Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қостанай қаласының тұрмыстық қалдықтары

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Швецияда тұтыну қалдықтарының - 25 %-ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол - 30 % құрайды, Германияда - 35 %. Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың - 2,5 %-ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны - 97,5 %-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.

Қазақстандағы қалдықтарды басқару облысында қазіргі жағдайды төмендегідей мәселелермен сипаттауға болады:

  • -тарихи өндірістік қалдықтардың мұрасы. Өткен онжылдықта ауыр өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және пайдалы қазбаны өндіргеннен көп көлемді қалдық жиналған. Оның үстіне қалдықтың көп бөлігі улы және радиоактивті.
  • -қалдықты жинаудың, қайта кәдеге жаратудың және өңдеудің инфрақұрылысының дамуының артта қалуы.
  • -өндіріс пен адамның өмірлік істерінен қалатын қалдықтарының жыл сайын артып отыруы.

Қалдықтарды шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, үй шаруашылығы жатады. Үй шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі - тамақ қалдықтары. Бұлқалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты.

Қалдықтар — қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі Жер бетіндегі зиянды заттардың жинақталған массасы топырақ жамылғысына, өсімдіктерге, жерүсті және жер асты суларына жағымсыз әсерін тигізеді. Қоқыстар жанған кезде атмосфераға өте көп улы заттар бөлініп, тыныс жүйесі аурулары мен репродуктивті және иммундық жүйелердің ауытқуларына әкеліп соғуы мүмкін.

Аса қауіп төндіретін органикалық заттар — диоксиндер. Олардың әсері цианисті калийден, стрихниннен және курареден күшті абсолютті у болып есептеледі.

Үлкен қауіп тудыратын қатерлі зат — фильтрат, ол қоқыс алаңдары аумағынан жерасты суларына түседі. Қалдықтарда дизентерия, холера, туберкулез және т.б. ауруларды тудыратын бактериялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Фильтраттардың жерасты суларына өтуі, осы микроорганизмдердің кең таралуына әкеліп соғуы мүмкін.

Қазір республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана ҚТҚ мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы бөлінген полигондар бар. Оның тек қана 6,8 пайызы немесе 307-сі ғана заңдастырылған. Қалған күл-қоқыс полигондары кез-келген жерде, қалай болса солай қалыптасқан. Ол ол ма, республикамыздағы 6325 елді мекеннің 25 пайызында немесе 1558 елді мекенде ғана ҚТҚ мен күл-қоқысты арнаулы полигондарға таситын кәсіпорындар бар. Ал қалған 75 пайызы немесе 4767 елді мекенде күл-қоқыс үй іргесінде немесе елді мекен маңында шашылып жатыр.

Сарапшылар дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді. Осы зиянды қоқыс шығаруда Қарағанды облысы 29,4 % бірінші орынды иеленсе, Шығыс Қазақстан облысы 25,7 % екінші орынды, ал үшінші орынды Қостанай мен Павлодар облыстары 17% және 14,0 % .

Қостанай қаласында ауыр тұрмыстық қалдықтардың қауіпі орасан зор төніп тұр. Біріншіден қоқыс төгетін полигондарға келетін болсақ. Тобыл өңірінде қоқыс төгетін полигондар жетіспейді. Қатты қалдықтарды қайта өңдейтін бекет ашу мәселесі өткір күйде тұр. Қостанайлық табиғат қорғау прокурорлары осылай деп дабыл қағып отыр. Облыс көлеміндегі 300-ден астам полигонға жыл сайын тасталатын тұрмыстық қалдықтар еселеп артып барады. Қалың қоқыстың тек аз ғана мөлшері қайта өңделуде. Кейбір қалдық түрлері қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіруі мүмкін,-дейді құқық қорғаушылар. Мәселені шешуге жергілікті билікпен қатар аймақ кәсіпкерлері де атсалысуда.

Осы саламен айналысып, бизнеске айналдырамын деген кәсіпкерлерге бағыт сілтейтін «KazWaste» (http://www.kaz-waste.kz/kaz/) қалдықтарды басқару бойынша қауымдастығы бар. Ұйым 2013 жылы кәсіпорындарға, мемлекет органдарына, жұртшылыққа қалдықтарды басқару саласындағы қызметті жүзеге асыру барысында туындап отыратын мәселелерді шешу ісінде көмек көрсету мақсатында құрылған. Қауымдастықтың құрамына жасыл экономиканы қолдайтын жеке кәсіпкерлер мен 30-дан астам ұйымдар кірген. Қалдықтар саласындағы мәселелерді инновациялық технологияларды қатыстырумен, халықаралық стандарттарды ұстанумен кәсіби тұрғыдан шешуге бағытталған. Қауымдастық жұмысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекет пен халықтың мүддесін қорғауға ықпалын тигізеді. Қауымдастық құрамында тозығы жеткен көлік шиналарын қайта өңдейтін 6 компания («Inter Rubber Recycling», «Soltustik Rubber Recycling», «Kazakhstan Rubber Recycling», «ЭКО Шина», «КазКаучук», «Ж.Құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері), пластик қалдықтарын пайдаға асыру және қайта өңдеу бойынша "Soyuz Plast" компаниясы, электр құрылғыларын өңдейтін 2 компания ("ALEKS-ASU", «ПромТехноРесурс^»), медициналық қалдықтарын қайта өңдеу бойынша екі компания, қалдықтарды кешенді басқару бойынша 10 компания, қалдықтардан қағаз өнімдерін шығаратын 1 компания («Kagazy Recycling»), өңдірістен шыққан қауіпті қалдықтарды жою бойынша 1 компания («Промотход Казахстан») жұмыс істейді.

Қазір Қостанайда қоқыс жинап, қалдықты қайта өңдеумен айналысатын қос кәсіпорын бар. Олар облыс орталығында төрт жүзден астам арнайы жәшіктер орнатқан. Қысқасы тұрмыстық қалдықты сұрыптап, қайта өңдейтін кешен салу мәселесі өзекті болып тұр. Жобаның құны 8 миллиард 500 миллион теңге деп жоспарланған. Қомақты қаражатты қалалық әкімдік әлемдік банктен алуды көздеп отыр.

Полигондар жылына 450 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық қабылдайды. Қостанай қаласының өзінде де күніне 300 тоннадай қоқыс төгілсе, жылына 100 мың тоннаға жуық қоқыс төгіледі. Осындай жағдай болатын болса, біздің тек «солтүстік» полигонының күші 5-7 жылға ғана жетеді. Қалада 212 мың халық тұрып, олар күніне 300 тоннадай қоқыс шығарса, оған қосымша 5000 мыңдай адам келіп, әр біреуі 1-кг қоқыс қалаға тастап кетеді. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің бақылауында Қостанай облысы бойынша 391 тұрмыстық қоқыс полигондары тұр. Оның ішінде Наурызым ,Сарыкөл, Меңдіқара мен Таран аудандарында берілген мерзім ішінде қоқыстардың жойылмағаны тіркелгені мәлім болды. Енді осы тарапта тиісті шаралар қабылданып, олқылықтың орыны толтырылуда. Сонымен бірге жұмыссыздар үшін Қостанай қаласында Қостанай қаласы әкімдігінің "Тазалық 2000" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұсынуымен қала аумақтарын батпақтану, қолмен тазарту, қоқыстан, қардан, қатқан қардан қолмен тазарту, аялдама алаңдарын қоқыс пен қардан тазарту, тротуар секторларын тазарту, жол жүру бөлігінде жол жиегіндегі тас түрдегі қоршауды ақтау сияқты жұмыс түрлері көп."АБЗ плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген міндет бойынша жолдар мен тротуарларды күтіп ұстау, үнемі және мезгілімен жинау, жол жиегіндегі бөлігін үнемі, мезгілімен, қолмен жинау жол жиегіндегі тасты үнемі, мезгілімен, қолмен ақтау сияқты санитарлық-ағарту қызметтері артылған дейді.

Тұрмыстық қалДықтарДың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Сонан соң қалдықтар химиялық құрамына қарай органикалық және бейорганикалық деп бөлінеді. Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді. Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жабыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі. Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары - макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Ал жағу үдерісінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.

Елде электронды-тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату үшін арнайы экобокстар орнатыла бастады. Бұл батареялар, кабельдер және ықшам электроникаларды жасау үшін қажет. Аталмыш жобаны "Технодом" компаниясы жүзеге асыруда.

Қостанай және Рудный қалаларында полиэтилен, ПЭТ-бөтелке және пластикалық ыдыс қалдықтарын бөліп жинау іске асырылады. Қостанай қаласы бойынша 219, Рудный қаласы бойынша көлемі 2,5 текше метрлі 126 торлы контейнер орнатылған. Арқалық және Жітіқара қалаларында арнайы контейнерлерді орнату жоспарлануда.Облыста өнім алумен қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 14 кәсіпорын қызмететеді. Қостанай қаласында «Тазалық-2012» ЖШС геотор, тас төсеуіші, көру құдық люктерін шығару үшін пластик қалдықтарын (70 тонна/жыл) қайта өңдейді. «Эколайнспорт» ЖШС резеңке қиқымды өндірумен тозған шиналарды жинау және қайта өңдеуді жүзеге асырады. «KagazyRecycling» ЖШС филиалы макулатура жинап (шамамен 250 тонна/жыл), Алматы қаласына қайта өңдеуге бағыттайды. Қостанай қаласы бойынша «Атамекен 4+» ЖШС әйнек және шыны ыдыс қалдықтарын жинау үшін 70 контейнер орнатты, контейнерлер санын кезеңмен арттыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың тамызынан бастап, әйнек қалдықтарының жиналған көлемі 20 тоннаны құрады. «S.M.F.SYSTEM» тоқусыз материалдар фабрикасы» ЖШС маңызды бөлігі елден тыс шығарылатын пластик қалдықтарын (300 тонна/жылына) жинауды жүзеге асырады. Жітіқара және Арқалық қалаларында қағазды, макулатураны, әйнекті бөліп жинау үшін контейнерлерді сатып алу және орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстың барлық қалаларында құрамына сынап қосылған шам жинау енгізілген.

Қазіргі уақытта облыс аумағында орнатылған және қолданыстағы қоқыс сұрыптайтын желі жоқ. Осыған байланысты Қостанай қаласында қоқыс сұрыптайтын желі (қолмен сұрыптау) құрылысының ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметімен серіктестік туралы жасалған келісім шеңберінде Дүниежүзілік Банкпен жобаны қаржыландыру мүмкіндігі туралы мәселе талқылануда. Қостанай облыстарында ҚТҚ сұрыптау, қайта өңдеу кешендерінің құрылысына жобалық құжаттар әзірлеуге жергілікті бюджетте қаражаттар қарастырылған. Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен Атырау, Көкшетау, Қостанай, Алматы және Қызылорда қалаларында ҚТҚ басқару бойынша инвестициялық жобаларды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Атмосфераға тұрақты көздерден шығарылатын зиянды заттардың мөлшері қалалар бойынша : Қостанайда (170,0 мың т.).

Қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі «қаймағын» ғана алып, экологиялық зиянды қоқыстарын қалдырып отырды. Бұған байыту фабрикаларынан шығарылған қалдық-қоқыстарды, жылу электростанцияларынан шыққаң күл мен шлактарды, мекенді орындар мен өндірістік мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны- әйнектер, бетондар т.б. тұрмыстық қоқыс-қалдықтарын қосыңыз. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жердің көлемін арттырады, алқаптың санитарлық жағдайын нашарлатады. Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда өндіріс салдарынан бүлінген жер көлемі санитарлық зонаны қоспағанда 200 мың гектардай.

Мәселелерді шешуге тек Үкімет тарапынан шаралар қолдану аз, оған жаппай халықта ат салысуы қажет. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау - халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. Экологиялық таза өнімді пайдалану үшін алдымен қоршаған ортамызды таза ұстауымыз қажет. Біріншіден тәрбие отбасынан басталады дегендей біз қоршаған ортаны да қорғауды әр отбасынан үйден бастауымыз қажет, яғни тұрмыстық қалдықтарды шығарғанда бөліп шығару, тастағанда шәшіктерге ерінбей бөліп тастау. Табиғатқа шыққанда қалдықтарды тастамай алып кетіп, қоқыс тастайтын жерге тастау. Бұл мәселелердің бәрін Бала бақшадан бастап жас ұрпақтың санасына сіндіру қажет. Ал жас мамандар осы салада тұрмыстық қалдықты жою мен оны өндеу саласында тың жаңалықтар енгізу және шет елдердің тәжірибесін алып , оны пайдалану біздің міндетіміз.

 

Әдебиеттер

  1. 1.Редакция «Наша газета» - №120 2015г.
  2. Редакция «Костанайские новости»- №100 2016г.
  3. Бағила Татиева. «Қостанай облысының экологиялық жағдайы», кітапша 2011ж.- Қостанай қ.
  4. Михайличенко А.Д., Шевцова Л.Ю., әдістемелік құрал «Қостанай облысының экологиялық жағдайы»,-2013ж.-Қостанай қ.
  5. Қостанай облысының әкімдігінің ресми сайты, http:|//www kostanai.stat.kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.