Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ ұрпақты Абай, Мұхтар идеологиясымен тәрбиелеу

«Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап, тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өз халқын «өссін, өркендесін» дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ассын»,-деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзін түйсінетін азаматтар қатары жыл сайын Абай оқуларына қатысқан саналы ұрпақпен толығып отыр деген сенімдемін [1;4].

Ал жас ұрпаққа асыл сөздің иесін кемеңгер ойшылды, ұлық поэзияны ұрпақ жүрегіне жалғаған алтын көпір Мұхтар Омарханұлының халық асылынан қол үзіпқалмасын деген ниеті Абайды әлемге танытты. Осы асылдар сөйлеген дара тіл мен бүгінгілер сөйлеп жүрген «шала» тілдің арасында әжептәуір айырма бар. Көрер көзге әрине. Әлде көргісі келетін көзге десек дұрыс бола ма екен?! Қазақты кінәлағаннан, жығылғанда жұдырық жұмсаудан үлкен пайда таба алмайтынымыз анық. Бірақ, ел еңсесін басып бара жатқан бір кесел бар. Ол-өз тіліміздің күшіне сенбеу. «Үш тұғырлы тіл» дейміз, сол тұғырдың ең негізгісі ақсап тұрса, ол тұғырдың тұрақтылығы күмән тудырмай ма? Дегенмен үміт бар. Үміт те, күдік те бар.Үміт пен күдік арасында өмір сүрудің өзі тозақ қой. Қол-аяғыңнан дәрмен кетіп, адасасың. Көрінген көк атты мен көп аттының теріс ақылы жақұтқа бергісіз ақиқатқа ұқсайтыны сол сенімсіздіктен. Менің мұным «Қазақ өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретінің» кебі емес. Заман талабы. Жастар тілдерді білсін, үйренсін. Оған еш қарсылығым жоқ. Жетпіс тіл білген Әл-Фараби әлемге танылды емес пе?! Сол сияқты мүмкіндік бізде де бар. Алайда, ол өз тілін жетік меңгерген алдымен, кейін барып өзгенікін үйренуге талпынған. Ал біз анадан да үйренгіміз келеді, жаңаға да жабысуға құмармыз. Өз тілімізді үнемі кейінге қалдырамыз. Сонда өз жолымызды айқындап, өз тілімізде тілдесіп, жан-жағымызға жалтақтамас үшін нендей нәрсе істеуіміз керек?

«Атадан тағылым алмаған ұл жаман» демекші, ұлылардың саф сөздерімен ұрпақтың санасына тағылым сіңірейік, тәрбиелейік.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын француздар Ромен Ролланның он томнан тұратын «Жан-Кристоф» роман-эпопеясының радио-нұсқасын жасап, әдебиетке сусаған халық жарты жыл бойы айызы қанғанша тыңдады. Дәл сол бір кезде Францияда саяси тұрақсыздық өзімен бірге қылмыстың өршуін, жұмыссыздықты, күйзелісті алып келген еді. Әдебиет ұлттық санаға қозғау салып, желді күнгі теңіздей толқыған көңілін бір басты. Одан он жыл бұрын Марсельде студенттер көтерілген соң араға апта салып барып Бальзактың он романы радиодан оқылған еді. Билік халықты әскери күшпен, темірдей тәртіппен, үркітіп-қорқытумен ғана емес, эстетикалық әсермен, поэтика күшімен ұстауға болатынын ұғынды. Үлкен дүмпудің алдында тұрған Еуропа әдебиетке ерекше ден қойып, ықыласы қайта оянғандай болды. Римде Данте, Берлинде Гете, Лондонда Диккенс өз елімен қайта қауышты. Неге екені белгісіз, Данте «Құдіретті комедиясының» бір бөлігі «Тозақты» оқыған жастар егіліп жылаған екен. Құдайдың қаһарынан қорыққан ғой... Өзіне-өзі қол жұмсағысы келгендер райынан қайтыпты, кейбірі өз қолымен қарттар үйіне тапсырған әке-шешесінен кешірім сұрап, үйіне алып кеткен [2;6]. Ал Отанын сатып, ақшаға тойынып, алыстағы аралға көшіп кеткен біраз байшыкеш туыстарымен жылап көрісіп, тәубесіне түсіп, еліне оралып жатты... Елін сағынғанда матаға ораған жусанды иіскейтін әдет бізде де бар ғой. Соның мәнін түсіндік пе екен?!

Біздің ел тәуба ондай дүмпулерден аман. Дегенмен де, ақсаған тіліміз рухани байлығымызды рухани әсер, яғни поэтика күшімен түзетсек болмас па?! Ақыры еуропаға еліктейді екенбіз, жақсы жағын алайық.

Біздің жастарды Абайдың өлеңімен, Мұхтардың сөз өнерімен тәрбиелесек ше? Мұнымыз пайдалы болмаса, зиянды емесі хақ. Ахмет Байтұрсынов айтпақшы «Абайды түсінбеу, ол Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік». Абайдың сөзін түсінерлік дәрежеміз қалыптасқан деп сенемін. Сол себепті де, түсінуге тиістіміз. Түсінетін уақыт болды ғой. Тіл туралы заңымыздың жарыққа шыққанына ширек ғасырдан астам уақыт болып қалды. Әлі де ескі әдетімізге салып, көрінгеннен жасқанып, өз тілімізде сөйлеуге ұялып жүрген жайымыз бар. Ащы болса да шындық. Жақындарымызға «звонить еттік» деп шала шүлдірлегенше, хал-жағдайын біліп хабарластық десек қандай жағымды. Көпке топырақ шашқаным емес, дегенмен де шүлдірлейтіндер саны әлі де азаяр емес.

Дүниедегі бүкіл халықтың жаны-өзінің ана тілі, сол себепті де әр халық, алдыменен ана тілін жоғалтпаудың себептеріне мықтап жабысқан, бірақ тіл, дін, әдебиет сияқты нәрселер мал, дәулет арқасында сақталмайды, халық арасынан шыққан талапты,жаужүрек, халқы үшін білімін, қаламын аямайтын ер көңілді ұл-қыздардың қызметі арқасында сақталады.

Ондай халық адамы екі түрлі болады: біреуі ақындар, екіншісі-жазушылар. Тіл, дін, әдебиет ақындар мен жазушылардың шығармаларымен сақталады. Түркі халықтарының ішінде қазақ тілінің ескі сөздікке бай, ескі болғандығынан да саф алтындай таза, нағыз тіл екендігі жұртқа мағлұм. Тазалығы, байлығы жағынан тіліміз Осман, яки татар, басқа да туғандарымыздың тілдерінен көп алда. Саф алтындай таза тілімізді неге сол пәк күйінде қолданбасқа?! Халқымыз «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» деуі бекер емес. Сөздері ала-құла, шала болуы қазақ ұлтына абырой әпермейтін дүние. Орыс сөздерін орынсыз қолданып жүрген «шала қазақтардың» ортамызда әлі де қаптап жүргені көңілге кірбің ұялатады. Жөн-жосықсыз өзге тілдің сөздерін пайдаланатыны намысқа тиеді. Ондай сөздерді қосып айту тілдегі орашолақтық екенін неге түсінбейді?! Сөз сөзге жарығын түсіріп тұрады дейді. Ұлттық тіліміз күн, жарығы мыңдаған шақырымға жететін күші бар. Оны өзге тілмен көлегейлемейік! Шуағымыз онсыз да жетіп артылады емес пе?! Әсерлі, оралымды, ырғақты, теңеу- бейнелеулерге бай тілдің қазынасын қалай болса солай пайдалану, ол ең алдымен ұлтымызға жасалған қиянат.

Олай болса, қолымыздағы дәулеттің қадірін біліп, тіліміз үшін оқыған жастардың қызмет етіп, қимылдап қалатын уақыты келді.

Қазақ халқы тілге, әдебиетке кедей емес. Ел ішінде түрлі халықтар араласа бастауының себебінен кейінгі жастарымыздың тілі кәдімгідей бұзылып бара жатыр. Қазақ жерінде қазақтан орыстың көп болуынан, қазақ жастары әр нәрсенің атын, есімін орысша айтқанына мәз болып, өз тілін ұмытады. Күнбатыста, Польша жерінде, поляк ішінде бөлініп қалған аз ғана татарлар бар екен, оларды «поляк татары» деп атайды. Солар осы күнде өз тілін ұмытып, бала-шағасына дейін орыс тілінде сөйлейді [3;4]. Сол сияқты қазақ жастарының көбі, орысша оқығандары, өз тілін ұмытып, не ұмытпаса да қазақ тіліменен сөз айтуға намыстанушылар да жоқ емес. Поляк татарлары жарайды өзге елде жүр, өз елінде жүрген біздікілерге не жоқ? Таңым бар?! Біз «өз тілінен ұялатын ұрпақтан» халыққа көп пайда келеді деп үміт ете алмаймыз. Ондай адамдар көбі өз тілінің, өз дінінің қадірін білмей, тек қана өз құрсағына қызмет етеді. «Әулиелік туралы айту үшін өзіңде әулие болуың керек» дейді Қадыр Мырза Әли. Өздері тіл білмей «Тілдің мәртебесін арттырамыз» деп жүргендердің осы әңгімеден хабары бар ма екен?! Тіл туралы өңешіміз жыртылғанша айқайласа-айқайласа, айтыса-айтыса бұл мәселе де жауыр болды. Айтылады да, жазылады да, сосын сол жерде қалады. Тындырылып жатқан тірліктің төбесі көрінбейді. Бақандай жиырма бес жыл уақыт та, мүмкіндік те болмады емес, болды. Пайдаланбаған, жо-жоқ дұрысын айтсақ, пайдалана алмаған өзіміз. Әйтпесе, «күйтабақты бір аударып салатын, не тіпті басқасын қоятын» кез болды ғой. Өз тілімізде сайрап, сонау ата-баба мұра еткен салт-дәстүрлерімізді жаңғыртатындай болдық. Бұл жерде тағы да қазекеңнің жалқаулығы ұстап қалды ма, кім білсін?!

Тіл-қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі. Ол әр адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір ұлттың мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс.

Туған тілдің абыройын асқақтату әрбіріміздің міндетіміз, борышымыз. «Ана тіліне жаны ашымаған-жәндік» деген Паустовскийдің сөзі шындық. Тіліне жаны ашымайтындар одан да жәндіктерше жерге жақын, сөйлеуден аулақ болсын одан да

«Тілін жоғалтқан ұлттың өзі де жоғалады» деп Ахаң бекер айтпаған. Ана тілін ұмытқан адам өткенінен де, келешегінен де қол үзеді. Жаратушы бізді ондай күнге жеткізбесін. Ұлтымыз жоғалмасын десек, тіліміздің тұғырын биіктетейік.

Ана сүтімен бірге емген ана тіліміздің дәмін сезініп, бағасын білейік, тілімізге құрмет етейік. Осы күні тіл жанашырлары бар дауысымен, шыңғырған жан даусымен айтып жүрген ең ащы шындықты естейік, ескерейік. Қазақ тіліміз-өз тіліміз, ана тіліміз,Абай, Мұхтар сөйлеген дара тіліміз қай жерде, қай уақытта болмасын «ұлттық құжатымыз» екенін естен шығармайық!

 

Әдебиет

  1. «Заман Қазақстан» газеті. 2015жыл. «Мемлекеттік тіл».
  2. Байбол А., Уақыт салған портрет. «Қазақ әдебиеті» газеті. 2015, №52.
  3. Қазақ тілі. 11 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп баспасы» 2015.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.