Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жемқорлыққа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құжаттары

Бүгінгі таңдағы әлемді дүр сілкіндірген және өзекті болып отырған мәселе – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, бұл тек бір мемлекеттің ғана емес, яғни халықаралық деңгейде бірлесе отырып шешуге жататын мәселе екендігі баршамызға мәлім.

Сондықтан да, жемқорлықтың алдын алатын, оған қарсы қолданылатын халықаралық актілерге тоқталып кетелік.

Жемқорлықпен күрес мәселесіне әмбебап халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы өз үлесін қосуда. БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы халықаралық құқықтық құралы жөнінде мәселесін шешуде ат салысып келеді. Ол бойынша мемлекеттердің жемқорлықпен күресуге көмектесу және ақша құралдарының заңсыз аударуларын қадағалауды жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық деңгейде шыққан құжаттардың бірі болып БҰҰ-ның 16.12.1996 ж. «Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасаған кездегі сатып алушылық пен сыбайлас жемқорлықпен күрес» деп аталатын Декларациясы мен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 15.12.1975 ж. 3514 Резолюциясы табылады.

Мемлекеттік басқару саласындағы жемқорлық мәселелеріне қатысты 1989 жылы БҰҰ-ның бастауымен халықаралық семинар ұйымдастырылған болатын. Семинардың соңында, қарастырылған мәселе БҰҰ-ның VIII конгресінде қарастыруға тиісті болды. Бұл Конгресстің резолюциясын алдын ала пайымдап отырған Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес төмендегідей ұсыныс жасаған болатын: «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында барлық үкіметтік бағдарламалардың әлеуметті тиімділігін жоққа шығаратын болса, дамуына кедергі келтірген болса және жеке алынған адамдар мен топтарға қауіп төндірген болса, барлық мемлекеттер үшін жүргізілетін өте маңызды шаралар ретінде мыналарды айқындауға болады:

Біріншіден, өз заңнамалары мен процессуалдық нормаларды есепке ала отырып, жемқорлықтың кез-келген түрін қарап, сәйкес мазмұнды қажет санкциялармен қамтамасыз етсін.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың құрбандары болған лауазымды тұлғаларды анықтау, тексеру және айыптау шараларын белгілеу.

Үшіншіден, жемқорлық әрекеттердің нәтижесінде келген игіліктер мен мүліктерді тәркілеудің құқықтық ережелері әзірленіп, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар жеке меншік кәсіпорындарға экономикалық санкциялар берілді.

БҰҰ-ның арнаулы өткізілген VIII Конгресінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі, құқық бұзушылар мен қылмыстар жөніндегі мәселелерді ерекше назарға алды (Гавана,1990 жыл 27 тамыз-7 қыркүйек). «Мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық» атты Резолюцияда БҰҰ-ның Хатшылығы әзірленген «Сыбайлас жемқорлықпен іс жүзінде күресу жолдары» деп аталған ұсынымды қолдай отырып, оның кең көлемде таралуын қамтамасыз етуге шақырды. Сыбайлас жемқорлық мәселесіне аса назар аудара отырып, БҰҰ осы салаға қатысты тиісті құжаттарды қабылдаған болатын.

Ал, 1990 жылы «Мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық» атты арнаулы резолюциясы қабылданған еді. 1996 жылы сыбайлас жемқорлықтың халықаралық аспектісімен байланысты, әсіресе халықаралық экономикалық іс-әрекетке қатысы бар мәселелерді мұқият қарауға шақырған еді. Осыған байланысты БҰҰ «Халықаралық коммерциялық ұйымдарда парақорлық және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Декларациясы және «Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың тәртібінің халықаралық Кодексі» қабылданды. Әрбір Қатысушы мемлекет өздерінің институциялық және құқықтық жүйелері ауқымында жария міндеттерін дұрыс, адал және тиісіншеорындауы үшін мінез-құлық кодекстерін немесе стандарттарын қолдануға ұмтылады. Қызметкер өз мүддесін көздейтін істерге қатысуына тыйым салынған.

Соныменен, Біріккен Ұлттар Ұйымы жемқорлық мәселесінің халықаралық сипатын мойындаған болатын, және осы құбылыстың алдын кесудің жалпы мақұлданған әдістер мен тәсілдерін табуға тырысып келеді.

2000 жылы БҰҰ «Трансұлтты ұйымдасқан қылмысқа қарсы» Конвенция қабылдады (Италия, Палермо қаласы, 2-15 желтоқсан). Онда трансұлтты ұйымдасқан қылмыс әлемдегі жемқорлықтың негізгі көзі болып табылатындығы жөнінде айтылған-ды. Конвенцияның қатысушы мемлекеттері бір-біріне жәрдемдесу жөнінде уағдаласқан болатын [1].

2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенцияны қабылдады. Аьалған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына» сәйкес заңсыз байлыққа ие болған шенеуніктің қылмысы заң алдында дәлелденуі тиіс. 140 мемлекет қосылған Конвенция елімізге осынау қауіпті індетпен күресте жаңа мүмкіншіліктер туғызып, міндеттер жүктейді. Бұл бойынша мемлекеттік қызметке келген азамат артықшылықтарға емес, шектеулерге ұшырайды. Қазақстан Республикасы «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» 2008 жылдың 4 мамырында Заңын қабылданды [2].

Нәтижесінде, біздің еліміз 140 мүше-мемлекеттің құрамына кірді. Яғни, 2003 жылғы 31 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы мынадай мәлімдемелермен және ескертпемен ратификациялансын:

  1. Конвенцияның 44-бабы 6-тармағының а) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияны адам ұстап беру мәселелерінде Конвенцияға басқа қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық үшін құқықтық негіз ретінде пайдаланады;
  2. егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, Конвенцияның 46-бабының 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына жіберілетін құқықтық көмек туралы өтініштер және оған қоса берілетін материалдардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармалары да болуға тиіс;
  3. Конвенцияның 66-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін Конвенцияның 66-бабы 2-тармағының ережелеріне байланысты деп есептемейді.

Конвенция бойынша әрбір Қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тәжірибенің тиімді түрлерін орнықтыруға және көтермелеуге ұмтылады.

БҰҰ қарамағында құрылған ұйымдар жемқорлыққа қарсы құралдарды құру жөнінде белсенді қызмет атқарып келеді.

Халықаралық қылмысты алдын алу орталығы, Біріккен Ұлттар Хатшылығының қылмысты алдын алу және нашақорлықты қадағалайтын басқарма аймақаралық қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Институтымен бірлесе отырып «Жемқорлыққа қарсы әлемдік бағдарламаны» құрған болатын. Бағдарлама жемқорлықпен күресуде мүше-мемлекеттерге көмектеседі. Халықаралық қылмыстың алдын алу орталығының Әлемдік бағдарлама шеңберінде «БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы саясат басшылығы» және «Жемқорлық құралдарының жиынтығы» құрылған. 2003 жылы осы құжаттың 5 нұсқасы шықты. Осы аталған құжаттар заңды күші жоқ, кепілдеме түрінде берілген. Негізінен, бағдарлама аясында мемлекеттік сатып алу және халықаралық коммерциялық мәмілелер саласында жариялылық пен есепке алу механизмдері жасалуда.

Осылайша, қорытындылай келе, БҰҰ-ның құжаттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу шаралары тиісті дейгейде қарастырылған. Жемқорлықты болдырмау мақсатында, ең алдыменен мемлекет тарапынан бақылау мен қадағалауды одан әрі жетілдіру қажеттігі туындайды.

 

Әдебиет

  1. Игнатенко Г.В. Международно-правовые проблемы противодействия транснациональной преступности и коррупции. //Организованная преступность и коррупция. №1. 2000. – С. 103.
  2. Қазақстан Республикасының «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас Жемқорлыққа Қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» 2008ж. 4 мамырдағы №31 – Заңы //Егемен Қазақстан. – 2008ж. 6 мамырдағы №130-131.
  3. Славомир Редо. Коррупция в Казахстане. //Материалы международной научнопрактической конференции. Астана, 1999. – С. 104.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.