Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көптілділіктің дамуы- Қазақстанның болашағы

Адам баласы жер бетінде өмір сүргеннен бастап, тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолданып келеді. Тілмен бірге адам баласының сана сезімі дамып менталитеті , ой өрісі мен дүниета- нымдық көзқарасы қалыптасады. Адам қай тілде ата-анасынан тәрбие алып, мектеп қабырғасында білім алса, қоршаған ортасы оның қандай болса, дамып келе жатқан жас ұрпақта сондай көзқа- рас пен мәдениет қалыптасады, сол мәдениетпен бірге оның бойында адалдық, сүйіспеншілік, патриоттық сезім сіңіріледі. Бірақ, қазіргі таңда қазақ қоғамында тіл мәселесі ақсап тұр. Қазақстан халқының біраз халқы мемлекеттік тілді білмейді, ол қазақ қоғамы үшін бұл өкінішті жағдай. Қазақстанда тұратын әрбір азамат мемлекеттік тіл қазақ тілін білу керек, сонымен қатар тағы бірнеше тілде сөйлеу керек. Көп тілді білу біздің білімділігіміз бен мәдениеттілігімізді көрсетеді. Біз қазақ жастары ертеңгі елдің болашағы, қазіргі ата-анамыздың үмітіміз. Бүгін университет қабырғасында студент болсақ, ертең мемлекеттік істерді атқарушылардың бірі боламыз. Сондықтан біз ерте бастан ертеңгі болашағымыз үшін елімізде көптілділікті дамытуымыз керек, сонымен қатар ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпауымыз керек. Қазіргі ХХІ ғасырда ақпараттық технологияның дамыған заманында бізде технология тілімен бірге дамуымыз өзімізге пайдалы. Қазақ жастарының жан-жақты болуы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі, яғни үш тілді жетік меңгеруі өзіміз үшін жақсы, өйткені ол біздің болашағымыз, біздің ертеңіміз. Көп тілді білу өзге жұртпен бәсекеде болуда таптырмайтын алғырлық пен ұшқырлықты көрсетеді.Көп тілді меңгерген адам әуелі өзтілінде ой қортып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық .Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес, атап айтқанда, АҚШ пен көптеген Еуропа елдерінде, әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта жетістікке қол жеткен. Бірақ, қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс.

Көптілді тұлғаны қалыптастыру - бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі. Бүгінгі күні көптілді білім беру - заман талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықара- лық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады [1]. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы “білім беру жүйесінде үш тілдің мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау” [2]міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты - өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым - қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Еліміздің әлемнің дамыған мемлекеттер қата- рынан орын алу үшін бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыру мәселесі алға шығып отыр. Өйткені, тек бәсекеге қабілетті азаматтар ғана Отанымыздың тұрақты дамуына, бәсекеге қабілеттілігіне өз үлесін қоса алады. Шығармашылық тұрғыдан ойлайтын, ой-өрісі, дүниетанымы дамыған, Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуыны жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі - мектепте көптілді және билингвалды білім беруді жолға қою болып табылады.

Бұл өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсат анықталды. Ол - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Тілді жетілдіру - барлық адамзаттың міндеті. Сол тілдің бүгіні мен ертеңі тілді қолданушылардың өз қолында. Сондықтан тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде соңғы кездері зерттеле бастаған лингвоэкология ғылымы осы бағытта ерекше орын алады. Себебі, лингвоэкология әлеуметтік, психологиялық, философиялық ғылымдардың тоғысында пайда болған. Бұл ғылымның қазақ тілі білімінде кең өріс ала бастағаны ғалымдар еңбегінде көрініс тауып жүр. Екінші тілді үйрену қай қоғамда болмасын бөгде мәдениетті меңгерумен тығыз байланысты жүргізілетін үдеріс. Кез келген шет тілін бір айда үйретеміз деген жарнамалардың шындыққа жанаспайтындығын айтатын мамандар шет тілін жетік емес, еркін меңгеру үшін кемінде бір жыл керек дейді.

Тіл мәселесі - өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Осы орайда тілдерді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қою керек. Ал шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралықбайланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым- қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс- әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - студенттердің ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту студенттердің коммуникативті даму біліктілігін, студенттердің қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Бүгінгі қоғам оқытушының біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде.

Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық - ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек. Осыған орай, ҚР Президентінің 2011 жыл 28 қаңтардағы халыққа Жолдауында Елбасымыз айтқандай: «көпұлтты және көптілді мемлекетіміздің достығы мен татулығы сізбен біздің зор еңбегіміз Тілдерді дамытуда алға қойылған мақсаттарымыз бойынша 2017 лы қазақ тілін меңгерген саны 80 пайызға, ал 2020 жылға қарай 95 пайызға жетуі тиіс. Үш тілді меңгеру - қазіргі заман талабы болып табылады. Соған байланысты 2020 жылы ағылшын тілін меңгергендер халықтың 20 пайызын құрайтын болады» делінген. Бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан қазіргі кезде ендігі жаңа буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдері мен орыс тілін жақсы білуі - уақыт талабы. Мемлекеттік тілді жан-жақты білгенде ғана өзге тілдердің мән-мағынасына, қасиетіне тереңдеп еніп, түсінуге болады. Өз тілі арқылы әлем тілін игеру жеңілге соғады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі болса, ағылшын тілі - халықаралық тіл.Мемемлекеттік тіл мәселесі - өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Әрбір жеке адам, әрбір ұжым, әрбір ұжымның басшысы осы іске тікелей ықпал жасап, оның шешілу жолдарын жан-жақты іздесе, көп нәрсе тез арада өзгеріп шыға келер еді. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қою керек. Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі бүгінгі күн талабына сай жоғарғы оқу орындарында кредиттік жүйемен оқытатын жаңа типтік бағдарламалар мен оқулықтар жасауды, білікті кадрларды көбейтуді, оқытудың ең озық жүйелері мен технологияла Көп тілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Сабақтан тыс шараларда, факультативтерде, үйірмелерде үш тілді бірдей қолдану, іс- қағаздардың үш тілде жүргізілуі тілді білуді әрі қолдануды қажет етеді. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына жағдай жасайды және осы жұмыстарды еліміздің барлық мектептеріне енгізу - үштілділік бағдарламасын іске асырудың жолы болмақ.

Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Ия, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Үштілділікті үрейлі кейіпте елестететін кейбір ағаларымыз «мұны ең соңғы өлу деп те қорқатындығын» жасырмайды. Жоқ! Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес». Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. Қиындық туғыза- тыны - аталған үш тілді меңгерген мамандардың кездесе бермейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни қазақ, ағылшын, орыс тілі қатысқан үштілділік сөйлермендерін дайындау кезек күттірмейтін мәселе. Мәселені түбегейлі шешу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақтілді қазақ және басқа ұлт өкілдерін үштілділікке ыңғайлап қайта дайындаудан өткізіп, оларға үштілділік маманы деген құжат табыс еткен жөн.

Қазақ қоғамының әрбір білімді азаматы тұлға ретінде қалыптасуы үшін, өзіндік ой- мақсаттарына жетуі үшін көп тілді білу еш кедергі болмайды деп ойлаймын. Қазіргі тарих пен тәжірибе дәлелдегендей ағылшын тілі өзінің дәрежесін әлемдік статусқа дейін көтерді. Шетелге қыдыруға немесе оқуға кеткен, ағылшын тілін білген кез-келген азамат еркін қайда болсын бара алады. Сондықтанда қазақтағы « Өнер алды – қызыл тіл», «Жеті түрлі – білім біл, жеті елдің – тілін біл» деген мақалдар біздің ата-бабамыздың тілге өте көңіл бөлгенін көрсетеді. Қазақ халқы айтыс десе ішкен асын жерге қояды. Айтысуға әр ауылдардың ақындары жиналып, домбырамен айтысып, өзінің тіл шешендігін көрсетіп, халықтың мұңын жырлай білді. Сонымен қатар жырауларда өз- дерінің шешендіктерімен тарихта көп өсиет термелер қалдырып кетті. Абай атамыз өз заманында орыс тілін жақсы меңгерген, ол қазақ халқы білімді болу үшін, көкірегі ояу көзі ашық болу үшін, біздерге орыс тілін үйреніңдер деп айтып кетті. Әбу Насыр әл-Фараби атамыз өз заманында жет- піс тілді жетік меңгерген дейді. Біз сол үшін өзіміздің ұлы тұлғаларымыздан үлгі алуымыз керек.

 

Әдебиеттер

  1. Жаминова Р.Ж. Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115-120 б.
  2. Солташұлы Ы. Заман Талабы Көп Тілді Болу. // Ақиқат. 26 қараша- 2012 ж. № 11. 14-15 б.
  3. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – M.: Слово/ Slovo, 2008. С– 264-270
  4. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению, 2-е изд. — М.: Просвещение, 1991. — 116 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.