Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қостанай қаласының экологиялық жағдайы

Адамзат жаңа мыңжылдыққа аяқ басты, өткен уақытқа қарап, өркениеттің дамудағы үлкен қадам басқанын үлкен сеніммен айта аламыз. Алайда, үлкен жетістіктермен қатар, ауыр өнеркәсіптің белсенді дамуының әсерінен пайда болған адамзат глобалды экологиялық мəселелерге тап болды. Қаладағы қарбаласқа қарап отырып, әсіресе өнеркәсіптік аудандарда, жақсы экологиялық жағдай туралы айта алмаймыз. Қоқыс тасталатын орындар, химиялық қалдықтар, көлік газдарының шығуы, өнеркәсіп орындарының су мен ауаның ластауы, ормандардың жойылуы, тыйым салынған балық аулаулар мен аңшылық – бұл жағдайлардың барлығы экологиялық мəселелерге әкеліп соқтырады. Автокөлік пен өнеркісәп бизнесінен, сирек кездесетін жануарларға аңшылықтан ешкім бас тартпайды, барлық адамдардың ойын жəне пікірін өзгерту мүмкін емес, алайда бұл саладағы минималды іс-қимылдарды жасау қажеттілігін түсіндіруге болады. Сондықтан да мен бұл ғылыми мақаланы жазуға кірістім.

Қостанай қаласындағы орналасқан үлкен өнеркәсіп орындары – «Қостанай жылу- энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «Қостанай су» жəне «Тазалық 2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атмосфераға қалдықтарды шығарса да, рұқсат етілген мөлшерде ғана. Осылайша, 2015 жылы «Қостанай жылу- энергетикалық компаниясы» кәсіпорнына 12125, 72 тонна шығаруға рұқсат етілсе, кәсіпорын 1978 тонна ғана шығарды. Ал «Қостанай су» және «Тазалық 2012» серіктестіктерінесәйкесінше 33, 4224 және 3681, 356 тонна шығаруға рұқсат болса, серіктестіктер 27, 3121 жəне 1765 тонна ғана атмосфераға шығарды. Осылайша Қостанай қаласындағы үлкен өнеркәсіп орындары атмосфераға қалдықтарды көп мөлшерде шығармайтынына назар аударамыз. Қостанай облысының экологиялық жағдайының Ұлттық баяндамасына сəйкес Қостанай қаласы экологиялық ластануы төмен қалаларға жатқызылады. Алайда, Қостанай қаласында келесі экологиялық мəселелер бар:

  1. Қостанай қаласындағы канализациялық тазарту құрылғылар комплексінің болмауы. Канализациялық тазарту құрылғылары ретінде 1966 ж. пайдалынысқа берілген 107, 6 мың, м2 көлемді, 3 параллелді тұндырғы ретінде жұмыс жасап жатыр. Қазіргі тандағы Қостанай қаласындағы жұмыс жасап жатқан ағын суларды тазарту технологиясы заманауи тазарту технологияларын сай емес. Аталмыш технология тек, ағынды суларды механикалық қосылыстардан ғана тазартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, химиялық анализ нәтижесі бойында қосылыстардың шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары екенін дәлелдейді. Жаңа тазарту құрылғылардың еңгізілуі қоршаған ортаға ластандырушы заттардың түсуін азайтады.Аталмыш мәселенінің шешілуіне көп қаражат керек екендіктен, бұл жоба Экологиялық мәселелердің Реестріне еңгізілген және «Көкейкесті инвестициялық жобалар(Бағдармалар)» тізіміне кіргізілген. Жобаның құны – 6300 млн. Теңге.
  2. Қостанай қаласында құрамында тазарту құрылғылар жүйесі бар жауынды канализацияның болмауы. Қостанай қаласы Тобыл өзенінің су жинағыш аймағында орналасқандықтан, ауыз су мәселесіне тікелей байланысты. Су ресурстарының ластануын болдырмау мақсатында, жауынды сулардың жинау, ұстау жүйесін еңгізу қажет.
  3. Қостанай қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өндіру кешенінің болмауы. Аталмыш мәселе қалдықтардың көбеюіне, сонымен қатар жер ресурстарының ластануына әкеліп соқтырады. Қостанай қаласының қазіргі қажеттіліктерінің бірі, ол жылына 100 мың. тонна мөлшердегі қатты тұрмыстық қалдықтар кешенін салу.
  4. Тарихи иесіз ластаушы – мыс-аммиак өндірісі зауытының өндірістік ағындардың жинақтаушысы. Жинақтаушы Тобыл өзенінің су қорғалатын аймағында орналасқан. Мыс-аммиак зауыты өткен ғасырдың 80-жылдары өз жұмысын тоқтатты. Химиялық анализге сәйкес жинақтаушы аймағында мыстың шекті рұқсат етілген концентрациясы жоғары. Тобыл өзенінің ластану қаупі бар.

Қазіргі танда Затабол кендінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өндіру зауытын салу мәселесі шешілуде. Зауыттың жоспарын жасау үшін 20 миллион теңге қажет болса, зауыттың салынуының өзіне 1, 3 миллиард теңге қаражат керек. Затабол кендінде зауыт салынатын болса, 10 жылдың ішінде Қостанай облысының барлық тіркелген қоқыс тасталынатын орындары босатылар еді, ал сол жерлерді тазартып, ауыл шаруашылық немесе өндірістік салаға пайдалануға болар еді.

Аз гумусты қара топырақтар Қостанай аймақшасындағы оңтүстік қара топырақтар егістікке жарамды ең жақсы топырақтар болып табылады. Бұл топырақтар қажетті қоректік заттар қорына және қанағатты сулы-физикалық қасиеттерге ие болуда. Оңтүстік қара топырақтар аз фосфор мөлшерін құрайды. Соңғы жылдары дара дақылдардың бидайдың қопсытылуы нәтижесінде топырақтарда теріс зардаптарға әкеп соғады. Бұл гумус пен азоттың біраз төмендеуінде және табиғи құрылымының жоғалуында байқалды. Оңтүстік қара топырақтар жағары агрегаттықпен және гумус горизонттарындағы көп мөлшердегі суға берікті агрегаттармен (40-60%) ерекшеленеді.

Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда тыңайтқыш маңызды рөль атқаратыны белгілі. Мәселен, миниралдық тыңайтқыш пайдаланудан көпшілік дақылдардың түсімі орташа есеппен 50-80% дейін жоғарлайды. Демек тыңайтқыш қолданудан түбегейлі түрде бас тарту өнім өндіруді күрт төмендетуге әкеліп соғады. Алайда тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтамау оның құрамында өсімдікке зиянды әсер ететін улы қоспалар кездесуі, сапасы нашар тыңайтқыш пайдалану топырақтың , атмосфераның ,жер асты суының тағы басқа бізді қоршаған обьектлердің ластануына ықпал етеді

Сондықтан тыңайтқышты қолдануда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көніл бөлінуі тиіс.

Табиғи ортаның тыңайтқыштардың әсерінен ластануына мынадай жағдайлар себепші болады. Тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау,қоспа дайындау және оларды топыраққа енгізу технологиясын сақтамау. Зауытта өндірілген миниралдық тыңайтқыштардың егістікке жеткенше 10-15 пайыз ысырап болады. Әсерлі заты жоғары тыңайтқышты пайдалануда егістікке бір келкі шашпаса өнім төмендейді.

Ғылыми жағынаннегізделгентыңайтқышқолдануданагрономиялықтехнологиясыны ңбұзылуы. Сондықтан тыңайттқыштардың беру мерзімін, мөлшерн әдісін дұрыс орындауға жете көніл аудару өсімдіктің қоректенуін ластануын төмендетеді. Қоршағанортаныңластануына эрозия құбылысы-да әсерінтигізеді.

Тыңайтқыш қолдану эрозия құбылысының топырақтағы қоректік заттардың шайыуы азаяды. Мұнда тыңайтқыш берілген танаптың өсімдігінің тамыр жүиесі өсіп жетімді, топырақтың физикалық қасиетті жақсартады, ақырында топырақты этрозияға ұшырауынан қорғайды .

Тыңайтқыш құрамында кездесетін ілеспе (бөгде) қосылыстар мен элемменттер қоршаған ортаға зиянда әсер етеді . Көпшілік минералдық тыңайтқыштар құрамында фтор, хлор, натрий және улы ауыр металдар (кадмий, сынап, қорғасын т.б) болады. Әрине бұл элементтердің біразы аз мөлшерде өсімдіке пайдалы. Ал тыңайтқыштың ұдайы жоғары мөлшерін қолданғанда топыраққа улы заттар мен бөгде қоспалар көп мөлшердешоғырланады. Олар топырақ қасиеті мен құнарлығын, дақылдың өнімі мен сапасына теріс әсер етеді және жер асты суының құрамы нашарлайды.

Егістікке 1 тонна фосфор бергенде онымен бірге шамамен 160 кг фтор түседі. Бұл топырақтың қасиеті мен құнрлығын нашарлауына , биологиялық құбылыстардың баяу өтуіне өсімдіктегі биохимиялық процестің бұзылуына әкеліп соғады. Ауыл шаруашылығы дақылдарына көң , қорда , түрлі өндіріс қалдықтарын ұдайы жоғары мөлшерде қолдану топырақ құрамында микроэлементтердің (оның ішінде ауыр металдар ) шектен тыс жиналуына әкеп соғады. Олардың топырақтағы концентрациясның өте жоғарлауы тірі организмдердің улануына себепші болады.

Қоршаған ортаның улы заттармен ластануын төмендету үшін негізінен төмендегі шараларды жүзеге асыру керек.

  1. Өсімдіктердің биологиялық талаптарына топырақ – климат жағдайларына, аймақтың ерекшеліктеріне және жоспарланған өнім деңгейіне сәйкес тыңайтқыштардың қолайлы мөлшері, түрі, топыраққа енгізу әдісі көрсетілген жан-жақты дайындалған тыңайту технологиясын қатаң орындау.
  2. Қышқыл және кебірленген топырақты химиялық жолмен мелиорациялау үшін әк, гипс тыңайтқыштарды қолдану.
  3. Органикалық тыңайтқыштарды жинау, сақтау пайдалану үшін агрономиялық ережелерді орындау және минералдықтыңайтқыштармен тиімді ұштастырып қолдану.
  4. Ғылыми жағынан дәлелденген ауыспалы егістерді игеру.
  5. Топыраққа су және эрозияларынан сақтауға арналған шараларды пайдалану.
  6. Түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімділігі жоғара ауылшаруашылығы дақылдараның сорттарын себу.

Қоршаған ортаны сақтау бойынша шаралар:

  • -жерді тиімді пайдалану, ол өз кезегінде оның өнімділігінің өсуіне және құнарлығының жоғарлауына ықпал жасайды .
  • -барлық агротехникалық шараларды қатаң сақтау;
  • -жаңа техниканы, құрал жабдықтарды сатып алу, техникалық ақауы жоқ техникада жұмыс істеу.

Облысымыздың орталығы – Қостанай қаласында «Жол жүру желісінің реконструкциясы» жобасының жүзеге асырылуы жалғасып жатыр. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты «Жасыл толқын» принципі бойынша шаһардағы ең басты көлік магистраліндегі орналасқан бағдаршамдарды көліктердің ыңғайлы қозғалысы үшін бейімдеу. Бұл жоба арқылы көліктердің атмосфераға түтін шығаруы 3В азаяды деп күтілуде.

Экологиялық мәселені шешу кезінде, жалпы жағдай қоғамға ғана байланысты емес, бір адамға да қатысты. Бір адаммен орманда тасталған бір бөтелке, басқа адамдардың назарына түсіп, басқа адамдар бұны үлгі ретінде көріп орманды қоқыс орнына айналдырады. Тыйым салынған өзенде балық аулап жатқан азаматтың іс әрекетін басқа да азаматтар байқап, үлгі көреді. Сөндірілмеген алау үлкен өртке әкеліп соқтырады, ал шылымның тұқылдары жерде ондаған, жүздеген жылдар ыдырайды. Адамдар экологиялық тәрбие алмай, бұл мәселелер назарсыз болады. Қоршаған ортаны қорғаушылар орманды кесуге қарсы митингтер, экологиялық акциялар өткізіп, қарсы нәтижеге жетуде. Бірақ, әр азамат қоршаған ортаны қорғау ұғымынын түсінбейінше, экологиялық апат алдында біз шарасызбыз. Сондықтан да қаламыздың экологиялық жағдайын жақсарту үшін өзімізден бастауымыз керек.

 

Әдебиет

  1. Сергей Шевченко. Газета «Костанайские новости», 28 июля 2012г.
  2. Дилара Аронова. Газета «Костанайские новости», 17 января 2013г.
  3. Экология и экономика природопользования./ Э.В. Гирусов, С.Н. Бабылов, А.А. Новоселов, Н.В. Чепурных. – М. 2000.
  4. Охрана окружающей среды и рациональное использование природных ресурсов. Под редакцией Супруновича Б.П. Москва, 1990.
  5. Агаджанян Н. А., Никитюк Б. А., Полунин Н. Н. Экология человека и интегративная антропология. — М. — Астрахань, 1996. — 224с.
  6. Агаджанян Н. А., Торшин В. И. Экология человека: Избранные лекции. — М.: Экоцентр, 1994. — 225с.
  7. Маркович Д. Ж. Социальная экология. — М.: Просвещение, 1991. — 176с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.