Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Абайсызда жасалатын қылмыстардың ерекшелектері

Әлеуметтік жоспарлау бүгінгі өмірдің құрамдас бөлігіне айналып отыр. Оның мақсаттылығы, жоспарлығы қоғам алдында тұрған саяси, идеологиялық және экономикалық міндеттерді шешуде күш жігерімізді дұрыс шоғырландыра білуге ықпал жасайды.

Әлеуметтік жоспарлардың арқасында кейбір келеңсіз құбылыстардың алдын алу мүмкіндігі пайда болды. Бірақ бұл қылмысты болдырмау мәселесі толық шешілді деген сөз емес. Соның ішінде, әсіресе, абайсыздық қылмысының алдын алу немесе көмелетке толмағандар қылмысы жөніндегі мәселелер әлі де зерттеуді қажет етеді.

Күні кешеге дейінгі КСРО криминологтары ұсынған қылмыстың алу шаралары, әдетте, қасақана жасалған қылмысқа қарсы күреске, оның себеп салдарын жоюға ғана бағыттап келеді. Жалпы қылмыскерлік құрылымында үлес салмағы аз абайсыздық қылмыскерлігі есепке алынбайтын. Қасақана және абайсыздық қылмыстары профилактикасында дифференциалды әдістің жоқтығы.

Абайсыздық қылмысының үлес салмағы артып отырғаны бүгінгі жағдайда абайсыздық қылмыскерлігінің алдын-алу проблемасын практикалық маңыздылығы ерекше.

Соңғы уақыттарда абайсыздық қылмысына қарсы күреске, оның факторларын зерттеуге бағытталған біршама әдебиеттер жарық көрді. Дегенмен, абайсыздық қылмысының алдын-алу, экономикалық, идеялық- тәрбиелік және құқылы сипаттағы ұйымдастыру шараларын осы мақсатка жүйелі де, жоспарлы түрде жұмылдырып отыру мәселесі әлі де болса жалпы теориялық деңгейде шешілген жоқ.

Ал қылмыстардың, соның ішінде абайсыздық қылмысының кейбір түрлері мен топтардың алдын-алу мүмкіндігі әлеуметтік жоспарлау шеңберінде арнайы зерттелмеген. Бұдан өзге, абайсыздық қылмысына елеулі қоғамдық қауіпті зардап келтірмегенімен, онсыз ұжымның әлеуметтік даму жоспарына абайсыздық қылмыскершілігінің алдын-алуға байланысты шараларды жоспарлау мүмкін болмайтан «тәртіптің абайсыз ауытқуы» деп аталатын абайсыздық құқық бұзушылық, тәртіпсіздік профилактикасы бойынша арнайы іс шаралар жоқ.

Абайсыздық қылмысының алдын-алу шараларының әлеуметтік жоспарлау үшін алдымен белгілі әлеуметтік қауіпті кұбылыстың сипатын оның себебін, жағдайын, кұрылымын, өзге әлеуметтік процестер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысын, тенденциясын жетік білу керек. Осыған орай, қылмысқа қарсы күрес шараларын әлеуметтік жоспарлаудың негізгі екі қиыншылығын атап өткім келеді.[1]

Біріншіден, абайсыздық қылмыстарының алдын-алу шаралары енген әлеуметтік даму жоспары профилактика жүйесін жасауға толық негіз болатын қылмыстың объективті сипатын, оның себебін толық көз алдымызға елестетуге мүмкіндік беретін криминологиялық зерттеу жүргізуді үнемі қамти бермейді.

Екіншіден, қасақана және абайсыздық қылмыстарымен өзара әрекет пен байланысты барлық оң және теріс процестер мен құбылыстар криминология ісін зерттеудегі кемшілік салдарынан бұл процестер мен құбылыстардың және есепке алудың сондай-ақ ұжым немесе аймақ деңгейіндегі әлеуметтік жоспарлау шеңберінде қасақана немесе абайсыздық қылмыстарының теріс ықпалын болдырмау мүмкіндігінің жоқтығы.

Қылмыстың құрамдылық көрсеткіштерінің бірі - қасақана және абайсыздық қылмыстарының арақатынасы болып табылады. Сондықтан да кала немесе әлеуметтік даму жосапарындағы ескерту шараларында жалпы қылмысқа карсы сондай-ақ қасақана жөне абайсыздық қылмыстарына қарсы жеке-жеке күрес шаралары көрсетілу керек .

Қылмыстың алдын-алу түрлі деңгейде, түрлі орнықты салаларда жүзеге асырылатын, қылмыс себебінің тәуелділігі мен сипатына орай қолдануға болатын түрлі мазмұндағы шаралар жүйесі ретінде қаралады.

Қылмысқа қарсы күрес шараларын әлеуметтік жоспарлау абайсыздық қылмысының негізгі құрылымдық көрсеткіштеріне түзілуі тиіс. Абайсыздық қылмысының алғашқы екі тобының алдын-алу үшін ұжымның немесе аймақтың әлеуметтік даму жоспарларын да техниканың сенімділігін күшейтетін, оны пайдалану кауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірқатар үиымдастыру - техникалық іс-шараларын белгілеуге болады. Лауазымдық міндетті орындау барысында болатын абайсыздық қылмыстары құрылымында мұндай қылмыстардың профилактикалық шараларын белгілей отырып, кадрларды таңдау мен орналастыруға, қылмыспен күреске бағытталған тәрбиелік идеологиялық шаралар жүргізуге көңіл бөлу керек. Бұл талап қылмыс себебінің сипаты мен тәуелділігіне қолдануға болатын, қылмыстың алдын-алу жүйесінің мүмкіндігінен туындайды.

Абайсыздық қылмыстарының себептері қасақана қылмыс себептерінен өзгеше болады. Осыдан келіп аймақтың немесе ұжымның әлеуметтік даму жоспарында абайсыздық қылмыстарының алдын-алуға бағытталған арнайы шаралар белгілеу қажеттігі туады.

Абайсыздық қылмысының нақты себебі - жеке адам мен қауіпті жағдайдың және ондағы әрекет құралдарының арасындағы өзара қатынасы болып табылады. Осыған сәйкес, профилактика шараларын төмендегі жіктеуге сәйкес жасаған дұрыс:

  1. әрекет құралдарына немесе жабдықтарына;
  2. абайсыздық әрекет жағдайына;
  3. қылмыскердің жеке басының қасиеттеріне.

Ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлауда қасақана абайсыздық қылмысының өзіндік ерекшелігі болады.

Біріншіден, абайсыздық қылмысының қолданылып жүрген әлеуметтік криминалогиялық, профилактика шаралары әлеуметтік экономиқалық шараларға сәйкес құрылып, ескі жабдықтарды жаңарту сияқты, басқа да ысыраптар мен шығындарды қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.

Екіншіден, абайсыздық қылмыстарының профилактикалық шаралары кәсіпорынның жұмыс ерекшелігіне орай әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен техникаларды пайдалану және онымен жабдықталу деңгейімен сәкес келуі керек.

Үшіншіден, қасақана қылмыспен салыстырғанда, абайсыздық қылмысының алдын-алуды ұйымдастыру шаралары, техникаларды жетілдіру, басқару жүйесін автоматтаңдыру, соның арқасында техника жабдықтарын пайдалану кауіпсіздігін қамтамасыз ету басты рөл атқарады.

Төртіншіден, касақана қылмысқа қарағанда абайсыздық қылмысына карсы күрес шараларының әлеуметтік мүмкіндігі ауқымды, жетілдірілген техникалардың, ұйымдастыру - техникалық шараларды қолданудың арқасында абайсыздық қылмыстарының алдын-алу жұмыстары жоғары тартымдылығымен, пәрменділігімен сипатталады.

Әлеуметтік жоспарлау шеңберінде абайсыздық қылмысын зерттеу және алдын - алу үшін оны қасақана қылмысқа қарсы күрес шараларымен біркелкі көру керек, өйткені абайсыздық және қасақана қылмыстары өзара байланысты, оның бірінің өмір сүруін екіншісінің өмір сүруіне жағдай жасайды және айқындайды.

Қасақана және абайсыздық қылмыстарының өзара байланысы мен өзара ықпалы мына бағыттардан байқалады:

Біріншіден, кейбір абайсыздық қылмыстары ауыр касақана қылмыстың жасалуына себеп болады. Мысалы, мемлекеттік және қоғамдық мүлікті қорғау ісі сеніп тапсырған адам бұл міндетіне жауапсыз қараса, онда ол талан-таражға жол беруші факторға айналады. Салғырттықтың соңы көбінесе билікті немесе лауазымдық жағдайын пайдалануға итермелейді. Өзінің лауазымдық міндетін орындамау барысында елеулі зиян келтірген лауазым иесі түрлі өтірікке, қасақана қылмысқа барады.

Екіншіден, ұжымдағы шаруасыздықпен байланысты болған абайсыздық қылмысы өнегелілікке, микроклиматқа теріс әсер етеді. Мысалы: салғырттық сияқты лауазым иесі жасаған абайсыздық қылмысы ұжым мүшелерінің бойынша немқұрайлық, тәртіпсіздік, материалдық құнды заттардың сақталуына жауапсыздық сияқты теріс қасиеттерінің қалыптасуына себеп болады, мұның соңы кейбір ұжым мүшелерінің де қылмысты әрекетке баруына әкеп соғуы мүмкін.

Ең соңғысы, абайсыздық қылмысын алдын-алу үшін әлеуметтік даму жоспарында маскүнемдікке, бұзақылыққа, еңбек тәртібін бұзушылққа, қасақана тәртіп бұзудың басқа да түрлеріне карсы күрес белгілеген жөн. Онсыз жол апатына, техника қауіпсіздігі ережелерінің түрлі себептері мен бұзылуына қарсы тиімді күрес жүргізуі мүмкін емес. Яғни, ұжымда қылмыскершілікке қарсы табысты күрес жүргізу үшін қасақана және абайсыздық қылмыстарының өзара байланысын есепке алып, әлеуметтік жоспарлау шеңберінде дифференциалды профилактикалық шаралар 26 жүргізудің маңызы зор.

Соңғы мақсатқа жету, соның ішінде абайсыздық қылмысының алдын- алуға бағытталған ұжымының әлеуметтік даму жоспарлары жалпы әлеуметтік эканомикалық, идеялық саяси, басқа да басқару жүйесіндегі іс шараларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік шараларды кешенді профилактика жоспарлары шеңберінде, қылмыстың алдын алудың жалпы және арнайы криминалогиялық шараларымен бірге жүргізудің тиімділігі орасан зор.

Профилактикалық кешенді жоспарға еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардың бірлесе отырып, жасаған қылмыстың себептерін болдырмауға, сондай-ақ экономикалық әлеуметтік және идеологиялық міндеттерді іске асыруға байланысты перспективы іс-шаралары енеді.

Құқық бұзушылыққа қарсы күрестің кешеңді жоспары сол аймақгағы профилактикалық шаралардың барлығын біріктіруге мүмкіндік береді, соның нәтижесінде жеке ұжым шеңберіндегі қылмыстың алдын-алу базасын камтамасыз ете аламыз. Осыдан шығатын қорытынды, абайсыздық қылмысына қарсы күрес проблемасын кешенді түрде шешу керек.

Қылмысқа қарсы күрес жоспарының артықшылығы - ол әрбір кәсіпорындағы, әкімшілік - территориялық бірліктің әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктерін, даму денгейімен болашақ перспективасымен есепке алуға мүмкіндік береді. Сондықтан да ұжымның әлеуметтік даму жоспарындағы профилактикалық шараларды қасақана және абайсыздық қылмысының сипаттамасын ғана емес, нақты бір ұжым деңгейінде бүкіл аудан, қала, облыстық әлеуметтік дамуындағы негізгі ерекшеліктер мен зандылықтарды да аңғартуға тиіспіз. Кешенді жоспар - қылмыстың болу себебін жоюға бағытталған экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық міндеттерді шешумен бірге, құқық қорғау органдары қызметін күшейтуге, адамдардың бойынан ескі коммунистік моральді аластатуға, осыған орай адамдардың құқықтық білімін кеңейтуге және құқық мәдениетіне тәрбиелеуге бағытталған шараларды қамтиды.

Абайсыздық қылмысына карсы кешенді күрес жоспарындағы шаралар негізінен қылмыс деңгейіне, кұрылымына, динамикасына, сондай-ақ абайсыздық қылмысының сипаттамасына оң немесе теріс әсер ете алатын әлеуметтік - эканомикалық, демографиялық, басқа да процестерге байланысты мәліметтерге сәйкес құрылуы тиіс.

Бұдан шығатын қорытынды, абайсыздық қылмысына карсы күрестің кешенді жоспары белгілі аймақтағы нақты ұжым жабдықтарының арқасында болуы мүмкін. Абайсыздық қылмыстарының алдын-алуға бағытталған шараларға жасалған талдау негізінде түзеу керек. Қылмысқа қарсы күрес шараларын жоспарлау ұжымының әлеуметтік дамуымен, ондағы технологиялық процестерді жүзеге асыру ерекшеліктерімен, ұжымның даму сипатымен және перспективасымен, сондай-ақ ұжымдағы абайсыздық қылмыстарының алдын - алуға мүмкіндік беретін басқа да факторлармен тығыз байланысты жүзеге асыруы тиіс.

Бұл жерде, ұжымның әлеуметтік даму жоспарындағы 27 профилактикалық шаралармен аудан, қала, облыс, өлке бойынша абайсыздық қылмысына қарсы күрес шарларының әлеуметтік жоспары арасындағы кері байланысты да ұмытпаған жөн болар. Қылмысқа карсы кешенді күрес жоспары - абайсыздық қылмысына қарсы күреске белгілі бір аймақтағы нақты ұжымның бар күші мен мүмкіндігін жұмылдыруға мүмкіңдік береді. Бұдан абайсыздық қылмысына карсы күресте кешенді әдістің перспективасы кең деген қорытынды шығады.

 

Әдебиет

  1. Бородин С.В. Ответственность за убийство; квалификация и наказание. М:Изд. Н-Норма, 2000.
  2. Ткаченко В.И. Квалификация преступления против личности. М.,1998.
  3. Саркисов Г.С. Преступления по неосторожности. М., 2001.
  4. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. М., 2003.
  5. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1999.
  6. Трайнин А.Н. Особенности преступлений по неосторожности. М., 2003.
  7. ҚР Қылмыстық кодексі. Алматы, 2014.
  8. ҚР Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті- Жарғы, 2003.
  9. Менмендік абайсыздықтың бір түрі // Қазақстанның болашағы: Жоғары оқу орны экономикалық дамумен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Тараз, 2010. – 284-289 б.
  10. Қылмыстық кодекстегі абайсыз қылмыстарды классификациялау // Қазақстан қоғамы: ұлттық басымдылық және бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторлары: халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияның еңбектері. І том. – Тараз, 2007. – 44-48 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.