Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу мәселелері

Берілген мақалада жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу мәселелері сипатталады. Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының себептерін талдау жүргізілді. Еңбек нарығындағы жастардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша нақты міндеттер қойылды. Жалпы Республика бойынша жұмыспен қамту органдарының қызметін реттеу жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар берілді.

Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған, алдағы уақытта да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-экономикалық проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жастар арасында жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол. Себебі, оның мынандай факторлары бар екендігі екінің біріне белгілі жайт. Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаладырылуы, еңбекті интенсивтедіру деңгейінің артуы, әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты өнеркәсіптің т.б. мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай-ақ мамандандырылудың біржақты жүргізілуі (қаржыгер, мұнайшы) - осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім.

Жұмыспен қамту және жұмысбастылықпен қамтамасыз ету институты нормаларында еңбекті құқықтық реттеудің екі негізгі қағидасы анықталған. Бұл еңбек пен жұмыспен қамтылу бостандығын қамтамасыз ету қағидасы, және еңбек ету құқығын және жұмыссыздықтан қорғауды, жұмысқа орналасуға көмекке және жұмыссыздық жағдайында материалдық көмекке құқықты қамтамасыз ету қағидасы.

Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық - инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр.

Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді[1].

Еңбек құқығының кепілдігі - жүзеге асыруды қамтамасыз ету жағдайлары, құралдары және әдістері және оларды бұзудан қорғау. Кепілдіктер әлеуметтік- экономикалық (жағдайлар), құқықтық және ұйымдастырушылық болуы мүмкін. Және де бір құқық басқа, одан терең құқыққа кепіл бола алады. Осылайша, еңбекке құқықты қамтамасыз ету кепілдіктерінің бірі болып азаматқа жұмысбастылықты қамтамасыз ету мен жұмысқа орналасу барысында жәрдемдесу болып табылады. Жұмысбастылыққа жәрдемдесу мемлекеттік саясаты аясындағы қағидалар ҚР "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабында бекітілген. Заңда көрсетілгендей мемлекет азаматтардың еркін таңдалған жұмысбастылығына құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесі саясатын жүргізеді.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық шарттарда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру басым бағыттарының бірі жастардың жұмыспен қамтылуы болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан жастары қазақстандық қоғамның даму келешегін анықтайтын, негізгі факторларының бірі болып табылатын, халықтың үлкен әлеуметтік тобы.

Кейбір елдердегі жастардың жұмыссыздық деңгейі, (%)*

1

Тайланд

3,4

2

Қазақстан

4,6

3

Нидерланды

7,5

4

Жапония

8,1

5

Норвегия

8,3

6

Мексика

10

7

Австралия

12

8

Ресей Федерациясы

13,1

9

Канада

14

10

Бразилия

15,4

11

Заңа Зеландия

17,4

12

АҚШ

17,7

13

Финляндия

20

14

Колумбия

20,8

15

Ұлыбритания

21

16

Португалия

26,8

17

Италия

29

18

Иордания

29,5

19

Ирландия

31,8

20

Испания

46,3

21

ОАР

50

Ескерту - Автормен құрастырылған.

Кесте 1. Кейбір елдердегі жастардың жұмыссыздық деңгейі

Еңбек нарығында тереңірек бойлап көрсек, жұмыссыздық және жастарды жұмыспен қамту жөнінде көп айтуға болады. Проблема атаулы іле сөз етіліп, ол асқынбай тұрғанда түйінін шешуге ұмтылыс жасалғанда ғана жаңа күн тәртібінен біртіндеп сырғи беретіні түсінікті шығар. Сонымен, осы мәселені қандай жолдармен реттеуге болады. Тұйықтан қалай уақыт озбай шыға аламыз? Керемет боп елестейтін келешекке көлеңке түсіре беретін басты мәселенің бірі - жұмыссыз жастар жайы. Тағы бір қиындық, жұмысқа орналасу кезінде өтіл талабының өткір қойылуы үлкен өмірге енді қадам басқалы тұрған, бұрын еңбек етіп көрмеген, белгілі бір мамандықтың иесі атанып отырған көп жастың жолын байлайды. Мұндай өті болуы үшін жастар алдымен жұмысқа орналасуы керек қой. Еңбек мигранттарына да белгілі бір ереженің шеңберінде тосқауыл қоятын уақыт жетті.

Жаһандық сын-қатерлер жағдайында жастардың жұмыссыздығы өсуі әлемнің көптеген елдерін алаңдатып отыр. Халықаралық еңбек ұйымының болжамына сәйкес, жастар арасындағы жұмыссыздық жақын жылдары Еуропалық Одақ мемлекеттері - Испанияда, Италияда, Ұлыбританияда 20 пайыздан асады (кесте 1).

Статистикаға көз жүгіртетін болсақ, тәуелсіздік алғалы бері еліміздегі жұмыссыз жастардың үлесі азаюда (сурет 1). Әрине, бізде жағдай басқаша, дегенмен жастарды жұмыспен қамту әруақытта өзекті болуы тиіс.

Әлемдік экономикалық дағдарыс экономикада жағымсыз салдарлар туғызған мәселелердің туындауына алып келді, оладың ішінде ерекше орын еңбек нарығының қалыптасуы жағдайында адами рессурстардың қалыптасуы, пайдаланылуы және дамуы мәселелеріне тиесілі.

Қазақстандық еңбек нарығында жастар жағдайынта талдау жасаудың қажеттілігі екі маңызды шартпен негізделген. Біріншіден, жастар Қазақстанның жұмысқа қабілетті халқының шамамен 35% құрайды, екіншіден, ең бастысы, олар - ел болашағы, олардың қызметінің бастапқы жағдайларынан болашақ дамуы тәуелді болады. Жастар бүгінгі күнде де қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын

анықтайды. Сонымен қатар жастар барлық әлем елдерінде еңбек нарығында ерекше қорғалмаған топтардың бірі болып табылады.

"Жастар" - бұл жас адамдар, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны және қызметі, олардың айрықша қызығушылықтары мен құндылықтары қоғамдық жағдай ерекшеліктерінің базасында жасымен негізделіп айрықшаланатын, әлеуметтік-демографиялық топ. Адамның жастық шағында оның өмірлік цикліндегі басты әлеуметтік және демографиялық оқиғалар орын алады: жалпы білімді аяқтау, мамандық таңдау және кәсіби даярлыққа ие болу, еңбек қызметінің басталуы, некеге тұру, балалы болу. Халықтың бұл тобы еңбек нарығындағы олардың жағдайын анықтайтын бірқатар топқа жіктеледі[3].

Жастардың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік тетігіне жастардың көші-қонын реттеу механизмі де жатады. Жастар, әлеуметтік жік ретінде жалпы көшіп- қонушылар санының үлесін елеулі көбейтеді және көші-қонның басым бөлігінің жастар құбылысы ететін белгілі бір сапалық сипаттамаларды иеленген. Жастарға ата-аналарынан бөлініп, өз бетімен тәуелсіз тұру тілегі тән. Басқа қалаға немесе тіпті басқа елге көшіп-қону өз бетімен өмір сүруді және тәуелсіздікті көбейтеді, жас адамның ересектенуін тездетеді.

Қазіргі жастар халықтың басқа көптеген топтарына қарағанда жоғары бейімделу дәрежесіне ие, бұл олардың жаңа жердегі өмірді игеруі мен реттеуін жеңілдетеді. Сондықтан мемлекет жастардың еңбек нарығындағы көші-қон механизмін реттеу кезінде аталған үдерісті әлеуметтік қорғауға, оңтайлы салық салуға, қаржы және көлікпен қамтамасыз етілуіне, заңдық қолдауға және т.б. тұжырымдалған қажетті құқықтық және экономикалық нормалармен қамтамасыз ету туралы қамқор болуы тиіс.

Жастардың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік тетігіне сондай-ақ кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс істеуін жатқызу керек. Қазіргі жағдайларда оқу орындары өздерінің бағдарламаларын еңбек нарығы талаптарына бейімдеуге тырысады. Сондықтан бұл жерде негізгі курсқа қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін немесе көбіне кәсіптік-техникалық, орта арнайы және жоғары оқу орындарының бірлескен күшімен жүзеге асырылатын біріктірілген бағдарламалар деп аталатынды енгізу қажет. Соңғылары түлектерді "оқып-үйренуге", яғни біртіндеп барлық күрделірек мамандықтарды игеруге және өз қабылетінің деңгейіне байланысты біліктіліктерін арттыруға үйретуге бағытталуы тиіс.

Берілген мәселелерді шешу барысында әлеуметтік тұрғыда әлсіз қорғалған және аз бәсекеге қабілетті еңбек ресурстары топтарының жағдайын ерекше ескерген жөн, олардың біріне оларды толықтыру көздерінің бірі болып табылатын жастар жатады.

Жастардың еңбек нарығына енуі ең алдымен олардың мамандық таңдау барысында, негізінен, оның еңбек нарығындағы қажеттілігіне емес, қоғамдағы танымалдылығы мен беделділігіне бағдарлануына, негізделген едәуір қыйындықтар мен қарама-қайшылықтармен қатар жүреді. Осы тұрғыда, оқу орнын аяқтап, жастардың көпшілігі мамандық иесі атанғаннан кейін жұмыс орнына мамандық бойынша немесе мүлде орналаса алмайды, бұл өз кезегінде жастар жұмыссыздығының артуына алып келеді. Нәтижесінде жастардың осы бөлігінің білім алуына жұмсалған қаражаттар әрдайым ақтала бермейді.

Жастарға білім беру саласында да барлығы біркелкі емес. Жастардың университеттерде және колледждерде білім алуға ұмтылуы әлбетте жетістік болып табылады. Сонымен қатар кәсіби білім алған түлектердің жұмыс орнына орналасуында мәселелер бар. Нәтижесінде олардың көпшілігі мамандығына сай келмейтін қызмет атқаруға міндетті. Әрине, жастар әлеуметтік топ ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Жиі олар заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделу қыйыншылықтарымен байланысты: кәсіби және әлеуметтік өзін-өзі тану, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселелері және т.б.

Тенденцияларды талдау көрсеткендей, еңбек нарығындағы жастардың бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуының себептері қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларының болмауымен, жұмыс берушінің кәсіпорынға қажетті кәсібі жоқ жас адамдарды кәсіби оқытумен байланысты қосымша қаржылық және ұйымдастырушылық шығындар көтеруді қаламауымен, кәсіби білім мен еңбек мәдениетінің жетіспеушілігімен; жастардың беделді емес, жас адамдардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты төмен еңбек ақы төленетін жұмыс орнына орналасуды қаламауы, олардың жоғары жалақыға бейімделуімен байланысты.

Жастардың басым көпшілігі үшін қызметтің беделді салалары мен аялары тартымдырақ болып табылады. Бұл жағдайда басымдылық еңбекақы мөлшерімен сәйке келеді. Қалаулары келесідей түрде көрініс табады: қаржы және банк саласы, кәсіпкерлік, құқық қорғау органдары, күзет қызметі, сауда және делдалдық қызмет саласы, экономисттер мен менеджерлер, дәрігерлер, оқытушылар және бәрінен кем мәдениет, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік жұмыс салалары [4].

Сонымен қатар мемлекеттік емес секторда да жастардың жұмыспен қамтылу саласы кең таралуда. Бұл тенденция тұрақсыз жұмысбастылық, жоғары ағымдылық, еңбек пен кәсіби білім алуды біріктірудің кепілді жағдайларының болмауына, біліктілікті талап етпейтін жұмыстың басым болуына қарамастан сақталып келеді. Осылайша, мемлекеттік секторда жас қызметкерлер үлесінің азаюы, олардың коммерциялық секторға, шағын бизнес жүйесіне ағылуы олардың жұмыспен қамту саласында тұрақтылыққа кепіл бермейді.

Жастардың қоғамдағы жағдайы бірқатар обьективті және субьективті факторларды бейнелейді: материалдық қамтамасыз етілу деңгейі, өзін кәсібисалада жүзеге асыру мүмкіндігі, білім алу, мансап құру, өзінің азаматтық құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету. Жастар жұмыссыздығы халықтың жұмыссыздық мәселелерін қарастыру барысында өзінің жағымсыз салдарларының өткірлігі үшін де айрықшаланады.

Жастарға әлеуметтік сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша, жастардың жұмысқа орналаса алмауға кедергі болатын: ең алдымен жұмыс өтілінің болмауы, айлық ақының төмен мөлшері, алған білім мен жұмыс орнының функционалдық сәйкес келмеуі, және т.б..

Осы жұмыс барысында біз 16 дан 29 жас аралығындағы жастар еңбегінің сұранысы мен ұсынысы тенденцияларын талдауға тырысып көрдік. Дәл осы жас аралығында олардың негізгі бөлігі қоғамдық және әлеуметтік салады тұрақты кәсіптік - еңбек дәрежесін иеленеді. Жастар деп кемінде үш кіші топты айтамыз:

Бозбала, бойжеткен тобы (18 жасқа дейінгі жастар) негізінен орта мектеп және кәсіптік мектеп оқушыларынан тұрады. Негізінен олар еңбек үрдісіне тартылмаған. Алайда халықтың көп бөлігінің өмір деңгейінің едәуір төмендеуі жастардың осы бөлігінің өмірлік ұстанымдарын өзгертті. Олардың көпшілігі қаражат табуға ұмтылады. 18 бен - 24 жас аралығындағы жастар - бұл кәсіби даярлықты аяқтағалы жатқан немесе аяқтаған студенттер және жас адамдар. Олар еңбек нарығына енетін ең әлсіз топ болып табылады, себебі жеткілікті кәсіби және әлеуметтік тәжірибеге ие болмайды, сол себепті бәсекеге қабілеттілігі төмен болады.

25-29 жастағы жас адамдардың көпшілігі осы шақтан бастап кәсіби таңдау жасап, белгілі біліктілікке, әлде-бір өмірлік және кәсіби тәжірибеге ие болады. Олар нені қалайтынын біледі.

Халықтың жалпы өмір деңгейінің төмендеуі оқудан тыс уақытта жұмыс істеуге мәжбүр, оқушы жастардың арасындағы артып отырған жұмысбастылыққа алып келді.

Өндірістік еңбектің беделінің төмендеуі себебінен, жастардың көпшілігі үшін әлеуметтік пессимизм тән болып отыр, олар қызықты, мазмұнды, әлемдік стандарттар деңгейінде өз еңбегі шамасына сай ақы төленетін жұмысқа ие болу мүмкіндігіне сенбейді. Еңбекті ынталандырудың полярлы өзгерістері жүзеге асуда. Білікті жас кадрлар мамандығын жиі ауыстырады, бұл келешекте кәсіби құрылымдағы жұмыс күшінің тепе-теңдігінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Басымдылық өндірістегі мазмұнды еңбекке емес, қарқындылығы төмен, кез-келген тиімді жолмен едәуір материалды пайда алуға бағытталған еңбекке беріледі. Жастардың шамамен 30 пайызы білім алу өмір сүру деңгейінің сәтті болуының кепілі болмайды деп есептейді.

Еңбек нарығындағы жағдайларда маңызды көрсеткіш болып жұмыссыздықтың деңгей, сыйымдылығы және еңбек нарығының конъюнктурасы болып табылады. Алайда мұндай статистика толығымен еңбек нарығындағы толық жағдайды көрсетпейді. Жастар еңбек биржасында басқа жастағы адамдармен салыстырғанда сирек тіркеледі. Нәтижесінде нарықтық қатынастың ерекшеліктерімен байланысты, жасырын жұмыссыздық, жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа құбылыстарының барлығы есепке алынбайды. Өндірістік емес салада жұмыс күшіне сұраныс жылдам өсу үстінде, әсіресе жылдам коммерциаланғандарда. Егер де қазіргі кездегі білікті мамандарды дайындау және оларға деген сұраныс өзгермесе, жақын аралықта біліксіз мамандар халық арасында жұмыссыздықтың ұлғаюын алып келуі мүмкін, ең алдымен жалпы орта мектепті бітірген, әрі қарайғы оқуын жалғастырмаған, мамандығы немесе қажетті біліктілігі жоқ - жастардың арасында. Сондықтан да жалпы білім беруін және жастарды кәсіптік оқытуды ұтымды ұйымдастыру қажет [5].

"Жастар ҒЗО деректері бойынша" Жастардың әлеуметтік сауалнама нәтижелері %-бен

1

Сіздің қалаңызда, аулыңызда жұмысқа орналасуға қандай кедергілер бар?

22

2

Жұмыс өтілінің болмауы

17

3

Айлық жалақының төмен болуы

13

4

Жұмыс берушінің парақорлығы

11

5

Алған білім мен жұмысқа қойылатын функционалдық талаптардың сәкес болмауы

10

6

Жас мамандардың еңбек нарығындағы төмен бәсекеге қабілеттілігі

10

7

Тұтынатын ауданда жұмыс орындарының болмауы

4

8

Этникалық сипатына қарай кемсіту

3

9

Әйел немесе ер жынысына жататындығы бойынша кемсіту

3

10

Кішкентай нәрестенің болуы

3

11

Денсаулық жағдайы

3

12

Жас мамандардың жоғары менмендігі

3

13

Ешқандай кедергі жоқ

1

Ескерту - Автормен құрастырылған.

Кесте 2. Жастардың әлеуметтік сауалнама нәтижелері

Экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне сәйкес келетін жүйені қалыптастыру керек.

Бұл жүйе төмендегідей қалыптасу кажет:

  • кәсіпорында, ұйымда және мемлекеттік мекемелерде конкурстық сұрыптау негізінде жастарды жұмыспен қамту және тәжірибелерді ұйымдастыру;
  • жастар үшін жұмыс орындарын үлестіру мақсатымен аудандық арнайы бюджеттік қорлар жасау;
  • білім беру мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің ынталандыру жүйесін жетілдіру;
  • жастармен мамандыққа бағытталған ескертпелі жұмыс жүргізу;
  • жастар жұмыссыздығын алдын-ала ескерту жөнінде іс-шараларда қалыптастыру және жүзеге асыру;
  • жастарды баспа және электронды ауқымда ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру, еңбек нарығы және жастарды қолдану шаралары туралы анықтамалық және ақпараттық-әдістемелік әдебиеттерді баспаға шығару;
  • жас кәсіпкерлікті және жастар кәсіпкерлігін құру тәжірибесін дамыту, жастардың бизнес- жоспарларын кеңеспен және эксперттермен қамтамасыз ету

Кәсіби білім беретін мектептердің түлектері жұмыс орнын іздеу барысында ең алдымен келесі мотивтерді басшылыққа алады: жоғары ақы төленетін жұмыс (83%); еңбектің жақсы ұйымдастырылуы және қамтамасыз етілуі (49%); бос уақыттың жеткілікті болуы (31%).

Колледждердің түлектері жоғары еңбекақыға (78%), салыстырмалы түрдегі жұмыс күнінің еркіндігіне (38%); кәсіби мансап мүмкіндігіне (29%) басымдылық береді.

Жоғары оқу орындары түлектерінің мотивтерінің аясы кеңірек: жақсы еңбекақы және қосымша табыс табу мүмкіндігі (85%); қызықты жұмыс (61%); еңбек барысын өз еркімен жоспарлау мүмкіндігі (34%); еңбек күнінің салыстырмалы түрде еркін болуы (31%); отбасы мен басқа да қызығушылықтар үшін бос уақыт қорының болуы (30%). "Кәсіси тұрғыда өсу", "еңбек ету барысындағы шығармашылық", секілді мотивтер тек ЖОО әрбір алтыншы-жетінші түлегіне ғана маңызды болмақ.

Зерттеу көрсеткендей, жастар заманауи еңбек нарығы, сәтті кәсіби мансап қалыптастыру негізі болатын еңбек нарығындағы мінез-қылық ережелері туралы, еңбек қатынастары саласындағы өздерінің құқықтары мен міндеттер туралы білім алмайды. Жастар бәсекелестікке және еңбек нарығында субьект болуға даяр емес. Алғаш рет еңбек нарығына шығу барысында жастардың санасында болашақ кәсібі, еңбек және кәсіби мансап туралы иделисттік ойлар басым, олар еңбек нарығына бірінші қадамдар жасалғаннан бастап орындалмайды және жұмыс орнына орналасу мүмкіндігінің болмауы жағдайларында күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдайлардың (үрей, депрессия жағдайы, коммуникативті аяға ықпал ететін және амалсыздық сезімімен ілесетін кінә сезімінің) туындауына алып келеді. Еңбек шындығына кезігу еңбек құндылықтарының қайта бағдарлануына немесе деградациясына алып келеді. Осылайша жұмыссыздық жастардың әлеуметтік-психологиялық дамуына кері әсер етеді және еңбекке өзін-өзі жүзеге асыру құралы деген көзқарастың жоғалуына алып келеді, ал дұрыс социализация үрдісі бұзылады.

Сонымен қатар, жастардың еңбек нарығындағы жағдайы даярлау мен тәрбиелеу арқылы өз түлектерінің кәсіби-біліктілікті даярлық деңгейлерін белгілейтін, еңбек нарығындағы және еңбек қатынастары саласындағы мінез-қылық үлгісін, еңбекке деген құндылықтар бағдарын қалыптастыратын қаланың білім беру ұйымдарының қызметімен де анықталады. Жастарды жұмыспен қамту мәселелері қалай шешілуде?

Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, экономикадағы өзгерістер еңбек нарығын құрылымындағы едәуір өзгерістерге және білікті жұмыс күшіне сұраныстың артуына алып келді. Қазіргі уақытта жоғары біліктілікті мамандардың жетіспеушілігі өндірістің даму қарқынына және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуде.

Жастар жұмыс мамандығын түсініп иемденуі қажет - бұл беделде, тұрақты әрі жоғары ақылы. Жұмыс мамандығын таңдай отырып, олар еңбек нарығында сұранысқа ие болады, және де тәжірибе көрсеткендей олардың еңбекақылары жоғары білім иемденгендерден жиі жоғары болады, - деп Н.Ә.Назарбаев атап кетті.

Елбасы тек дамыған кәсіби-техникалық білім жүйесі көптеген мәселелерді, оның ішінде жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселесін шешуге мүмкін деген ой білдірді.

Осы мәселені шешудің маңыздылығын мойындай отырып, мемлекет осы бағыттағы қадамдар жүргізе бастады.

2011 жыл барысында жұмыспен қамту қызметіне қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарынан 5000 астам бос жұмыс орындары келіп түсті. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар: дәрігерлер мен мейірбикелер, инженер-механиктер, инженер-электриктер, газды электр дәнекерлеушілер, электр дәнекерлеушілері, токарьлер, слесарь- сантехникашылар және басқа да жұмысшы мамандықтар. Қала кәсіпорындарындағы кадрларға деген қажеттілікті зерттеу осы мамандарды даярлау қажеттілігін анықтайды.

Соңғы жылдары кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру қызығушылыққа ие болып отыр. Оларға мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын алу мақсатында "жастар тәжірибесінен" өту мүмкіндігі беріліп отыр.

Сонымен қатар осы бағдарлама аясында демалыс уақыттарында оқушы жастарға жұмыс орындарын жасау мүмкіндігі бар.

2011 жылда барлығы осы әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру бағдарламасының нәтижесінде 657 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 70% - жастар. Берілген жоба алты айдан аспайтын уақытша жұмыспен қамтылуды қарастырады, алайда өз міндеттерін дұрыс орындаған жастарға кәсіпорындарда одан ары, жалпы жағдайларда қызмет етуді ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту қызметтері органдары жұмыссыз жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту мен қайта оқытуды жалғастыруда (жол картасы). Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің мамандандырылған сипаты олардың тиімділігін арттырады. Сондықтан да бұл форма белсенді даму үстінде [6].

Қазақстанда қазақстандық жастардың едәуір сапалы кәсіби-техникалық білім алуға және де сол арқылы еңбек нарығындағы едәуір лайықты бейімделуге қажетті жағдайлар жасау қажет.

Қорытындылай келе келесілерді ұсынғымыз келеді: жастарды жұмыспен қамту саласының одан ары дамуы үшін қажет:

  • еңбек нарығын зерттеу бойынша арнайы зерттеулер жүргізу;
  • базалық оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы байланыстарды дамыту;
  • жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпалдасатын, әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту (жастар еңбек нарығы, жәрмеңкелер және т.б.).

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Абуева Г.А. Государственное регулирование занятости населения // Транзитная экономика.- 2011ж.- № 3.- 110-115 б.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті. - Қолжетімділік тәртібі: http://www.stat.gov.kz/
  3. Алимбаева С.К. Особенности формирования молодежного рынка труда на современном этапе (Қазақстан материалдарында): Автореферат: 22.00.04 /- Алматы: Б.И., 2011ж.- 28 б.
  4. Бреева Е.Б. Профессиональная ориентация молодежи: особенности, необходимость проведения // Современ. и гуманитарн. исследования.- 2010ж.- № 1.- 184-185 б.
  5. Зайниева, Лилия Юсуповна. Государственная молодежная политика: Казахстан в контексте мирового опыта / Зайниева, Лилия Юсуповна.- Алматы қ.: Дайк-Пресс, 2010ж.- 296 б.
  6. Менкебаева М. Роль и место молодежи в социально-экономической и общественнополитической жизни казахстанского общества / Менкебаева М. // Аналит обозрение .-2010. № 4. 135138 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.