Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері

Қазіргі туристік индустрия халықаралық қызметтер саудасында ең ірі жоғары табысты және қарқынды дамушы сегменттердің бірі болып табылады. Ол дүниежүзінде көптеген мемлекеттерде валюта ағымының негізгі көзі. Туризмнің дамуы - болашақта ұзақ мерзімді және экономикалық тиімді перспектива, өйткені туризм шетелдік валюта ағымын қамтамасыз етеді және мемлекеттің төлемқабілеттілік балансы мен жиынтық экспортқа жағымды әсерін тигізетңндігімен қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі анықталады.

Берілген мақалада автормен елімізде туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктерін қарастырылған, туризмнің қоғам өміріне ықпалы талданып, туризм саласын ұйымдастырудың үлгілері салыстырмалы түрде ұсынылған.

Қазақстан Республикасы нарықтық экономика жағдайында екпінді түрде дамуда, бірақ бұл мұнай өндірісі мен металлургия саласының арқасында, ал туризм тек даму деңгейінде. Қазақстан Республикасының мақсаты шикізат негізіндегі бағыттан ауытқып, сервисті-технологиялық экономикаға көшу жағдайына дайындықты негізге ала отырып, экономика салаларын әртараптандыру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу болып табылатын, 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы бойынша негізгі көңіл қызмет көрсету саласына бағыттау мәселесі тұр. Қызмет көрсету саласының шегінде туризм саласы маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасының аса бай тарихы, бірегей тарихи ескерткіштері, тиімді географиялық орналасуы, табиғи және климаттық жағдайы, саяси тұрақтылық, серіктестікке барынша ашықтығы мен дайындығы - туристік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз етеді. Қазақстандық туризмнің дамуы мемлекет үшін экономикалық тиімді перспектива, өйткені ол қалпына келетін табиғи ресурстарға негізделеді, ал өндірістік ресурстар (мұнай, газ, көмір) уақыт өте таусылады, яғни қалпына келмейді. Соңғы онжылдықта Қазақстанға туристік бағыт ретінде дүниежүзінде қызығушылық айтарлықтай жоғарылады. Саяхаттаушылардың үлкен бөлігін қызықтыру үшін жергілікті туроператорлармен ұсынылатын туристік қызмет спектрі жылдан жылға өсуде. Бірақ аталған мемлекетте туристік ағымды тежейтін мәселелер қатары бар, бұл кешендендірілмеген, ескірген материалды- техникалық база, төмен деңгейдегі сервис және туристік қызметке деген шығын көлемінің үлкендігі. Аталған мәселелерді шешу арқылы мемлекетке келуші туристер ағымын жоғарылатуға болады, яғни Қазақстанға да жақсы мүмкіндіктер ашылады: шетелдік валюта ағымы есебінде бюджетті толтыру, жұмыспен қамтамасыз ету нарығын кеңейту, халықтың табысын және өмір сүру деңгейін жоғарылату, сәйкесінше, бұл нәтижесінде мемлекеттің толықтай гүлденуі мен тұрақты түрде дамуына әкеледі. ҚР Президенті Н.Назарбаев ағымдағы жылдағы халыққа жолдауында ("Нұрлы жол") атап өткендей, бұл салада бір жұмыс орынын ұйымдастыру басқа өнеркәсіп салаларымен салыстырғанда 10 есе арзанырақ болып табылады [1]. Сондықтан, мемлекет дүниежүзілік шаруашылықтың ең ірі, жоғарғы табысты салалардың бірінің ары қарайғы дамуына көңіл бөліп, жағдай жасауы қажет, ол - туристік индустрия. Қазақстанда туризм экономиканың басым салаларының қатарына қосылғандықтан, үнемі даму жағдайын зерттеуді және болашақта тиімді даму бағыттарын қарастыруды талап етеді

Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік. Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне өз ықпалын тигізеді (сурет 1).

Өкінішке орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет жасайды.

Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми зерттеулерсіз және сапалы іс- шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады.

Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға көп көңіл бөлу керектігін негіздеді.

Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, "ноу-хау", немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады [2].

Туризм саласының дамуы мен туристік қызметтерді зерттеуші экономист-ғалымдардың пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша: "Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді" - деп тұжырымдауға болады.

Туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге талдау жасай отырып, ұйымдастырудың екі үлгісін бөліп қарастырдық. Яғни, туризмді ұйымдастырудың еуропалық және азиялық үлгілері.

Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі. Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады.

Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті басқару орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал, бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас (мемлекеттік-жеке) меншікті институттарды алуға болады.

Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары индустриялы туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл елдердегі туризмнен келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына кіреді.

Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін, мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.

Туристік индустрияны ұйымдастырудың азиялық үлгісі Түркия, Египет, Тунис, Марокко және Қытай елдерінде таралған. Бұл үлгідегі елдерде туристік саланы ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм экономиканың басым бағыттарының бірі болып саналады. Мемлекеттің көмегінің нәтижесінде аталған елдерде туризм мен курорттар жоғары ырғақпен дамуда [3].

Жалпы туризмді дамытудың экономикалық тетіктерінің негізгі мақсаты - туристік қызметтердің бәсекелестігін арттыратын ұтымды даму үлгісін құру.

Экономикалық тетіктер экономикалық әдістер мен тұтқалардың көмегімен өндірісті және шаруашылықты жүргізетін тұтастай жүйені білдіреді.

Туристік қызметтерді ұйымдастырудың экономикалық тетіктеріне келетін болсақ экономикалық факторларына мән беру керек (сурет 2).

Қазақстан үшін сұраныс өлшемдерін халықаралық стандарттарға сай ұстауда мынадай мәселелерді шешуі қажет: жалпы тұрғындардың кіріс деңгейін көтеру; көрсетілетін туристік қызметтер бойынша сапасын көтеру үшін қатал нормативтер мен нормаларды қабылдау және т.б.

Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының тағы бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады. Ал Қазақстанның халықаралық сауда ұйымына кіруінің өзі сұранысты арттыратын факторға жатады [4].

Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктерінің ішінде инвестицияларды арттыру бойынша мемлекеттік саясатты атап өттік. Өйткені, туризм саласында жоспарланып отырған ірі жобаларды жүзеге асыру тікелей осы инвестиция мәселесімен байланысты болып табылады.

Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.

Қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын, кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді шолу, отандық туризмді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап өтуге болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. "Нұрлы жол" (Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 11.11.2014 ж.)
  2. Здоров А.Б. Экономика туризма учебник - М.: Финансы и статистика, 2004. - 272 с.
  3. Сенин В.С. Организация международного туризма: Учебник - М: Финансы и статистика, 2000 ж.
  4. Экономика и организация туризма. Международный туризм. Е.Л.Драчева, Ю.В. Забаев, Д.К. Исмаль и др., под ред. И.А. Рябовой, Ю.В.Забаева, Е.Л.Драчевой. - 2-е изд., Стер. - М.: Кнорус, 2005. - 576

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.