Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

XIX ғасыр аяғы XX ғасыр басындағы ресей империясындағы түрмелер және олардың түзеу шарасы

Қылмыскерлерді түзету мәселесі Ресей империясы қылмыстық-атқару жүйесінде маңызды мәселелерінің бірі болып табылатын, алдыңғы кезеңде осы саладағы жинақталған тарихи тәжірибені мұқият зерделеуді қажет етеді. XIX ғасырдың соңына қарай Ресей империясының бас бостандығынан айыру бұған дейінгі жер аудару жазасынан негізгі жаза мәртебесіне ие болды. Ресей империясының XIX соңы ХХ ғасырдың басындағы қылмыстық-атқару заңнамасы түрмеге екі негізгі функцияны атқаруды көздейді: түзету және жазалау. Соңғысы (жазалау функциясы) қамауда ұсталатындардың Жарғысының 226-бабымен құқықтық қолданысқа еңгізілді (1890 жылғы шығ.) [1]. Ондай түрмеден адамның адамгершілік қалпына келтіруін ешкімнің күтпегені анық және осындай талаптағы жазалаушы мекемеде ол мүмкін болмайтын. Түрмелерде қамау еңбекке сүйіспеншілік, өмірге саналы көзқарас, ішкі эмоция бақылауға қабілеті, басшылыққа бағыну сияқты жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға оң ықпал етуге қабілетті деп болжаланған еді. Алайда, тәжірибе жүзінде аталған түрмелермен түзету көптеген кедергілер әкеп соғады.

Мемлекет кез – келген қылмыстық құқық бұзушыларды көбінесе толқымалы мораль бар жеке тұлға ретінде қабылдайтын. Аталған көзқарасқа сәйкес түрмелерде «түзетуді» келесідей шаралармен орындалатын: «қамаудағыларды үнемі қадағалау, оларды қылмыскерлер мен айыптаулушылар түрлеріне лайықты орналастыру, христиан діні ізгілік және жақсы мораль ережелерін бағыттау, оларды дұрыс жаттығулармен айнасылтыру және олардың арасынан кінәлілерді немесе дөрекі мінез көрсеткендерді оңаша жерге жалғыз адамдық қамау» [2]. Алайда, түзету түрмелерде қызметі іс жүзінде ешқандай құқықтық актілермен реттелмегеннен, осыған байланысты бұл шаралар жиі кездейсоқ қолданылды және оң нәтижеге жеткен жоқ. XX - XIX ғасырлар тоғысында қамаудағылармен құқықтық, әрі тиімді қарым – қатынас стратегияны құру бойынша қажетті қадамдар әлі қалыптасу кезеңінде еді.

Аталған мәселенің қазіргі заманғы тарихнамасы кең емес, бірақ ол ұлттық пенитенциарлық жүйесінің әр түрлі аспектілері бойынша жұмыстарды қамтиды. В.И. Алексеев, Н.И. Биюшкина, Л.Ф. Пертли, М.В. Сорокин және сол заман өзге де авторларының еңбектерінде тұтқындарға шіркеулік - тәрбие әсері, олардың материалдық - тұрмыстық қамтамасыз етілуі, түрмелерде санитарлық жағдайы, пенитенциарлық жүйенің жұмыс істеуі үшін құқықтық қолдау сияқты түрме өмірдің осындай маңызды аспектілерін талқылайды. Зерделеніп жатқат тақырыпта ерекше маңыздылыққа ие болатын В.И. Алексеевтың «Тұтқындарға рухани - адамгершілік әсер ету және оның құқықтық реттелуі (1879-1917 жж.)» жұмысын атауға болады. Жұмыс авторы тұтқындарды түзетудің діни білім берудің рөлін зерттейді.

Осы мақалада қамаудағыларды түзету ықпалы түрме режимі маңызды түзету құралы ретінде және оған тән шаралар мен ынталандырулар жүйесінен тұратын неғұрлым кең тұрғыда қаралады.

Қамаудағыларға моральдық әсер ету міндеті түрме діни қызметшіге жүктелді. Оның міндеттеріне тұтқындармен адамгершілік әңгіме жүргізу мен шіркеулік діни әдет - ғұрыптарды жүргізуден тыс қосымша түрме кітапханасын басқару, сондай-ақ, тұтқындарды Құдайдың заңымен және қарапайым сауаттылыққа (егер түрмеде мұғалім болмаса) үйрету жүктелетін. Көрнекті ресейлік заңгер Н.С. Таганцев тұтқындардың діни және адамгершілік тәрбиені жүзеге асыратын түрме діни қызметшінің маңыздылығын ерекше атап өтті де, соған қарамастан «...ол діни қызметшінің кейіпіндегі шеңеулік болмауы тиіс, ол шынайы дін өкілі болған жөн. Ол сөзімен және ісімен өзінің құлшылық етушілерінің көшбасшысы, сенімдерін ақтауы керек» деп талап ететін [3]. Н.С. Таганцевтың күмәні бекер болған жоқ. Тұтқындар көбі түрме діни қызметшісіне өте сақтықпен, кейде тіпті дұшпандықпен қарайтын және сол себепті діни қызметшілердің жұмыстары төмен нәтижелі болатын.

Түзетудің құралы болып қамаудағылардың еңбегі саналатын. Жұмыстар ішкі, түрме қоршау ішінде, және сыртқы болуы мүмкін. Сондай-ақ олардың ұзақтығы заң бойынша жазда тәулігіне 11 сағаттан, қыста тәулігіне 10 сағаттан аспауы тиіс. Қамаудағылардың сыйақысы еңбегі ақысы соммасының 1/10 - ден 4/10 бөлігіңе дейін болатын. Қалған сомма екіге бөлінетін, бір бөлігі мемлекеттік қазынаға кететін болса, екінші бөлігі түрме қазынасына кететін [1]. Түрме әкімшілігі тұтқындардың үлкен саның жұмыспен қамтуға және түрмелер бюджетін ұлғайтуға экономикалық тұрғыдан пайдалы болуына қарамастан ол тұтқындар үшін сенімді түзету құралы ретінде қызмет ете алмады. Себептері ретінде жұмыстардың еріксіз түрлері, жұмыс істейтіндердің түрме басшылығының еркінен толық тәуелділігі және жұмысы үшін сыйақы тым төмен болуы.

Қарастырылып отырған кезеңде құқықтық ортада түрменің түзету функцияларды іске асыру бойынша ортақ пікір қалыптаспаған. XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы ресейлік заңгерлер басым көпшілігі мемлекет тарапындағы «түзету» құралдары тиімсіз деп санады. Сондықтан профессор С.В. Познышев тиімді ұйымдастырылған түрме адамгершілік қалпына келтіру құралдарын қамтитының ұйғарған. Қамаудағыларды түзету тиімсіздігінің себептері ретінде түрме режимнің нашар ұйымдастырылуы және түрмелерді басқару жүйесінің әлсіздігі деп санаған [4]. Керісінше, Н.С. Таганцев түрме тұтқынды моральдық өзгерте алмайды деп сенген: «Осы мақсатта тұтқынның өзі жарамсыз материал ретінде қарастырылады және басқару органдары осы тұтқындарды құрал ретінде пайдалануға жеткілікті дайындығы жоқ» [3]. Алайда, тек ғана пенитенциарлық жүйенің жетілмегендігі түрменің түзету мақсаты орындалмауының жалғыз себебі болған жоқ. Мәселенің барлық құпиясын түсіну үшін сол заманғы түрмелерде ұстау жағдайларын толығырақ қарастыруымыз қажет.

XIX ғасырдың соңына қарай Ресей империясында тұтқындаудың жеті негізгі түрлері болған: түрмелік сарайлар (губернялық, уездік, облыстық), тұтқындардың түзеу бөлімшелері, каторгалық түрмелер, транзиттік түрмелер, қамақтық үй-жайлар, полиция бөлімшесіндегі тұтқындардың үй-жайлары және кәмелетке толмағандар үшін тәрбиелеу -түзеу мекемелері [1]. Аталған пенитенциарлық мекемелер соңғы түрлері қоспағанда қалған арақатынасын қарастырайық (1900 - 1905 үшін деректер.): каторгалық түрме - 18; тұтқындардың түзеу бөлімшелері - 36; астана, губернялық және облыстық қалаларда - 98; уездік түрмелер - 626; қамақ үйлері - 714; арнайы тергеу түрмелер - 2; транзиттік түрмелер – 4. Барлығы (сатылары мен толық емес сатылары қоспағанда) - 1498 қамақ орындары [5]. Ресей империясының түрме тұрғындарының саны дәйекті жоғары болды және 1882 жылдың қаңтарына 93108 адамға [6] жетті. Түрме тұрғындарының саны бірінші орыс революциясы кезеңінде ең жоғары деңгейіне жетті: «1905 жылы Ресей түрмелерінде тұтқындағылардың орташа тәуліктік саны 85000 болатын, 1906 жылы ол 111000 тең болды, 1907 жылы – 138000 және 1908 жылы - 170000» [7].

Ресей империясының қылмыстық заңнамасы бас бостандығынан айыру түріндегі жазалардың бірнеше түрлері қарастырылған, олар қамауда ұсталудың режим ауырлығының дәрежесімен және ұстау мерзімімен айырмашылықтары бар. Жазаның ең ауыр түрі (өлім жазасынан кейін ауырлығынан екінші болған) каторга болатын, ең жеңіл түрі - 6 айға дейін қамаққа алу. Ресей империясы түрмелерінде бір мекеме ішінде әр түрлі жазаларға тартылған тұтқындармен бірге тергеуде жүрген айыптыларды ұстау қалыпты құбылыс болатын. Мұндай жағдайды С.В. Познышев мынадай себептермен түсіндіреді: 1) алдын ала қамау үйлерінің болмауы (Санкт-Петербургтағын қоспағанда); 2) түрлі бас бостандығынан айыру орындары мен сол мекемелерде ұсталуға болатын адамдар саны мен тұтқындардың саны ара қатынасындағы талапқа сай болмауы; 3) тұтқындар түрмелерде аса көп болуы [4]. Сонымен қатар, тұтқындалудың нақты түрлері үшін түрмелердін мамандандыруы, сол мекемелердегі сотталғандармен түзету тиімділігін арттыратынына үлкен септігін тигізетіні анық. Осындау мамандандыру болмауы пенитенциарлық заңнамасының жетілмегендігі салдарынан туындайды және түрмелерінде қалыптасқан жағдайды қиындатады.

Тұтқындарды орналастыру тәсілі қылмыстық заңнамасы бойынша белгілі бір қамау түрінің ерекшелігімен белгіленеді, олардың жалпы және жалғыз адамдық камераға ұстауды білдіреді. Ең кең таралған жалпы қамау режимін болатын. Әдетте жалпы қамау камерасы 20-25, кейде 50 немесе одан да көп тұтқындар орналастырылатын [4]. Жалпы қамауда каторгағалық түрмеге, қамалға және қамақ үйге ұстау жазаларына тартылған тұтқындар орналастырылатын. Қамаудағыларды ұстау Жарғысы ерлер мен әйелдер, кәмелетке толмағандар мен ересектер адамдарды сондай-ақ қоғамдағы артықшылықты санаттағы және қарапайым адамдардың қамау орындарында бөлек ұстауды айқындайтын. Сонымен қатар, тұтқындарды камераларға орналастыру белгілі бір жалпы тәртіппен орындалмайтын. Нәтижесінде, түрме жалпы камерасында аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер және ауыр емес қылмыс жасаған кәмелетке толмаған қылмыскерлер бірге жабылуы мүмкін еді. Осындай ұстау тәртібі ауыр емес қылмыс жасаған және кәмелетке толмаған тұтқындардың моральдық сипаттағы теріс әсер етеді.

Жалғыз адамдық камераға қамау тұтқындарды түзетудің маңызды құралдарының бірі болып саналады. Тұтқын өзі жалғыз қалдырылған кезде жасаған қылмыстардың ауыртпалығын толық сезініп өкінеді деген пікір қалыптасқан. Сонымен қатар XIX - ХХ ғасырлар тоғысында жалғыз адамдық қамау жүйелері кемшіліктері артықшылықтарынан әлдеқайда көп екені баспасөз құралдарында жарық көреді. 1898 жылы В. Жижин жазған: «Біздің ойымызша, жалғыз адамдық қамау жүйесі тұтқындардың тәртіптік жаза ретінде және тек қысқа уақытқа ғана қолдану жарамды, ұзақ мерзімге оны қолдану ұсынылмауы тиіс. Жалғыз адамдық қамау қылмыскерді түзету ісіндегі мәні өте жоғары, алайда Батыс европалық жалғыз адамдық түрмелердің тәжірибесі көрсеткендей, жалғыз адамдық камерада ұзақ мерзімге қамалған тұтқын босатылған кезде көбінесе ол өмір туралы тұнжырап, психикалық аурудың сипаттары және мінезінің күрт басқа сипаттағы адам болып өзгереді. Жалғыз адамдық қамау жүйесінің мұндай нәтижелерге әкеп соғатыны болдырмау шарт» [8]. Жалғыз адамдық қамау камераларда түрмеге, түзеу үйіне сондай-ақкейбір жағдайларда қамаққа тартылатын тұтқындар ұсталатын. Сондай-ақ мұндай қамау режимі тергеудегі тұтқындарға да қолданылады.

Тұтқындардың өмірін реттейтін құқықтық базаны әлсіздігі тұрғысында, орталық басшылықтан келіп түсетін бұйрықтардың жүйесіз және қарама қайшы болуы сайып келгенде, түрме ішкі тәртіп ережелерін жергілікті басшылық анықтайтын болатын. Оны бас бостандығынан айыру орны бастығы, сол округтік мемлекеттік штаттық шеңеулік болатын. Өзіне сеніп тапсырылған мекеменің ішінде бастығының билігі зор болғандықтан озбырлыққа әкеліп соғатын.

Бас бостандығынан айыру байланысты кез келген жазаны өтеу физикалық және моральдық азап тудыруынан басқа тұтқындау мерзімі аяқталғаннан кейін босатылған адамға ұяттық белгісі болатынын атап өту маңызды. Ол елеулі қолайсыздыққа әкеп соғатын. Жаза бас бостандығынан айырудан тыс кейбір құқықтардардан айырумен де байланысты болған кезде аталған жайттар өте маңызды болатын. Тіпті жазаның «ұятқа қалдыратын» және «ұятты емес» деген ресми ұяттық бөлінуі де болатын. Алғашқы санатқа каторга, түзету үйіне, түрмеде қамау түріндегі бас бостандығынан айыру жататын. Екінші санат қамал және қамақ түріндегі бас бостандығынан айыру болды. Бас бостандығынан айыру орындарына болған адамды қоғам өзінің беделінен айырылған тұлға ретінде, сол ортаның лайықсыз мүшесі ретінде қабылдайды. Біздің ойымызша, осы жайттардың барлығы, түрмелер қабырғасында түзетуді жүзеге асырылатын іс-шаралар дұрыс нәтижеге әкелмеуіне себепкер болатыны анық.

XIX - ХХ ғасырлар тоғысында құқықтанушы С.П. Мокринский тұтқындарға қатысты тәжірибеде түзету шараларын қолдану мәселелерін зерттеуге үлкен үлесін қосты. Түрмеде ересек қылмыскерлерді түбегейлі моральдық түзету мүмкін еместігін ескерген. Осылайша, С.П. Мокринский түзету міндеттері жазаны тағайындаумен шектелуді ұсынады және оның пайымдауынша «жазалаушы органдар түзету күш жұмсалмауы тиіс: 1) билік иелігінде құралдармен түзетуге келмейтін тұлғаларға; 2) түзету мұқтаж болып табылмайтын тұлғаларға; 3) механикалық залалсыздандыратындар үшін». С.П.

Мокринский бірінші санатқа саяси немесе діни сипаттағы қылмыстар үшін сотталғандарды бөлген: «Түрме белгілі бір діни догмалар мен саяси пікірін тәрбиелеу немесе моральдық қарым-қатынас өзгертуге сендіре алмайды». Ғалымның айтуынша екінші санатқа кездейсоқ қылмыскерлерді жатқызамыз. Олай болса үшінші санат, онда жатқызылатындар «қоғамнан сот үкімімен өмір бойы алынып тасталғандар» тура келеді. «Осындай жағдайда түрменің түзеу ықпалы кімге қолданылуы тиіс?» деген сұрақ туындаған кезде, С.П. Мокринский пайдақор, мүлікті (ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бопсалау, банкноттарды, қолдан жасау, актілер мен міндеттемелерді жалғандық жасау, т.б.) қылмыстар жасағандарды жатқызды [9].

С.П. Мокринскийдің тұжырымдамасын зерттеу кезінде түрме түзеу міндеттерді орындалуы нәтижесіз қалуының себептері бас бостандығынан айыру жүйесінің ішкі ұйымдастырылуы салдарынан емес, әлдеқайда тереңде екен деген ойға келуге болады. Бұл себептер Ресей империясының мемлекеттік және әлеуметтік құрылымы ерекшеліктерінен болатын. Аталған себептердің маңыздысы С.П. Мокринскиймен аталып өткен пенитенциарлық заңнамасында тұтқындары моральдық әсер етуге ешқаңдай даралау шаралар көзделмеген. Сол шаралар (діни - моральдық нұсқау беру, еңбек қызметі, марапаттау және жазалау шараларының жүйесі, т.б.) қылмыскерлерге барлығына жалпы түрде қолданылды. Тұтқындалушының жеке тұлғасы, жеке тұлғалық қасиеттері ескерілмейтін болды. Тағы бір маңызды себептерінің бірі әр түрлі класстық адамдарға қылмыстық жазаларды орындауға көзқарасы болды. Артықшылықтары бар санаттағы қамаудағылардың (дворян, шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелері, дін атақтары бар тұлғалар) қарапайым жағдайдағы қамаудағылардан астам бірқатар артықшылықтарға ие болды. Олар дене жазадан босатылды, басқа санаттарға тұтқындардан бөлек ұсталатын, сондай-ақ олар басқалармен салыстырғанда азық – түлік нормалары артық болды. Аталғанның сыртында, қамаудағылардың ұстау режимін ерекшелігіне оларжалпықылмыстық немесе саяси санатына жататыны анықтайтын. Тұтқындардың осы екі санаттағы жағдайлары айырмашылыққа арнайы тоқталып кетудің маңызы бар.

Жалпықылмыстық тұтқындар санатына қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін түрлі мерзімдерге жазаланғандар жататын. Әдетте, олар төменгі санат (шаруа, ұсақ буржуазияның) өкілдері болды. Жалпықылмыстық тұтқындар ұстау режимі адамгершілікке қарсы, зорлық - зомбылық шараларды қолдануды білдіреді. Осындайларға ең алдымен пұт тағу және дене жазасын тағайындауды жатқызуға болады. Қамауда ұсталғандардың Жарғысы пұт тағу үкімдері заңды күшіңе енген тұтқындарға және қашуы мүмкін деген қауіпі бар тұтқындардың барлығына саналатын болады [1]. Мұндай түсініксіз тұжырым әрине түрме басшылығына жазалау шарасын қолдану аясын қалауы бойынша кең ауқымын ашады. Сонымен қатар, кейбір құқықтанушылар бұл шараны тарихи анахронизм, әлдеқашан өткен заманның дөрекі және қатал мәнерлері деп есептеген [10]. Дене жазаларын қарастыратын болсақ, олар ХХ ғасырдың басында қолданылуын жалғастырды. Дене жазаларына әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін (Губернатордың рұқсатымен) түзету қамақтық бөлімшелерде ұсталатын тұтқындар және жер аударған каторгадағылар мен жер аударған тұрғындар тартылатын. Соққылардың саны 30-дан 100- ге дейін болатын. Оның сыртында, егер жер аударған каторгадағылар жаңа қылмыс жасаған жағдайда оған (100 соққыға дейін) дене жазасына кейін арбаға кісендену жазасына тартылатын. Бұл шаралар, сондай-ақ тұрғындардың бастарының шашын жартылай қыру жазасы 1903 жылы жойылды.

Тұрғындарды түзеу бөлімшелердің режимі (әдетте, қарапайым, әлеуметтік төмен санаттағы адам) «зерттеліп жатқандар» және «түзеліп жатқандар» деген жасақтарға бөлінген. Тұрғындар «түзеліп жатқандар» жасағына ауыстырылуы үшін «жақсы мінез- құлық, діни сенім мен еңбексүйгіштік, жұмыс істеуде немесе міндеттерін орындау» үздіктігін көрсету керек еді. «Түзеліп жатқандар» жасақтарындағы тұрғындар арнайы киім киіп және түрме әкімшілігі рұқсатымен басқа да тұтқындардың жұмыс істеуін қадағалауға бөлінетін [1]. Бұндай бөлініс каторгаға кесілген тұтқындар үшін де тән болды.

Тұтқындардың түрме әкімшілігі бағыну мен режим ережелерін мойынсыну түзетудің алғашқы, әрі негізгі белгілері ретінде қарастыруға себеп болды. Түзету критерийлеріңе осындай қатынасы объективті, шынайы болмайтын. Өйткені, іс жүзінде, тіпті шыңдалған қылмыскердің өзі де түрме басшылығының жақындығымен пайдаланып үлгі тұтқын бола алар еді. Бұл жағдайда тұтқын хат алмасу құқығын кеңейту, кездесулер санын көбейту, түрме дүкенде азық – түлік өнімдерді сатып алу құқығы сияқты және т.б. ынталандыруларға қол жеткізетін. Тәртіпті бұзғандарға қарсы тәртіптік жазалау шаралар кеңінен қолданылды. Бұл шараларға сөгіс, кездесулер, хат алмасу, түрме дүкенде азық – түлік өнімдерді сатып алу құқығын шектеу және айыру, тапқан ақшаның бір бөлігін айырып, тек ғана нан мен сумен тамақтандыру, жалғыз адамдық камерада уақытша ұстау, дене жазалары, жарық немесе қаранғы камерада қамау [4]. Жалпықылмыстық тұтқындардың түзету тиімділігін қайталанып жасалатын бұзушылықтар статистикасынан жақсы көрінеді. Осылайша, С.П. Мокринский мәліметтеріңе сәйкес жалпы соттармен сотталған 100 тұтқындардың қайталап құқықбұзушылық пайызы: 1879-1883 жылдық кезеңінде - 20,8%; 1884-1888 жылдық кезеңінде - 23,1%; 1889-1893 жылдық кезеңінде - 22,8% [9].

Саяси тұтқындар түрме тұрғындарының ерекше санаты болды, қылмыстық қол сұғушылық объектісінің (әлеуметтік құрылым мен мемлекеттің басқару нысаны) маңыздылығына байланысты болды. Мұндай тұтқындар негізінен жалғыз адамдық камераларда, басқа жалпықылмыстық тұтқындардан бөлек қамалды. Саяси тұтқындардың арасында әлеуметтік артықшылықты тұлғалардың пайызы жоғары болды және бұл жайт олардың ұстау режимін қатаңдығын анықтады. Мысалы, түрме әкімшілігінің лауазымды тұлғалары осы санаттағы тұтқындарға тарапына «сіз» деп сөйлеу үйреншікті еді. Олар үшін физикалық еңбек тыйым салынған немесе шектелген болатын, оған қалай болғанда да басқа тұтқындар әсер етуі мүмкін екеніне байланысты қорқыныш себеп болды [6].Сонымен қатар, артықшылықты санаттағы саяси тұтқындарға ортақ тұтқындардан бөлек тамақтануға рұқсат берілген (артықшылықты емес санаттағы саяси тұтқындарға бұған тыйым салынды).

Саяси тұтқындардың жағдайы күрделі болды. Бұл топты саяси сипаттағы қылмыспен қоса жиынтығы бойынша жалпықылмыстық іс – әрекеттер үшін кінәлі деп танылған сотталғандар (мысалы, саяси себептер бойынша адам өлтіру). Олар көбінесе жалпы қамау үй ішінде болғандықтан жиі психикалық және физикалық қысым, қайғы- қасіретке душар болатын. Саяси тұтқындардың ұстау режимін ерекшеліктері олардың үстінен қатаң қадағалау және сыртқы әлемнің толық оқшаулау болды. Оларды «бостандықтағы жақтастарынан» рухани байланысынан айыру үшін оларға газеттер мен журналдар алуға рұқсат берілмеді. Сонымен қатар, осындай тұлғаларға қоғамдағы қатынасы жиі жағымды болатын. М.Н. Гернет еңбектеріңе сәйкес қоғамдық пікір және жалпыевропалық саяси тұрақсыздық, қамау үйлерінің басқару органдарына кейбір шегіністер жасауға мәжбүрлейтін. Саяси тұтқындарға темір тордың ар жағындағы шектеулі дәрежеде болса да ойлау қабілетін дамытатын еңбекпен айналысуға рұқсат етілді [6]. Аталып кеткендей, Ресей империясының түрмелерде саяси тұтқындардың жағдай олардың әлеуметтік мәртебесі мен бас бостандығынан айыру жазасының түріне байланысты болатын.

Ресей империясының пенитенциарлық мекемелерде сотталғандарды түзету – тәрбиелеу әсерінің «реформалық» шегі 1909 жылы 22 маусым күнгі заңмен енгізілген шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы еді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға түрме, түзету үйге немесе түзету қамау бөлімшесіңе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылған, сот үкімімен белгіленген жаза мерзімінің кем дегенде 3/4 (бірақ, 6 айдан кем емес) өтеген тұтқындардың мүмкіндігі болатын. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға тұтқындардың түрмеден босатылғаннан кейін заңға сәйкес тәртіпті өмір салтын ұстанады деп ұйғарыммен «лайықты жағымды мінез-құлқы» негіз беретін [1]. Осылайша, В.И. Алексеевтың айтуы бойынша қылмыскердің босату фактісі түзету презумпциясы ретінде қарастырылуы тиіс еді [11].

Мемлекеттік Думада Үшінші шақырылымдағы депутаттарымен «реформалық» шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға заң жобасын талқылау үлкен пікірталасқа айналды, онда алдағы реформалар туралы өте қызықты идеялар айтылды. Мысалы, Казань кейбір депутаттары «түрме органдарының басшылығына емес, тікелей министрлікке бағынатын ерекше құзіреті бақылаушы лауазымы тағайындалсын және оның міндеті тұтқындардың туралы объективті үкім жасау болатын еді» деген ұсыныс білдірді [12]. Алайда, бұл ұсыныс бекітілген жоқ. С.В. Познышев «реформалық» заң жобасы енгізу перспективасы туралы былай деп жазды: «Біздің шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу қолдану айтарлықтай екі факторлардың кедергісі бар: біріншіден, біздің түрмелерде абаттандыру болмауы, және екіншіден, бізде түрмелер қызметіне патронат толық дерлік болмауы» [4]. Заң шығарушының пікірі бойынша, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу бастамасы туралы өтініш түрме әкімшілігінен шығу керектігі. Бірақ, «реформалық» жобаны қолдану тәртібі өте ауқымды болды. Бірінші кезекте, шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесі арнайы кеңес құрамымен қабылдану керектігі, ол арнайы кеңеске жергілікті сот органдары, прокурорлық қадағалау, жергілікті полиция, түрме инспекциясы өкілдері, түрме діни қызметшісі және қоғамдық институт адамдарды кіретін еді. Содан кейін, олардың шешімін округтік сот бекітетін болды [13]. Қалай болғанда да, революцияға дейінгі Ресейде шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы өте шектеулі аясында және тиімділігі төмен болды.

Осылайша, бас бостандығынан айыру түріндегі орындарына қойылған тұтқындарды түзету тиімділігі, мемлекет алдында міндетін ақтай алмады. Әрине, бұған басты себептері ретінде сол заманғы Ресей империясының мемлекет және әлеуметтік – қоғамдық құрылымы ерекшеліктері. Біздің ойымызша, революцияға дейінгі Ресейдің пенитенциарлық мекемелердің жағдайына себепкер бірқатар кешені қателіктер, олардыңарасындағы кейбірін атап айтқанда: 1) тұтқынның жеке тұлғасына тиісті көңіл бөлмеуі; 2) тұтқынның әлеуметтік санаты бойынша жазаларды, тәртіптік шаралар қолдануы; 3) адамның жеке тұлғасына нұқсан келтǐретǐн және оған қарсы тікелей бағытталған зорлық - зомбылық шараларын қолдану. Аталып кеткен басқа себептерді қоспағанның өзінде Ресейлік түрме жүйесінің жетілмегендігі: түрме камералары жетіспеушілігі, түрмелерді камераларының тұрақты толық болуы, әр түрлі ұстау жағдайларына, жазалар түрлеріне кесілген тұтқындарды араластыруы; біліктілікі, адамгершілік қасиеттері төмен және озбырлы түрме әкімшілігіндегі лауазымды тұлғалардың болуы; пенитанциарлық заңнаманың талапқа сай икемді болмауы және т.б. Түрмелерде түзету жұмыстары талапқа сай заңмен реттелмеді, ол бұрынғы патша заманының тиісілі биліктің идеологиялық қарсыластарын қорқытуға бағытталған мекемелер жүйесі ретінде әлі де қала берді.

 

Әдебиет

  1. Қамауда ұсталатындар туралы мекемелер мен жарғылар жиыны. 1890 ж. шығарылған. // Ресей империясы заңдардың жиыны: 16 т. – СПб.:. «Деятель» Орыс кітаптар серіктестігі, 1912 жыл 14 том 148-227 б.
  2. М.Г. Детков Ресей түрмелері, лагерьлері мен колониялары. - М: Вердикт - IM, 1999 ж. - 448 б.
  3. Н.С. Таганцев Ресей қылмыстық құқық. Дәрістер жинағы. Жалпы бөлігі: 2 т. - СПб:. Мемлекеттік типография, 1902 ж.-. 2 том - 643 б.
  4. С.В. Познышев Түрметану очерктері. - М: Г.А. Леман және Б.Д. Плетнев, 1915 ж. - 302 б.
  5. А.М. Стремухов 1900 1905 жылдар аралығы кезеңінде Ресей түрме ісі саласындағы іс – шаралардың қысқаша жиыны. // Түрме жаршысы. 1905 № 7. 473-498 б.
  6. М.Н. Гернет Патшалық түрме тарихы: 5 томда - М: Госюриздат, 1952 – 3 том:. 1870-1900 жыл. – 400 б.
  7. В. Мякотин Жаңарған Ресей құрылысы // Русское богатство. - 1909 жылы - № 4. - 79-99 б.
  8. В. Жижин Ресейде түрме реформалары мәселесі туралы // Түрме жаршысы. - 1898 -№ 12. - 616-633 б.
  9. С.П. Мокринский Жаза. Оның мақсаттары мен жорамалдар: 3 бөлімде. M - Әмбебап типография, 1902 - 1 бөлім :. Қылмыстардың жалпы және арнайы алдын алу. - 157 б.
  10. С. Гогель тұтқындарға пұт жүктеуі туралы // Түрме жаршысы. - 1893 - № 2. - 53-61 б.
  11. В.И. Алексеев Тұтқындарға рухани және моральдық әсері және оның құқықтық реттелуі (1879-1917 жж.) // Заң және білім. – 2006. - № 4. -246-252 б.
  12. Д.М. Усманов Ресей Мемлекеттік Думасы Қазан губернясының депутаттары. 1906-1917. – Казань: Татар кітап баспа үйі, 2006. - 495 б.
  13. Н.Н. Полянский Мәскеуде мерзімінен бұрын босату туралы заңын қолдану // Н.Н. Полянский «Ереуіл туралы ресейлік қылмыстық заңнамасы» және қылмыстық құқық бойынша басқа да мақалалар. - М: «В.И. Знаменский и К» баспасы, 1912 - 386-391 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.