Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның жер асты минералды суларының таралу географиясы

Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Минералды су бұлақтары Қазақстанның шығыс, оңтүстік- шығысындағы таулы аудандарда көп кездеседі.

Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суын минералды су деп атайды. Қазақстан аумағындағы жер астынан шығып жатқан минералды бұлақ «арасан» деген атпен белгілі. Алма-Арасан, Жаркент-Арасан, Қапал-Арасан және т. б. атауларды естіген де боларсыңдар? Арасанның суы буын, тері, асқазан ауруларына шипа болады.

Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздардың түрі жағынан әр түрлі (хлорлы, калийлі, натрийлі, темір және т.б.) болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алма-Арасан, Қапал- Арасан, Сарыағаш, Жаркент-Арасан курорттары, шипажайлары, емханалары салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар әсіресе шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген.

Республика жерінде 300 - ден аса минералды бұлақ зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алма-Арасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған шипажайы 1919 жылдан жұмыс істейді.

Іле Алатауының солтүстік беткейлерінде ыстық сулы сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі (Алма-Арасан) және йодты-бромды хлоридті, кальцийлі-натрийлі сулар анықталған. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлерінде ыстық сулы радонды хлоридті- сульфатты-натрийлі, құрамында азот бар (Жаркент-Арасан, Қапал-Арасан) су көздері анықталған. Республиканың шығысында радонды сульфатты-гидрокарбонатты, натрийлі- магнийлі (Рахманов бұлағы) және ыстық сулы хлоридті-сульфатты, кальцийлі-натрийлі (Барлық-Арасан) сулары бар. Оңтүстікке қарай ыстық сулы азоттыгидрокарбонатты, натрийлі (Сарыағаш), радонды сульфатты гидрокарбонатты хлоридті натрийлі (Мерке) су көздері табылған. Сульфидті сазды батпақтар таралған 75 көл, соның ішінде Теріскен, Қарасор, Мойылды, т.б. көлдері бар(1-кесте).

Адам ағзасын табиғи минералды сулар арқылы емдеу ежелден келе жатқан әдіс болып табылады. Жер асты минерал суларының емдік қасиеті туралы ежелгі грек дәрігері Гиппократтың (б.з.д. IV ғ.) еңбектерінде кездеседі.

Түрлі минерал сулар кен орындарын іздеу және оның емдік қасиеттерін пайдалану мәселелері XVI-XVII ғасырдан бастап туындай бастады.

XVIII-XIX ғ. 2 жартысынан бастап емдеу-сауықтыру орталықтары жылдам дамып, Ресейдің түрлі аймақтарындағы минерал суларының химиялық құрамы анықтала бастады. Осы кезең де біздің еліміздегі минералды сулар көздерін зерттеудің алғашқы бастауы болып есептеледі, бірақ Борохудзир (Қу-Арасан) минерал бұлағының емдік қасиеті туралы алғаш рет XVII ғ. жазбаларында кездеседі. Жосалы (Қарағанды облысы) минерал суының бұлағы зерттеліп, 1830 жылы дәрігер С.А. Яроцкий оның емдік қасиеттеріне сипаттама берді. Кейінірек Н.Абрамов (1858 ж.), Н.Завалишин (1861 ж.), Г.Д. Романовский және И.В. Мушкетов (1874-1879 ж.), Н.В. Гейх (1880-1897 ж.), П.А. Соломин және т.б. еліміздегі минерал суларын зерттей бастады.

Минералды сулар құрамы жоғары сапалы түрлі компоненттерге бай және ерекше физикалық құрамға ие болатын (радиоактивті, жоғарғы температура және т.б.) адамның ішкі және сыртқы ағзаларына шипалық қасиеті мол жер асты суы түріне жатады.

Адам денсаулығы үшін курорт, шипажайлар, соның ішінде бальнеотерапиялық емдеу басты рөл атқарады. Бальнеотерапия -табиғи және жасанды минерал сулар арқылы, ағзаның функционалдық бұзылуын қайта қалпына келтіретін емдеу-сауықтыру әдісі. Минерал суларын сыртқы ағзаға қолдану оның басты ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар емдік минерал суларын ішуге, ингаляцияға және т.б. қолдану бальнеотерапияға жатады.

Көне заманнан-ақ адамдары кейбір бұлақ, қайнарлардың шипалық қасиеттерінен хабардар болған. Алғашында оларды жақын төңіректегі елді мекендердің тұрғындары ғана пайдаланады, кейіннен әртүрлі дертке шипалық қасиеті бар су мен балшықтың даңқы шартарапқа тарап, енді мұнда ең қашық өлкелерден аурулар ағылып келетін болған.

Жетісудағы атышулы су көздерінің бірі Талдықорған қаласына жақын орналасқан Қапал-Арасан. Мұндағылардың айтуынша, Қапал деген ат ертедегі әлдебір моңғол ақ- сүйегінің есімімен пайда болыпты. «Арасан» деген сөздің тегі түрік тілінен шыққан. Орыс тіліне аударғанда («нектар шырын»), «питье богов» («тәңір суы»), «святая вода» («әулие су»), сонымен қатар «целебный источник» («шипалы қайнар») немесе жәй ғана «хороший пресный родник» («жұмсақ тұщы бұлақ») деген мағына береді.

XIX ғасырдың орта шенінде Жетісуды зерттеген орыс мамандары жылы бұлақтарға ерекше назар аударды. Тау кен инженері А. Влангали, ол туралы біз жоғарыда айтып өткенбіз, алғашқылардын бірі қатарында Қапал-Арасанның шипалы сулары туралы баспасөзде жариялады.

Қапал-Арасан су көздерін 1840 жылы Биен шатқалында шекаралық қызмет атқарып жүрген орыс-қазақтар тапты. Аякөз әскери лазаретінің суын зерттеуге Светаев деген емші арнайы іс сапарға жіберіледі. Өзінің хабарламасында ол бұлақтардың бірінде — Арасан суында — «сутегі хлор бөлшектері бар» және «бұл қайнарлар ертеден-ақ шипалық қасиеттерімен әйгілі, бұған тастарды кернеп жазған жазбалардан көз жетеді»,— депті.

Қапал-Арасан бұлақтарына 1874 жылы келген П. П. Семенов-Тян-Шанский мұндай қайнарлардың бірінің үстінде бөренеден салынған суға түсетін баспалдақты көреді.

Қазірде Қапал-Арасан тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерге де әйгілі үлкен курорт. Мұндағы сулардың химиялық құрамы өте күрделі. Бұл сулар жүрек-тамыр, гинекологиялық перифериялық жүйке жүйелері, қозғалыс мүшелері, асқазан, тері ауруларын емдейді.

Курорт Биен өзенінің алабындағы көрікті жерде орналасқан. Қазір мұнда ай сайын 600 адам емделеді. Болашақта курорттық қала салу жоспарланып отыр. Бес қабатты үлкен емдеу корпусы салынып бітіп, ел игілігіне қызмет етуде.

Іле және Жоңғар Алатауында Қапал-Арасаннан басқа жиырмадан астам термальдық бұлақ, қайнарлар белгілі. Олар тау етектері мен теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан.

Алматы төңірегіндегі Алма-Арасан курорты да көпшілікке мәлім. Мұндағы жылы сулармен құяң, сарп (ревматизм) және металдан уланудан пайда болған ауруларды емдейді.

Түрген селосына жақын көрікті тау шатқалындағы «Тау-Түрген» радон қайнары да жақсы атқа ие болып жүр.

Іле өзенінің сол жағалауындағы құмды шөлдегі бұрынғы «Аяқ-Қалқан» курортының айналасында асқазан, бүйрек және тері ауруларын емдейтін шипалы су атқылап жатыр. Өкінішке орай, Қапшағай су плотинасының іске қосылуына байланысты бұл курорт жабылып қалды. Бірақ курорттың бұрынғы орны әлі күнге дейін аман, су астында қалған жоқ. Ал, шипалы бұлақтар қирап қалған су қабылдайтын орындар ішінен ешбір пайдасыз ағып жатыр... Емдік қасиеті жоғары бағаланып жүрген Қорғас бұлақтары да қайталанбас су көздері қатарына жатады.

Шипалық қасиеттері жағынан тек минералды және термальды су көздерін атап қою жеткіліксіз. Жетісуда құрамында органикалық заттары аралас минералдык қосындыларғабай май балшықты көлдер де аз емес. Бұлар да әртүрлі дерттерді емдеуге кеңінен колданылып жүр. Алматы қаласының батысына қарай жүз жиырма шақырым жердегі Сарыбұлақ көлі жұртқа жақсы мәлім. Бұл көлдің лай балшығы балалардың полиомелит ауруының сарқыншақтарын емдеуге пайдаланылуда.

Маловодное поселкесінен қырық шақырым жерде май балшығының шипалық қасиеттері мол Соркөл көлі жатыр. Өсек көлінің тұнбасыда шипалы (Алматы облысының Панфилов ауданы). Шипалы көлдер мен бұлақтар толып жатыр. Олардың бәрі туралы айтып жеткізу мүмкін емес.

Ертедегі аңыздар бойынша, шайқасқа шығар алдында жауынгерлер бұлшық еттерінде күш, жүректеріңде ерлік пен ширақтық жинау үшін арасан-бұлақтарына барады екен.

 

Әдебиеттер

  1. Брошюра/ Санаторий "Арасан-Капал". Өнер, 1985 ж.Сыдықов Ж.С. Жер астындағы теңіз. Алматы. Қазақстан, 1976 ж.
  2. Дүниенің жұмбақ сырлары. II кітап /Жастар өрендер баспасы, 2000 ж.Қазақстанның географиялық атласы. Алматы. "Глобус" баспа үйі, 2003 ж.
  3. Қазақстан шипажайлары мен шипалы бұлақ көздері. Алматы. 2004 ж.
  4. Мақала - Санаторий "Капал-Арасан", "Еркін и К". 2000.
  5. Мақала- «Сосновый бор» -жан рахаты, Қостанай таңы.25.05.2011 ж, б бет.
  6. Жетісу энциклопедиясы. Алматы. Арыс баспасы, 2004, 295, 397, 421-б.
  7. Журнал - «География және табиғат», №2-2007 жыл, 10-14 беттер.
  8. Журнал - «География және табиғат», №4-2007 жыл, 69-72 беттер.
  9. Журнал - «География және табиғат», №5-2007 жыл, 68-72 беттер.
  10. Журнал - «География және табиғат», №1-2009 жыл, 3-8 беттер.
  11. Журнал - «География және табиғат», №1-2011 жыл, 15-17 беттер.
  12. Қазақ Совет энциклопедиясы. 7 том. 618-б. ҚСЭ - бас редакциясы. Алматы. 1975 ж.
  13. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. І-том ҚҰЭ - бас редакциясы. Алматы. 1998 ж.
  14. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 1 том. 178-б. ҚҰЭ - бас редакциясы. Алматы. 1998 ж.
  15. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1 том. 247-б. ҚҰЭ - бас редакциясы. Алматы. 1998 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.