Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Университеттегі студенттердің отбасылық-некелік қатынастары

Мақалада демоэкономикалық мәселелердің қазіргі заманғы жағдайы қарастырылады. Отбасыны демоэкономикалық тұрғыдан зерттеуді күшейтуге және қазіргі заманғы жағдайда демографиялық саясаты жақсатуға назар аударылған.

Кіріспе: Жастарға қатысты бірден бір көкейкесті мәселе некеге тұру және отбасын құру болып табылады. Әр түрлі категориядағы жастардың бағалы бағдарлауларын зерттейтін қазіргі заманғы әлеуметтану және демография жастарда некеге тұру, отбасын құру және балалы болу бағдарлаулары сақталғанын көрсетеді. Отбасының келесі түрлерін бөлу қабылданған: патриархалды, нуклеарлы және отбасы, постиндустриалды қоғамға сәйкес.

Патриархалды отбасыға тән: материалды игіліктерді өндіру және өзі үшін жұмысшы қол, міндетті түрде некеге тұру, ерте және өмірлік некелік, міндетті түрде некенің тұжырымдалуы, ажырасуды болдырмау, некелік серікті отбасы қызығушылығында таңдау. Патриархалды отбасында некелік адалдылық (моногамия) әлеуметтік қадағалау күшімен, дәмтүр күшімен сақталады. Әйелі және балалары күйеуінің жекеменшігі болып саналады *1].

Нуклеарлы отбасын әдебиетте көбінесе аз балалы (1-2 бала), басқа туыстарынан тәуелсіз және жеке тұратын отбасы ретінде қарайды. Некеге тұру кезінде еркек және әйел бірдей құқыққа ие. Ажырасу мүмкіндіктері туады. Некелік серіктер некеге тұрушылардың қалауынан шығып таңдалады. Нуклеарлы отбасында некелік адалдылық ырым және дәстүр күшімен емес, ішкі мәдениет күшімен сақталады.

Постиндустриалды қоғамда отбасылық құрылым көбірек жырылған сипатқа ие болады, отбасылық қарым-қатынастың либерализациясы болады, отбасылық және сексуалды тәртіп әртүрлілігі пайда болады. Тіркелмеген бірге тұрушылық кең таралады, некесіз туу өседі, некелік серіктің жеке қасиеттеріне, сонымен қатар әлеуметтік сипаттамаларға талаптар артады.Некеге тұру кезінде көбінесе некелесі шарты құрылады. Ақырындап некеге тұру жасы және бірінші баланы босану жасы жоғарылайды, аз балалық бағдары сақталады. Әдебиет мағлұматтары постиндустриалды қоғамға тән отбасы қызықтыратынын көрсетеді *2].

Мақсаты: Отбасын құрудағы өмірлік тәжірбиелердің алғышарттарын игеру.

Қазіргі заманғы отбасының құрылу және даму заңдылықтарын білу, әсіресе өмірлік тәжірбиелердің алғышарттары, үлкен ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырады. Бірақ, бұл сұрақ аз зерттелген болып табылады, өйткені отбасының қызметі және құрылу үрдістерінің қиын механизмі туралы толық ақпарат жоқ.

Зерттеу нәтижелері: Көптеген ЖОО-да жүргізілген бірқатар зерттеулер нәтижелері соңғы кезде отбасылық студенттер үлесі артқанын көрсетеді. Бұл үрдіс некенің жасаруының жалпы беталысына сәйкес, бақылаулар 25 жасқа дейін 80% аса әйел және 70% жуық еркек некеге тұратынын көрсетеді, бұл жағдай 20 жыл бұрын басқаша болған: 70% (әйел) және 60% (еркек). Біздің кезімізде некенің көбісі студенттер арасында тіркеледі. Некеге жоғары уәждеме студент жастарда бірінші курстан ақ пайда болады.Сұралған бірінші курстардың70%-ы студенттік жылдарда некеге тұру мүмкіндігі бар деп санайды; 27% - бірінші рет білім алушылар, содан кейін отбасын құруды дұрыс деп санайды; 3% - некеде тұрады. Қазіргі уақыттағы отбасының функционалды күштемесіне студенттердің көзқарасы отбасының психологиясына бағдарын көрсетеді: ол жерде психологиялық функция(80% шамасында) басым орын алады [3].

Студенттіккетұрғындардың өте үлкен тобы жатады, тек Қаз¥МУ- де 10 мыңнан аса студенттер оқиды, оның ішінде жартысынан көбі әйел жыныстылар. Сондықтан жас отбасылардың мәселелерін зерттеу қызығушылық танытады, өйткені оларды шешуге көбісі қызығушылық танытады.

Осыған орай университет контингентінің 25% жуығын құрайтын 2460 сауалнаманы зерттеу негізінде біз студенттік отбасы құрылуының кейбір ерекшеліктерін анықтауға тырыстық. Таңдаулыларға университеттің 2009- 2010 оқу жылының барлық факультет өкілдері кірді: жалпы медицина факультетінен 43,9% респондент ұсынылды, емдеу факультетінен - 28,6%, стоматология және фармацевтикалық факультеттен - 11,5% респонденттен, денсаулықсақтаудағы және фармациядағы менеджмент факультетінен - 3,9% және медико- профилактикалық факультеттен- 0,6% респондент. Нәтиженің қорытындысы бойынша сауалнамада жалпы сұралған студенттер санынан 25% еркек және 75% әйел қатысты *4]. Респонденттерді жасына байланысты бөлу студенттер арасында, жалпы сұралғандар санынан 20 - 24 жас (57,6%) тобындағылар басым болғанын және 19 жас (40,3%), содан 25 - 29 жас (1,8%) тобындағылар, 30 жас және одан жоғары (0,3%) екенін көрсетті.

Респонденттердің этникалық құрылымы бойынша келесі тәртіпте бөлінді: сұралғандардың 82,6% қазақтар құрады, одан кейін 6,2% - орыстар, 2,8% - ұйғырлар, 2,0% - өзбектер, 1,5% - корейлер, 1,3% - татарлар, сонымен қатар басқа ұлттар - 3,6%. Студенттердің некелік құрамы респонденттермен көрсетіледі, көп жағдайда некеге тұрмағандар түрінде (89,1%); 6,2% респонденттер некеге тұрған түрінде, 0,1% ажырасқан және 4,6% белгіленбеген (1сурет).

 

1 сурет - Медик студенттердің некелік құрамы, %

Әр екінші студенттік отбасында берген студенттердің шамамен

бір бала бар (54,7%), жауап екі пайызында (1,9%) екі және одан көп бала бар, 43,4%

отбасында бала жоқ (2 сурет)

Көп жағдайда (85,9%) студенттер ата-анасынан материалды көмек алады және университеттен шәкіртақы (30%). 10,3% студенттероқуды ауруханада санитар, фельдшер, лаборант; кафеде; курьер, сақтандырушы және т.б. болып жұмыс істеумен бірге алып жүруге тура келеді; 0,6% студенттердің жауабы жәрдемақы алатынын көрсетеді, 0,1% - күйеуінің толық қамтамасыз етуі.

Өзінің отбасын барлық қажеттілігімен, ең біріншіден қаржымен толық қамтамасыз ету жауапкершілігін өзіне алған сол аздаған жолдастары күрделі қиыншылықтарға жолығады.

Біріншіден,аяқталмаған жоғарғы біліммен жақсы төленетін жұмыс табу қиын. Сонымен қоса барлық фирмаларда және мекемелерде студентті толық емес жұмыс күніне ала бермейді. Екіншіден, жеке үйінің болмауы және ата-анасына экономикалық тәуелділік, балаларды тәрбиелеу мен оқуды қоса алып жүру *5].

Студенттік отбасылық іс-әрекеттердің алғы шарттарын жетілдіру үшін көмек қажет, және осыны әлеуметтік саясат бағдарламаларында қарау керек. Қоғамда берілген мәселені шешу маңыздылығын түсіну қажет, өйткені жастарда заңцы неке «танымдылығы» төмен түсуде. Мақала дайындау барысында отбасы құру факторлары аймағында бірқатар басылымдарды зерттей отырып, біз көптеген бағыттарда көзқарастың сәйкес келетінін белгілейміз. Бұл әр жолдас басқа біреуден материалды тәуелсіз болуы қажет, ал қыздар қажет жағдайда әйел өзі қамтамасыз етуіге және баланы тәрбиелеуге міндеті осындай ойдағы дәлелді пайдаға алып келді. Бұл қазіргі заманғы жастардың жауапкершілігін көрсетуі мүмкін, отбасылық өмірмен байланысты мәселелерді мойындау және неке сияқты іс - әрекеттің қиындығын түсінуін көрсетуі мүмкін *6 - 9].

Сұралған студенттердің көбісі студенттік кезеңде отбасын құрған және бұл кезеңдегі неке тұлғалық құрылуына пайдалы әсер етеді деп санайды: отбасы, ЖОО, қоғам алдында жауапкершілікті сезінуге мәжбүр етеді. Отбасылы студенттерде оқуға және таңдалған мамандыққа көзқарас байыптырақ, олар жұмыста әсіресе, дербестікті бағалайды, кәсіптік жұмыста жетістіктерге жетуге бағдарланады. Отбасылы болу студенттің құндылықты бағдарына да игілікті әсер етеді, интеллектуалды және әлеуметтік қажеттіліктердің дамуына мүмкіндік береді. Алайда бұл аргументтер зерттеулік гипотеза ретінде ұсынылуы мүмкін, қосымша құптауларды қажет етеді, және кез келген нақты жағдайда оқу жылдарында неке құру және құрмау сұрағынан алыс.

Жиі студенттер оқу кезінде отбасын құру жеңілдеу деп санайды, әсіресе әйелдерге, өйткені кейін олардың мүмкінділіктері

 

азаяды (жасының үлкеяімен, еркек және әйел контингентінің жеткіліксіз сәйкес тұрғылықты жерінің өзгеруімен және т.б.). Студент-дәрігерлердің жауаптарының нәтижелерінде 80% студент Алматы қ. тіркелген (жатаханадағы уақытша тіркелуді қосқанда), ал 18% Алматыоблысындатіркелген. Алайда, 38% жағдайда студенттердің Алматыда тұратын жері тіркелуге сәйкес емес екеніне назар аудару қажет.Студенттердің ата- анасы 34,1% жағдайда Алматыда тұрады, 57,8% - республика шекарасында, ал 6,8% Қазақстаннан тыс, басқа жерлерде бар. Студенттік өмірде қоғамдық жұмыстар дәстүрлі болып табылады.Студентке ол ұйымдастырушылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, өзара қарым-қатынаста және ұжымда машықтандырады.

Сауалнама нәтижелеріне сай қоғамдық жұмысқа уақыт табады 8,7% және ғылыми үйірмелерге 8,9% студент, 18% респондент спортпен шыңдап айналысады, ал 20,5% көркем өнерпаздыққа бейім.Тек 4% респондент партияда (бірлестік) тұратынын белгіледі.

Әдебиеттер негізінде студенттердің қоғамдық жұмыспен айналысуы айтарлықтай. Отбасылы студенттерде отбасы құрмаған студенттерге қарағанда анағұрлым жоғары (60% және 55,3% сәйкесінше). Отбасылы студенттерде қоғамдық жұмысқа қатысу себебі әртүрлі. Оған қажеттілікті тек 15% отбасылар сезеді, қалғандары қажеттілікке, өзінің әлеуметтік жағдайкүшіне орай қатысады. Қоғамдық жұмыстарға қатыспауға отбасы қамы және кішкентай бала қызығушылықтың жоқтығына қарағанда екі-үш есе жиі себеп болып келеді. Әрине, отбасылы студенттерге отбасы және бала қоғамдық жұмыстардағыдан шегінуге негізгі себеп болады. Бірақ қызықты істердің жоқтығына қоғамдық жұмыстарға қатыспаудың себебі ретінде баласы жоқ студенттерде көрсетеді. Осылайша, студенттердің қоғамдық пассивтілігіне себеп отбасы емес, ал ал бұрынғы формалардың сіресіп қалуы, қоғамдық күштердің және жастардың қуаттылығының қажетсіздігі болып табылады *10 - 11].

Кез келген қызмет аясының жаңа формалары оның қатысушыларының бірдей құқықтағы қатынасы негізінде, жастар талабына сай қоғам қызығушылығы, біздің қоғамымыздың өзгеруінде студенттердің ұжымдық қызығушылығы жасалады.

Қорытынды осылайша, студенттік отбасы-отбасылық өмірдің өтілі 5 жылдан аспайтын жас отбасының ерекше түрі. Студенттік отбасы кез келген басқа жас отбасына қарағанда жоғары тұрақтылықпен сипатталады, өйткені ерлі-зайыптылар ортақ қызығушылықпен және көзқараспен біріккен; студенттік некенің ерекшелігі ерлі-зайыптылардың қызметіне - оқуға, әлеуметтік жағдайының уақытшалығына негізделген.Оқуын аяқтау, жұмысқа бөлу, келешекте жақсы көретін жқмыс-бұл студенттік некенің рухтандырушылығын құрайтыны. Сонымен қатар, студенттік отбасы ата-анасына жоғары тәуелділікпен сипатталады, өйткені кірістің жалғыз көзі - стипендия немесе, кейде, аз көлемді қандай да бір жұмысақы. Студенттік отбасы кез келген жас отбасы сияқты материалды-тұрмыстық мәселелермен кездеседі. Бұл жерде ерекше орынды баспана сұрағы алады, өйткені отбасылық жатақхана алу мүмкіндігін барлық оқу орындары бермейді.

Қаралып отырған мәселенің маңызды аспектісі болып ата-ана, қоғамдық ұйымдар, оқу орны әкімшілігі жағынан қарым- қатынасты өзгерту болып табылады. Ол көбірек төзімді болады.Көптеген оқу орындарында отбасыларға көмек және қолдау көрсетіледі: жатақханадан орын беріледі, қаржылық жәрдемақы беріледі, оқуды және бала тәрбиелеуді қиыстыру жағдайларының мүмкіншілігін тудырады. Бұлардың бәрі белгілі бір көлемде студенттік отбасының өмірін жеңілдендіреді. Студенттердің өзінде де некеге және отбасылық өмірге көз қарасы өзгереді.

Кез келген студенттік отбасы көбінесе өздері шеше алмайтын мәселелерге ие, мемлекет жағынан қамқоршылыққа, университет, студенттік профком және ата-ана жағынанкөмекке мұқтаж.Жас отбасылардың мәселелерін комплексті зерттеу «Студенттік отбасы-Қазақстан болашағының кепілі» жобасын құру түрінде іске асырылуы мүмкін. Оның ішіне студенттік отбасылардың мәселелерін анықтау және шешудің негізгі тапсырмалары қойылады; студенттік отбасыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша; студенттердің денсаулығын сақтау және қорғау; студенттік отбасыларды құқықтарымен және міндеттерімен таныстыру; студенттік оралымның жаңа формаларын дамыту. Жиынтығында көрсетілетін көмек отбасының біркелкі гармониялық дамуын қамтуға, олардың бос кездік қызметін ұйымдастыруға және өнегелік тәрбиелеуге жағдай туғызады.

 

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

  1. Лисовский В.Т. Молодежь: лябовь, брак, семья. - СПб.: 2003.
  2. Добреньков В.И., Кравченко А.И. Фундаментальная социология // в 15 т. Т. 10: Семья. Гендер. Общество. - М.: 2002.
  3. Антонов А.И., Медков В.М. Социология семьи // - М.: Изд-во МГУ, 1996.
  4. Третьякова С.Н., Каракушикова А.С., Мустафина Ж.Г. и др. Исследование демэкономических проблем студенческой семьи // Вестник Казахского национального медицинского университета, 2010. - №1.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.