Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экстремизмді қаржыландырғаны үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза

Жалпы ғылымда «жауаптылық деп жеке адамның қоғамға немесе жалпы адамзатқа деген жауапкершілік міндетін қүқықтық нормаларды орындауын сипаттайтын және оның ерекше әлеуметтік қатынасын білдіретін категорияны айтады». Жауаптылық субъектіге қойылатын әлеуметтік талаптар болған кезде субъектінің бүл талаптарды өзі үғынған жағдайда пайда болады, осыған байланысты жауаптылықты жүзеге асыруда бірінші- әлеуметтік талаптардан субъект өз еркімен орындайды, екінші жағдайда біреудің ықпалымен орындайды. Біріншіден, экстремистік әрекеттер мен экстремистік қызметті қаржыландырғаны үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 258 бабында қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 3 бабының 39 тармағына сәйкес Қылмыстық кодекстің 174, 179, 180, 181, 182, 184, 258, 259, 260, 267, 404 бабтарында көзделген қылмыстық қүқық бүзушылықтар экстремистік қылмыстар қатарына жатады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 3 бабы 30 тармағына сәйкес 170, 171, 173, 177, 178, 184, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 269, 270 баптарында көзделген қылмыстық қүқық бүзушылықтар террористік қылмыстар қатарына жатады. Осы қылмыстық қүқық бүзушылықтың объективтік жағынан белгілері экстремизмді немесе (терроризмді) белсенді түрде қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Заңға сәйкес мүндай қызметтерді қаржыландыруға жол берілмейді. Қылмыс қүрылымы формальдық көрсетілген қызметті қаржыландыру фактісі орын алған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.

Екіншіден қылмыстық жауаптылықтың бір жағы Қазақстан Республикасы және мемлекеттік өкілеттік органдары арқылы яғни, ҰҚК, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, қүқыққорғау органдары арқылы қылмыс жасаған қылмыстық жазалар түріндегі ауыртпалықтар мен 126 мүмкіндіктерін айыру жоғарыдағы көрсетілген қылмыстық заңдардың талаптарына негізделе отырып, қоғамға қауіпті әрекет және адамға мемлекет атынан сотпен берілетін жаза.

Қылмыстық жауаптылықтың қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамды соттаумен байланысты туындайтын салдар. Қылмыстық жауаптылықтың белгілері;

  • экстремистік әрекетке бару қылмыстық жауаптылықтың басталу сәті болып, қылмыс құрамының белгілерін құрайтын әрекет танылады яғни, экстремистік пиғылдағы діни, саяси идеология жүргізу, материалдарды тарату, шетелдік саяси, діни ұйымдарды қаржыландыру немесе қаржылай көмек көрсеткен сәттен бастап т.б әрекеттер.
  • қылмыстық жауаптылық экстремистік (ұйымның мүшесі) адамның қылмысының жағымсыз салдарын өтеу міндеті жүктелгендігін білдіреді, қылмыстық әрекет- себеп болса, қылмыстық жауаптылық салдар.
  • заңда көрсетілген қылмыстық әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту Қазақстан Республикасы атынан құқыққорғау органдарының құзыретіне берілген яғни, ұйымды «экстремистік» деп тану туралы өтінішті сотқа Қазақстан Республикасынның прокуроры, ішкі істер оның ішінде ЭСЛК басқармасы органдары немесе азаматтары береді, сонымен қатар заңдарда берілген мемлекеттік органдардың экстремизмді анықтау және оның жолын кесу жөнініндегі құзіреті, экстремистік ұйымдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды және сот экстремистік ұйым деп танылған ұйымдарды арнайы есепке алу ісін жүргізеді.[14].
  • экстремистік қылмыстық әрекеттері үшін іс-жүзінде нақты өтеу ғана емес, өтеу міндетті.
  • экстремистік әрекеттердің қылмыстық жағымсыз салдардың сипаты тек қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңдарда және әкімшілік құқық заңдарда нақтыланады.

Экстремизмді алдын алуда әкімшілік құқық нормасы орасан зор ықпалы бар, жеке және жалпы белгілі ортаға құқықбұзушылықтың алдын алуда ықалын тигізеді. А.Х. Миндағұлов, «әкімшілік заң нормаларында мемлекет, қоғамның мүддесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қоғамда құқықтық тәрбиелік ұйымдастырушы шара қолданылады, нәтижесі орасан зор.,»

Әкімшілік құқықта экстремизмге жауапкершілік, әкімшілік жаза қарастырылған (айыппұл, түзеу жұмыстары, мүлкін тәркілеу) сонымен қатар қылмыстың алдын алуда жүйелі моралдық, материалдық ықпаал негізгі тәрбиелік рөль ойнайды.

Іс –тəжребиеде кейбір әкімшілік құқықбұзушылық заңдарын қолдана отырып құқықбұзушылықтың тоқтатуға болады яғни, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінінде Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, сол сияқты өзге де өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату Қазақстан Республикасы конституциялық құрылымын күшін өзгертуді тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеументтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, топтық және рулық араздықты қоздыру, қатігездікті, зорлық- зомбылық насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтермен материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағына шет ел мемлекеттерден қандайда заңдарда тиым салынған зат, экстремистік пиғылдағы материалдарды әкелуге, тасымалдауға, таратуға тиым салынған сонымен қатар мемлекет аумағында дайындауға, бұқаралық ақпараттарды қолдануға немесе басқада өнімдерді таратуға тиым салынады.

Қазақстан Республикасы ҚК 39-бабының 2-бөлігінде жаза мақсаттары былайша делінген: Жаза әлеументтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтарға жаза тағайындау тәжірибесін зерттеу барысында соттар айыптау үкімінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты немен мазмұндалатындығы, жазаны жеке даралау кезіндегі оның орны туралы өте сирек айтатындығына куә болдық. [114] Негізгі заң - Констетуциямыздың қағидасы - «әрбір адамның заң алдындағы теңдігін» есепке ала отырып, соттар қылмыстық құқық бұзушылықтың қауіптілігін әрқашанда үкімде ашып көрсетуге міндетті екендігін ұмытпағаны дұрыс.

Қылмыстық атқару кодексініне сәйкес сотталушыларға әр түрлі жазалау шараларын мен сотталушылардың категорисына, қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіпті сипатына, тұлғаның мінез- құлқына, жасын қарай аталмыш қағиданы қолдану барысында

  • 16-18 жас аралығындағы қылмыскерлерге жаза тағайындау кезінде жастарын ескереп тәрбиелік шара қолдану;
  • абайсыздықпен экстремизмді жүзеге асырған (діни сауатының төмендігне байланысты) экстремистік пиғылдағы материалдарды таратқан тұлғаға жеңіл жаза тағайындалса;
  • экстремизмді жүзеге асыру барысында (саяси, діни-радикалды психологиялық ықпал жасаған, уағыздаушылық қауіпті тәсілді меңгерген тұлғаға қатаңырақ жаза қолдан;

Қазақстан Республикасында айыппұл өтеуді басқа жазамен ауыстыру тәртібі, айыппұлдың өлшемінің уақыты сағат, күн-айы анықталмаған.

Осы орайда айыппұл өтеуді басқа жазамен ауыстыру тәртібі, нақты айыппұлды өтеудің айы, күні, сағатын анықтау барысында келесідей ұыныс жасадық айыппұл өтеудің күндізгі табысы 4 сағат қоғамдық жұмыспен теңелсе;

бір күндік түзеу жұмыстары, бір күндік бас бостандықтан айырумен есептелсе:

Жазаның балама түрі, яғни бас бостандығынан айыруда жазаны балама қолданып, оны қылмыстық кодекстің жаза жүйесіне ендіру шартты. Дегенмен бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ол тек қылмыскерді қоғамнан оқшаулау ғана, қылмыстық жазаның қолдану көлемі кең болғаны дүрыс.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінде террористік әрекеттері үшін қосымша жаза ретінде мүлік тәркілеу көзделген.

Экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жазаның балама түрі қолданылады. Мемлекет тарапынан қүқық бүзушылық орын алған жағдайда айыппүл, түзеу жүмыстары және белгілі бір лауазымды қызметпен айналысу қүқығынан айыру және т.б қолданылады. Қылмыстық жаза жүйесіне бас бостандығынан айыруды балама жазаға ауыстыруды ендіру, және қылмыскерді бас бостандығынан айыру, сотталған адамның түзелуіне немесе қылмыстық қүқық бүзушылықты қайталанбауы екіталай. Қылмыскер адамды қоғамнан оқшаулау өз әсерін сотталған адамға әсерін тигізбейтіндігін байқатты.

Көптеген беделді халықаралық үйымдармен өткізіліп жатқан форумдардың үздіксіз сынының нәтижесінде ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қоғамдық жүмысқа тарту, айыппүл, түрмеде отыру мерзіміне байланысты балама жаза қолдануды сынақтан өткізілді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 404 және 405 баптарында көбіне кеңінен қолданылатын санкция айыппүл, айыппүл - заңмен белгіленген шектерде белгіленген ақшаны өндіріп алу, яғни оның мөлшері екі жақта анықталады: шартты есептік көрсеткіш немесе сотталушының айлық көрсеткіші мен басқа да айлыққа қатысы жоқ сотталушының материалдық қаражаты бағалы қағаз түрінде еселенеді. Сотталушының жазаны қолдану уақытынан бастап( ақшалай эквивалентте еселенеді) қарастырып отырған қылмыс категориясына айыппүл негізгі жаза ретінде қолданылады.

Балама жазаға түзеу жүмыстары, бас бостандығынан айыру анықталғанменен аталмыш мәтінінің біркелкі болмауы да мүмкін, яғни айыппүл нақты кіріс – табысы бар адамға тағайындалады.

Айыппүлды өтеуге мүмкіндігі жоқ адамдарға сот басқа қатаң жаза қолдануға мәжбүр. Жазаның аталмыш түрі яғни айыппүл негізгі жаза ретінде тағайындалып, оның орындалуына толығымен мүмкіндігі жоқ кезде бас бостандығынан айыру қаупі туындайды.

Тағайындалған жаза түрін басқа жазаға ауыстырылатын кезде келесідегідей қиыншылықтар туындайды:

Қазақстан Республикасында айыппүл өтеуді басқа жазамен ауыстыру тәртібі, айыппүлдың өлшемінің уақыты сағат, күн-айы анықталмаған.

Шет елдің іс-тәжірибесіне сәйкес мысалы Австрияның қылмыстық кодексінің 19 параграфында ақшалай айыппүлды өтей алмаған жағдайда бас бостандығынан айырумен айырбасталады. Яғни бір күн бас бостандығынан айыру екі күндік төлем мөлшерге сәйкес. Әрине қоғамға қауіпті қылмысы үшін оған бас бостандығынан айырылған сотталушы ауыппүл өтеу арқылы жазасынан қүтылу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасында айыппүл мөлшері қылмыстық теріс қылық үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін – айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 50 бабының 1 және 2 бөлімінің редакциясын келесідей ұсыныс жасадық:

  1. Соттың үкімі заңды күшіне енгеннен бастап сотталған тұлға үш айдан уақыттан кешіктірмей айыппұлды өтеуге міндеттенсе.
  2. Егер сотталушы бір жолғы төлемақыны төлей алмаған жағдайда, сотталушының өтінішімен ұзарту немесе айыппұлды Қылмыстық атқару кодексінде белгіленген тәртіп бойынша қоғамдық жұмысқа ауыстырылса.

Қазақстан Республикасы ҚК404, 405 баптарында (ҚК 337, 337-1 бабында) көзделген қылмыстық құқық бұзушылыққа айыппұлдың балама түрі қарастырылған, яғни түзеу жұмыстары сотталушының негізгі жұмыс орны арқылы өтейді, ал сотталушының жұмыс орны болмаған жағдайда пробациялық бақылау қызметі оны жұмыспен қамтамасыз ету орталығына жібереді.

Қылмыскерді бас бостандығынан айыру оны қоғамнан оқшаулау болып танылғанменен жаза қолдану барысы кеңірек болғаны дұрыс шығар.

Қазақстан Республикасы экстремистік әрекеттері үшін қылмыстық жаза қолданудың баламалы түрі қолданылады.

Қазақстан Республикасында ҚК 404 және 405 баптары бойынша белгілі бір лауазымдық атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмысына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіпті әрекет екені белгілі яғни, бас бостандығынан айрылған сотталушы айыппұл төлеп, жазасын өтеп шығуы [115]. қоғамға қауіпті, бұл орайда көптеген ғалымдардың позициясына келісе отырып бас бостандығынан айыру қатал жаза ал оны айыппұлмен ауыстыру мүмкін еместігіне келісеміз. [116]. Мұндай жағдайда баптың санкциясына сәйкес жазаны ендіру, жазаның басбостандығынан айырумен байланысты емес немесе баламалы жаза қолдануға қарастырылған жағдайда жаза қолдану барысында икемді жазаны қалыптастыру.

Кейбір шетелдік тәжребиеде Мысалы, Швейцарияның ҚК және Аргентинаның ҚК сотталушыға айыппұлды бөліп төлеу мен мемлекеттің пайдасына жұмыспен өтеу қарастырылған. (Швейцарияның ҚК 49б- 1тармағы, Аргентинаның ҚК 94 бабы ) [117].

Экстремистік әрекеттер бойынша жеткілікті негіздер бар болған жағдайда, сот экстремистік қылмыстық әрекетке барған адамның кінәлілігі туралы мәселені шешпес бұрын істі сот қарауына тағайындау туралы мерзімін белгілейді, үкімнің заңды күшіне енгізу сәтімен аяқталады.

Төртінші, Айыптау үкімі заңды күшіне енген кезден бастап қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынастар арқылы жүзеге асырыла бастайды, жазаларды орындау тәртібімен Қазақстан Республикасы ҚК анықталған және соттылық мерзімін өтеуі.

Экстремистік қылмыстық құқық бұзушылықтардың мән-жайлары анықталуы Қылмыстық заңнамада көрсетілгендей, экстремистік көзқарастар, қоғамдағы қауіпті әрекеттермен қылмыстық жазамен тиым салынған, Қылмыстық заңда ұлтқа, дінге қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықты ауырлататан мән-жайлар қатарына жатқызады.

Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтаған кезде соттар ҚК қылмыстардың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін 11-бабының талаптарының үдесінен шығумен қатар, сол ыңғайда нақтылы қылмыстық іс-әрекет жасалған барлық мән-жайлардың жиынтығын (кінәнің нысаны, себептері, әдістері, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың сатысы мен мән-жайы, орын алған зардаптардың ауырлығы, сотталушылардың әрқайсысының жасалған қылмысқа қатысу дәрежесі мен сипаты, т.б.) ескеруі қажет. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларында қылмыстық құқық бұзушылықтың қауіптілік дәрежесіне әсер ететін қылмыс нәтижесіне, кінәнің түрі, қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу сатысы, қылмысты бірігіп жасау, оның орындалған орны, уақыты және т.б. мағлұматтарды ескеру қажет екендігін байқауға болды..

Қауіптілік дәрежесін есептеу кезінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылық зардабының ауырлығы үлкен маңыз алады. Қылмыстық заңның өзі бұл жағдайларды кейде жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп есептесе, кейде жасалған қылмыстың зиянды зардаптарын болғызбауға ұмтылуды жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп қарайды.

Әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі бірқатар мән-жайлармен және ең алдымен нақ сол қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілерімен тікелей байланысты барлық мән-жайлармен анықталады. Жасалған әрбір қылмыста тиісті құрамның белгілері әрқалай көрініс табуы мүмкін.

 

Әдебиет

  1. Тишков В. Феномен сеператизма // Федерализм. 1999. №3. С.5-6.
  2. Киреев М.П. Уголовно-правовые основы борьбы органов безопасности и органов внутренних дел с террористической //материалы науч. практ. конф.- Челябинский юридический институт МВД России, 1997. – с.58.
  3. Бишкек мемарандумының Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікістан Республикасының құқық қорғау органдары менарнаулы қызмет атқару жөніндегі өзара ынымақтастығы «шанхай бестігі» 2 желтоқсан 1999ж.
  4. Қазақстан Республикасының заңы 11 қараша №283 2000 жылғы (Ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа және оған қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы шарт).
  5. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңес Декларациясының қорытынды құжаттарына АӨІСШК терроризмді жою және өркениетпен сұқпаттасу арасындағы ықпал (4 маусым 2002ж.).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.