Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атыңнан айналайын, Батыр Баба! (Әйгілі Батыр, рубасы Мұрат Мойынұлының – туғанына 350 жыл)

Кіріспе

XVII ғасырдағы Қазақ хандығының шекарасы шығыс, солтүстік-шығыста Балхаш көлі және Ертіс өзенінің жоғарғы ағысының беті, оңтүстікте Сырдарияның ортаңғы ағысы, Шу мен Талас өзендерінің жоғарғы және орта су ағысының айырығы, солтүстік- батыста Қараторғай және Сарысу өзендерінің межесі болған. Бұл туралы ақпарат жоңғар хандығының XVII ғасырдағы жасалған қарталарында мәлімет болған. Жалпы тарихты қарасаңыз осы екі хандық (Қазақ-Жоңғар) бір мезгілдерде құрылысымен-ақ қақтығыстардың басталып кеткені байқалады.

Нақты тарихта жоңғарлар қазақ еліне 1521 жылдан бастап тұрақты шабуыл жасай бастайды, сол шапқыншылық уақыт 234 жылға дейін созылды.

Қазақ еліне Батур-қонтайшы бастаған жоңғарлар XVII ғасырдың 20 жылдарында (1620 ж.) келді де, қазақтар негізінен батысқа және Сырдария бойына, ал кейбіреулері Нұра өзенінің орта ағысына ауа көшкен. XVII ғасырдың екінші (1660 ж.) жартысында Нұра өзенінің орта ағысы мен бас жағында Қуандық-Қарпық, ал Ерейментау даласында Қанжығалы рулары көшіп жүрді.

Қуандық руының шаруашылықтары Есіл өзенінің орта ағысында, Нұраның төменгі ағысын бойлай жатқан көлдер төңірегінде, Нұра өзенінің орта және жоғарғы ағысы бойында, Құланөтпес өзені аңғарында, Қосағаш, Наршөккен, Семізқыз, Бұғылы, Сарытау, Нілді, Жамантоғалы, Ортау тауларында орын тепті:

«Арғындар сол көшкеннен көше берді,

Батырлары жер шалып, қоныс көрді.

Есіл, Нұра, Сарысу, Қарқаралы,

Шалқар көл, Ұлытаудан алды жерді».

Арғындардың беделінің аспандап, қазаққа тірек болар тұсы, әсіресе Жоңғарлармен және Қытай әскеріне қарсы кезінде көрсеткен таңғажайып ерлігі, жан баласы таңқалар қаһармандығы және елді тамсандырар ауызбірлігі, жұдырықтай топтасқан ұйымшылдығы бүгінде біздің тарихымызда жақсы мәлім. Жау табанына ілікпей, қотарыла көшкен елді ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін сақтау ісін батырлар мен ел ағалары, билер қолдарына алды. Олар шамалары келгенше жауға қарсы соғыс салып, өліспей беріспеуге бел шешті.

Мұрат баба кім, оның ел тарихында қандай орны бар?

Ел жадында сақталған деректер мен әңгімелер жоңғар шапқыншылығы жылдарында тұлпар мініп, ту алған Мұрат Мойынұлының жүректілігі мен көзсіз ерлігі жайында талай әңгімелер жеткізеді. Соның бір дәлелін ол шыр етіп дүниеге келген бетте- ақ көрсеткен, жұдырығын тас-түйін жұмып, қан уыстап туғанын еске салатын қарттардың әңгімелері әлі күнге дейін қызықты.

Уақыт бұйрығы солай ма, жердің бетін бұлт шалып тұрды ма, Мұрат батыр мезгілінен бұрын ер жетіпті, - деп шежірелетеді бұл күнде көнекөз қариялар. Ат құлағында ойнап, тұлпар мініпті. Бес қаруын асынып түн баласы ұйқы көрмеген екен. Жеңгелері сонда: – Ауыл маңын шаңдатып жібердің ғой. Мұның не қылғаның? – деген.

Мұрат та ұшқыр ойлы екен:

- Бұл ертеден келе жатқан дүбір. Мен соның жеткізушісімін. Бесіктегі баланың тынышын алайын деп жүргем жоқ. Сол бала қамсыз болмасын, аңғал болмасын. Аңғал болса - алынар. Қамсыз болса — алды қараңғы болар. Жел тұрғанын кім білер? Назарлы болса - базарлы болар, - депті.

Мұрат Мойынұлының өскен ортасы, туған жылы, шапқыншылық кезіндегі ерлік жолдары, ұлы баба есімінің сан ғасырлар өтсе де ұмытылмай, халық жадында сақталу себептері «кеңестік дәуір» тұсындағы басылымдарда тиянақты жазылмады, зерттелмеді. Ал мұның түп-төркінін халық тарихына деген біржақты түсінік пен отаршылдық сананың өктемдігінен көрмеске шара да жоқ.

Ата-тектен тартып айтсақ, мынандай жіптің ұшын ұстар едік.

Әрбір тарихи кезеңде Арғынның әр руынан «атса оғы тиетін, айтса сөзі тиетін, қараса көзі тиетін» небір батырлар мен билер, әулие-әмбиелер шығады. Осының бір дәлелі ретінде ауыз әдебиетінде қалған аңызды келтіруге болады (Қырғыз ақыны Қатаған мен Сүйінбай Аронұлының айтысынан үзінді):

«Арқа деген жерімде, Арғын деген елім бар.

Анау жатқан Арғыным, арғыным атқа қонғанда,

Басыңнан аттап қарғыдым!

Арғын деген сансыз ел, мекен еткен қоныс қып,

Дүниенің жарымын!

Ешкім басып көрген жоқ, бұлардың қарқынын!»

...Арғын тайпасының тарихы да қазақтың барлық ру -тайпалары тәрізді сандаған ғасырларды қамтитын кең құлашты, терең тамырлы және қиыншылықтарға толы тағдыр соқпағын таптаурын қылған. Арғынның қалың - көптігін Кұлтума акынның мынадай аспандата жырлауынан байқай аласыздар:

«Есіл-Нұра екі өзен малға жайлы,

Арғын асып Найманға келмес байлық.

Үркердей жылыстарсың Арғын көшсе,

Айналасы Арғынның алпыс айлық!»

Әр түрлі тарихи күрделі кезендерде және қилы замандарда сандаған ру- тайпалармен қосы және көрші болып, әлсіздердің ықпалынан, күштілердің қарауына ауысқан аумалы-төкпелі уақыт ағымында Арғындардың ата-бабалары казіргі кезеңге дейін зарығып жетті.

Арғыннан - Ергүл (Аргүл) бәйбішеден Қотан, Ботан (қыршын жасында дүниеден өткен) туады.

Қотан жырау (Қыдан немесе Қодан тайшы) Дешті Қыпшақтың әйгілі ақындарының бірі болған. Ол Арғын тайпасының негізін қалаушы болып табылады. Тарихтан Акжолдың 1456 жылы өлгені белгілі. Егер оның әкесі Қотан сол кезде тоқсанға таянғанын ескерер болсақ, Қотан ақын 1370 жылдарда туған деп жорамалдауға болады.

Тарихи көздер және ауыздан ауызға келе жатқан әңгімелер ортасында Арғындар қазақ елі жеке бір халық ретінде қалыптасу үдерісінде үлкен рөл ойнағаны туралы деректер бар. Мысалы, кейбір әңгімелерде Арғын тайпасы Ұлы Әбілхайыр ханмен ренжісіп, Жәнібек және Керейге еріп қазақ елін құруға өздерінің үлесін қосады деп айтылады. Ренжіскен себебі Қобыланды батыр сол кезде Арғындардың басын біріктіріп отырған Ақжол биді (кейбір әңгімелерде Дайырқожа деп келтіріледі) өлтіргені үшін батырды жауапқа тартпау. Бұл оқиғаны 1460-1466 жылдарға жатқызуға болады (яғни осы фактор тұнғыш рет тарих аренасына Қазақ хандығының шығуына түрткіл болды).

Аталарымыздан келе жатқан шежірелер бойынша Ақжол биден Қарақожа батыр туған, одан - даңқты Мейрам сопы

Қазтуған жырау шығармаларында замандасы Мейрам сопының бейнесін өрнектейтін мынадай өлең жолдары бар:

«Бес сопы ағайынды Мейрам шешен,

Арғынның тайпасына болған көсем,

Көркіне көз тоймайтын сұлу еді,

Өзі батыр қартайса да нұрлы әсем».

Мейрам сопы бабаның өнегелі өмірін шежіре-дастан етіп жырға косқан Мұрат руынан шыққан ақын Баттал Хасенұлы (1926-1994) батыр бейнесін былайша суреттеген:

«Аршын төс, кең иықты, ұзын бойлы,

Өткір көз, биік қабақ, терең ойлы,

Қыр мұрын, түзу мойын, қараторы,

Тұтасып кеткен дене, арқа жоны».

Арғын тайпасының құрамындағы белді ру - Қаракесек. Төрехан Майбастың шежіре кітабында былай делінген: «Қаракесек елі төрт атадан тұрады. Олар - Болатқожа, Қамбар, Шұбыртпалы, Жалықпас. Осы төрт атаның нәсілін Қаракесек деп атайды».

Смахан Бөкейхан өзінің шежіре деректерінде Қаракесекті былай таратады: «Мейрамның бәйбішесінің аты - Әргүл. Әргүл - Алшын Шоға бидің қызы. Әргүлді жеңгелері ертіп келеді. Күтуге екі жігіт, бір қыз береді. Қыздың аты - Қарқабат; екі жігіт: бірі - Жалықбас, бірі - Қамбар. Әргүлден төртеу туды: Қуандық, Бегендік, Шегендік, Сүйіндік.

...Мейрам жеңгесін алып, одан Шұбыртпалы туған. Ағыбай батыр елі. Қарқабат қызды алып, одан - Болатқожа... Лақап аты - Қаракесек».

Ергүл (Әргүл) бәйбішеден өсіп-өнген «Бес Мейрам» (Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Болатқожа) - «Үлкен Арғын» болып есептеледі:

«Мейрамның бес баласы арыстандай,

Оған қатар кім тұрар жарысқандай.

Ортадан ойып шыққан Қара нөкер,

Ертеден ел ауызында таныс - қандай».

Арғынның көбі де, бегі де, байы да, бары да Қуандық болады. Бұл жерде Иманжүсіптің мына бір тамаша өлең жолдары еске түседі:

«Абылай аспас Арқаның сары белі-ай,

Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі.

Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас

Нияздың Аюлы мен Қара көлі-ай».

Қуандықтың байлығы, дәулеті «Біржан - Сара» айтысында былай деп берілген.

«Сұрасаң арғы атамды Қуандықты,

Қылыпты заманында жуандықты,

Аққошқар Сайдалының заманында,

Бір көлден 40-мың жылқы суарыпты».

Г.И. Потаниннің шежіре жинақтарында мынадай дерек бар: «Теперь перейдем к Куандыку. От Куандыка родились шестеро детей по имени: Есен, Карт, Алтай, Карпык, Борши и Темеш. От Есеня происходят агысевцы, от Карта калкамановцы, от Алтая происходят шесть волостей Алтаевского рода, из которых пять - в Акмолинском уезде и одна - в Атбасарском уезде».

Қуандықтың бәйбішесінен: Есенқарт (Есен), Аманқарт (Қарт), екінші әйелінен: Өмір, Темір; кіші әйелінен (Қарашаш анадан): Қарпық, Алтай. Алтайдан тараған ұрпақтарҚарпық ұрпақтарына қарағанда көбірек болып, атақ-даңқтары кеңірек тарап, Алтай есімі Қарпықтың алдына шығарылып, Алтай-Қарпық атанған. Ұлағатты Бұқар жыраудың:

«Қазақтың үлкен үйі Алтай-Қарпық,

Ұлысқа үлгі болған аты артық», –

деген сөздері ерекше тарихта маңызы бар секілді. Алтай-Қарпық 32 (кейбір деректерде 44) болыс ел болған.

Қуандыққа жататын Есенқарттан (Есеннен) – Ағыс; Аманқарттан (Қарттан) – Қалқаман; Өмірден – Темеш; Темірден – Бөрші; Қарпықтан – Мәмбет, Тінәлі, Көзей (Тоқа); Алтайдан – Алысай (Алсай), Нұрбай, Әліке (Әлке), Байдалы, Сайдалы, Мойын, Кенжеқара.

Алтай бабамыздың алтыншы ұлы Мойын (Тілеуберлі) – кезінде бай да, батыр да болған, артында сөзбен жер қайыстырған, ұрпақ қалдырған, Орта жүз – Арғынның белді тұлғасы (Каренов Р.С. Ұрпағы ұлықтаған Мойын баба туралы толғам // Азия Транзит, 2007, № 11-12, 41-48 – беттер). Өзінің тарихи шежіресінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Мойын болмай ойын болмас» атанған. Алтайдың балаларының ішінде өскен-өнгені, толығы осы Мойын болса керек», – деген дерек келтірген. Бұл күнде Мойын бабамыздың бес ұлынан – Рақпанқұл, Аманқұл, Сарша, Саңай, Мұрат – тараған ұрпақ ұлан-ғайыр елге айналды.

Мойын бабаның кенжесі Мұрат – батыр, рубасы, дәулетті, бай адам болған.

Мұрат руынан тараған бес ата шежіресі туралы пікірлер

Осы уақытқа дейін жарияланған ғылыми еңбектерде Мұрат руынан тараған бес ата шежіресі туралы әр түрлі пікірлер айтылады:

– Т.Ж. Асқартегі «Бекайдар мен Игілік билер» атты туындысында (48-бет): «Мұраттан – бәйбішеден : Әлімбет (Әлмәмбет), Мырзамбет; І тоқалдан – Үкібас; ІІ тоқалдан – Мәмбет; ІІІ тоқалдан – Үмбет. Ел ішінде Үкібас пен Мәмбеттен тарағандарды Қарамұрат деп атайды», – деген мәліметтер келтіреді;

– М.Ж. Көпейұлы «Қазақ шежіресі» еңбегінде (26-бет): «Мұраттан алтау – Әлмәмбет, Мырзамбет, Үмбет, Үкібас, Мәмбет, Таубұзар», – деген дерек ұсынады;

– 2014 жылы жарыққа шыққан «Алтай шежіресі» монографиясында (құрастырған І. Ісләмов) Мұраттар үш топқа бөлінген : бірінші топқа - Әлменбеттер (Әлмәмбеттер); екінші топқа – Сарымұраттар (Мырзамбет пен Үмбет аталары); үшінші топқа – Қарамұраттар (Үкібас пен Мәмбет аталары) жатқызылған (678-бет);

– ХХ ғасыр басындағы ресми статистикалық жинақ материалының шежірелік кестесінде («Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Акмолинская область. Акмолинский уезд. Родословные схемы киргиз Акмолинского уезда») Мұраттан үш ұл ғана таратылып, үлкені Әлмәмбеттен – Бекайдар, екіншісі – Қарамұраттан – Мәмбет, ал үшінші ұлы – Сарымұраттан – Қошқар шығарылып көрсетілген (127-бет);

– кейінгі жылдары жарық көрген еңбектерде мынадай құнды деректер кездестіреміз: а) З.Ә. Есмағамбетовтың «Бабалардың тарихи шежіресі» деген кітабында: «Мұраттан: Үмбет, Әлмәмбет, Мырзамбет, Үкібас, Мәмбет. Кейінгі екеуін «Қарамұрат» деп те атайды» (32-бет) делінген; б) Қ. Байбосин мен Б. Бегимовтың «Ауылым Сарыарқаның кіндігінде» атты шығармасында мынадай жолдарды оқуға болады: «Мұраттың бес баласының үлкені Үмбет. Үмбеттен тараған ұрпақтар ертеден Шерубай мен Соқыр өзендерінің бір арнаға тоғысып Нұраға құятын сағасында Қаражар деген жерді мекендеген. Нұраның сол жағында дәл құйылыста Асыл ауылы, одан үш жүз қадам жерде Тәсіл ауылы, одан төменірек Мұсабек ауылы, одан әрі қатарласа Туғанбек, Орақ, Асылбай ауылдары орналасқан. Үмбет әулетінің он шақты ауылы Нұраның оң жағында 7-8 шақырым жерді алып жатты» (66-бет).

Мұрат ру бөлімінің қанша тармаққа бөлінетіндігі жөніндегі деректерге талдау жасай келе, біз З.Ә. Есмағамбетов, Қ. Байбосин, Б. Бегимовтардың ұсынған нұсқасын негізге алдық. Ол бойынша, Мұрат руында бірінші тармақ – Үмбет тармағы.

Біріншіден, Мұрат руының шежіресі ел аузында сақталған. Көптеген көнекөз қариялардың айтуына қарағанда Мұраттың үлкені – Үмбет.

Екіншіден, статистикалық материалда («Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Акмолинская область. Акмолинский уезд. Поаульные таблицы статистических сведений. Том III-й») Спасск болыстығының № 6 - әкімшілік ауылына қарайтын 25 шаруашылық елді мекенінде Қарамұраттар мен Сарымұраттардың аралас қоныс тепкендігі айтылады (186-бет). Соған қарағанда, Мұрат ру бөліміндегі бес ру тармағы үш топқа бөлінген сияқты. Бірінші топ – Үмбеттер (Мұрат бабамыздың тұңғышы ретінде ерте үйленіп, еншісін алып, інілерінен алшақтап кеткенге ұқсайды); екінші топтағылар – Сарымұраттар (оларға – Әлмәмбет пен Мырзамбет ұрпақтары жатқан); үшінші топтағылар – Қарамұраттар (Үкібас (Үкібет) пен Мәмбет ұрпақтары.

Үшіншіден, Қарамұрат пен Сарымұрат – Мұраттан тарайтын ұрпақтарға түстеріне қарай берілген лақап есімдер емес. Жоңғарлармен ұзақ жылдар бойы соғысқан кезеңде ұрпақтар санын көбейту мақсатымен Мұрат бабамыз үш әйел алғанға ұқсайды. Екінші анадан туған Әлмәмбеттер мен Мырзамбеттер Сарымұраттар аталса, үшінші анадан тараған Үкібеттер (Үкібастар) мен Мәмбеттер Қарамұраттар деп аталып кеткен. Мырзамбет қайтыс болғанда оның жесіріне әмеңгерлік жолмен Әлмәмбеттің баласы Бекайдардың үйленуі, біздің осы ойымызды дәлелдей түседі.

Мұраттан тарайтын әулеттердің жіктелуі

Бұл күнде шежірелердің көбі Мұрат ру бөлімінің бес ру тармағына бөлінетіндігін бір ауыздан мақұлдайды. Олар мыналар: Үмбет, Әлмәмбет, Мырзамбет, Үкібет (Үкібас) және Мәмбет тармақтары. Біз зерттеу барысында Мұрат ру бөліміндегі тармақтарға жеке- жеке тоқталдық.

Халық арасында кең тараған шіжіре бойынша, Мұрат бабамыздан таралатын бес ұлдың біріншісі – Үмбет тармағы. Үмбеттен тарайтын бірінші аталық – Алласүгір. Ал одан Елқонды, Сарбас, Мақажан аталары таралады. Үмбет тармағынан тарайтын екінші аталыққа – Құдайсүгір (Байсүгір, Бердісүгір) аталығы жатады. Бұл аталық Есберлі және Досберлі болып, екі атаға тарамдалады.

Мұрат бабамыздан тарайтын екінші тармақ – Әлмәмбет тармағы. Бұл тармақ өз ішінде Қожағұл, Қалқаман, Жылқыайдар, Бекайдар атты төрт аталыққа бөлінеді.

Әлмәмбет тармағындағы бірінші аталық – Қожағұл аталығы. Өкінішке орай, аталықтың толық шежіресі туралы деректер қолымызға түспеді. XX ғасыр басындағы статистикалық мәліметте («Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Акмолинская область. Акмолинский уезд. Поаульные таблицы статистических сведений. Том III-й») Спасск болыстығының № 4 - әкімшілік ауылына қарасты 2-ші ауылында 35 қожағұл тұрған. Ақсақалы Нұрпейіс Әлсейұлының болғандығы айтылады. Осы болыстықтың № 5 - әкімшілік ауылына қарасты Жалжан Б еленұлы басқарған 22-ші ауылда 61 қожағұл, Баян Нұранұлы басқарған 30-шы ауылда - 32 қожағұлдардың тұрып жатқандығы туралы мәліметтер кездеседі.

Әлмәмбет тармағындағы екінші аталық – Қалқаман. Одан Ақтанберлі шығады. Ақтанберлі – Көлдай, Қабан, Өмірзақ атты үш ру әулетіне бөлініп кетеді. Көлдайдан – төрт, Қабаннан – бір, Өмірзақтан – 9 бұтақ өсіп-өнеді.

Әлмәмбет тармағына жататын Жылқыайдар аталығы өз ішінде – Ақкісі, Жанкісі, Бердіс, Төлек атты ру аталарына бөлініп, Бердіс атасынан – Жапалақ, Ботбай, Шымыр әулеттері өсіп шығады. Қалған аталардың таралуы жөнінде деректер жоқ.

Әлмәмбет тармағындағы соңғы, төртінші аталық – Бекайдар аталығы. Бекайдарбиден - Жайықбай, Елібай, Теңізбай (Түмен атты бәйбішеден); Қожамсейіт, Дербіс (Дербісал), Төлеубай, Кенжеәлі (Салия атты анадан); Ізбасар, Баба, Қаражігіт, Жанәлі (Баяу атты анадан) деген ұлдар туып, жеке ру атасына негіз қалайды.

Мұрат ру бөліміндегі келесі тармақ - Мырзамбет тармағы. Шежірелік материалдарда Мырзамбет қайтыс болғаннан кейін, оның әйелі Түменді әмеңгерлікпен Бекайдар алған екен. Мырзамбеттің өзінен - Қошқар жалғыз туылған.

Қошқардың бірінші әйелінен - Қазанқап, Сазан, Қарақай; екінші әйелінен - Аққозы, Нарқозы, Атақозы, Айтқозы, Есіркеп, Бөкенші; үшінші әйелінен - Қосағал (Қосағұл) атты ұлдар дүниеге келген.

Қошқардан тарайтын әулеттер шежіре бойынша былайша өрбітіледі: Қазанқаптан - Өтеген, Өтеп, Аманжол, Амантай, Меңдібай, Әлібай (Албай), Қалдыбай; Сазаннан - Есенкелді, Мекей, Қадыр (Кәдір); Қарақайдан - Қонысбай, Қондыбай, Кешубай, Молдыбай, Болтай (Балтабай), Сағынай; Аққозыдан - Тиыштыбай; Нарқозыдан - Күсеміс, Тілеміс; Қосағалдан (Қосағұлдан) - Ақкүшік, Байкүшік, Бармақ, Тармақ (Тарбақ) бұтақтары тармақталып өсіп, олар одан ары жалғаса береді.

Қошқар бабамыздың Атақозы, Айтқозы, Есіркеп, Бөкенші деген балаларынан ұрпақтар бар екені белгісіз.

Статистикалық мәліметтер Қошқарды (Мырзамбетті) Сарымұраттарға жатқызады. «Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей (Акмолинская область. Акмолинский уезд. Поаульные таблицы статистических сведений. Том ІІІ-й)» атты жинақта Ақмола уезі Спасск болыстығының № 1 әкімшілік ауылындағы 32 шаруашылық ауылдың бәрі - Қошқар аталығына жататын отбасылар деп көрсетілген. Оның ішінде 4-32 ауылдардың тұрғындары Қошқардың бір атасы - Жанайлар болған. Осы болыстықтың № 3 әкімшілік ауылына қарасты 1-5, 17-20 ауылдарында Қошқардың бір атасы - Өжеттер, ал № 8 әкімшілік ауылдың 3, 9 ауылдарында - Қияттар өмір сүрген. Бір қызығы - осы деректе № 3 әкімшілік ауылға қарайтын 47 ауылдың бесеуінен басқасы, жалпы атаумен - Алтай деп, № 8 әкімшілік ауылға қарасты 11 ауылдың барлық тұрғындары - Сарымұрат деп берілген.

Бүркітбай Қасенұлы (Мұрат - Мырзамбет - Қазанқап ұрпағы) «Орталық Қазақстан» газетіне жолдаған хатында мынадай қызықты мәліметтер ұсынған: «Орталық Қазақстан» газетіне Игілік бай бабамыз туралы Рашит Каренов деген ініміз жазыпты. Бұған қосарым мынау.

Кезінде Ынтық бабамыз (1935 жылы дүние салған) айтатын : «Игілік бай 1856 жылы қайтыс болған. Сол кезде 6-7 жастағы бала едім. Бай қайтыс болды деп Топардан көп ағайындар бата жасап келген».

Әкемнен естігенім: «Ушаковқа жерді сатқанда Игілік бай 76-77 жасқа келіп қалған кезі екен. Ушаков сол қағазға Ордабай мен Қоғабайдың (Игіліктің балалары) қолдарын қойғызыпты».

Әкем Әменұлы Қасен 1978 жылы 85 жасқа келіп қайтыс болды. Сол әкемнің құлағыма құйған сөздері ғой.

Қазіргі Топар КарГРЭС -інің жанында бірнеше қазақ ауылдары бар. Осы уақытқа дейін № 1, № 2, № 3 ауылдар дейді. 1930 жылға дейін осы ауылдарды Мәлшөр ауылы деп келген (бабамыздың атын қойған). Игілік би ақылдасуға қай уақытта болса да Мәлшөр інісін шақыртады екен. Оны әкем айтып отыратын».

Мұрат ру бөліміндегі келесі бір тармақ - Үкібет (Үкібас) тармағы. Үкібастан (Үкібеттен) тарайтын ұрпақтарды ел арасында «Қарамұраттар» деп атаған.

Үкібеттен (Үкібастан) жалғыз Құрмантай шығып, ол - Айтуған, Байкөшек, Байсақ атты үш атаға тарамдалады. Айтуған атасынан - Жақсылық; Байкөшектен - Қуандық, Сүйіндік, Өтебай, Төлекей, Көкей, Сырғабай; Байсақтан - Баян, Молдан, Жаманқара, Сағыр әулеттері шығып, олардан жалпы саны жиырмаға жуық әулет бұтақтары тармақталады.

Мұрат ру бөліміндегі тағы бір тармаққа - Мәмбет тармағы жатады. XX ғасырбасындағы статистикалық жинақ материалындағы шежіре-кестеде Мәмбет – Қарамұраттан таратылады. Ел арасында кең тараған шежіреге сүйенсек, Мәмбеттен – Сыбанай, Қосқұлақ, Байжігіт атты үш аталық шығарылады. Сыбанайдан – Үйсінбай, Қожаберген, Байжан аталары; Қосқұлақтан – Тілеулі, Құттықожа аталары; Байжігіттен – Сәңкібай, Мықтыбай, Шектібай, Ақкісі аталары одан әрі жалғасын табады.

Мұрат руынан шыққан атақты билер

Кезінде Қарағанды қаласы орналасқан жерді Арғын-Алтай тайпасының Мұрат руы қоныс еткен. Ал қазақтың байтақ даласының жеке-жеке өлкесі мен көп-көп руының әрқайсысының өз жері мен өз ішіне танымал билері, батырлары, шешендері мен ақындары болғаны сияқты бұл өлкеде де ел-жұртына белгілі әйгілі адамдар өткен. Солардың қай- қайсысының да батырлық істері мен даналық сөздері Ұлы батырлар мен Ұлы ділмәрлардың өнегелі істерінің жалғасындай танылады. Ел бірлігінде, халық азаттығында, ұрпақ тәрбиесінде жергілікті даналардың да тарихи орны мен қоғамдық үлесі әрі қомақты, әрі салмақты.

Міне осындай даналардың бірі Мұрат руынан шыққан – атақты Бекайдар би. Ол жастайынан өз өңіріндегі билер, шешендер, болыс, байлар арасында өсіп, солардан тәлім алыпты. Орта жүздің кемеңгер биі Қаздауысты Қазыбек бимен бірнеше рет кездесіпті. Аруақты кісі болыпты. Осы ата бәйгеге ат қосқанда Бекайдардың аруағына сыйынып, «Бекайдарлап» шабады екен.

Бекайдар би — озық ойлы, шешен сөзді, көсем сөзді адам болыпты. Бақиға көшерінде өзінің әулетін, көңіл жетер ағайынның барлығын жинап алып, мынадай өсиет айтыпты: «Үш нәрседен сақ болыңдар – даңқ, байлық, қызмет. Даңққа бой берсең – көзіңді байлар, құздан құлайсың. Байлыққа мастансаң – төгілесің, қайыршылыққа қадам тартасың. Қызметіңнің биіктігіне берілсең – жалғыз қалып сандаларсың. Даңқты да, байлықты да, қызмет биігін де уыстарыңда ұстай біліңдер. Топшыл болмаңдар, көпшіл болыңдар. Топ тоқыратады, көп батырады. Береке, бірлік – шаңырақ, ел биіктігі». Осы соңғы сөздерден кейін кемеңгер би ризашылықпен көз жұмған деседі.

Өз заманында аса беделді, ақылды, адуынды, айтқанынан қайтпайтын бірбет, өжет би болған – Игілік Өтепұлы. Ол ақ патша әкімшілігінің ықыласына әлденеше рет ие болған адам. 1833 жылы алтын жалатқан күміс мөрді сыйға алған, келесі жылдың (1834 жыл) 18 сәуірінде Анна лентасына тағылған алтын медальмен және құрметті шекпенмен марапатталған. Ол туралы «История Казахстана в русских источниках Х VI-ХХ веков (VIII том, часть 1 «О почетнейших и влиятельнейших ордынцах»)» атты жинақта мынандай қызық деректер келтірілген: «Документ №53 от 1851 года, марта 3 – Донесение Акмолинского внешнего окружного приказа исправляющему должность пограничного начальника сибирских казахов Е.А. Клейсту (№1086): Игилик Утепов, бий, 81 года. Добр и простодушен. Очень богат. Муюн-Алтаевской волости, рода муратовского, отделения Кошкар. По представлению старшего султана полковника Худаймендина всемилостивейше награжден золотой медалью на аннинской ленте и почетным кафтаном. Считается преданным к российскому правительству, оказывал таковую много раз вспомоществованием отрядом дачей под съезд лошадей. Кочевку имеет с бием Косубаем Бабыковым».

Игілік Өтепов өз заманының мемлекет қайраткерлерімен, озық ойлы адамдарымен жиі араласқан. Оған қоса олармен хат жазысып тұрған.

Игіліктен алты ұл тараған. Бидің бәйбішесінен – Ордабай, Қоғабай, Дайрабай, Тәти, екінші әйелінен – Қопабай, Айтқожа (Қошым) аталары өсіп -өнген. Ұлдарының бәрі де шетінен ығай мен сығай, шаруаға мықты, сөзге шебер, ісмер боп өскен.

Әсіресе, әкесінің жолын қуған, би болған, ел құрметіне ие болған – Ордабай Игілікұлы. Ол туралы «История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков (VIII том, часть 1 «О почетнейших и влиятельнейших ордынцах»)» деген жинақта мынаны оқуға болады: «Ордабай Игиликов, бий, 47 лет. Добр, рачителен. Богат. Муюн -Алтаевскойволости, рода Сарымуратовского, отделения Кошкар. Считается преданным российскому правительству, оказывал таковую много раз вспомоществованием дачей отряду под съезд лошадей. Кочевки имеет вместе с отцом своим Игиликом Утеповым»,

1860 жылдары Қареке-Алтай болысына билік жүргізген Тәти (Тәтті) Игілікұлының есімі ондаған кітаптарда келтірілген. Олардың ішінен біразын ғана тізіп өтейік: Б. Әбиев «Қарағанды кені: тарихи очерк» (Алматы, 1946); А.Ф. Хавин «Қарағанды - КСРО-ның үшінші көмір ошағы» (Мәскеу - Ленинград, 1951); О. Малыбаев «СОКП-ның КСРО-дағы үшінші көмір ошағын жасау және дамыту жолындағы күресі» (Алматы, 1961); Н. Дауылбаев «Қарағанды көмір ошағы» (Алматы, 1970) және тағы басқа кітаптар. Ал, Қарағанды басы аталатын мекенді сату жөніндегі Актіден үзінді Е. Бекмұхаметовтің «Революцияға дейінгі Қазақстандағы кен ісі мен түсті металлургия» деген монографиясында келтіріледі де (1964 жылы Алматыда шыққан кітап), осында Тәти Игілікұлы жайлы екі рет айтылады.

Тәти биден – Мұстафа, одан – Мұхтар болыс болған.

Мұрат руынан шыққан белгілі сөз шеберлері

Қазақ даласындағы үлкен өзгерістерді кең түрде, шеберлікпен суреттеп берген атақты жазушыларымыздың бірі – Ғабиден Мұстафин (1902-1985). ҚазКСР халық жазушысының (1984) шығармалары 1927 жылдан баспасөз бетінде жариялана бастады. «Ер Шойын» атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1929 ж. басылды. «Өмір не өлім» (1941) романы — қазақ прозасындағы жұмысшы тақырыбына арналған алғашқы шығармалардың бірі. «Шығанақ» (1945, орыс тілінде 1947) романында тары өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Шығанақ Берсиев өмірі бейнеленген. «Миллионер» (1944) повесінде ұжымшарды ауыл өмірінің жаңалықтары суреттеледі. «Қарағанды» (1952) романының басты кейіпкерлері – Қарағанды шахтерлері. «Дауылдан кейін» (1959) романында қазақ аулындағы өзгерістер бейнеленді. 1963 ж. «Көз көрген» (орыс тілінде - 1965) өмірбаяндық романы жарияланды.

1978 жылы «Жазушы» баспасында Ғабиден Мұстафиннің «Ой әуендері» деген кітабы жарық көрді. Бұл шығармада автор: «Адам әрқилы күнелтеді, әрқилы із қалдырады артына. Күнелтуде, із қалдыруда мен жазушы еңбегінен артықты тілемедім, іздемеді м» – дейді. Бірде Ғабекеңнің өзі өсиет ретінде айтып кеткендей: «Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз – күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды» .

Ақынды дәуірі туғызады. Оның сүрген өмірі, талайлы тағдыры кейінге аңыз болып жетеді. Осындай жыр дүлдүлдерінің бірі – Ахметбек Байсалбайұлы. Ол 1878 жылы дүниеге келген.

Ахметбек ән мен өлеңді ермек етпеген, өнер санаған. Халықтың рухани қазынасы деп білген, жүрегіне баратын жол іздеген, ойына сіңетін әуенді шырқаған. Сондықтан Сарыарқа елі Ахметбекті қастерлеген, оның өлеңіне балқыған, одан рухани нәр алған. Кезінде Ахметбек ақын көп кітап жинапты. Өз үйінде кәдуілгідей кітапхана ашыпты. Жастардың оқып, білім алуына жөн сілтеп, көмектесіпті. Бірде атақты жазушымыз Ғабиден Мұстафин өз елі мен жерін аралағанда, Ахметбек Байсалбайұлының халық үшін атқарған істерін жоғары бағалап және оның шығармашылығы XIX ғасырдың аяғында – XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ ақындарының жуан ортасынан орын алатындығына күмән жоқ дей келе, өз пікірін былай тұжырымдапты: «Мына шоқ біздің Ахметбек ақынның Қызылқайыңы. Осы тоғайда ол көп жыл отырып еді. Кісілікті, білімді әрі ерен ақын еді. Жұртты отырықшылыққа бастап, егін салуды үйретіп еді. Совет құрылысының алғашқы жылдарында мына Байдәулетте совет болысы да болып еді. Бұл кісінің аты С. Сейфуллиннің «Тар жолында» да бар. Қазақ даласы ашаршылыққа ұшырағанда Ахметбек Алтай жаққа көшіп кетіп, ел іші тынышталған кезде қайтып келіп еді. Бірақ беделді болған, аузына кісі қараған, тілі өткір осы ақсақалды шала белсенділердің халыққа қиянатын қатты сөгіп, сынағаны үшін 1937 жылы құртыпжіберді».

Мұрат руынан шыққан халық ақыны - Ілияс Манкин. Ол өзінің белгілі бір өлеңінде былай жырлаған:

«Білемін, Ботақара - туған жерім,

Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім.

Бала кезде басында ойнақтатып,

Жігіт болып белімді буған жерім».

Ілияс Манкин шығармашылығы негізінен екі дәуірге бөлінеді: 1917 жылғы төңкеріске дейінгі және одан кейінгі. Бірінші дәуірінің өлеңдерінде шаруалар мен жұмысшылардың аянышты халін көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздік, қиянатшыл күштердің оспадарлығын әшкерелейді. Ілиястың Кеңес дәуіріндегі поэзиясын жанрлық жағынан алғанда, жоқтау, көңіл айту, естірту, сәлем хат, толғау, эпикалық жыр, дастан, айтыс түрлері молынан орын алған. Солардың ішінде ең көп қолданғаны - саяси- лирикалық өлеңдер мен дастандар.

Мұрат руынан шыққан даңқты батырлар

Барды бағалау, ел қорғаған батырларымызды қадірлеп, олардың қиын қыстау кезіндегі өшпес ерліктерін ұрпаққа мұра, ортаймас үлгі ету — өз қолымыздағы нәрсе екеніне бірте-бірте көзіміз жетіп келеді.

Жазба мағлұматтарда да ұшырасатын, бірақ ел әңгімелерінде, ұрпақтарының өмірбаяндарында ержүректігімен марапатталып келе жатқан қайсар тұғалардың бірі — Жиенәлі Төлеубайұлы. Ол Абылай хан тұсында әруақты батыр болған. Сондықтан да елін қорғап, ел бірлігін сақтаған хас батырға лайықты ескерткіш - мұра керек-ақ. Бұл ұрпақ алдындағы үлкен міндет.

Абадан қызыл бөрі хан Абылай, түмен басы нарттар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек баһадүрлер сынды Мұрат руынан шыққан Бердісұлы Жапалық батырдың да атой салып, қолы жау жағасында ойнағанын бүгінгі ұрпақтары орынды мақтан етеді.

Жапалақ батырға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Қазақ шежіресі» (Алматы: Жалын, 1993, 26-27 - ші беттер) атты еңбегінде мынадай жолдар арнаған: «Жылқыайдардан - Ақкісі, Жанкісі, Бердіс, Төлек. Бердістен - Жапалақ, Ботбай, Шымыр. Жапалақ батыр атанған, өзінде ұл жоқ, екі қыз болған. Батырлық деген жылқы қуалап ала бергеннен батыр атанған. Базыл Боштайдың әкесі Тұрсынбайдың жылқысын алған. Жылқы соңынан бітім-тыным үшін барғанда: құдық түбі шыммен бекіп бітеледі, дау қызбен бітеді деген бар ғой. Жапалақ батыр Қосаяқ деген қызын Тұрсынбайға беріп, Тұрсынбай оны тоқалдыққа алып, кешегі аты шыққан Бәйтен сал сол Қосаяқтан жалқы туған. Жапалақпен бір туысқан Шымырдан - Бармақ, Бармақтан - Танаш, Қанай, Анай. Танашқызы Ұлбаладан осыны жазып отырған Мәшһүр Жүсіп туған. Жерде қалмайды, жиенде қалады деген бар ғой».

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлының жорығына қатысқан әйгілі батыр - Мәңкі Қайдауылұлы. Ол асқан шешендігімен қандай да болмасын күрделі істердің күрмеуін хас батырларға тән жүректілігімен шешіп отырған. Сөзі өткір, алдында кім тұрса да реті келгенде бет-жүзі демей турасын айтып салатын бетті адам болыпты . Қыстауы Нұра бойын жайлаған. Мәңкі батырдың үйі қазіргі Сенокосное маңында болған («Мәңкінің қыстауы»). Ал ол кісінің өзін ел-жұрты «Батыр ата» деп атаған екен. Мәңкі жайында ел аузында мынадай аңыз сақталған: «Бір жылы су қатты тасып, Мәңкінің қораларын қиратып, жайпап кеткен. Жаздыгүні ағайын-туыстары жиналып келіп үйін салып беруге уәде берген екен. Сонда Мәңкі айтыпты: «Менің үйімді бұрынғы орнынан көтермеңдер. Кіндік қаным тамған, туып-өскен жерім, мына тұрған Ботақара. Менің өмірімнің куәсі, тоқсан жолдың торабы, бір шеті - Қареке - Мұрат - Сармантай, енді біршеті – Қаракесек, Қаржас елдерінің кіндіктесіп жатқан жері. Осы жерден дүниенің төрт бұрышына жол өтеді. Менің осы жерде жатқаным дұрыс». Мәңкінің сүйегі Ботақарада, ол 78 жасында – 1899 жылы қайтыс болыпты.

Мұрат руынан шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлері

1941 жылы Қарағанды облысының Қызылжар ауылында (қазіргі Бұқар жырау ауданы) дүниеге келген. Сара Алпысқызы Назарбаева – белгілі қоғам қайраткері, экономист. Қарағанды зауыт — ЖТО-ны бітірген. Қарағанды металлургия комбинатында, «Қарағанды көмір» ӨБ-да мамандығы бойынша жұмыс істеген.

С.А. Назарбаева 1992 жылдан Бөбек балалар қайырымдылық қорының Президенті . Қор аурудың асқынған түрлерімен сырқаттанған балаларға Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді. Әсіресе, Арал мен Семей ядролық полигоны сияқты экологиялық апатты аймағының балаларына ерекше көңіл бөледі. 1994 жылдан « SOS - Қазақстанның балалар деревнясы» (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының Президенті. 1999 жылдан «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршыл кеңесінің төрайымы. БДҰ- ның И. Дограмачи атындағы сыйлығының, халықаралық «Unity» сыйлығының лауреаты. «Педагогические проблемы укрепления и развития здоровья учащихся, их нравственного воспитания с использованием системы «Детка» Порфирия Корнеевича Иванова» (1999 жылы), «Здоровье человека и система П.К. Иванова «Детка» (1999 жылы) (қосалқы авторлармен бірге) кітаптарының авторы.

Мемлекетті к қызметтен өзге Мұрат руының шежіресін жинап, қағазға түсіруге өз үлесін қосқан Әбілғазы Қалиакпарұлы Құсайынов. Ол 1980 жылдан 1991 жылға дейін кеңестік және партиялық органдарда түрлі қызметтерді атқарды. Қазақстан Компартиясы Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы болды.

1991-1995 жылдары Қарағанды облыстық баға мен монополияға қарсы саясат комитетін басқарды. 1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды. 1999 жылы Әбілғазы Қалиакпарұлы республикалық ведомстволарға қызметке ауысып, Көлік және коммуникация вице-министрі, осы министрліктің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. Экономика және сауда вице-министрі, Индустрия және сауда вице-министрі қызметтерін атқарды.

2003-2005 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің стандартизация, метрология және сертификация комитетінің төрағасы, осы министрліктің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болды. 2005 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне қайта оралды. Қазақстан Республикасы (ҚР) Көлік және коммуникация министрлігінің бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2007 жылғы қазаннан бастап - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы. 2009 жылғы 3 наурыздан бастап - ҚР Көлік және коммуникация министрі.

2012 жылы Қарағанды сынды ірі өндіріс орталығының басшысы (облыс әкімі) болып тағайындалды. Республикада Кәсіподақтың беделін көтеру, еңбекшілер мүддесін лайықты қорғау бүгінгі күннің басты талабы болып отырғандықтан, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясына ұйымдастырушылық қабілеті зор, іскер жетекші қажет болды. Осы орайда, Президент таңдауы іскер үйымдастырушы, білікті басшы, мемлекеттік қызметте ысылған Әбілғазы Құсайыновқа түсті. 2013 жылдан бастап Ә.Қ. Құсайынов Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы қызметін атқаруда.

Еліміздің заңдылық тұғырын бекітуге елеулі еңбек сіңіріп, ел туының асқақ желбіреуіне өзіндік үлесін қосқан әділет генералы Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков. 1981 жылы оқу бітіргеннен кейін Қарағанды каласының Совет аудандық сотында үш ай тағылымдамадан өткеннен соң, сол кездегі үрдіс бойынша халық судьясы болып сайланды. Тек адал еңбекті ғана мақсат тұтатын ұядан ұшқан ол 28 жасында Нұра аудандық сотының төрағасы болды. Бұл орында сот саласының алдыңғы шебінде тоғызжыл жүріп, толымды тәжірибе жинап, ерен еңбекшілдігімен көзге түскен ол облыстық сот төрағасы болып тағайындалады. Сөйтіп, отызында орда бұзған ол қырқында қорған да бұзып, айтулы азаматқа айналды.

Адал еңбек пен арлы жол оны әрдайым алға жетелеп отырды. Білімді маман, білікті басшы болып танылған ол тәуелсіз еліміздің жаңа астанасына шақырылып, енді Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы болып тағайындалды. Осы Жоғарғы Сот жанында құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің де алғашқы төрағасы болған осы Рашид Төлеутайұлы еді. Осы қызметтердің қай-қайсында болса да ол оларды тәуелсіз елі міздің жаңа үрдісіне сай жаңаша жаңғыртуға үлкен үлес қосты деп ауыз толтырып айтуға болады.

2000 жылдың 21 желтоқсанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қаулысымен Р.Т. Түсіпбеков Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне тағайындалды. Ол келгеннен кейін прокуратура еліміздің Ата Заңында белгіленген өзінің негізгі қызметімен неғұрлым түбегейлі айналысатын болды.

Бұрынырақта халық арасында «Құқық қорғау органдарының қылмыстылар арасында шабақтарға ғана әлі келеді, ал жайындары болса жайына кетеді» деген әңгіме болатын. Ал Түсіпбеков тұсында заң алдында жұрттың бәрінің де бірдей жауап беретіндігі нақты іспен дәлелденіп, жұртшылықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі еселеп артты.

Бүгінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып отырған Рашид Төлеу- тайұлы Түсіпбековтің Әділет министрі, Қаржы полициясының басшысы кезіндегі келелі істері де халықтың көз алдында өтті. Сонымен, Р.Т. Түсіпбеков қайда, кім болып істесе де алдымен ар-намысын ардақ тұтып, құқық қорғау мен заңдылықты сақтау мәселелерін сонымен ұштастыра жүргізуді мақсат еткен адал жан. Отыз жылдай осы салада еткен еңбегі елеусіз қалған жоқ. 2-дәрежелі «Барыс» орденімен, «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 - жыл» (2006) медальдарымен марапатталуы, «2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі» дәрежесіне ие болуы соның айғағы. 2011 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.

Р.Т. Түсіпбековке Д.А. Қонаев атындағы университеттің және Қаржы полициясы академиясының «Құрметті профессоры» деген атақ берілген. Заң ғылымдарының кандидаты, бірнеше ғылыми мақалалар, оқулықтар мен монографиялардың авторы.

Мұрат руынан шыққан атақты ғалымдар

Белгілі ғалым Дімкеш (Темірғали) Мұқанов 2007 жылға дейін (қайғылы қазаға ұшырыған жылы) - Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату ұлттық орталығы бас директорының бірінші орынбасары. Ол техника ғылымдарының докторы, профессор, екі мәрте ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өнеркәсіптің еңбек сіңірген қызметкері. Даңқты ғалым Қарағанды қаласындағы «Черметавтоматика» ғылыми-өндірістік бірлестігінің ерекше жобалау конструкторлық бюросын 35 жыл басқарды. Осында еңбек ете жүріп бас конструктор және көптеген мемлекеттік жобалар мен бағдарламалардың жетекшісі ретінде Қарағанды металлургия комбинатының (қазіргі «Арселор Миттал Теміртау» АҚ) аглофабрика, домна пештері, оттегі-конвертерлік өндірісі, ақ қаңылтыр цехы, қаңылтыр қақтау цехтары сияқты көптеген іске қосылатын объектілерін автоматтандыру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасаған болатын. Дімкеңнің ұйымдастыруымен Орталық Қазақстанда қара және түсті металлу ргия, басқа да салалардың технологиялық үрдістерін автоматтандыратын және жетілдіретін мәселелерді кешенді шешетін, құрамында жобалау-конетрукторлық ұйымдар тәжірибе зауыттары мен жөндеу бөлімдері бар ғылыми-өндірістік кешен құрылды. Өзінің еңбекқорлығының арқасында Дімкең халық депутаттары қалалық және облыстық Кеңесінің депутаты сияқты қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, ғылыми жұмыспен түбегейлі айналысуға уақыт тапты. ТМД елдерінің Череповецк, Ново-Липецк, Кривой Рог, Батыс Сібір, Магнитогорскжәне басқа да металлургиялық комбинаттарда қара металлургияның көптеген іске қосылатын объектілерін автоматтандыру мәселесінде айтарлықтай із қалдырды.

Д. Мұқанов КСРО Қара металлургия министрлігінде домна пештерін шихталауды автоматты басқару жүйесін енгізуде бас конструктор болған. Бұрынғы Кеңестер Одағы мен Үндістанда, Нигерияда, Польшада, Венгрияда және басқа да елдерде кең қолданыс тапқан домна пештері мен аглофабрикада шихталық материалдарды өлшеуге арналған кешенді автоматты жүйе құру барысындағы жұмыстар өзінің оңтайлылығы, тиімділігі және ғылыми кемелдігімен ерекше аталады. Дімкеңнің басқаруымен жасалған ғылыми жұмыстар «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындарында, Евразия (Еуразия) өнеркәсіптік қауымдастығында қолданыс тапты.

Қазақстан ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ағайынды Әлімбаевтар:

  • Әбілда Әмірханұлы Әлімбаев 1935 жылы туған. ТМД елдеріне белгілі, әйгілі ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы (1988), профессор. 1958 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Қарағанды шахталарында инженер, «Қарағандыкөмір» ғылыми-зерттеу институтында сектор меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1986 жылдан бастап Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институты Қарағанды бөлі мшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Соңғы жылдары Қарағанды қаласында орналасқан Ғылыми- зерттеу институтын басқарады. Ғылыми еңбектері негізінен ғылыми-техникалық прогрестің әлеуметтік- экономикалық тиі мділігін арттыруға арналған.

  • Әбілманат Әмірханұлы Әлімбаев 1942 жылы дүниеге келген. Философ-ғалым, философия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992). Ленинград қаласында (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік мәдениет институтын бітірген.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі, 1992-2002 жылдары Қарағанды педагогикалық институты мен Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы болып қызмет атқарды. 2003 жылдан бастап Қарағанды экономикалық университетінде кафедра меңгерушісі болып істеді.

Негізгі ғылыми еңбектері жастардың діни сана-сезімі, ұлт пен діннің консолидациясы, қазақтардың діншілдік ерекшеліктері, аймақтың әлеуметтік құрылымының өзгеру мәселелеріне арналған. 2005 жылы Қарағанды қаласында қайтыс болды.

  • Торғай Әмірханұлы Әлімбаев 1945 жылы туған. Отан тарихы саласындағы белгілі маман, тарих ғылымдарының докторы (1998), профессор (2000). 1968 жылы ҚарПИ-ді бітірген. Көптеген ғылыми еңбектердің, төрт монографияның авторы. Қазір Қарағанды мемлекеттік университетінде қызмет атқарып жатыр.

Бұған қоса Қазақстан ғылымының әрбір салаларында жемісті еңбек етіп жатқан келесідей ғалымдарды атап өтуге болады:

  • Қадыл Секенұлы Таласпеков – техника ғылымдарының докторы, Тың темір жолының Қарағанды бөлі мшесінде түрлі басшы қызметтер атқарған. Сарыарқа темір жолы РМК-ның бастығы, «ҚТЖ» РМК-ның бас директорының орынбасары, «ҚТЖ» ҰҚ АҚ-ның бас инженері, бірінші вице-президенті болып істеген. 2008 жылы «Локоматив» АҚ президенті қызметіне тағайындалған;
  • Тоқмырза Смағұлұлы Ынтықов – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, 1975 жылдан бастап қазіргі ҚарМТУ, бұрынғы политехникалық институттың сырттай оқу бөлімінің (1975-82), жұмысқа дайындау факультетінің (1982-83), жол-көлік факультетінің (1983-87) деканы қызметін абыроймен атқарды. Одан кейінгі 1987-91 жылдары автокөлік кафедрасының меңгерушісі. Біраз уақыт ҚР Imri Ктер Министрлігіне (ИМ) қарайтын Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында қызмет атқарып, полковник шенімен 1999 жылы зейнеткерлікке шықты. Қазір ҚарМТУ-дағы жол-көлік факультетінің деканы;
  • Қайролла Бейсенбайұлы Қызыров – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚарПТИ-дің (қазіргі ҚарМТУ) «Тау-кен машиналары және кешендері» кафедрасында 1974 жылдан ассистент, аға оқытушы, 1979-2002 жылдары доцент, 20022009 жылдары профессор, ал 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін «Энергетика» кафедрасының профессоры болып істейді. 1994-2002 жылдары «Электромеханика» факультетінің, ал 2002-2008 жылдары «Сырттай оқу» факультетінің деканы болып істеген;
  • Дулат Жақанұлы Мұхаметжанов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, 1983 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін, кейін Хирургия бойынша интернатураны тәмамдаған. 1985 жылы Алматыда нейрохирургия бойынша алғашқы маманданудан өткен. 1990-1993 жылдар аралығында - «нейрохирургия» мамандығы бойынша РМҒА-ның акад. Н.Н. Бурденко атындағы Нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында. 1994 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Лондонда (1995 ж.) және Римде (1996 ж.) «нейрохирургия» бойынша халықаралық курстар бітірген. РМҒА-ның акад. Н.Н. Бурденко атындағы Нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының докторантурасында оқыды. 1998 жылы Нейрохирургия институтының көп жылдық тарихындағы ең үздік диссертациялардың бірі деп танылған және «бас сүйек негізі «хирургиясы» бойынша Атлас басылымына ұсынылған докторлық диссертациясын қорғады. Қазір Мәскеу қаласында тұрып жатыр.

Ауыр еңбекте шынығып, қоғамына, ел еңбегіне үлкен үлес қосып абыройға ие болған Мұрат руының белгілі азаматтары

Сөз соңында Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында жемісті еңбек еткен, Кеңес үкіметінің жауапты жұмыстарын атқарған, кеңестік құрылыс құлағанда елімен бірге, оған ие болып қалған, осы жылдардағы қиыншылықтардың бәрін жеңе білген, еңбек пен күреске шыныққан, көпшіл, қарапайым, рухы биік, болмысы бөлек , бауырмал, айналасына сүйеніш болып, үлкенге құрмет , кішіге ізет көрсетіп, бәрімен бірдей сыйласқан, ел-жұрттың алғысына бөленген жандар жайлы қысқаша мәліметтер бергенді жөн көрдік:

  • Сұлтан Хасенұлы Әменов (1924-2010) - 1970-1973 жылдары Қарағанды облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және дайындау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған; 1973 жылы жаңадан Жезқазған облысы құрылғанда облыстық ауылшаруашылық басқармасын және 1977-1984 жылдары облыстық Жоспарлау комиссиясын басқарған; 1990 жылы облыстық Атқару Комитеті төрағасының орынбасары қызметінен құрметті зейнеткерлікке шыққан; ел арасында «Дала Академигі» деген атаққа ие болған;
  • Төлеби Ахметбекұлы Ахметбеков (1924-2015) – әйгілі ақын Ахметбек Байсалбайұлының кенже ұлы, инженер, геолог, ҚР кен орындарын алғашқы ашушы белгісінің иегері, Санкт-Петербург қаласының Ақша сарайында оның үлгісі бойынша Ш. Уәлиханов, С. Мұқановтың мүшелтойларына арналған медальдар құйылып шығарылған;
  • Тәуекел Әміров (1918-2014) – 1948 жылға дейін Совет армиясының қатарында міндетін атқарып, майор шенімен елге оралған; 1949-1989 жылдары Саран қаласында математика пәнінің мұғалімі, мектеп директоры міндетін атқарған; 1967 жылы Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімі деген атақ берілген; 1970 жылы «Крах легиона» деген қызықты кітабы жарыққа шыққан;
  • Халиолла (Халел) Әбдірахманұлы Байбақытты – институтты бітіргеннен кейін Ростовка орта мектебінде бір жыл мұғалім, бір жыл завуч болып, одан кейін сол мектептің директоры болып 1961-1971 жылдары қызмет істеген; 1971 жылы Қарағандыдағы № 2 қазақ орта мектеп интернатына директор болып тағайындалған; 1976-1978 жылдары Қарағанды қаласындағы Ленин ауданының оқу бөлімінің басшысы болып, құрметке бөленген; 2001 жылға дейін Бұқар жырау ауданындағы Қаражар орта мектебінің директоры жұмысын атқарған. Х. Ә. Байбақытты Еңбек Қызыл Ту орденінің, «Еңбектегіерлігі үшін» медалінің, В.И. Лениннің 100 жылдығына арналған медалінің иегері. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. Халық құрметіне бөленген ардагер- ұстаз;
  • Берік ТашкенұлыЖолшорин - 1976-1978 жылдары Қиыр Шығыстағы Сахалин аралында Отан алдындағы парызын өтейді. Елдің Қарулы Күштері қатарынан оралған соң, бұрынғы еңбек еткен - Қарағанды энергозауытына қайтып келіп, бейбіт өмірдегі электромонтаж саласындағы қызметін жалғастырады. Еңбекке құлшынысын байқаған зауыт басшылары Берік Ташкенұлын бригадир етіп тағайындайды. Бұл жұмысты да ол ыждаһаттылықпен атқара жүріп, кешкісін «Энергия құрылысы» техникумында «техник- электрик» мамандығы бойынша оқуын сәтті жалғастырып, оны үздік бітіреді. Арнайы білімі бар маманды басшылар инженер-технолог етіп жоғарлатады. Бұл қызметте де ол үлкен көрсеткіштерге қол жеткізеді және өндірістен қол үзбей Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «инженер-электрик» мамандығы бойынша сырттай оқып бітіреді. Сөйтіп, жоғары білімді маман цех басшысы лауазымдық қызметіне тағайындалады. Бұл қызметті сәтті атқара жүріп, кешкілік, сол кезде пәрменді болып саналатын, «Марксизм-Ленинизм» университетінің «шаруашылық басшылары» бөлімінде оқып, бітіреді. Топ-менеджерлік білімі бар майталман маман өндірістік бөлім басшысы, кейін зауыт директорының өндіріс бойынша орынбасары болып тағайындалады. Қазіргі кезде «Арселор Миттал Теміртау» энергозауытының директоры болып қызмет атқаруда. «Шахтер даңқы» белгілерінің барлық үш дәрежесінің толық иегері;
  • Көпей (Көпейқозы) Бөдеұлы Жұмашев (1928-2008) Қарағанды облысының Егіндібұлық, Осакаров, Молодежный аудандарында 10 жылдан астам атқару комитетінің төрағасы болған. Ақадыр ауданында партия комитетінің бірінші хатшысы, Тельман ауданында екінші хатшы болып істеген. 1976 жылы Қазақстан коммунистерінің 14 сьезіне делегат болып қатысқан. Облыстық партия комитетінің аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары, одан соң меңгерушісі болып ұзақ жыл қызмет атқарған. Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі болған. Осы қызметтен 1988 жылы құрметті демалысқа шыққан. К.Б. Жұмашев - Бұқар жырау және Осакаров аудандарының Құрметті азаматы;
  • Саяхат Алпысұлы Қонақаев (1955-2014) - Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы Зауыт-жоғары техникалық оқу орнын 1980 жылы бітіргеннен кейін, сол комбинатта еңбек жолын слесарь, одан кейін оператор-кесуші болып бастады. 1984-1990 жылдары Қарағанды облысының партия ұйымдарында еңбек етті. Сыртқы экономикалық байланыстар, Экономика және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінде жауапты қызметтер атқарды. 2009 жылғы мамырдан бері «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары болды;
  • Қайрат Ғабиденұлы Мұстафин (1932-2005) - қазақтың классик жазушысы Ғабиден Мұстафиннің ұлы. Ол ұзақ жылдар бойына Қазақ телеграф агенттігінде тынымсыз еңбек етті. Оның тартымды да мазмұнды фотосуреттері республика баспасөзі бетінде үнемі жарияланып тұрды. Түсірген суреттері сол кездегі бүкілодақтық, халықаралық фотокөрмелерге қойылып, жоғары бағаланып, лайықты марапатталды. Қайрат Ғабиденұлы баспа кітап көркемдеу ісіне де үлес қосты. Бүкілодақтық және халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері және дипломанты атанып, зейнеткерлікке шыққанға дейін «Өнер» баспасында қызмет атқарды. Қазақстан туралы түрлі-түрлі фотоальбомдар, кітаптар шығаруға белсене қатысты. 2012 жылы, 80-жылдығына байланысты, Алматыда Жазушылар одағы үйінде белгілі фотожурналист Қайрат Мұстафинді еске алуға арналған «Қайрат Мұстафин-80» фотокөрмесі ашылды. Жазушылар одағы, Алматы және Қарағанды облысы әкімдіктерінің қолдауымен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған көрмеге автордың жарты ғасыр бойы түсірген еңбектерінің ең таңдаулылары қойылды.
  • Мереке Мансұрұлы Сыздықов - 1957-1961 жылдары Тельман ауданының (қазіргі Бұқар жырау ауданының) комсомол комитетінде, аудандық партия комитетінің екіншіхатшысы және нұсқаушысы қызметін атқарды. 1961 -1964 жылдар аралығында Тельман ауданы Ақбастау кеншарына партия комитетінің хатшысы болып сайланды. 1964-1974 жылдары Тельман ауданы Киров атындағы кеншардың еңбек комитетінің төрағасына сайланады және партия комитетінің хатшысы қызметін атқарады. 1974-1988 жылдары Тельман ауданы Тимирязев атындағы кеншардың директоры болып қызмет етеді. 1988 - 1993 жылдары Тельман ауданы Дубовка селолық Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады. 1993 жылдан республикалық дәрежедегі зейнеткер;
  • Хайыржан Шайқыұлы Тақуов – 1973 жылы Қазақстан Компартиясы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді. Кейін Қарағанды қалалық партия комитетіне нұсқаушы қызметіне ауыстырылады. 1980-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне ауыстырылып, әуелі сектор меңгерушісі, инспектор, кейін Орталық Комитеттің бірінші хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы лауазымдық қызметін атқарады.1991-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі аппараты басшысының бірінші орынбасары, Республикамыздың Жоғары Кеңесінің бірінші сессиясына дайындық жүргізу бойынша аппарат басшысы, ҚР Министрлер Кабинетінің істерді басқару басшысының орынбасары болып қызмет еткен. 1995-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Үлттық Жоғары мектебінің басшысы болды. 1998 жылдан бастап қазіргі кезге дейін «Нұр Отан» Халық Демократиялық Партиясы Республикалық аппаратында қызмет аткаруда. 2010 жылдан бері партияның Орталық аппаратында партияаралық кеңестің үйлестірушісі қызметінде;
  • Жомарт Секенұлы Таласбеков – 1997-1999 жылдары «Намыс-нан» ЖШС атқарушы директоры, «Астық өнімдері» АҚ президенті болды. 1999 жылдан 2006 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылғы қыркүйектен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің директоры. 2007 жылдың 18 тамызында № 38 Абай сайлау округі бойынша Қарағанды облыстық Мәслихатының депутаты болып сайланды. 2011 жылы екінші рет Қарағанды облыстық Мәслихатының депутаты болып сайланды;
  • Қамаш (Қамараддин) Шамов (1917-1992) - бүгінгі «Орталық Қазақстан» аталып отырған газет редакциясының табалдырығын сонау 1945 жылдың ақпанында аттаған. Содан Қамекең күн құрғатпай шығып тұратын облыстық «Советтік Қарағанды», қазіргі «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясында 1979 жылғы шілде айында зейнеткерлікке шыққанша табан аудармай 35 жылдай қызмет атқарған. Еңбек кітапшасының көшірмесіне қарағанда, әуелі тілші, іле суретші - ретушор, ал 1949 жылдың 6 қаңтарынан фототілші болып ауысқан екен. Қамаш Шамұлы 1958 жылы академик Қаныш Сәтбаевпен бірге Жезқазған, Қарсақбай төңірегін аралаған сапарына қатысуын, 60 -шы жылдары Қарқаралы ауданының Бесоба жерінде белгілі оқымысты ғалым Әлкей Марғұланның эскпедициясында болуын ілтипатпен еске алатын. Қамекең редакцияда жұмыс істеген жылдары облыстың даңқты адамдарының, әсіресе еңбек озаттарының тұтас бір галереясын жасап үлгерді. Көптеген суреттері халқымыздың басынан өткен сәттердің куәгері ретінде облыстық мұрағатта сақтаулы.

Сөзімнің соңында жоғарыда есімдері аталған абыз-ақсақалдарымызға, ардақты ағаларымызбен, ізетті інілерімізге ел үшін жасаған ерен еңбектеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді. Оларға өмірдегі басты байлық - денсаулық, жұмыстарына жеміс, жанұяларына бақыт тілей отырып, Сіздерге, құрметті оқырман қауым, көптен күткен Мұрат руының шежіресін қабыл алыңыздар дегім келеді. Мұрат бабамыздың 350- жылдығына арналған Ас тамыздың 23 -де беріледі.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.