Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі бас бостандығынан айыру орындарының даму тарихы

Көнеде ата-бабамыз қылмыс жасаған, жазаланған адамды темір торға қамамай өз заңдарымен жазалаған екен. Қылмыс жасаған адамды қолын артына қайырып байлап, кісе белдігін, бас киімін шешіп, тізерлетіп, бетіне күйе жағып, киіз үйдің керегесіне байлап қоятын болған. Белдік, бас киімін шешкені – жігіттік намысынан айырылғаны, тізе бүктіргені – жазасын мойындатқаны, ал, бетіне күйе жаққаны – ел алдында қара бет болғаны екен. Осылайша өз заңдарымен тәртіпке түсіріп, жазалаған заманның өтіп кеткені түсінікті.

Бас бостандығынан айыру орындары – қылмыскерді бас бостандығынан айырып, қоғамға қауіп төндірмеу мақсатында оны қоғамнан оқшаулап, сот өкімін орындау үшін қамау орны. Қазақ жеріндегі бас бостандығынан айыру орындары XVIII ғасырдың соңына қарай пайда бола бастаған екен.

Бұрынғы заманда бас бостандығынан айыру орындары «абақты» деп аталған. «Абақты - қылмыскерді бас бостандығынан айырып, қауіпті әрекетін одан әрі өрістетпеу мақсатымен, оны қоғамнан оқшаулатуға, сот жазасын өтеуге арналған қамау орны. Абақтыға ауыр қылмыс істеп сотталғандар қамалады.Абақты буржуазиялық қоғамда пайда болып, қанаушы таптың жеке адамдарды қорлау, азаптау орнына айналды. Советтік әділ сот қылмыскерді абақтыға жапқанда оның адамгершілік намысын қорлауды көздемейді», - деп жазылған Қазақ Совет Энциклопедиясында [1].

Біздің ата-бабамыз өз қасиетті жерлерінде түрме (абақты) салмаған. Қылмыс жасаған адамды дала билері қазақтың асыл сөздерімен кесіп тастап отыратын болған немесе әз Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын қолданған.

Қазақстанда түрме ХІХ ғасырдың соңына қарай пайда бола бастапты. «Сібір қазақтары деп атаған бес ояз жерінде атақты екі түрме ғана болған екен. Бірі 150 адамға арналып салынған Омбы қаласында, екіншісі 50 адамға арналып 1869 жылы салынған Петропавл қаласында болыпты. Ақмола, Көкшетау ояздарында 1890 жылдардан бастап түрме үшін бұрынғы әскери гауптвахтаны пайдаланыпты. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Атбасар оязының орыс-қырғыз училище ғимараты да «ақ түрме» аталып кеткен еді. Кейін қайта жөндеп, гастроном дүкенін жасады. Ол бұрынғы «Ленин» көшесінде болатын» [2].

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, алғашқы түрмелер 1890 жылдарда ашыла бастаған екен. Жағдайлары да мәз емес күйде болған. Алғашқы түрмелер Орталық Қазақстанда ашылған. Біріншілер қатарындағы Ақмола және Көкшетау түрмелері бұрынғы гауптвахтылар ғимараттарында, әрқайсысы 15 адамға ғана арналған болған. Бұл түрмелерге кейде арестанттарды да қамағандықтан, өте тар болған.

Өз жұмысында Қазақстанның түрмелерінің тарихи-құқықтық негіздерін атап өткен С.К. Бастемиев Қазақстандағы түрмелердің қалыптасуы мен даму үрдісін шартты түрде төрт кезеңге бөліп көрсетеді:

  1. ші кезең Қазақстан территориясындағы түрме жүйесінің қалыптасуы мен дамуы ХVШ ғасырдың 30-жылдарынан бастап 1917 жылғы қазан революциясы басталғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ХХ ғасырдың басына дейін Қазақстан аумағында 20 түрме салынған. Бұл түрмелердің айтарлықтай кемшілігі сонда, оларда толығу лимитінен бірнеше рет асып түсетін көп мөлшерде сотталғандар отырған. Олардың шамадан тыс толып кетуіне байланысты түрмелерде аштық, суық, ауру және сотталғандар арасында кісі өлімі көп болған. Бұған қоса адамдарды қорқытып ұстау мен кек қайтару мақсатында құрылған Ресей империясының түрмелері қылмыскерді түзеу міндетін шешуге жарамсыз болатын. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясында түрме жүйесіне Батыс Еуропа елдерінің пенитенциарлық жүйесінің тәжірибесі негізінде реформа жасау басталды, алайда ол объективті себептермен аяғына дейін жеткізілмеген.
  2. ші кезең 1971 жылғы қазан және 20 жылдардың аяғы Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тың пенитенциарлық жүйесі тәжірибесі негізінде қызметінреттейтін нормативтік актілерді әзірлеу және қабылдаумен; бүл актілердің іс жүзінде іске аспауымен сипатталады.
  3. ші кезең 1930 жылдың ортасынан 1991 жылға дейінгі уақыт. 1930 жылдың ортасында КСРО ІІХК ГУЛАГ ведомствалық актісі негізінде тергеу түрмелері және қызметі КСРО ІІХК ГУЛАГ ведомствалық Ережесімен реттелетін сотталғандарды үстайтын түрмелер қүрылған. Түрмелер «түзелмейтін сотталғанның» жеке басына қысым көрсету және оны сындыру қызметін орындаған. Түрмелердің мән-мазмүны ХХ ғасырдың 60-80 жылдары да өзгермеген еді.
  4. ші кезең Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейін [3].

3-кезең бойынша шамалы тоқтала кететін болсақ, 1929 жылы Сталиннің нүсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бүл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай қүрыла бастады. Қатал мақсаттағы Орталық Соловецк лагері 1918 жылы қүрылған. Соловки лагері 1918 жылдан бүкіл КСРО қүрылымының ГУЛАГ-тік басқару жүйесінің үлгісін жасап берді. Соловки арал лагері айналасы теңіздермен қоршалса, КСРО-ның айналасы темір тормен қоршалды. Міне, Социалистік Республикалар Одағын қүрмас бүрын лагерьлік басқару жүйесін оқып, тану жүмыстары осылайша қатаң жүргізілді [2].

1940 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Лагерьлер Бас Басқармасы 53 лагерьден, оның көптеген бөлімшелерінен, республикалық, өлкелік, облыстық еңбекпен түзеу колонияларынан (170 өндірістік, 83 ауылшаруашылықтық, 172 «контрагенттік», сонымен қатар басқа ведомстволардың шаруашылықтары мен қүрылыстарында жүмыс істейтіндер) және жасөспірімдерге арналған 50 колониядан түрды [4].

Сонымен қатар 1948 жылы Қазақстан мен Орта Азияда сталиндік лагерлер қүрылған.

«1. Ақтөбе лагерь пункті. Ондағылар қүрылыс жүмысымен айналысқан, химия зауытын салған. 2. АЛЖИР - Ақмоладағы Отанын сатқандардың әйелдерінің лагері. Астана қаласына жақын жерге орналасқан.

  1. Алматы лагерь пункті. Қүрылыс жүмысын жүргізген. 4. Андижан лагерь пункті. Қүрылыс жүмысын жүргізген. 5. Ашхабад лагерь пункті. Ондағылар цемент карьерінде жүмыс істеген. 6. Балхашлаг. Балқаш қаласындағы лагерьлердің басқармасы орналасқан. Жер кенін өндіріп, қүрылыс жүмысын жүргізген. 7. Жамбыл лагерь пункті. Гипс және цемент өндірген. 8. ЖезқазғанЛАГ. Марганец және жез кенін өндірген, қүрылыс жүмысын жүргізген. Тау-кен комбинатын салған. 9. Ырғыз лагерь пункті. Орналасқан жері белгісіз. 10. Қазалы лагерь пункті. Ондағылар кірпіш зауытында жүмыс істеген. 11. ҚамысЛАГ арнаулы лагері. 12. КАРЛАГ лагерь басқармасы Долинка елді мекенінде орналасқан. Көмір, түсті металл қазып, ауыл шаруашылығымен айналысқан. 1932 жылы ашылған. 13. КеңгірЛАГ. Мүнда1954 жылы бас көтеру болған. 14. Қызылорда лагерь пункті. 15. Көкшетау лагерь пункті. 16. Красноводск лагерь пункті. Химзауытта жүмыс істеген. 17. Қорғантөбе лагерь пункті. 18. Қостанай лагерь пункті. 19. Ленинабад лагерь пункті. Канал қүрылысын жүргізген. 20. Луглаг арнаулы лагері. 21. ПесчанЛАГ арнаулы лагері. 22. Петропавловск лагерь пункті. 23. Семей лагерь пункті. 24. СтепЛАГ арнаулы лагері. Тау-кен комбинатында жүмыс істеген. Басқармасы Жезқазған қаласында орналасқан. 25. Ташкент лагерь пункті. 26. Түркістан лагерь пункті. 27. Орал лагерь пункті. 28. Өскемен лагерь пункті. Қорғасын шахтасында жүмыс істеп, полиметалл кенін өндірген. Тау-кен комбинатын салған. 29. Ферғана лагерь пункті. Қүрылыс жүмысын жүргізген. Химия және цемент зауыттарында жүмыс істеген. Темір бетондар жасаған. 30. Фрунзе лагерь пункті. Түсті металдар өндірген. 31. Шаржау лагерь пункті. Химия зауыттарын салған. 32. Шымкент лагерь пункті. Химия және цемент зауыттарында жүмыс істеген. 33. Екібастүз лагерь пункті. Қүрылыс жүмысын жүргізген. Химия және цемент зауыттарында жүмыс істеген. Мүндағылардың ерекше режимдегілерден бір ерекшелігі, жүмыс демалыссыз әрі ақысыз жүргізілген. Жүмыс болмай қалған күндері ондағылар темір торланған барақтарда қамаулы болған. Киімдері нөмірленген. Туған-туыстарына екі хаттан артық хат-хабар жазуға үлықсат берілмеген» [2].

«Қазақ КСР ІІХК еңбекпен түзеу мекемесінің және еңбек қоныстарының бөлімі 1942 жылдың қаңтар айында Қазақ КСР ІІХК еңбекпен түзеу лагерлері мен колонияларының басқармасы (ЕТЛКБ) болып қайта қүрылған. Соңғысының қүрамында өндірістік бөлім және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария қүрылған болатын.

Сол 1942 жылы Қазақстанда тағы да 22 жаппай жүмыс істейтін колония үйымдастырылған болатын. Одан кейінгі уақытта олардың саны көбейе түсті, 1944 жылы 32 жетті. 1953 жылғы рақымшылдықтан кейін сотталғандардың санының кезекті азаюы болды. Осыған байланысты, 32 колониядан бар жоғы 14 қалдырылған болатын, оның ішінде 4 өнеркәсіптік, 3 ауыл шаруашылығы, 5 контрагенттік колония және 4 мүгедектерге арналған қалдырылды» [3].

Сонымен қатар, осы зерттеу шеңберінде, ғалымдар зерттеулеріне сүйене отырып, қамауға алу түрінде жаза қолданудың өзіндік дамуының шартты түрдегі үш кезеңін көрсеткен жөн.

Бірінші кезең – тергеу институтының пайда болуы, Ресей патшалығының әсері, Қазақ Хандығының Ресей империясына қосылуынан бастап патшалық режим жойылып билікке большевиктер келген 1917 жылға дейін.

Екінші кезең – 1917 жылдан бастап 1991 жылға дейін, нақты айтқанда, СССР болған кезде. Осы кезеңде жедел-іздестіру қызметінің белсенді дамуы, пенитенциарлық жүенің қүрылуы, сонымен қатар қылмыстық-атқару қүқығы саласындағы ғылымның дамуы, айыптылар мен сезіктілерді оқшаулау үшін мекемелердің жаппай қүрылысы өтеді.

Үшінші кезең - Қазақстан Республикасының қүрылуы мен 1991 жылы тәуелсіздік алуынан бастап қазіргі уақытқа дейін. Мемлекеттілік дамуының таңдалған бағытының нәтижесінде, адам қүқықтарын сақтау аса өткір болып отыр.

Қазіргі таңда қылмыстық-атқару жүйесінің дамуындағы маңызды қадам 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің әзірленуі болып табылады.

Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты оңды нәтижелерге жетуге жетелейтін бағдарламалар қатары жүзеге асырылуда. Сотталғандардың қүқықтары қарастырылып, мекемелер үшін оңды жағдай жасалуда. Қылмыстық-атқару жүйесінің бүрынғы жағдайы мен бүгінгі жағдайы, әрине, салыстыруға келмейді. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында мекемелердің хал-ахуалы бүрынғыға қарағанда айтарлықтай жақсарған. Көптеген мекемелер заманауи қүралдармен жабдықталған. Десекте әлі де алға қойылған мақсат-міндеттер қатары кемір емес.

Десекте, мекемелер жағдайы алға басқанмен, сотталғандар қатары азаяр емес. Басты мақсат - сотталғандарды түзеу, жазасын өткеріп шыққан азаматтардың қоғамға бейімделуі, қоғамнан өз орнын табуы үшін жағдай жасау, бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру бойынша міндеттердің орындалуына атсалысу болып қала береді.

 

Әдебиет

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. - Алматы, 1972.
  2. Т. Көлбаев - Ғасыр қасіреті немесе Сталиндік түрмелер. - Ана тілі.
  3. Бастемиев С.К. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару қүқығы. - Павлодар, 2010.
  4. Социологические исследования. - 1991, №6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.