Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттердің БҰҰ-мен басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша әріптестігі

Шекараны кесіп өткен адамдармен жұмыс істеу кезіндегі әріптестіктің жалпы қағидасы мүше – мемлекеттер БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес және жай халықаралық қауымдастық мүшелері ретінде өзіне қабылдаған міндеттемелерден шығады.

Босқындар істері бойынша қызметтің (мысалы, көшіп-қону мәселелерін регламенттеу тәжірибесі көрсеткендей) әр көпбағыттағы салалық өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, босқындарды қорғау мен «ар тұтқындарын», яғни «олардың күш қолданбағанын ескере отырып саяси, діни немесе басқа ойлы сенімдерінің немесе олардың этникалық тегі, жынысы, терісінің түсіне немесе тіліне қарай түрмеге қамалған, ұсталған немесе басқа шектеулерге ұшыраған» ерлер мен әйелдерді қорғауға қатысты Халықаралық амнистияның жарғылық қызметі бірін бірі толықтыратыны айқын.

1951ж. БҰҰ Конвенциясына сәйкес (35бап) келісуші Мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері бойынша Жоғарғы Комиссарының Басқармасымен немесе Біріккен Ұлттардың оның атқаратын қызметі беріле алатын кез-келген басқа органдарымен ынтымақтасуға міндеттеме алады, атап айтқанда, осы Конвенцияның ережелерінің қолданылуын бақылауға қатысты міндеттерді орындауға ықпал етеді.

Жоғарғы Комиссар Басқармасына немесе Біріккен Ұлттардың оның орнына тұратын кез-келген басқа органдарға, Біріккен Ұлттардың тиісті органдарына баяндаманы көрсету мүмкіндігін беру үшін келісуші Мемлекеттер оларды талап етілетін мәліметтер мен статистикалық деректермен қажетті нысанда қамтамасыз етуге міндетті болады, атап айтқанда мыналарға қатысты:

а) босқындар жағдайлары;

б) осы Конвенцияны жүзеге асыру және

в) босқындар туралы күшіндегі заңдар, өкімдер және декреттер. Осы ереже 1967 жылғы Хаттамада (ІІ бап) қайталанған.

Тәжірибеде көптеген мемлекеттер өз елінен әр түрлі себептермен қашуға мәжбүр болған тұлғалардың кең категориясы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының өзіне міндеттеме алуын қалайды. Бас Ассамблея ізгілік ниетте жасалған БЖКБ қызметін қолдады, бірақ ол мұны қорғаудың болмауы вакуум тудыратындықтан жасады. Бұл, өз кезегінде, азаматтықтың болмауының құқықтық салдарынан пайда болуы мүмкін, мысалы, адам негізделген қудалау қаупінің болуынан немесе табиғи емес себептер азабынан, мысалы, зорлаудың әр түрлі себептерімен өз елінің қорғауын қолдана алмаса немесе қолданғысы келмесе [4].

Босқындарды құқықтық қорғау туралы халықаралық нормаларды қолдану үшін мемлекеттер оларды бекітулері қажет. Кейбір мемлекеттерде бекіту актісінің өзі шарттың ұлттық деңгейдегі әрекет ететінін көрсетеді, осыдан заңды мәртебеге немесе қандай да бір жеңілдікке қол жеткізгісі келген босқын оған құқықтық норма ретінде сілтеме жасайалады. Дегенмен мұндай елдерде де, әсіресе, процедура мәселелерінде шартты мемлекет ішіндегі құқыққа инкорпорациялау бойынша нақты шаралар талап етілуі мүмкін. Басқа мемлекеттерде, оның ішінде жалпы құқықтық жүйедегі көптеген елдерде босқын мәртебесі ұғымы құқықтық мазмұнға ие болуы үшін олардың құқықтық жағдайының стандарттарын заң бойынша қорғау мақсатында және атқарушы биліктің қарауына тәуелді болмауы үшін міндетті түрде арнайы заң талап етіледі.

Мемлекеттердің босқындар қорғауымен айналысатын басты халықаралық мекемелердің жұмысының әр түрлі деңгейлерінде қатысулары қажетті. Сондықтан, мұндай ұйымдардың тәжірибесі БЖКБ мәртебесін де, босқындар жағдайын жақсартатын жалпы халықаралық құқық нормаларын да бағалау үшін өте маңызды. БЖКБ — мемлекеттер пікірі көрсетілетін форум ғана емес; халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып, ол әрекеті сәйкес саладағы норма шығарушылық процесіне ықпал ететіндердің бірі болып табылады.

Босқындар мәселелері бойынша ынтымақтасатын халықаралық және үкіметаралық ұйымдар ішінен 1951 ж. құрылған Көші-қон бойынша Халықаралық Ұйымын атауға болады. КХҰ-ның мақсаты мен қызметі дүниежүзілік болып табылады және өзіне келесідей міндеттерді алады: жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында тәртіпке келтірілген және жоспарлы көшіп-қонуын, жанұя мүшелерін қоса алғанда, адамдар ресурсының белгілі бір категориясының орын ауыстыруларын, босқындардың, өзі тұратын елді тастап кетуге мәжбүрлі қоныс ауыстырушы тұлғалар мен басқа да тұлғалардың ұйымдасқан қозғалысын ұйымдастыру; техникалық көмек көрсету мен миграциялық саясат, заңнама, басқару және бағдарлама мәселелері бойынша кеңес беру, сонымен қатар мүдделі мемлекеттер мен ұйымдар көші-қон мәселелерінде ынтымақтастық пен үйлестіруді дамытуға қатысты пікірлер мен тәжірибелермен алмаса алатын форум ретінде жұмыс атқару. КХҰ көшіп-қону мәселелері бойынша ақпараттарды таратуға да ат салысады — жеке дара және БЖКБ-мен ынтымақтаса отырып.

Босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастықта Қызыл Кресттің Халықаралық Комитеті ерекше рөл атқарады (ҚКХК) [5]. Ол қорғау бойынша БЖКБ қызметтерімен көп жағынан салыстырмалы міндеттерді орындайды, дегенмен негізі 1949 жылғы Женева конвенциясы мен Қосымша хаттама болатын жүйе шеңберінде қызмет атқарады. Көрсетілген әрбір құжаттарда Қызыл Кресттің Халықаралық Комитеті немесе кез-келген гуманитарлық ұйым олардың қарамағындағы тұлғаларды қорғау үшін және оларға көмек көрсету үшін қабылдайтын ізгілікті әрекеттер мойындалады.

ҚКХК ізгілікті міндеті мен рөлі төрт Женева Конвенцияларының әрқайсысының мәтінінде көрсетіледі — жалпы 3 бапта және қамқорлықтағы адамдар мен қорғау маңызы туралы ережелерде. Конвенцияларда ҚКХК қызметі ғана мойындалып қоймайды: олардың бастамашылық құқығы, «кез келген ізгілікті бастамашылық,конвенциямен қарастырылмаған, бірақ құрбандарды қорғауға қажет кез-келген әрекеттерді» жасау еркіндігі мойындалады.

Босқындарды қорғауға (тікелей немесе жанама) аймақтық ұйымдар да әсер етеді, мысалы, Африка бірлігі ұйымы, Американдық мемлекеттер ұйымы (АМҰ) және Еуропа Кеңесі. Бұл ұйымдар, атап айтқанда, Африкадағы босқындар проблемасының нақты аспектілерін құрайтын 1969 ж. ОАЕ Конвенциясы, Адам құқығы туралы 1969 ж. Америкалық конвенция, Адам құқығы туралы 1950 ж. Еуропалық конвенция, Босқындар үшін визаны алып тастау туралы 1959 ж. Еуропалық келісім , Әлеуметтік қамсыздандыру туралы 1994 ж. Еуропалық келісім, Босқындарды қорғау туралы Хаттамасы бар консулдық қызмет туралы 1967 ж. Еуропалық келісім және Босқындар үшін жауапкершілікті беру туралы Еуропалық келісім [6] сияқты құжаттарды жасады.

Босқындардың орын ауыстыруын және халықтың басқалай орын ауыстыруларын мемлекеттер арасындағы барлық қолданыстағы келісімдерді ескере отырып қарастыру қажет екендігі айқын, мысалы еркін сауда мен жұмыс күшінің еркін тасымалдануы туралы. Осылайша, 1992 жылғы Маастрихт шарты босқындар мен баспана беруге қатыстыЕвропалық Одақтың саясатын сәйкестендіруге бағытталған. Өз кезегінде, 1990 жылғы Дублин конвенциясы және 1990 ж. Шенген келісімін қолдану туралы Конвенция баспана беру туралы істерді қараудың жалпы ережелері мен тәжірибесін орнықтыруға арналған, әсіресе, өтініші қаралмаған тұлғалардың мәртебесін анықтау және тұлғаларды елден депортациялауға қатысты.

Босқындар проблемасының нақты аспектілері 1957 ж. Босқын – теңізшілер туралы келісім және оның 1973 ж. хаттамасы сияқты құжаттардың және келісім хаттамаларының, мысалы авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенцияны қайта қарау туралы 1971 ж. хаттаманың объектісі болды; мұндай хаттамалар 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенция үшін және Апатридтер мәртебесі туралы 1954ж. Конвенцияға ортақ болып табылатын 14 бапқа негізделген; осыған ұқсас хаттама, өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы 1883 ж. Париж конвенциясын қайта қарау бойынша Дипломатиялық конференцияның қарауына ұсынылған еді.

Африкада көптеген елдер 1969 ж. ОАЕ Конвенциясын бекітті; Латын Америкасында баспана беруге қатысты шарттар мен тәжірибелердің күрделі желісі әрекет етеді; келісімдердің көп мөлшері Еуропа Кеңесі қамқорлығымен жасалды.

Қазақстан Республикасы сияқты мемлекетте де босқындар үрдісі ерекше маңызға ие болды. Себебі сан жылдар бойы отарлаудың, жер аударудың, тың игерудің, жер байлығын игеру саясатында XX ғасырдың басында басталған халықты орналастыру КСРО-да Қазақстанда ғана көші-қон деңгейіне әсер етті1. Жетпіс жыл бойы жалғасқан Кеңестік өкімет қүлағаннаң кейін ғана еліміз өзіндік босқындар мәселесін шешуге қолы жетті.

Көші-қон және босқындарды қорғау мәселелеріндегі ұйымаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықтың қажеттігі көптеген форумдарда мейлінше жиі мойындалуда, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Ұйымда (бұрынғы — Мәжіліс). ОБСЕ процедуралары халықаралық шартқа тән қатаң нормативті сипатта болмағанымен, ынтымақтастық туралы мәселе әрбір кездесудің көңіл аудартатын мәселесі болып табылады және де ол барған сайын егжей-тегжейлі қарастырылады. 1986—1987 жж. Венадағы кездесуде СБСЕ қатысушы – мемлекеттері сұрақтар кешенін талқылады, олар: кез – келген елді тастап кету, өзінің елін де және оған қайта оралу, сонымен қатар босқындардың репатриацияға құқығы.

1990 ж. маусым айында қабылданған СБСЕ Копенгагендік конференциясының Қорытынды құжатында да қоныс аудару еркіндігі мен кең ауқымды құқықтық қорғаудың тиімді құралдарына құқықты қоса алғанда, адамның негізгі құқықтары бекітілді. Қоныс аударудың үлкен еркіндігінің қажеттілігіне ерекше көңіл бөле отырып, қатысушы – мемлекеттер «қажет болса, адамдардың өсіп бара жатқан орын ауыстыруы нәтижесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды қарастыру кезінде ынтымақтасатынын және кеңесетіндерін» жариялады. 1990 ж. қарашада СБСЕ мемлекеттері жаңа Еуропа үшін Париж хартиясын қабылдады, оған енгендер: демократиялық институттардың жетекші қағидаларын нығайту, ұлттық азшылықтардың «салмақты үлесін», этникалық алауыздық пен кемсітушіліктің барлық нысанына қарсы және «сонымен қатар діни және идеологиялық мотивтер бойынша қудалауға қарсы» күресті көтермелеу.

Босқындар мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) да қатысады. Жүздеген ұлттық және халықаралық ҮЕҰ босқындар мен баспана іздеуші тұлғаларға көмек көрсетуге және олардың бүкіл дүниежүзі бойынша қорғалуына ат салысуда. Олардың арасындағы ең белгілі ҮЕҰ:

  • «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы, шұғыл жасалған лагерьлер мен мекендердегі босқындардың денсаулығын қорғау бойынша медициналық көмек пен қызмет көрсетуге арналған;
  • «Босқындар істері бойынша АҚШ Комитеті», ол көңіл аударуды қажет ететін проблемалары бар жерге тұрақты түрде барып тұрады және проблемалар мен жағдайлар туралы құжаттарды жариялайды;
  • 1973 ж. құрылған «Босқындар істері және мәжбүрлі эмигранттар бойынша Еуропалық кеңес» — босқындар мәселелерімен және баспана құқығымен айналысатын 60-тан аса еуропалық ҮЕҰ ынтымақтасуына арналған форум;
  • әр түрлі «босқындар істері бойынша кеңестер» — Нидерландыда, Ұлыбританияда және басқа еуропалық елдерде, олар заңгерлік және басқа кеңестер береді немесе босқындарға және баспана іздеуші тұлғаларға қатысты ұлттық саясатқа ықпал етуге тырысады; құқық қорғаушы ұйымдар, олардың босқындар мен қудаланушыларға қатысты баяндамаларды ұсыну, бақылау бойынша қызметі олардың мандатының логикалық жалғасы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстың үкіметтік емес секторына келсек, онда атап айту керек, республикада конституциялық – құқықтық қатынастың арнайы субъектілері ретінде ҮЕҰ бөлінуінің белгілі бір тенденциясы қалыптасты. Бұған барлық елде дамып келе жатқан әлеуметтік маңыздылығы кез – келген мемлекетте ондағы демократиялық институттардың қаншалықты дамығанына қарамастан олардың қызметтерінің нәтижелерімен дәлелденген ҮЕҰ инфрақұрылымы ықпал етеді.

Босқындар істері бойынша қызметтің (мысалы, көшіп-қону мәселелерін регламенттеу тәжірибесі көрсеткендей) әр көпбағыттағы салалық өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, босқындарды қорғау мен «ар тұтқындарын», яғни «олардың күш қолданбағанын ескере отырып саяси, діни немесе басқа ойлы сенімдерінің немесе олардың этникалық тегі, жынысы, терісінің түсіне немесе тіліне қарай түрмеге қамалған, ұсталған немесе басқа шектеулерге ұшыраған» ерлер мен әйелдерді қорғауға қатысты Халықаралық амнистияның жарғылық қызметі бірін бірі толықтыратыны айқын.

Қазіргі таңда халықаралық ұйымдар алдында босқындарға көмектесу ең күрделі және маңызды мәселердің бірі болып келеді. Мемлекеттерде экономикалық, діни, адамзат цивилизациясының өзгеруі, табиғи және техногендік катаклизмалар себептеріне сәйкес адамдарды өз елінен кетіп басқа жерлерде пана іздеуге мәжбүр етеді [7].

 

Әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Алматы: "Жеті Жарғы", 1998 жылғы қазанның 7-де өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. 1995.
  2. Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" заңы. Алматы: "ЖетіЖарғы", 1998.
  3. "Шетелде түратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы" туралы Қазақстан Республикасы ПрезидентініңЖарлығы, 31.12.1996, №3308. Қазақстан Республикасының Парламентінің материалдары.
  4. Витковская Г.С.Российские диаспоры в Центральной Азии: миграционный потенциал, социалогические исследования, №2, 2011.
  5. Гай С. Гудвин-Гилл. "Статус беженца в международном праве. - М.:"ЮНИТИ», 1997.
  6. Галиев А. Миграция населения и этническая судьба (в Казахстане) // Казахстанская правда, 8 июня, 2013.
  7. Жалимбетова Р.Б. Некоторые аспекты миграционных процессов в Казахстане. //Сб. Информационный обзор, №2 (49), -Алматы, Еоскомтруд, 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.