Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтарының генезисі

Зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтарының едәуір бөлігі отбасы ішінде жасалады. Қылмыстық зорлық-зомбылық феноменінің мәні отбасы ішіндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық уақыт өте келе кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы зорлық-зомбылыққа айналатынында жатыр, олар кейін бұны «эстафетамен» өз ұрпақтарына жеткізеді. Халықаралық қоғамдастық отбасы саласындағы қылмыстық зорлық-зомбылықты бүкіл дүние жүзінде кең тараған «індет» деп таниды.

Дүние жүзінде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық проблемасы батыс елдерде феминистік қозғалыстың әсерімен, ал Кеңес одағында – отбасылық криминологияны қалыптастыру нәтижесінде ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында көтеріле бастады.

70-ші жылдардың ортасынан бастап КСРО-да отбасылық салаға өткізілген криминологиялық зерттеулердің барысында адамның мінез- құлқын қалыптастыру үшін отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастың маңызы зор екені анықталды, бастапқы құндылықты бағыттың пайда болуында - ата- анасы ықпал етеді. Одан басқа, туысқандармен күнделікті қарым-қатынас жасау үрдісінде қалыптасатын түрлі даулы жағдайлар басқа да қылықтардың пайда болуына импульс береді. Қалыпты, сондай-ақ қалыптан ауытқитын мінез-құлықты тәрбиелеуде отбасының рөлі өте маңызды [1; 29б.].

Отбасы өмірінің қажетті шарты ретінде отбасының әлеуетті мүшелерінің дара ұмтылыстарының бір-бірімен келісімді болуы қазіргі заманғы отбасылық қарым-қатынастардың негізгі проблемасына айналадыМұндай келісімнің жоқтығы көп жағдайда төмен сападағы отбасылық қарым- қатынастардың, айырылысулардың, толық емес жанұя пайда болуының негізгі себепкері болып табылады [2; 110б].

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде алынған жанжалды тараптар сипаттамаларының криминологиялық маңызы зор.

«Отбасылық агрессивті қылмыскердің» жалпыланған әлеуметтік портреті мынадай: спирт ішімдіктерін пайдаланатын, кәсіби, білім және мәдени деңгейі төмен, тұрақты жұмысы жоқ 30-50 жастағы ер адам, туған- туысқандарымен жиі жанжал шығарады, даулы мәселелерді шешу кезінде берекетсіз, күрт ашуланғыш, сезікшіл мінезі бар.

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық құрбанының қылмыскердің жалпыланған әлеуметтік портреті мынадай: күйеуге шыққан, жұмыс істемейтін, білім деңгейі төмен 30 жастан асқан әйел, мас күйінде отбасылық жанжалдарға жиі араласады.

Көптеген дауларды күштің көмегімен шешетін отбасылардың болуы, криминалдық зорлық-зомбылықтың халықтың тұтас топтары үшін тұлғаралық жанжалдарды шешудің әдеттегі тәсіліне айналуына әкеледі. Бұл жалпы әлеуметтік өмірді ыдыратады, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Түрлі елдердің заңнамасы «зорлық-зомбылық» терминін түрліше түсіндіреді. Мысалы, Эквадор заңы оны «күш көрсету, психологиялық немесе жыныстық зорлық-зомбылық қарым-қатынасқа әкелген кез келген әрекет немесе әрекетсіздік» ретінде анықтайды. АҚШ-тың Үлгілі Қылмыстық кодексінде «құқыққа қайшы зорлық-зомбылық», «өлімге әкелетін зорлық-зомбылық», «қорғану тәртібіндегі зорлық-зомбылық» сияқты зорлық-зомбылық ұғымдары кездеседі; зорлық-зомбылыққа заңға қайшы болып табылатын әрекеттер ғана емес, сондай-ақ кейбір жағдайларда заңға қайшы деп саналмайтын әрекеттер де жатқызылады.

Өкінішке орай, ҚР ҚК 1 және 2-тарауларындағы отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауаптылық туралы нормаларда және Қазақстан Республикасы ІІМ нормативтік актілерінің ережелерінде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылық ұғымының бір мағыналы анықтамасы жоқ. Ал анықтама құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алдын алу шараларын әзірлеу үшін, дара профилактиканы іске асыру кезінде талдау жұмысын жүргізу үшін қажет.

Көптеген отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтарының құрылымы, негізінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты 1-тарауда және «Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты 2-тарауда көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардан қалыптасады. Олардың арасында отбасының бір мүшесінің екіншісіне қатысты жасалған мынадай қылмыстық құқық бұзушылықтары басым:

  • - адам өлтіру (ҚР ҚК 99-101 баптары);
  • - денсаулыққа қасақана ауырлығы түрлі дәрежеде зиян келтіру (ҚР ҚК 106, 107, 108, 111-баптары);
  • - жыныстық бостандығы мен еркіндігіне қол сұғатын қылмыстар (ҚР ҚК 120-124 баптары).

Біздің көзқарасымызша, А. Ильяшенконың РФ Қылмыстық кодексінің Жалпы бөліміне «Зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылығының ұғымы», «Ата-ана құқықтарынан, қамқорлыққа алу немесе қамқоршылық құқықтарынан айыру» және «Өз отбасының мүшесін немесе өзге де жақын туысқанын қорғаған кезде зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылығын жасау» сияқты жаңа нормаларды енгізу арқылы қылмыстық заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстарына назар аудару керек.

Айталық, Испанияның Қылмыстық кодексіне өз жұбайына немесе тұрақты қарым-қатынастағы адамға немесе өз балаларына, қамқордағы ата- аналарына жүйелі түрде күштеп зорлық-зомбылық қолданғаны үшін, осы тұлғалардың денсаулығына зиян келтірілгені үшін қолданылатын жазаның болуына қарамастан, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін арнайы 153-бап енгізілді.

Жалпы, қылмыстық заңнама, Қазақстан Республикасындағы және шет 20 елдердегі ресми криминалдық статистика отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтарын толық көлемде талдау үшін жеткілікті негіздемелер бермейді. Дүние жүзінің көптеген елдерінде осы әрекеттер отбасы саласы үшін ең қауіпті және ауыр деп қаралады.

Алыс және таяу шет елдерінің оң тәжірибесін қолдана отырып, қазақ отбасының ұлттық ерекшеліктері туралы ұмытпау керек екенін ерекше айта кету керек. Сонымен қатар, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстары профилактикасының виктимологиялық бағдарлығына да назар аудару керек. Мысалы, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтарының генезисін қарауға кірісе отырып, терминологияны анықтау керек.

Генезис деп, (грек т. genesis – шығу тегі) пайда болу мен кейіннен даму үдерісі ұғынылады.

Детерминация ұғымы (лат. т. determinare - анықтау) ғылыми әдебиетте анықтау, шарттау үдерісін білдіреді. Орыс тілінде детерминизм деп барлық заттардың, объектілердің, құбылыстар мен үдерістердің жалпы өзара байланысы, өзара әрекеттесуі түсініледі. Заңтануда детерминизм себептілікке негізделген. В.Н. Кудрявцев айтып өткендей, «себептілік - детерминацияның ішкі мазмұны, оның мәні» [3; 15-16б].

Криминологияда қылмыстық құқық бұзушылықтарының детерминациясын зерттеген кезде фактор (лат.т. factor – жасайтын, өндіретін) ұғымы пайдаланылады, ал қылмыстық құқық бұзушылықтарының көптеген себептері мен шарттарының бірлігі криминогендік детерминанта тектік ұғымымен анықталады.

Біз криминогендік факторды криминогендік детерминантаның белсенді құрамдас бөлігі ретінде қарадық.

Отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылықтың феномені мүлдем жаңа ғылыми проблема емес. Отбасылық криминология проблематикасына қатысты Д.А. Шестаков әлеуметтік отбасы институтының қайшылықтарын түрлі типтегі қылмыстық мінез-құлықтың детерминанты ретінде қарады: пайдакүнемдіктен бастап зорлық-зомбылыққа дейін.

Қазіргі кезде криминологиялық әдебиетте отбасылық саладағы қылмыстық мінез-құлықтың себептері түрлі көзқарастардан қаралады.

Отбасылық зорлық-зомбылықты зерттейтін батыс криминологтардың басым бөлігі отбасы ішіндегі қылмыстық мінез-құлықтың генезисін қоғам мен отбасы ішіндегі ер адамдардың үстемдігінен (былайша айтқанда, феминистік теория), ата-анасынан балаларына берілетін ер адамның әйелге зорлық-зомбылық жасау бейімділігінен (отбасылық жүйелер теориясы), алкоголизм мен психиканың бұзылуы салдарынан кейбір субъектілердің қоғамда өмір сүру қабілетсіздігінен (психопатологиялық теория) көреді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында ұсынылған себептілік теориясы өте үйлесімді тұжырымдамалық құрылым болып табылады. Себептіліктің криминологиялық теориясының айқын көрінетін артықшылығы, қылмыстық құқық бұзушылықтарының жасалуына әкелетін себепті байланыстарды зерттеу қылмысты жасаған адамның жеке 21 психологиясымен және бұл адамның оның тікелей айналасымен өзара әрекеттесу салаларымен шектелмей, макроәлеуметтік құбылыстар мен үдерістерге таралатынында болып табылады. Құқық бұзушылықтың себепті байланыстары қоғамның базисінде, сондай-ақ қарым-қатынасында зерттелуде.

Отбасы саласындағы зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтарының себептері қылмыстық мінез-құлық себептерінің жалпы жүйесінің шағын жүйесін құрайды. Осы тақырыпқа Д.А.Шестаков, Е.П.Ким; Б.Тугельбаева, М.С.Кемали, Е.Кудайбергенов, С.М.Сапаралиева т.б. ғалымдар жұмыстарын арнаған.

Жүйелі талдау негізінде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың криминогендік факторларының тетігін «қайшылық-жанжал-қылмыс» бірізділігі үлгісіндегі призма арқылы қарайтын профессор Д.А. Шестаковтың еңбектерінде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстарының детерминациялау проблемалары ең толық түрде көрсетілген [4;187-199б].

Әрбір отбасының өмірінде отбасылық қарым-қатынастардың үйлесімділігін бұзбай, түрлі қайшылықтар пайда болса, ұтымды шешіп отырады.

Отбасының әр мүшесінің кез келген мәселе бойынша өз ойы болады, осыдан әрине қайшылықтар пайда болатыны түсінікті. Бірақ, егер отбасы мүшелері даулы мәселені шеше алмаса және басқа адамның пікірімен келіспесе, жанжал пайда болады.

«Ресейлік криминологияда қалыптасқан себептілік теориясына сәйкес отбасылық криминогендік факторлар отбасының ішінара қосарланған салаларындағы және жыныстар арасындағы қарым-қатынастардағы әлеуметтік қайшылықтарды, сондай-ақ осы қайшылықтар тудыратын криминогендік әлеуметсізденуінің және жанжалдықтың өзге де факторларын білдіреді».

Қайшылықтардың кейбір түрлерін жүйеге келтірген және отбасылық зорлық-зомбылық себептерінің, отбасылық саланың, нақтырақ айтқанда, ерлі-зайыптылықтың қайшылықтар тұжырымдамасын қалыптастырған кейбір криминологтардың көзқарасы ұтымды болып көрінеді. Олардың пікірінше, отбасы саласындағы қайшылықтардың арасында әр жыныстың материалдық дәмешіліктері, билік, жыныстық бостандық және т.б. салалардағы жеке қызығушылықтарынан туындаған, мысалы, отбасылық дәстүрлердің бұзылу үдерісінен туындайтын, әйелдің ерлі-зайыптылық пен қоғамдық рөлдері, кәсіби мансап және ананың рөлі арасындағы тарихи ауыспалы қайшылықтар бар [5; 225б].

Отбасының жанжалға бейім (конфликтогендік) қайшылықтарын жіктеу өлшемдерінің оңтайлы жүйесі жүйе түрінде екі координаталық осьқа құрылған: біріншісі – отбасылық қарым-қатынастың түрі, оның желісі бойынша жанжал дамиды (ерлі-зайыптылық, туыстық, қасиет) және екіншісі – оның негізінде жатқан келіспеушілік, мысалы, ерлі-зайыптылық адалдық, бюджетті пайдалану, балаларды тәрбиелеу себептеріне қарай.

Қолданыстағы қайшылықтан жеке отбасылық жанжалға ауысу әрқашан 22

айқын жəне тікелей бола қоймайды. Кейде ол сол не басқа үлгілердің нысанына, қатысушылардың жеке, топтық, қоғамдық (мүдделеріне байланысты) ұмтылыстарына, ниеттеріне айналады.

Ю.М. Антонянның пікірі бойынша, отбасы ішіндегі дау қарама-қарсы мүдделер, мораль, үміттер, дүниеге деген түрлі көзқарас пен өмірлік тәжірибелер қақтығысқанда пайда болады [6; 59б.].

Д.А. Шестаковтың көзқарасы біршама басқаша. Оның пікірінше, жанжал деп адамдардың арасында пайда болатын кез келген емес, қарама- қайшылық сипаты бар ең маңызды қайшылықтардың қақтығысуын тану керек. Соңғы айтылғанның генезисінде үш аспектіні бөліп шығаруға болады. Біріншіден, шынайы мәні бойынша жанжал адамдардың қарама-қарсы ұстанымдарының қақтығысуында жатыр. Екіншіден, жанжал тараған әлеуметтік топта тұлғааралық қарым-қатынастардың келіспеушілігі пайда болады. Үшіншіден, нақты адам үшін жанжал психикалық бәсеңдік функциясын атқара алады. Демек, отбасылық жанжалдың мәні отбасы мүшелерінің қарама-қарсы ұстанымдарының қақтығысы болып табылады, ал олардың арасындағы қайшылық (немесе қайшылықтар) жанжалдың себебі (көзі) болады [7; 69б.].

 

Әдебиет

  1. Жарикбаев К.Б. Общая психология. - А., 2004.
  2. Ильяшенко А.Н. Противодействие насильственной преступности в семье: уголовно-правовые и криминологические аспекты: - М., 2003. - 511 с.
  3. Кудрявцев В.Н. Лекции по криминологии. - М., 2008. - 122 с.
  4. Шестаков Д.А. Семейная криминология: Семья - конфликт - преступление. - СПб., 1996. - 264 с.
  5. Криминология: учебное пособие. Под ред. С.Я. Лебедева, М.А. Кочубей. - М.: ЮНИТИ-ДАНА; Закон и право. - 2007. - 519с.
  6. Антонян Ю.М. Криминология. Избранные лекции. - М.: «Логос», 2004. - 448 с.
  7. Шестаков Д.А. Преступность среди социальных подсистем. 2-е изд., перераб. и доп. - СПб.: Издательство Р.Асланова «Юридический центр Пресс», 2006. - 353 с.
  8. Аванесов Г.А. Криминология. - М., 1984. - 339 с.
  9. Сыздыкова Ш.Е. «Отбасылық-тұрмыстық зорлыққа қарсы шаралардағы гендерлік теңділіктің орны»Хабаршы им. Кунаева. №4 (29). Алматы, 2008. - 159-161б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.