±8,9

Жоқ

2

1,1±2,8

0

0 ±0,0

Барлы ғы

177

100 ±24,1

150

100±17,8

Талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай тәжірибе жүзінде білім алушылардың өткізілген сабақ сапасына жақсы баға берді, соның ішінде сабақтың өткізілу сапасын, дәрісті 82,7% - «үздік», 17,3% - «жақсы» деп бағалады.

Ал тәжірибелік және семинарлық сабақты өткізу сапасына «үздік» деп бағалағандар 86,7%, «жақсы» деп бағалағандар 12,7 %, «қанағаттанарлық» дегендер 0,6 % құрады.

Қанағаттанарлықсыз деп бағалағандар болмады.

Әлеуметтік сауалнама жүргізу барысында берілген сабақтың бұрын оқылған пәндермен қисынды байланысы бар ма деген сұраққа респондеттердің 82 % иә, 17,4 % онша емес, 06 % жоқ деп жауап берді. Ал 2012-2013 оқу жылында осы сұраққа иә деп жауап бергендер 80,2 %, онша емес 17,4 %, жоқ дегендер 2,4 % құрады.

Ал берілген пәннің болашақ тәжірибелік жұмыспен байланыстылығы бар деп бағалағандар - 90 %, байланысы онша емес деп бағалағандар - 8,7 %, жоқ - 1,3% құрады. 2013 жылдың ақпан -мамыр айында осы сұраққа 177 студенттердің 83,0 % иә деп, 13 % онша емес, 4 % жоқ деп жауап берді.

Сауалнама жүргізілген студенттер оқу әдістемелік әдебиетпен бағалағандар - 62 %, толық емес - 32,7%, мүлдем жоқ дегендер қамтамасыз етілуді толық деп -5,3% құрады.

 

«Дәлелді медицина негіздері» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 3 курстың 123 студенттеріне 2013 жылдың қараша, желтоқсан айларында сауалнама жүргізіліп мынандай нәтиже алынды: «Пән сізді қызықтырды ма?» деген сұраққа респонденттердің 84,5 % ия, 8,9 % жоқ, 6,6 % білмеймін деп жауап берді. Бұл 20122013 жылдың ақпан, мамыр айында жүргізілген сауалнама нәтижесінен төмен көрсеткішті көрсетті. Пән қызықтырды деп жауап бергендер 88,9 %, қызықтырмады 6,7%, білмеймін дегендер 4,4 % құрады.

Талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай баяндалған мәлімет қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерін көрсететіндігіне сенімдіміз дегендер 87,8%, онша сенімді емеспіз дегендер 12,2 % көрсетсе, ал былтырғы жылғы әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша сенімдіміз дегендер 95,6 %, онша емес дегендер 4,4 % құрады. Айтып кететін жағдай жоқ деп жауап бергендер болмады.

«Берілген сабақ оқу-әдістемелік оқулықтармен қамтамасыз етілген ба?» деген сұраққа иә деп жауап бергендер - 66,7%, толық емес - 25,2 %, жоқ деп жауап қайтарғандар - 8,1 %.

2013-2014 оқу жылдарында «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша 1 және 2 курс магистранттардың арасында «Денсаулық сақтаудағы заңдылықтар», «Фармациядағы ғылыми зерттеулер және оқыту негіздері», «Ауруларды алдын алу және денсаулықты нығайту», «Денсаулық сақтаудағы стандартизация», «Биоэтика», «Медициналық ғылым тарихы», «¥йымдастырушылық тәлім тәрбие» пәндері бойынша 59 сауалнама жүргізілді. Ал 2012-2013 оқу жылдарында осы пәндер бойынша сауалнамаға 66 магистранттар жауап берді.

«Берілген сабақтың бұрын оқылған пәндермен қисынды қатынасы бар ма?» деген сауалнамаға респонденттердің 91,5% ия деп, онша емес 6,8%, 1,7% жоқ деп бағалады. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда бұл жоғары көрсеткішті көрсетті.

2012-2013 оқу жылдарында пән бойынша баяндалған мәліметтердің қазіргі заманның ғылыми жетістіктерін көрсететіндігіне сенімдіміз дегендер 93,9%, онша емес дегендер 6,1% қурады. 2013-2014 оқу жылдарындағы сауалнама нәтижесі боынша сенімдіміз дегендер 88,1%, онша емес дегендер 11,9 % көрсетті.

Сауалнаманың соңғы сурағы ретінде «Біздің кафедрада жеке өзіңізге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер болды ма?» деп қорытындыладық. Осы сұраққа респонденттердің 100 % жоқ деп жауап берді.

Қорытынды. 2013-2014 оқу жылының қазан-қараша айларындағы жүргізілген сауалнаманың нәтижелері бойынша «Денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасында оқытылатын «Жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысын ұйымдастыру» пәнін студенттер жоғары дәрежеде бағалады (95,3%). 87,3% студенттер пәннің басты мазмұнын түсінгендігі туралы сұраққа бәрі түсінікті деп жауап берді. Салыстырмалы оқу жылдарында (2012-2013 және 2013-2014 ж.ж.) көрсетілгендей 5 курс студенттердің «Жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысын ұйымдастыру» пәннің басты мазмұнын түсінуі 79,7±10,8 және 87,3 ±8,9 қурады. Сонымен қатар студенттердің 90 % берілген пәннің болашақ тәжірибелік жұмыспен байланыстылығы бар деп бағалады.

«Дәлелді медицина негіздері» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 3 курстың студенттердің 84,5 % пән қызықтырды деп жауап берді.

Осылайша 2012-2013 оқу жылында және 2013 - 2014 оқу жылдарында «Дәлелді медицина негіздері», «Жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысын ұйымдастыру» пәні бойынша жүргізілген сауалнаманың қорытынды нәтижесін студенттердің ескерту, ұсыныстарымен жақсы деп қорытындылауға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана: 2010.
  2. А.А.Аканов, В.И.Ахметов, М.А.Абирова, Г.М.Есенжанова, О.М.Мырзабеков и А.С.Каракушикова. Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова: на пути инновационных преобразований. - Алматы: КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, 2011. - С.7-8.
  3. С.С. Сарсенбаева Активные методы обучения в медицинском ВУЗе: учебное пособие //С.Сарсенбаева, Ш.Рамазанова, Н.Баймаханова. - Алматы: 2011. - С. 9-12.
  4. Мынбаева А.К., Садвокасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать // Учебное пособие. - 4-е изд., доп. - Алматы: 2010. - 344 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.