Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өнеркәсіп шығырыстарының қоршаған ортаға тигізетін әсері

Алматы қаласында зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нəтижесíнде смог деп аталатын қалың тұмандар пайда болды. Тíптí кейбíр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нəтижесíнде адамдардың аса К¦ауíптí аурулары мен өлiмiне себеп болады.

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшін әрқашан зиян. Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесінде адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады. Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар бар. Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз болып, организмге бірден әсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, тыныс жолдарының спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, организмнің жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға қарсы тұра алу қабілетінтөмендетеді.

Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерінен шыққан газдар, түтін, ірі қалалардың үстінде пайда болатын түрлі шаңдар Күн сәулесінің Жердің бетіне түгел түсуіне кедергі келтіреді. Ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігі балаларда авитаминоз және рахит ауруларын туғызады.

Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы, жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады. Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрес. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол  қазірнемесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.

Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын және зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін іс- шараларды төмендегідей 3 топқа бөлуге болады:

Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процестерді жақсарту және мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологияларды өндіріскеенгізу.

Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуін азайту немесе мүлде болдырмау.

Зиянды қосылыстарды бөлетін объектілерді тиімді орналастыру және жасыл өсімдіктерді көптеп отырғызу, егу.

Бұл ретте қаламыздың атмосфералық ауасы мен экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қолданыстағы ұлттық және аймақтық, мемлекеттік бағдарламаның орындалуы айрықша көңіл аудартады: "Саламатты Қазақстан", "Алматы қаласына 2009-2018 жылдарға арналған қоршаған ортаның ластануын төмендетудің кешенді бағдарламасы" және "Алматы қаласының өзендері және су айдындары " , 2011-2020 жылдарға арналған “Ақ Бұлақ" бағдарламасы. Сонымен қатар ҚР үкіметінің № 168 25.01.2012 ж«Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық жәнеауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп- ұстауға,адамға әсер ететін физикалық факторлардыңкөздерімен жұмыс істеу жағдайларынақойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитарлық қағидаларын басшылыққа аламыз.

Қазіргі кезде Алматы қаласы Жетісу ауданында қаламыздың атмосфералық ауасына бірқатар зиянын тигізіп отырған өндірістік нысандар баршылық. Жетісу ауданы негізінен өндірістік нысандардың шоғырланған ортасы болып табылады, атап айтар болсақ мысалы: «АЛЭС» ТЭЦ-1, «Асфальтобетон» ЖШС-і, «Темірбетон» ЖШС-і, «Бетон ата»ЖШС-і, «Казтурк бетон»ЖШС-і.

Тоқтала кетсек, Алматы қаласы Жетісу ауданы Сейфуллин, 433 үйінде орналасқан №1 жылу электр станциясы тұрғын ғимараттармен батыстан 150 м, оңтүстік-батыстан 250 м, солтүстік-шығыста 50 м қашықтықта орналасқан. Қолданылатын шикізат түрлері көмір және мазут.

Өнеркәсіп орнынан бөлінетін шығырыстардың жерге шөгетін концентрациясы қысқы мезгілде азот диоксиді -2,682ШРЕК(шекті рұқсат етілген концентрациядан), көмірқышқыл оксиді - 1,7718 ШРЕК, шаң мөлшері - 1,2375 ШРЕК, (азот диоксиді + күкірт диоксиді + азот оксиді + мазут күлі)қосындысы - 2,8246 ШРЕК және (азот екі оксиді + күкірт диоксиді)- 2,8232 ШРЕК-тен жоғары болды.Атмосфералық ауаның ластануында, жоғарыда айтылған шығырыстардың қосарланған түрлері басты ластаушы көздер болып тұр. Атмосфералық ауаның ластануын төмендетуге бағытталған бірқатар шаралардан кейін бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеді. Мекемедегі өндірістік зертханадаазот екі оксиді және барлық қазандықтардан шыққан күлдер квартал сайын, алЖетісу аудандық МСЭҚБ ӨНҚБ(өндірістік нысандарды қадағалау бөлімі)-нің мамандарымен жоспарлы түрде атмосфералық ауаға түсетін шығырыстар жылына 1 рет қадағаланады.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсек, өзіміздің Жер - Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Неменко Б. А., «Коммуналдық гигиена бойынша практикалық сабаққа арналған басшылық». - Алматы: 2010. - 75 с.
  2. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексі - Алматы: ЮРИСТ, 2009. - 108 б.
  3. Алматы қаласы Жетісу аудандық МСЭҚБ-ң ӨНҚБ жылдық қорытындысы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.