Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Төменгі курс студенттері үшін химиядан ғылыми-зерттеу ж¥мыстарын ¥йымдастыру

Бұл мақалада медициналық жоғары оқу орындарының төменгі курс студенттері арасында химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жайлы сұрақтар қаралып, жеке ғылыми тақырыптар бойынша рефераттар дайындау, өзіндік іздену тапсырмаларын орындау және ізденіс сипатындағы зертханалық ғылыми тәжірибелер жасау ұсынылған.

Жоғары оқу орынында мамандар дайындау процессі барысында тек берік білім, кәсіби біліктілік пен дағдыларының негізін ғана қалап қоймай, сонымен қатар, болашақ маманның ойлау қабілетін арттырып, білімін өзі толықтыра алуға және оны күнделекті жұмыста қолдануға үйретеді. Студенттің білімді меңгеріп, біліктілікке және дағдылыққа машықтануы олардың ақыл ойының белсенді дамуына әсерін тигізеді. Осы тұрғыдан студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) атқарар ролі айтарлықтай. СҒЗЖ-ын ұйымдастыру кешенді шаралары студенттің өзіндік танымдылыққа деген ықыласы мен ізденіске деген қабілетін аттырары сөзсіз. Ғылыми-зерттеу жұмыстары студенттің өзіндік ойлау қабілетін арттыратын, ғылымға қызығушылығы мен икемділігін дамытатын, жұмыс істеуге үйрететіндей болуы шарт *1, 2]. Осыған сәйкес СҒЗЖ ұймдастырып, бағыт-бағдарлама беру үшін кафедра аясында студенттік ғылыми үйірме (СҒҮ) құрған дұрыс деп таптық. Себебі студенттердің ойлау қабілетін дамытуға, медицина мамандықтарын саналы түрде игеруге әсер ететін іргелі ғылымдардың бірі - химияға деген қызығушылығын арттыру жолдарының бірегейі оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту екендігі анық. Бұл үрдіс олардың оқып жатқан пәндеріне деген көзқарасын өзгертіп, алған білімдерін тәжірибеде пайдалана алу дағдысын тәрбиелейтіндігі сөзсіз.

Төменгі курс студенттерінің өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстары білімді саналы меңгеруіне және оны дұрыс қолданып, белсенділік пен зерделікке тәрбиелеуге бағытталады. Бірінші курс студенттері арасында химиядан зерттеу жұмыстарының кеңінен таралған түрі жеке ғылыми сұрақтарға рефераттар дайындау, ізденіс сипатындағы зертханалық тәжірибелер жасау, өзіндік іздену тапсырмаларын орындау сияқты жұмыстарды кафедрадағы СҒҮ-де бастайды.

Тақырып бойынша бірінші курс студенті іздену жұмыстарын ғылыми әдебиеттерді оқып, керекті материалдарды жинастырып, талдаудан бастағаны абзал. Ғылыми әдебиеттерден берілген тақырып бойынша деректерді, патенттерді іздестіру арқылы керекті материалдардын тауып, өңдеп, іскерлікпен сынап, бағалай алу болашақ маманның зерттеу жұмысындағы алқашқы қадамы болып табылады. Химиядан кейбір зертханалық тәжірибелік жұмыстар өздігінен ізденуді қажет етеді және бұл жұмыс барысында алынатын нәтиже белгісіз болуы мүмкін. Студенттерге дайын нұсқау бойынша берілген жұмыстармен салыстырғанда, біздің пікірімізше, мұндай іздену жұмыстары олардың ізденіске деген қызығушылығын арттырады. СҒҮ-ні ұйымдастыру жан-жақты кешенді жұмыс, СҒҮ-де ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдану студентті өздігінше ізденіп, ғылым жаңалықтармен танысып, игере білуге қалыптастырады. Бұл ұйымның студенттер үшін қажеттілігі зор, себебі студенттің ой өрісі дамиды, химия пәніне және ғылымға деген кәсіби бағытта қызығушылығы артады.

Кафедрада бірінші курс студенттері үшін химиядан ғылыми- зерттеу жұмыстарына икемдеп тарту алғашқы тәжірибелік сабақтан басталады. Оларға келешек мамандықтарына байланысты химиямен ұштасып келетін, ғылыми маңызды тақырыптар беріледі, әрине оқытушының басшылығымен. СҒЗЖ осылай ұйымдастырудың студентті өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырумен бірге тәрбиелік әсері де зор екендігін байқатады. Студетке берілген тақырып бойынша әдебиеттерді жете, толық меңгерудің жауптылығы ескертіледі, себебі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде маңызды мәселелерді таңдап, оларды кезегімен және дұрыс шеше білу осы жұмыстардан басталады. Таңдалған ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша студенттің ғылыми әдебиеттермен дұрыс жұмыс жасай алуының ғылыми көзқарасын кеңейтуге және арнайы пәндердің мәселелерімен танысып, фармация мен медицинаның нақты ғылыми мәселелерін шешудегі химияның орны мен рөлін бағалауға мүмкіндік береді. Тәжірибелік зерттеу жұмыстарын студенттер сабақтан тыс кезінде оқытушы немесе кафедра ғылыми қызметкерінің бақылауымен жасайды. Осындай жұмыстарды орындау барысында студенттер химиялық ыдыс-сайман, құрал-жабдықтар мен реактивтерді дұрыс, орын-орынымен қолдануды меңгереді. Пән бойынша сабақтан тыс уақытында өздігінен тәжірибелік жұмыс кезінде реактивтерді, құрал-жабдықтарды ұқыпты және тиімді пайдалануға үйрету олардың ғылымға деген ынтасы мен икемділігін қалыптастырып, материалдық құндылықтарға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейтіндігі анық.

Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік зертеу жұмыстарын ұйымдастыру оқыту процесіне оң әсерін тигізумен бірге оларды ғылымға тәрбиелеудің ұтымды жолы болып табылады. Бұл жұмысты іске асыруға кафедрада құрылған СҒҮ мүмкіндік береді. Ол студентті ғылыми ізденіске қатыстырып, өзіндік шығармашылық мүмкіндіктеріне дұрыс баға беруге, жан-жақты дамып, зерттеуші тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Химия кафедрасы СҒҮ-інде лекторлар тобы, тәжірибелік жұмыстарды іске асыру, ғылыми-зерттеулер және ұйымдастырушылар топтары бар. Әр топ жұйелі түрде жетекшіден тапсырмаларды алып отырады. Студенттер өзіндік жұмыстың жүру жолдарын қарастырып, керек кезде жетекшілеріне, ғылыми мақалаларға және әдістеме ұсыныстарына жүгінуіне болады. Егер жұмысты орындау барысында қиындықтар туындай қалғанда, күтпеген нәтижелер алынғанда, студенттерді әрекеттерін, тәжірибе нәтижелерін мұқият талдау жасауға үйрету, тәжірибенің егжей-тегжейін, әдеби дерек көздерінде келтірілген мағлұматтарды дұрыс пайдалана отырып зертеулеріне мұқият назар аудару арқылы қосымша жол табу, тәжірибе жағдайларын құбылту арқылы, тақырыпқа қатысты саладағы аға буын мамандармен кеңесу арқылы дұрыс шешім табуға баулу оңтайлы және тиімді жол болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ.

Қорыта айтқанда, біріншіден, әдеби дерек көздерімен дұрыс жұмыс істей білу төменгі курс студенттері үшін өте маңызды, себебі ғылыми-зерттеу жұмыстары қажетті әдеби мағлұматтарды іздеп табу, патенттік ізденісті дұрыс жүргізе білуден басталары белгілі. Екіншіден, зертханалық тәжірибелік ізденіс жұмыстары студенттерді химиялық ыдыс-аяқ, құрал- жабдықтар, реактивтермен дұрыс және оңтайлы жұмыс істеуге, материалдық дүниелерге жауапкершілікпен қарауға дағдыландырады.

Сонымен бірге, студенттер әр түрлі өзіндік зерттеулер жүргізе отырып өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін сынайды, тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жымыстарын орындау аталмыш жұмыстарды ұйымдастыруға қабілеттерін арттырып дағдыландырады, өзінің болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Анисимова Ж.П. Самостоятельная работа студента // Материалы Всероссийской научно-методической конференции «Университетский комплекс как региональный центр образования, науки и культуры». - Оренбург: 2012. - С. 1017-1020.
  2. Кушнарева О.П. Организация и управление самостоятельной работой в представлении студентов // Материалы Всероссийской научнометодической конференции «Университетский комплекс как региональный центр образования, науки и культуры». - Оренбург: 2012. - С. 1051-1054.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.