Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қостанай облысының ихтеофаунаның экологиялық жағдайы

Балық аулау, су жануарлары және су өсімдіктерін жинау құқығын балық аулаудың белгіленген ережелерін сақтаумен тауарлық балықты және басқа жануарлар және өсімдіктерді өсіру және асырау үшін балық шаруашылығы және басқа ұйымдарға берілген, тоған шаруашылығы және су қоймаларындағы, балық асырағыштар, ерекше қорғалатын аумақтарда болатындарды қоспағанда, барлық су қоймаларындағы аумақтарда болатын немесе тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары және басқа адамдар ақылы түрде су жануарларын және су өсімдіктерін жинау, спорттық және әуесқойлық балық аулау құқығын қолданады. Азаматтар аталмыш су қоймасындағы немесе бассеиндегі биоресурстарды пайдалану ережелерін білуі және қатаң сақтауы тиіс. Ережелерді білмеу азаматтарды оларды бұзу үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Қазақстан Республикасының су қоймаларының биоресурстарын пайдалану ережелерімен балық қорғаудың мемлекеттік органдарында, әуесқойлық және спорттық балық аулау, аңшылар және балық аулаушылардың қоғамдарында және су жануарлары мен су өсімдіктерін жинау мәселелерімен айналысатын басқа ұйымдарда танысуға болады. Олардың түрі мен мөлшеріне тиісті рұқсаты болмаған балық, су жануарларын абайсыз аулаған жағдайда оларды қайтадан су қоймасына жіберу қажет. Аталмыш мақалада біз Қостанай облысының бассеиндерінде және су қоймаларында жануарлар әлемін және балық ресурстары объектілерін пайдалануға кейбір шектеулер және тыйым салулар туралы толық айтамыз.

Балық ресурстарын пайдалануға аталмыш шектеулер және тыйым салулар Қостанай облысының су қоймаларына қолданылады. Келесі учаскелерде жыл бойы кәсіптік балық аулауға тыйым салынады:

  1. Жоғарғы Тобыл су қоймасы үшін Жоғарғы Тобыл балық аулау мүйісінен Көтібоқ шығанағының жоғарғы жағына дейін;
  2. Қаратомар су қоймасы үшін Елтай кентіндегі зираттан Аят кенінің бөгетіне дейін (Тобыл тармағы);
  3. Бұрынғы Рассвет совхозының сорғысынан Майскийге дейін (Аят тармағы).

Келесі учаскелерде 30 маусымға дейін мұзды ыдыратудан әуесқойлық (спорттық) балық аулауға тыйым салынады:

  1. Жоғарғы Тобыл су қоймасы үшін Жоғарғы Тобыл балық аулау мүйісінен Көтібоқ шығанағының жоғарғы жағына дейін тыйым салынады;
  2. Қаратомар су қоймасы үшін Елтай кентінің қоймасынан Аят кенінің бөгетіне дейін тыйым салынады (Тобыл тармағы);
  3. бұрынғы Рассвет совхозының сорғысынан Майский (Аят тармағына) дейін.

Уылдырық шашу кезінде мынадай мерзімдерге балық аулауға тыйым салу белгіленеді:

20 сәуірден 30 мамырға дейін Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласының елді мекендерінің балық шаруашылығы су қоймалары үшін - сазан (тұқы), ақтабан, қарабалық;

Қостанай облысының өзге аудандарының елді мекендерінің балық шаруашылығы су қоймалары үшін - шортан, аққайраң 10-15 сәуірден 10-15 мамырға дейін; сазан (тұқы), көксерке, ақтабан, 20 мамырдан 30 маусымға дейін, 20-25 қазаннан 20-25 қарашаға дейін сиг балықтары.

Қостанай обылысы аумағында 5000 жуық көл бар, олардың жалпы ауқымы облыс көлемінің 2 пайызын құрайды, көлдердің 20 пайыз облыстын солтүстік бөлігінде, 60 пайызы оңтүстігінде орналасқан.

Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу: Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

  1. Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелді аудандарының су айдындарында: шортан – 20 наурыз бен 20 сәуірді қоса алғандағы аралықта; тұқы (сазан), табан, оңғақ, көксерке – 20 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта аулауға;
  2. Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында: мөңке – 20 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта; шортан, аққайран – 10 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы аралықта; тұқы (сазан), табан, оңғақ, көксерке – 20 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта; ақсаха балық түрлері – 20 қазаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта; нәлім – 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта; шаян – 15 қазан мен 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға;
  3. Торғай мемлекеттік табиғи қорықтың (зоологиялық) аумағында орналасқан су айдындарда 15 сәуірден 31 тамызды қоса алғандағы аралықта балық аулауға;
  4. Ақтөбе облысының басқа су айдындарында: шортан, көксерке, беріш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа, тарақ балық – 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта; сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан – 20 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта; нәлім – 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта; ақсаха балық түрлері – 20 қазан мен 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта; шаян – 15 қазаннан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға;
  5. кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 шілдені қоса алғандағы аралықта: сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында; Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетіне (Тобыл қолтығы) дейінгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейінгі Қаратомар су қоймасында балық аулауға тыйым салу енгізілді.

Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда: 1) сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында; 2) Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетіне (Тобыл қолтығы) дейінгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейінгі Қаратомар су қоймасында; 3) Ырғыз-Торғай жүйесінің көлдері арасындағы жылғаларда, сондай-ақ сағадан Дүкен аулына дейінгі Өлкейік өзенінде, Ақтөбе облысы шегіндегі Телқара және Торғай өзендерінде жыл бойы кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып балық аулауға тыйым салу енгізілді.

Аумақтың су ресурстарымен қамтамасыз етілуі. Республиканың жекелеген өңірлері бойынша жерүсті және жерасты су ресурстарымен қамтамасыз етілу жағдайы әртүрлі. Жерүсті және жерасты суының жеке ресурстарымен Ертіс өзені, Балқаш-Алакөл бассейндері анағұрлым қамтамасыз етілген. Нұра-Сарысу, Есіл, Тобыл-Торғай бассейндерінде жерасты сулары тапшы болып табылады. Есіл, Жайық-Каспий, Арал- Сырдария, Тобыл-Торғай және Нұра-Сарысу бассейндерінің едәуір аумағы жерүсті және жерасты суынан тапшылық көріп жатыр.

1 - суретте жерүсті су ресурстарының су шаруашылығы бассейндері бойынша бөлінуі келтірілген. Қытай Халық Республикасының Ертіс және Іле өзендерінен қазіргі су алуын ескерсек, өзендердің және уақытша ағын судың орташа көпжылдық жалпы ағыны 100,58 км 3 деп бағаланады, оның 55,94 км 3 (55,6 %) республиканың аумағында, қалған бөлігі – 44,64 км 3 (44,4 %) оның шегінен тыс қалыптасады. Қазақстанның бір тұрғынына шаққанда су ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші бір тұрғынға тәулігіне 18,79 км 3 құрайды.

Балқаш-Алакөл және Ертіс бассейндерінің жалпы жерүсті су ресурстарымен де, өз аумағында қалыптасатын ресурстармен де қамтамасыз етілу үлесі анағұрлым жоғары. Арал-Сырдария бассейнінде ағынның шамамен 80 %, Жайық-Каспий бассейнінде 33 % астамы республика шегінен тыс келеді. Жерасты суларымен қамтамасыз етілу де төмен. Жерасты су ресурстары ретінде барлау жасалған пайдалану ресурстары, яғни экономика салалары іс жүзінде пайдалануы мүмкін су алынды. Жалпы экономика салалары алатын суда каналдарға (Жайық-Каспий, Ертіс бассейндері) су жинауды қамтамасыз ету кезінде берілген шекті ұстау үшін судың берілуі, құйма су қоймаларының (Жайық-Каспий, Нұра- Сарысу, Арал-Сырдария бассейндері) толтырылуы, сонымен қатар пайдаланылмайтын шахта-кеніш суларын (Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Нұра-Сарысу және Тобыл-Торғай бассейндері) жинау ескерілмеген. Жалпы су алуда трансшекаралық өзендерге міндетті су жіберу, су пайдаланушылар үшін (су көлігі, балық шаруашылығы) және экологиялық мақсаттарға су ағынының шығындары ескерілмеген. Мұның барлығы әрбір нақты өзен бойынша су шаруашылығы балансын жасау кезінде ескеріледі. Аумақтың су ресурстарымен қамтамасыз етілуінің жалпы бағасы немесе «су тапшылығының көрсеткіші» – бұл су көздерінен алынатын судың қолда бар ресурсының жалпы көлеміне арақатынасы. Қабылданған халықаралық өлшемшарттар бойынша Қазақстан Республикасы су тапшылығының көрсеткіші жоғары елдердің санатына жатады.

Тобыл-Торғай бассейні

Тобыл өзенінің бассейні. Тобыл өзені бір жылдың ішінде және жылдан жылға ағынның біркелкі бөлінбеуімен сипатталады. Тобыл өзені ағынының көпжылдық ағуы ерекшеліктерінің бірі суы мол және суы аз жылдар деп топтастыру үрдісі болып табылады, бұл су қоймалары салынғанға дейін оның экономика салаларында пайдаланылуын айтарлықтай дәрежеде қиындатты. Көлемі бойынша Тобыл өзені ағынының ең ірі реттегіші Қаратомар (пайдалы сыйымдылығы 562 млн. м 3) және Рудный, Қостанай, Лисаковск қалаларын және бірқатар басқа да су тұтынушыларды сумен жабдықтау көзі болатын басқа да су қоймаларынан төмен орналасқан Жоғарғы Тобыл су қоймасы (пайдалы сыйымдылығы 781 млн. м 3) болып табылады. Жазда судың едәуір бөлігі суармалы егіншіліктің мұқтаждықтарына, жасыл екпелерді суаруға жұмсалады. Су қоймаларының жиынтық пайдалы сыйымдылығы – 1393 млн. м 3 құрайды

17

Тобыл өзені бассейнінің бүкіл жерүсті су ресурстарының жиыны 746 млн. м 3 деп бағаланады, оның бір бөлігі Ресей Федерациясының аумағында қалыптасады. Тобыл өзенінің және оның Қазақстан Республикасына кірер жердегі трансшекаралық салаларының Ресей Федерациясындағы шаруашылық іс-шаралардың әсерінен гидрологиялық режимінің өзгеруін бағалау, бүкіл байқау кезеңі ішінде қаралып отырған тұстамаларда жылдық ағынды шартты-табиғи деп алуға болатынын көрсетті Тұстамалардан жоғары, оның ішінде шектес аумақта су тұтыну шамалы және жылдық ағынның шамасына байқалатындай әсер етпейді. Осыны негізге ала отырып, Қостанай облысының су ресурстары Қостанай облысының аумағында орналасқан гидробекеттердің деректері бойынша бағаланды. Сол себептен су шаруашылығы балансын есептеу кезінде Ресей Федерациясында осы өзендерден су алу ескерілген жоқ.

Тобыл өзенінде су шаруашылығы есептерінің гидрологиялық негізі Жоғарғы- Тобыл су қоймасынан Қаратомар су қоймасына дейінгі учаскеде қалыптасатын Жоғарғы- Тобыл су қоймасына және құятын салаға саланың табиғи (қалпына келтірілген) 78 жылдық қатары болды.

Торғай өзенінің бассейні. Қаралып отырған аумақтың су шаруашылығында маңызы өте зор негізгі ағын су Торғай өзені және оның саласы Ырғыз өзені болып табылады. Сарықопа көлінің су жүйесі Сары-Өзен және Теке негізгі өзендерін қамтиды. Сарықопа көлі су мол жылдары толып кетеді де, оның суының бір бөлігі Сарысу және Омана (Тауш) өзендері арқылы Торғай өзенінің тармағына жіберіледі. Осы Бас схемада ұсынылған су шаруашылығы балансында Сарықопа көлінен Торғай өзеніне ағу ескерілмеген, себебі баланс сулылығы орташа және су аз жылдар бойынша, бұл құбылыс байқалмағанда жасалады. Ұлқаяқ өзенінің су жүйесінің уақытша ағын су желісі жақсы дамымаған және жоғарғы ағыста ғана айтарлықтай сала – Қабырға өзенін қабылдайды. Қаралып отырған аумақтың су режимінде көктемгі су жайылу айқын байқалады. Көктемгі су жайылудан кейін жазғы саба басталады. Бұл уақытта көптеген өзендер құрғап қалады, ал құрғап қалмайтын өзендер көбіне қысқы уақытта қатып қалады. Өзендер ағыны бір жылдың ішінде ғана емес, сонымен қатар жылдан жылға біркелкі бөлінбеуімен сипатталады, бұл оларды пайдалануды айтарлықтай дәрежеде қиындатады. Бұл жағдайды су қоймалары мен тоғандар біршама түзетеді. Қазіргі уақытта бассейн аумағында 5 су қоймасы (жиынтық толық сыйымдылығы 35,8 млн. м 3 тең) бар, олар негізінен, ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына және мал суару үшін пайдаланылады. Торғай, Ырғыз, Сарыөзен бассейндері өзендеріндегі көптеген суы терең тоғандар ауыл халқын сумен қамтамасыз етудің және жайылымдарды суландырудың сенімді көзі болып табылады. Лиманды суару үшін жергілікті ағын – шағын көл бедерінде және шұңқырларда шоғырланған және ірі ағын сулардың ағынына қатыспайтын көктемгі қар мен жаңбыр суының бөлігі пайдаланылады. Торғай өзені бассейнінің бүкіл жерүсті су ресурстарының жиыны 1194 млн. м 3 деп бағаланады. Тобыл және Торғай өзендері бассейндерінің жиынтық жерүсті су ресурстары 1940 млн. м 3 деп бағаланады.

Қостанай облыстарының шегіндегі су айдындары Кәсіпшілік балық мөлшері:

  1. Қостанай облысының су айдындары үшін (Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларын қоспағанда): сазан (тұқы) – 26, көксерке – 45, табан – 20, оңғақ – 20, шортан – 45, нәлім - 45, көкшұбар - 16, көкшұбар балық - 22, пайдабалық - 26, ақсаха - 30, шаян - 9;
  2. Жоғарғы-Тобыл және Қаратомар су қоймалары үшін: сазан (тұқы) - 45, көксерке - 45, табан - 22, оңғақ - 20, шортан - 45, нәлім - 45, көкшұбар - 16, көкшұбар балық - 22, пайдабалық - 26, ақсаха - 30, шаян - 9;
  3. Ақтөбе облысы су айдындары үшін: шортан - 40, табан - 19, тұқы (сазан) - 33, мөңке - 21, аққайран - 24, торта - 19, оңғақ - 17, көксерке - 37, жайын - 53, ақмарқа - 40, нәлім - 45, шаян - 9.

Балық шаруашылығының Тобыл-Торғай облысаралық бассейн инспекциясының ихтиологиялық мониторинг және балық шаруашылығын реттеу бөлімінің бастығы В.Чирковтың айтуы бойынша. "Облыста сулардың 95 пайызы балық үшін қауіпті болуы ықтимал. Өйткені 2004 жылдан бері облыста көктемгі сел ойдағыдай болған жоқ."

Қазіргі кезде Қостанай облысында су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет балық шаруашылығы департаментіне және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

Қорыта айтқанда, Қостанай облысының су қоймасындағы өнеркәсіптік маңызы бар балық түрлерінің экологиялық және биологиялық жағдайы қанағаттанарлық деп айтуға болады. Ал барлық балықтар қорын сақтап қалу және ұлғайту мақсатында шаруашылық іс- шараларын және ізденіс жұмыстарын өткізу қажет деп есептейміз.

 

Әдебиет

  1. Ресбулика Казахстан. Т1 Природные условия и ресурсы/ Под редакцией Н.А.Искакова, А.Р. Медеу, Алматы, 2006
  2. Ермаханов З. и др. Комплексное рыбохозяйственное обследование малых озер Казахстана и разработка рекомендаций о их рыбохозяйственному использованию. Отчет Каз НИИРХ.- Аральск, 1985г. 65с.
  3. Алекин О.А. Основы гидрохимии. Л., 1970. 403с.
  4. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» Татиева Б.М., Михайличенко А.Д., Костанай 2015ж. 33бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.