Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы түрмелерінің дамутарихы

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді мемлекет ретінде орнатып, саяси тұрақтылыққа келу барысында бірқатар ірі саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық реформаларданөтті.

Ең жоғарғы заң күші бар Қазақстан Республикасының Коснституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретинде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екендігі хақ[1].

ЕлбасыН.А.Назарбаевтың2015 жылғы «100 нақты қадам» атты халыққа жолдауында бесПрезиденттік реформаны жүзеге асыру аясында анықталған 100 нақты қадамның ішінде заңның үстемдігін қаматамасыз ету үшін нақты қадамдар анықталған, соның бірі «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді тратегиясын жасау» керек - деп атап кеттілді [2].

«Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды» - деп айтып кетті Ұлыбритайния еліннің ғұлама жазушысы, публицист, тарихшы және философ Т. Карлейл. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақтардың жазалау жүйесінде 66

бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы әдетте қолданылмаған. Көшпенділерде негізгі жаза ретінде айыппұл (құн) төлейтін болғандықтан, қазақ қоғамында түрме салу және осы сияқты мекемелердің қажеттілігі болмаған.

Сонымен, Қазақстан түрмелердің қалыптасуы мен даму үрдісін шартты түрде С.Қ. Бастемиевтің көзқарасы бойынша төрт кезеңге бөлуге болады[3]..

  1. ші кезең Қазақстан территориясындағы түрме жүйесінің қалыптасуы мен дамуы XVIII ғасырдың 30-жылдарынан бастап 1917 жылғы қазан революциясы басталғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ХХ ғасырдың басына дейін Қазақстан аумағында 20 түрме салынған. Бұл түрмелердің айтарлықтай кемшілігі сонда, оларда толығу лимитінен бірнеше рет асып түсетін көп мөлшерде сотталғандар отырған. Олардың шамадан тыс толып кетуіне байланысты түрмелерде аштық, суық, ауру және сотталғандар арасында кісі өлімі көп болған. Бұған қоса адамдарды қорқытып ұстау мен кек қайтару мақсатында құрылған Ресей империясының түрмелері қылмыскерді түзеу міндетін шешуге жарамсыз болатын. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясында түрме жүйесіне Батыс Еуропа елдерінің пенитенциарлық жүйесінің тәжірибесі негізінде реформа жасау басталды, алайда ол объективті себептермен аяғына дейін жеткізілмеген.
  2. ші кезең 1917 жылғы қазан және 1929 жылдың аяғы аралығында Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тың пенитенциарлық жүйесі тәжірибесі негізінде қызметін реттейтін нормативтік актілерді әзірлеу және қабылдаумен; бұл актілердің іс жүзінде іске аспауымен сипатталады.
  3. жылғы 21-наурыздағы «Бас бостандығынан айыру және сотталғандарды шартты-жедел босату тәртібі туралы» декрет, 1921 жылғы 28-қарашадағы «РСФСР бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың және бас бостандығынан айырусыз мәжбүрлеу жұмыстарын өтеушілердің еңбегін пайдалану туралы» және 1918 жылы 23 -шілдеде РСФСР ӘХК бекіткен «Жазалау шарасы ретіндегі бас бостандығынан айыру және оны өтеу тәртібі туралы» Уақытша нұсқау маңызды орын алады, бірақ нұсқау 1920 жылдың қараша айына дейін қолданылған. Одан кейін 1920 жылдың 15-қарашасында РСФСР ӘХК қаулысымен «Қамауда ұстаудың жалпы орындары туралы ереже» бекітілген, онда қоғамдық пайдалы жұмысты, оқу-тәрбие және мәдени-ағарту жұмысты қолдану, жазаны өту режимі толығымен реттелінген болатын. Бұл қаулымен жазаны өтеудің прогрессивті жүйесі бекітілген [4].

Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленин Кеңес мемлекетіндегі қамау орындары патшалық түрмелерден өзгеше болуға тиіс екендігін, олардың басты мақсаты қамаудағыларды түзеу болуға тиістігін және түрмелерді тәрбиелеу мекемелерімен ауыстыру қажет деп айтқандығын атап өту қажет. [5].

  1. жылы РСФСР Қылмыстық кодексі қабылданғаннан кейін РСФСР бірінші Еңбекпен түзету кодексі (ЕТК-231 бап) жобасы әзірленді. Еңбекпен

түзеу кодексінің концептуалдық негізі - қамаудағыларды түзеу идеясы болған. Бір жыл ішінде бұл жоба көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда, бұған қоса 1923 жылы Мәскеу қаласында өткен пенитенциарлық іс қызметкерлерінің бірінші Бүкілресейлік съезінде талқыланып, 1924 жылғы 16-қазандағы Бүкілодақтық орталық атқару комитеті (БОАК) екінші сессиясының ХІ шақырылымында бекітілген болатын және осы кодекс белгілі бір өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жеті жыл бойы қолданылған[6].

1924 жылғы РСФСР ЕТК қамауда ұстау орындарының жабық типтері:

  • қамауда ұстау үйі (тергеуде отырған және алты айға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған адамдарды ұстау үшін арналған);
  • түзеу-еңбек үйлері (алты айдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған адамдарды ұстау үшін арналған);
  • арнайы тағайындалған изоляторлар (үш категориядағы, яғни еңбекші табына жатпайтын және таптық әдеттері, көзқарастары немесе таптық мүддесі жағынан адамдар; еңбекші табына жататын, бірақ Республика үшін аса қауіпті болып танылған адамдарды; тәртіптік жазалау ретінде ауыстырылған адамдарды қатаң оқшаулаумен бас бостандығынан айыруға үкім шығарылғандарды ұстау үшін арналған) құрылды.

Кодекс бойынша тергеуде жүргендерге және сотталушыларға жұмыс істеу түрін өздерінің таңдау құқын сақтаумен оларды жұмысқа тарту қарастырылған.

Мұрағаттық деректер бойынша 1924 жылдан 1929 жылдар аралығында Қазақстанда:

  • 13 қамауда ұстау орыны;
  • 9 еңбекпен түзеу мекемесі;
  • 3 арнайы тағайындалған изоляторлар болғандығы анықталды.

Жазаны өтеудің прогрессивті жүйесін аяғына дейін жеткізу үшін қиындық тудырған жағдайлар: білікті кадрлардың болмауы, нашар материалдық-техникалық база мен қаражаттың жетіспеушілігі; сотталғандардың мөлшерден көп болуы т с.с.

  1. ші кезең 1930 жылдың ортасынан 1991 жылға дейінгі уақыт. 1930 жылдың ортасында КСРО ІІХК ГУЛАГ ведомствалық актісі негізінде тергеу түрмелері және қызметі КСРО ІІХК ГУЛАГ ведомствалық Ережесімен реттелетін сотталғандарды ұстайтын түрмелер құрылған. Түрмелер «түзелмейтін сотталғанның» жеке басына қысым көрсету және оны сындыру қызметін орындаған. Түрмелердің мән-мазмұны ХХ ғасырдың 60-80 жылдары да өзгермеген еді.

Өзінің құрылымы бойынша РСФСР-дің 1933 жылғы ЕТК бас бостандығынан айырусыз еңбекпен түзеу жұмысы; бас бостандығынан айыру; еңбекпен түзеу жұмысымен біріктірілген жер аудару; бақылау комиссиясы; шартты-жедел босату және жұмыс күнін есепке алу; еңбекпен түзеу мекемелерін басқару; еңбекпен түзеу мекемелері жүйесінің қаражаты, оларды пайдалану тәртібі және есеп беру сияқты 7 тараудан тұрған. Жаңа кодексте барлығы 147 бап болған.

1933 жылы РСФСР ӘХК бастамасы бойынша жаңа еңбекпен түзеу кодексі дайындалып, ол Бүкілодақтық орталық атқару комитеттің (БОАК) 1933 жылғы 1-тамыздағы қаулысымен бекітілген болатын.

РСФСР-дің 1933 жылғы ЕТК басты ерекшелігі сонда, онда таптық көзқарас айқын көрсетілген болатын. Бұл туралы кодекстің 1-бабы дәлел болады, онда: «Капитализмнен коммунизмге өтпелі кезеңдегі пролетариаттың қылмыстық саясатының міндеті пролетариаттың диктатурасын және олар жүзеге асырып жатқан социалистік құрылысты таптық-дұшпандық элементтер, сол сияқты еңбекшілер ортасынан шыққан тұрақсыз элементтер тарапынан қол сұғудан қорғау болып табылады»,- деп көрсетілген.

РСФСР-дің 1933 жылғы ЕТК-де төмендегідей қамауда ұстау орындары көрсетілген болатын:

  1. тергеуде отырғандарға арналған изоляторлар;
  2. айдауға жіберу пункттері;
  3. еңбекпен түзеу колониялары;
  4. бас бостандығынан айырылған кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған мекемелер (индустриалды және ауыл шаруашылық типіндегі ФЗУ мектептері) және медициналық сипаттағы шараны қолдануға арналған мекемелер.

Қазақ КСР-дың 1971 жылғы Еңбекпен түзеу кодексі жеті бөлімнен тұрған, әрбір бөлімде бірнеше тарау болған. Жалпы кодекс 125 баптан тұрған. Аталған кодексте бас бостандығынан айыру түрінде жазаны орындау, жер аудару, басқа жерге жіберу, бас бостандығынан айырусыз түзеу жұмысының тәртібі және жағдайы толығымен реттелінген.

Бұдан басқа жазаны өтеуден босатудың негізі және бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдарға жәрдем жасау көрсетілген, сондай-ақ жұртшылықтың сотталғандарды түзеу мен қайта тәрбиелеуге қатысуы мәселесі реттелінген.

ЕТК 12-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру жүйесіне еңбекпен түзеу колониялары, түрмелер және тәрбиелеу еңбек колониялары енген.

Қазақ КСР 1971 жылғы ЕТК 28-бабына сәйкес түрмелерде сотталғандардың төмендегідей категориясы жазасын өтеуге тиісті:

  • түрмеде ұстау түрінде бас бостандығынан айыруға сотталған аса қауіпті рецидивистер;
  • он сегіз жасқа толуына қарай аса қауіпті мемлекеттік қылмыс жасаған адамдар;
  • он сегіз жасқа толуына қарай басқа ауыр қылмыс жасаған, сол үшін бес жылдан көп мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адам;
  • ЕТК 72-бабында көзделген негізде еңбекпен түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар.

Бұдан басқа, түрмеде шаруашылық қызмет көрсету бойынша қалдырылған сотталғандар жазасын өтеуге тиіс болатын. Басқаша айтқанда түрмелерде аса қауіпті қылмыскерлерді және ЕТК ауыстырылған ұстау

69

режимін қасақана бұзушылар отыруға тиісті. Бұл ереже, біз білетіндей 30- жылдардың ортасында түрмелер құрыла бастағанда пайда болған. Түптеп келгенде содан бері ештеңе өзгермеген болып шығады.

Өзгеріс тек ұстау жағдайында ғана болған. Ол тек қатал бола түскен.

Түрмелердің санына келетін болсақ, Қазақстан аумағында 1936-1950 жылдары 23 түрме болған, оларда шамамен 20 мыңнан астам сотталғандар ұсталды.

50-80 жылдардағы түрмеде ұстау жағдайы 30-40 жылдар кезеңімен, ал сонау 20-жылдармен салыстырғанда тіпті қатаң бола түскен.

Түрмелерде ұстау режимін қатаң етуді былайша түсіндіруге болады, 60-80 жылдары түрмелер еңбекпен түзеу колонияларының қосымша орыны болып табылған, түрмелерге еңбекпен түзеу колонияларынан ұстау режимін қасақана бұзушы сотталғандарды және аса қауіпті қылмыскерлерді жіберуді жалғастырған.

  1. ші кезең Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алған сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі. Түзеу мекемелері жүйесіне жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан әлі күнге дейін не түрмелердің атауы, не мән-мазмұны, не атқаратын міндеті өзгермеді.

Жаңа мыңжылдық басталғалы бері көптеген елде сотталғандар саны артқаны мәлім. БҰҰ-ның дерегіне сүйенсек, соңғы он жылдың ішінде түрме халқының саны 10 пайызға дейін көбейген. Мәселен, 2013 жылы Үндістанда сотталғандар саны 412 мыңға жетіп, 100 мың тұрғынға шаққанда 33 жазасын өтеушіден келген. Соңғы 15 жылда Латын Америкасы мен Бразилияда түрме халқы 150, Колумбияда 125, Мексикада 53 пайызға артқан. Ал, 2001 мен 2012 жылдар аралығында бұл сан 6 пайызға ғана көбейген АҚШ-тың ахуалы алдыңғыларға қарағанда көш ілгері еді.

Жаза басқанның бәрін түрмеге жаба бергеннен ештеңе ұтпайтынын Ресей елі де 2000-жылдары түсіне бастады. Балтық елдері мен Румыния да жазаның балама түрлерін қолданғандарына қарамастан, 2010 жылға қарай сотталғандар саны күрт өсіп кетті. «Адамды жай түрмеге жаба салу – тығырықтан шығар жол емес, мұны өмірдің өзі дәлелдеп берді», – деген Эстанияның Әділет министрі 2013 жылы елдегі сотталғандар саны 3300-ге жеткенде, дабыл қағып, «бұл өте көп сан» деп, қылмыстық заңдарды қайта қарауға тапсырма берген еді. 2012 жылы кең көлемді амнистия жарияламас бұрын Грузиядағы қатаң жазалаушы саясаттың салдарынан 2001 жылы сотталғандар саны үш есеге артып кеткені де жасырын емес. Түбі бір түркі халқын да бұл кесел айналып өтпеген. Сандарға ден қойсақ, Түркияда 2001 жылы түрмеге жабылғандар саны 55 мың болса, айналасы 10 шақты жылдың ішінде 160 мыңға жеткен. Сол себепті де бұл елде 2013 жылы 200-ден астам жаңатүрменің құрылысы қарастырылған бес жылдық бағдарлама жарияланған еді [7].

ТҮЙІН. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан демократияландыру және ізгілендіру үрдістері қарастырылып отырған қылмыстық-атқару саласындағы мемлекеттік қызметінің саясатын ары қарай жетілдіруді және қылмыстық жазалауларды орындауды дүниежүзілік қауымдастық стандарттарына, принциптеріне сәйкестендіруді талап етеді.

Қазір Қазақстанда 40 мыңға жуық адам түрмеде отыр. Мамандар бұл сан өткен жылмен салыстырғанда 8 мың сотталғанға, яғни, 17,4 пайызға кемігенін айтады. 2015 жылы пробация қызметінен 48 мыңнан астам адам өткен болса, 2014-те бұл сан 39 мыңды құраған. Өткен жылы 25,5 мың адам пробация есебінде тұрса, оның 21 мыңына түрлі көмек көрсетілген. Қылмысқа барып, тар қапасқа қамалған 40 мың сотталған елімізде жүргізілген қылмыстық заңнамаларды ізгілендіруден кейін қол жеткізген «нәтиже» екенін де айта кету керек. Ең бастысы, пробация қызметі пәрменділігі мен нәтижелілігін дәледеп берді. Себебі, басты міндет – бұрын сотталғандардың қайта қылмысқа баруы 31 пайызға азайған. Рас, «Жігіттің жақсысы ортада, аттың жақсысы арбада сыналады» дейтін халықпыз. Алайда, өмірдің сан сынағына тар қапаста емес, еркіндікте жүріп төтеп берген жөн болар.

 

Әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамыз.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» бағдарламасы. – Астана, 2015.
  3. Бастемиев С.К. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы. – Павлодар, 2010.
  4. Советское исправительно-трудовое право, М., 1977. – 307 б.
  5. Ленин В.И. Конспект раздела о наказаниях пункта программы о суде // ПСС. Издание пятое. Т. 38. – М.: Издательство политической литературы, 1977. – 580 б.
  6. Исправительно-трудовой кодекс РСФСР 1933 г. // Сборник нормативных актов по Советскому исправительно-трудовому праву. – М.:Госюриздательство, 1959. – Б. 265 – 296.
  7. http://press.mediaovd.kz/kz/?p=15057 –Б. Райымбекқызы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.