Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша сөз бостандығының ұғымы

Саяси құқықтар және бостандықтар халық егемендігімен өте тығыз байланысты, олар сол саяси өмірге азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік билікті іс жүзіне асырады, билікті құрылымдарға өзінің ықпалын жасады.

Казақстанның азаматтарына кең түрдегі саяси кұқықтар мен бостандықтар: баспасөз, сөзбостандығы, митингілер өткізу, қоғамдық ұйымдарға қатысу, демонстрацияларға, шерулерге шығу, жиналыстарға тосқауылдарға тұру, мемлекеттің ісін басқаруға қатысу, бірлесу бостандығы, және мемлекеттік қызметке орналасудың бостандығы, тағы басқалары берілген. Оларды өз кезегінде қолдануға заңнамамен ғана емес, еңбекшілердің, ұйымдардың қарамағына берілген баспасөздің, теледидардың, радионың және өзге де көпшілік ақпарат құралдарының дамуының арқасында материалдық жағынан да кепілдік берілді [1, 216б].

Саяси бостаңдықтарға қаңдай да болсын шектеулер қоюшылық бар ма? Әрине бар, онсыз еш болмайды ғой. Мәселен, баспасөз соғысты, озбырлықты уағыздауға деген өздерінің беттерінен орын беруге тиісті емес, ұлттардың араздығын қоздыруды, адам баласына қастандықты жасауды уағыздауға біздің елде тыйымдар салынған. Осыған дәлел еліміздің Ата заңы Конституцияның 20 бабында: "Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді[2].

Дегенмен, мемлекетке, халыққа зиянды нәрсенің барлығына тыйымдар салынады. Бірақ та біздің қарастырайын деп отырған мәселеміз сөз бостандығы туралы болмақ.

Осы жоғарыда айтылған құқықтармен тығыз байланысты тағы бір құқық - әркімнің заңның жүзінде тыйымдар салынбаған қандай да бір тәсілмен еркін ақпаратты алуға, таратуға деген құқығы бар. Қазақстанның мемлекеттік құпиясы болып келетін мәліметтердің тізбесі заңнамамен белгіленеді. Сөз және шығармашылықтың еркіңдігіне кепілдіктер беріледі, цензураға тыйымдар салынады. Оны былай ұғынуы қажет: адам өзінің жұрттың алдында сөйлеуіне не болмаса ойын айтуына қандай да болсын кедергілер келтіріп, бөгет болатын субъектіден қорғауды мемлекеттен талап етуге құқылы. Бұндай ойды адам түрлі нысанда жеткізуі мүмкін, мысалы, ауызша, жазбаша, не сызбалар, суреттер, графиктер, тағы басқалары арқылы.

Дегенмен, айтылған сөздердер ешкімге зияндығын тигізбесе, құқықтық сипаттағы шектеулер жасалуға тиісті емес. Тек қана сөз біреуге залалын тигізгенде ғана заңның жүзінде құқықтық бұзушылық делініп, ол қатаң түрдегі жауаптылыққа әкеліп соқтырады.

Сөз бен шығармашылық еркіндігі, яғни пікірді еркін білдіру адамның ішкі дүниесін сыртқа шығарудың конституциялық құқықтық мүмкіндігін білдіретін еді. Онсыз жеке адамдардың өзіндік рухани құнды қасиеттерін іс жүзіне асыруы еш мүмкін емес. Сөз және шығармашылық еркіндік, ойдың еркіндігіне - адамның өмірдегі санқырлы құбылыстарға өзінің көзқарасы және сенімі болуы құқығына негізделеді, өзін өзі ашу мен әркімнің өзінің іс - әрекеттеріне және қылықтарына ойластырылған саналы түрдегі көзқарасын қалыптастыруы үшін алғышарттарды жасайды.

Қазақстан Конституциясының кіріспесінде жарияланып, берілген жалпы адамзаттық мұраттар, 1 баптағы Республикаға, соның ең жоғары құндылықтарына және әмбебап қағидаларына берілген сипаттамалар болса беделге сүйенген тәртіптің ұр да жық қалпына тән адамның ішкі көзқарасына өктемдік бақылауды жасау, басқаша ойлайтындарды қудалау уақытының келмеске кеткенін білдіреді. Еркін ойлау мен өзінің көзқарасын еркін түрде білдіріп, қорғай білу құқығы көптеген жағдайда конституциялық, бірінші кезекте саяси құқықтарды және бостандықтарды іс жүзіне асырудың шарты болып келеді. Сонымен, сөз бен шығармашылық еркіндігі жеке адамдардың азаматтық қоғам өміріне белсене түрде қатысуын іс жүзіне асыруды қамтамасыз етуіге бағытталған ажырамас бір өкілеттігі болып келеді.

Өздерінің мазмұндық жағынан ұқсастығына еш қарамастан ойдың еркіндігі мен сөз және шығармашылық еркіндігінің белгілі бір өзгешелігі де бар. Ешқандай мемлекеттік органның не басқа саяси институттың идеологиялық бақылауды іс жүзіне асыруына, адамға не жөнінде және қалай ойлаудың керектігі, қандай рухани құндылықтарды ұстануы қажеттігі жөнінде шектеуді жасап, нұсқау көрсетуіне және тіптен көпшіліктің көзқарастарына қайшы болып келетін көзқарастағы қайсы бір адамды ішкі болмысы үшін қудалауға да құқығы жоқ. Сөз және шығармашылық еркіндігі - сол пікірлерін және сенімдерін білдіру, оларын өзге адамдарға бұқаралық ақпараттың құралдары, көркем әдебиет шығармалары, бейнелеу өнері, музыка, ғылыми зерттеулер арқылы жеткізудің құқығы. Конституциялық түсінікте сөздің еркіндігі нақты сол идеяларды таратудағы белсенді түрдегі қызметті білдіреді.

Сөз еркіндігінің, пікір білдірудің еркіндігінің, баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігінің, қоғамдық мәні бар ақпараттарды алуға құқығының, ақпараттарды таратуға еркіндігінің, коммуникация еркіндігінің саяси кұқықтардың, бостандықтардың, біртұтас туыстас топтары жағдайында қарастырылуы тегін емес. Дегенмен, азаматтар, саяси институттар, олардың араларындағы қарым қатынастар нақты қызмет жасайтын қоғамдық механизмге топтасады [3, 65-70бб].

Бір жағынан алғанда азаматтардың мемлекет пен өзге де саяси жүйе субъектілерінің қызметіне деген ынтасын қанағаттандыру құқығы, ал екінші жағынан алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның билік пен байланыстың құралы ретіндегі ролі азаматтардың бұқаралық ақпараттың құралдары арқылы мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымдық адамдардың қызметтері туралы жедел түрде анық мәліметтерді алудың құқығының заңдық тұрғысынан жариялануы арқылы еш күмәнсіз нығайтылады. Бұқаралық ақпараттық құралдарының мемлекеттік органдардан, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктерден, лауазымды адамдардан міне осындай ақпараттарды алуға құқығы бар. Мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, қоғамдық бірлестіктер бұқаралық ақпарат құралдарына қолдарындағы және солардың құзыреттігіне жататын мәліметтерді бере отырып, құжаттармен танысуға мүмкіндікті жасайды. Сұралған мәліметтерді беруден бас тартқан ретте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жоғарғы тұрған органдарға не болмаса лауазымды адамдарға, содан кейін сотқа шағымдануға болады. Бұқаралық ақпарат құралдары болса ақпараттарды беруден бас тартқандары жөнінде жария түрде мәлімдеуге құқылы.

Республиканың азаматтарының, тікелей теледидарлар хабарлары, радио хабарлары, баспасөзді қоса алғанда, ақпараттарды шет елдің ақпарат көздерінен алуға құқығы да бар.

Баспасөз және өзге бұқаралық ақпараттың құралдарына еркіндік берілген. Цензураға тыйымдар салынған.

Жоғарыда айтып келтірілген талдамаларымызды енді өзгеше тұрғыда тоқтала кетсек, еліміздің Конституциясы сөз және шығармашылықтың бостандығына кепілдікті береді, цензураға тыйымдар салады, кез келген адамның заңдарда тыйымдар салынбаған қандай да болмасын әдіспен ақпарат алу, тарату құқығын бекіткен. Сонымен бірге, халықаралық тәжірибиеде қабылданған шектеулер бар. Ал, «Бұқаралық ақпаратқұралдары туралы» Қазақстанның Заңының 2 - бабында да қайта жаңғыртылған. Азаматтардың ақпаратты алу құқықтарын және бостандықтарын іс жүзіне асырудың аса маңызды құралдарының бірі масс - медиа болып саналады [4].

Қазақстанда өткен жылдардың ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының саласында түбегейлі түрдегі өзгерістер болып өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары секторы мемлекеттен алынды, соның қорытындысында бүгінде Бұқаралық ақпарат құралдарының 80%-дан астамы ол мемлекеттік емес. Ырықтандыру және нарықтық реформалар Бұқаралық ақпарат құралдарының сандық және сапалық түрде өсуіне әкеп соқты. Қазақстан бүгінде Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуының қарқыны бойынша Орталық Азия және Закавказье елдерінің көп бөлігінен алда келеді.

Елдегі жыл сайынғы Еуразиялық медиа - форумның өтуінің фактісі Қазақстанның медиялық инфрақұрылымының дамуы негізінде көшбасшылығын білдіреді. Журналистер Конгресі және Одағы, Қазақстанның телерадиохабарлар таратушыларының қауымдастығы, Телерадиохабарлар таратушылардың ұлттық қауымдастығы, журналистердің кәсіби одағы, «Internews Network Kazakhstan» өкілдігі, «Әділ сөз» халықаралық қоры, жастардың медиа - одағы және тағы басқалары жұмыс жасайды. Қазақстандағы адамның құқықтары жөніндегі тақырыпты жариялауға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындайтын 1364 газет тіркелген, оның 76 % мемлекеттік емес, және 522 журнал.

Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде газеттердің саны өсуде жаңадан пайда болып отырған жеке меншік бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты. Журналдар жағдайы да солай. Сонымен, еліміздің ақпараттық аумағында мемлекеттік емес басылымдардың көп бөлігі – 67% (342 журнал), ал мемлекеттік басылым үлесі 33% (172).

Оған мемлекеттік телеарналар: «Қазахстан» АҚ және «Хабар» агентігі» АҚ арқылы екі үлкен акционерлер арқылы таратылады.

«Қазахстан» АҚ-на «Қазақстан» телеканалы және оның облыс орталықтарындағы филиалдарымен «Балапан», «Kazsport» және «Первый канал Евразия».

«Хабар» агентігі» АҚ болса «Хабар», «24 KZ», «Білім және Мәдениет» және «Kazakh TV» телеканалдары арқылы ұсынылады.

Ал, жергілікті жерлерде «Жетісу», «Алматы», «СТС», «Дидар», «Қазақстан Қостанай» сияқты мемлекеттік каналдар бар [5].

Адам құқықтары саласындағы ахуалды «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Заң газеті» және тағыда басқа жалпыұлттық газеттер мен мемлекеттік емес Бұқаралық ақпарат құралдары «Человек и закон», «Актуально», «Закон и право», «Право человека» және тағы да басқа атты арнайы айдарлармен объективті және мақсатты жариялап келеді.

Осы тақырыпты мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын жетекші республикалық телеарналардың ақпараттық-талдау, интерактивті бағдарламаларында барынша кеңінен жарияланды. Осы тұрғыда «Хабар» арнасындағы «Жеті күн», «Бетпе бет», «Қазақстан» РТРК телеарнасындағы «Апта», «31 канал» телеарнасындағы «Собственное мнение» хабарларын айрықша айтып өткен дұрыс.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда Бұқаралық ақпарат құралдаының қызметінің оңтайлы моделін дайындау мақсатында сөз бостандығы және тәуелсіздігі қағидалары негізінде қауымдастықтармен, қоғамдық бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың мәселелері туралы масс - зерттеулер институттарымен біріккен іс-қимылы туралы мақсатты жұмыс жасалуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанда демократиялық реформалар бағдарламасын дайындау және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы дайындаған Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілуі сол2006 жылдың маңызды деген оқиғасы болды, ал кейін 2013 жылы «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, реформалар легін жалғастырды.

Осы тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іс жүзіне асырудың мүмкіндіктерін анықтайды және азаматтық қоғам институттарының қызметіне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мақсаттық бағдарламалар, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға негіз болады. Тұжырымдаманың ең негізгі мақсаты адамның құқықтары, адамдық өлшемдердің саласындағы халықаралық шарттар және пактілердің шеңберіндегі халықаралық - құқықтық аспаптарға сай азаматтық қоғам институттарының жан - жақты одан әрі дамуы, олардың мемлекетпен және бизнес-сектормен тең дәрежелі әріптестігі үшін заңдық, әлеуметтік -экономикалық, ұйымдық - әдістемелік базаны одан әрі қарай жетілдіру болып келеді. Осы жоспар бойынша азаматтық қоғам институттарын жедел түрде дамыту үшін жағдайлар жасауды және азаматтық бастамаларды іс жүзіне асыру мүмкіндіктерін көздейді. Жалпы алғанда бұл Жоспарды іс жүзіне асыру мына нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етті:

  • халықтың түрлі топтары мен жекелеген азаматтардың мүдделерін қанағаттандыруды;
  • азаматтардың білімін және халықтың белсенділігін арттыруды;
  • мемлекеттік биліктің қызметіне тиімді қоғамдық бақылауды;
  • теңдестірілген жергілікті өзін - өзі басқару жүйесін;
  • тиімді әлеуметтік қорғаудың жүйесін құруды.

Сонымен, осы жоғарыда айтылған ойларымызды тұжырымдай отырып, біз келесі түйінге тоқталдық, яғни сөз бостандығы деп - адамның өзінің ойын, нанымын, пікірін, дүниетанымы мен ұғымын тәуелсіз, дербес айту, әрине жарыққа шығару, жариялау мүмкіндігі. Қазақстанның Конституциясы цензураға тыйым сала отырып, сөз бостандығын ой - пікірді Бұқаралық Ақпарат құралдарында еркін түрде тарату құқығы ретінде қарастырады, оған өз кезегінде кепіл болады.

 

Әдебиет

  1. Ақыпбекұлы Ө. Қара қылды қақ жарған: Монография. - Астана, 2006. -157 б.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл //өзгертулер мен толықтырулар 2014 жылға. adilet.zan.kz/kaz/doc
  3. Табанов С.А. Құқық жүйелерінің Конституциялық негіздері. - Алматы: 2007. - 216 б
  4. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР-ның 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы (2016 жылы 29 наурызға енгізілген өзгертулер және толықтырулармен). adil et.zan.kz/kaz/doc
  5. Мемлекеттік ақпарат // http://info-con.mid.gov.kz/kk

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.