Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мәңгілік Ел

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр", деген болатын [1]. Енді міне "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз-түркілердің Мәңгілік ел идеясын-Қазақ елінің ұлттық илеясы ретінде жарияланып отыр. Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін әрбір қазақ үшін, ой- арманын астастырып үлгерген әрбір қазақстандық үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтумен, боашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны-Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялауымен айрықша, бөлекше бағалы.

“Ұлттық тағылым деген ұғым әр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тәрбие үлгісі, бала тәрбиесіне қолданылатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең”[2].Мәгілік ел болу үшін, ұлттық тәрбиемізді ардақтай отырып, жоғалтып алмауымыз тиіс.

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент. Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы[3].

Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді [3]. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда.

Мақаладағы материалдар үш кезеңге бөліп қарастырылды.

  • Мәңгілік ел-ұлттық идея туралы;
  • Мәңгілік ел туралы Елбасы Жолдауы;
  • Мәңгілік елдің символына айналған «Мәңгілік ел» қақпасы; Қолданылған әдістер:
  • аналитикалық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т.б.);
  • статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу).

Астана қаласындағы асқақ рухымыздың тағы да бір нышанына айналған "Мәңгілік ел" қақпасы туралы баяндайтын болсам.

"Мәңгілік ел" қақпасы - әлемдегі санаулы қалаларға тән ерекше сәулеттік-монументалды туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Астанадағысалтанатқақпасы да осы талаптарғатолықтайжауапбереалады.

Бұл сәулет нысаны Астананың сол жағалауындағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, Есілдің сол жағалауындағы Астананың жаңа әкімшілік орталығы, қайталанбас дара бейнесі бар толымды сәулет ансамблін түзбек: темірқазығы - Елбасының ақ сарайы Ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік және келісім сарайына, «Қазақ елі» монументіне, Тәуелсіздік сарайына, Шабыт сарайына тараса, тағы бір «сәулесі» сулы-жасыл желек жолды көктей өтіп, көкке қарай бет алған алып ғимараттарға бағыт алып тұр.

Сәулет нысанының биіктігі - 20 метр. Бұл - ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. Салтанатты қақпа Тәуелсіздіктің жиырма жылдығының қарсаңында ашылғанын айта кетейік.

Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Композициялық тұрғыда бұл барельефтер нысанның төменгі жағында орналасқан.

Қақпаның сол жақ қапталында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл - халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, даналықтың символы. Санаға сіңген осынау дәстүрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғымдар мен ұштасады. Оның қазақы ерекшелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады.

Қақпаның сол жақ қапталында от иесі - «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні орнатылған. Ана бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «анатілі» сынды киелі ұлттық ұғымдарына ұласады. Олай болса, ана бейнесі арқылы адамның дүниеге келуі, туғанжер мен Отан туралы идеологиялық көрініс табады.

Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол - мемлекет пен ұлттың уақытқа тәуелсіз киелі қорғаны.

Сондай-ақ қабырғалары қазақтың күрделі ұлттық өрнектерімен безендіріліп, ортасына қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі - қалқан орналасқан. Қалқан - қауіп-қатердің қорғаны, сенімділік, тұрақтылық, жеңістің белгісі. Нысанның екі жағындағы «Тай қазан» мүсіні өзіндік орындармен ерекшеленеді. «Тай қазан» тыныштық пен тоқшылықтың, бірегей көңіл мен қонақжай пейілдің терең ұғымын білдіреді [4].

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қақпаның ашылу салтанатында: «Біз бұл тамаша Жасампаздық қақпасын біздің еңбегіміздің, біздің табыстарымыздың белгісі ретінде, болашаққа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақпа біздің жас, әсем елордамыз – Астананың тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің достығымыз, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізді. Біз бүгін осы жерге ұлы мерекені – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту үшін келіп тұрмыз. Мен барлығыңызды осы мерекемен құттықтаймын. Халқымызға жақсылық, бақыт, әрбір отбасына амандық тілеймін! Қазақстан жасасын! Тәуелсіздік жасасын! Қазақстандықтардың бірлігі жасасын! Мерекелеріңізбен!», - деген.

Елбасының «Қазақстан- 2050» Жолдауында көтерілген «Мәңгілік ел» ұғымының пәлсапалық-саяси түп негіздері сонау сақ, ғұн, түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгі елден» іздейді. Оның «Күлтегін мәтініндегі «мәңгі ел» сөзі мемлекет атауынан гөрі қағанатты құрушы халықтың идеологиялық ұстанымына келіңкірейді. Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды[5]. Осындай «мәңгілік ел» идеясы алпауыттардан құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» деп Президенттің Жолдауында айтылып отыр. Даңқты өткен тарихымызда «мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған. Мәселен, алып елдермен тең дәрежеде әріптестікте болу, сауда- саттық жасау, Ұлы Жібек жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет құру, адамгершілік пен көпшілдікті, дарқандықты, ақжүректіктікті ту еткен елдік қасиеттер «мәңгілік ел» қағидаттары болып саналған. Бүгінгі жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы бағзы түркілік тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың тарихи мүмкіндігі туып отыр. Демек, халықаралық қауымдастықта мәмілегерлік, бейбітсүйгіш қырымен танылған тәуелсіз Қазақстанның әлі де ешкім мән бере қоймаған, толық іске қосылмаған әлеуеті бар. Демек, «Мәңгі ел» идеясы үлтгық кодымыздың кілті.

Үдеудің сыры-бірлікте,

Жүдеудің сыры-алауыздықта.

Осыдан 3 ғасыр бүрын аңырақайда болған шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің қүдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеді. Сын сағатта туған елге перзенттік парызды бәрінен биік қоя білді. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірмізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолындағы үлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған.

Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтуіміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты[6].

Біз бір атаның - қазақ халқының перзентіміз. Бәріміздің туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз еліміздің "Мәңгілік ел" етуді мұрат қылдық. "Қазақстан-2050" стратегиясы осынау жолдағы буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы. Тәуелсіз елдің өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенім білдіруіміз керек.. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз "Мәңгілік ел" боламыз.

Қазақстан жастары, болашаққа деген үкілі үміт тірегі болмақ.Сондықтан да, олардың озат ойлары мен кемел білімдері-елімізді биік шыңдарда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш.

 

Әдебиет

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында, Алматы, 1999.
  2. Педагогика тағылымы, Алматы, 2003.
  3. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
  4. Астананың бас дизайнері Сағындық Жанболатовтың сұхбатынан.
  5. Мусин Ч. Қазақстантарихы. Алматы, 2003.
  6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде, Алматы, 2000.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.