Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Киелі сандар сыры

Киелі сандар сыры туралы «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ. Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз. Киелі сандардың қасиеті Қазақ киеге үлкен мән берген халық.

Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған.

Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз- әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады.

Академик В. А. Гордлевскийдің «Түркі тіліндегі елу сан есімі» атты арнайы еңбегі бар, Автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізіне алады. Сондай-ақ Г. Н. Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі-монғол, славян, Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ғалым өзіне дейінгі еңбектерге сүйене отырып, 3, 7, 9 сандарын киелі, қасиетті деп, фольклорда көбірек ұшырасатынын айтады. Бұл құбылыстың себебін Г. Н. Потанин аспандағы жеті планетаны дәріптеуден іздеу дұрыс емес екенін ескертеді. Мұндай пікірді басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектерде жалпы сандардың білдіретін ұғымдары, олардың адамның қоғамдық санасымен байланысы қаралады. Зерттеуші ғалымдар

Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады. Мәселен сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І. Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әр түрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілді: Базен Л. , Тенишев Э. Р. , Чернышев В. И. , Умаров Э. А. , Уаңкі М. және т. б. Сан есім мәселесіне арнап 1927 жылы Ленинград қаласында «Сандарға қатысты тілдік мәселелер» атты үлкен конференция өтті.

Бұл конференция ғалымдарды сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да, атап айтқанда, дүниетаныммен байланысты зерттеу керектігін түсінгенідігін көрсетті. Конференция негізінде жарық көрген мақалаларда «санға байланысты мәселелер шешуі қиын, өзекті, болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді» деген қорытынды ойлар жиі ұшырасады. Бұған дейін Ресейде сандарды тілдік тұрғыда зерттеп жүрген ғалымдардың «Сандар тобы» құрылған. Бұл топтың мүшелері: славян-албан тілдерінің маманы Н. С. Державин, славист М. П. Долобко, урал-алтаист Н. Н. Поппе (финтанушы, монголист), түркітанушы А. Н. Самойлович, үнді- еуропатанушы Л. П. Якубинский, египет сан есімі бойынша П. И. Воробьев, В. П. Томашевский, Я. Марр. Жалпы түркі тілдеріндегі сан есімдер XVII ғасырдан бері қаралып келеді: В. В. Бартольд. «Система счисления Орхонских надписей в современном диалекте». XIX ғасырда жазылған еңбектердің ішінен Г. И. Рамстедтің еңбектерін де айта кету керек. Рамстедтің сандар саусаққа қатысты шыққан деген тұжырымын әсіресе бес сан есімінің этимологиясын білекпен байланыстыруын сол тұста ғалымдар жоғары бағалап, осы бағытта ізденістер жүргізді.

Қазақ тіл білімінде сандар жоғарыда көрсеткен I. Кеңесбаевтың, сонымен бірге Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитханұлы, Г. Шаһарман, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылды. Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.

Бір санның киелігі:

  1. Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.

Күні-түні дем алмайтын екеу:

  1. Ай.
  2. Күн.

Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір:

Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Зұлқарнайын. Кәпірлерден:

  1. Налерут.
  2. Шиддат.

Пейіште көрінбейтін:

  1. Күндіз.
  2. Түн.

Пейіште болмайтын:

  1. Ауру-сырқау.
  2. Ұйқы Екі нәрсемен дос болу:
  3. Әйеліңмен.
  4. Бастығыңмен.

Жақсы дос пен жаман дос:

  1. Мал-мүлік.
  2. Ұл-қызы Халық қашады, бірақ қүтыла алмайды:
  3. Нәпсі.
  4. Шәкуат ( жүріс жүру).

Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген: Үш көз: Су анасы – бүлақ, жол анасы – түяқ, сөз анасы – қүлақ Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл: Үш жүрт: өз жүртың – күншіл, қайын жүртың – міншіл, нағашы жүртың - сыншыл Енді осыларды таратып айтсақ: Қайын жүртың қолыңның үзындығына қарайды, Жағаңның қызылдығына қарайды. Берсең жағасың, Бермесең дауға қаласың Өз жүртың – ағайын, Бар болсаң көре алмайды Жоқ болсаң бөліп бере алмайды. Жақсы болсаң күндейді, Жаман болсаң жүндейді. Нағашы жүртың: Жақсылығыңа сүйінеді, Жамандығыңа күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілейді, Тілеуқорлық ниеті билейді.

  1. санының қадір-қасиеттері: Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зүлпхар, Зулқажа Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Қүран Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата, Ұрының пірі – жалтақ ата Шебердің пірі – тепшен ата Кәрінің пірі – кекшіл ата Төрт түлға: от, су, жел, жер Төрт қүбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан Төрт бүрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара Жылқы пірі – Қамбар ата Сиыр пірі – Зеңгі баба Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
  2. санына байланысты: Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш Бес жаратылыс: күн, ай, жүлдыз, күндіз, түн Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз 6 саны берекені білдіреді. Ертеде қүлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, түр, жат, жүр, атқар, демал

Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар: 1. Бір-біріне сәлем беруге 2. Шақырса баруға 3. Кеңес сұраса ақыл қосуға 4. Сұрағына жауап беруге 5. Ауырып қалса көңіл сұрауға 6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға Алты парыз: 1. Бір-біріне сәлем беру. 2. Шақырса бару. 3. Кеңес сұраса - ақыл қосу. 4. Сұрағына жауап беру. 5. Ауырып қалса - көңіл сұрау. 6. Қайтыс болса жерлеуге қатысу. Алты асқар: 1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл. Алты тоймайтын нәрселер: 1. Көз қараудан тоймайды. 2. Еркек әйелден ләззат алудан тоймайды. 3. От отынан тоймайды.

  1. Ғалым ғылымнан тоймайды. 5. Бай малға тоймайды. 6. Адам өмірге тоймайды.

Ал 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады. Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Аққу-қазсыз көл жетім, Жерінен айырылған ер жетім, Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.

Сегіз адамға жұмақ лайық: 1. Ораза ұстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтанғандарға. 3. Құран оқығандарға. 4. Аш адамға тамақ бергендерге. 5. Жас уақытында намаз оқығандарға. 6. Сиқырдан аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге. 8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге. Жәннаттың сегіз есігіне кіретіндер: 1. «Лә илаһа илла Аллаһ Мұхаммадур Расуллаһ» климасы жазылған есіктен Пайғамбарлар, шейіт болғандар, жомарттар кіреді. 2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі. 3. Малдарынан зекет бергендердің есігі. 4. Алланың үкімін орындағандар есігі.

  1. Нәпсісін тыйғандар кіреді. 6. Хаж амалын орындағандар кіреді. 7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар. 8. Арам нәрселерге көздерін жұмып, жақсы істерді орындағандар.

9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Тоғыз-құмалақ — қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.

Он түрлі жаман: Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұхсат болса, жауап береміз» - деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті. Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті. 1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-тан қыздай қосылған бәйбішеден айырылған тіпті жаман.

Мақаланың тұжырымы сандарды зерттеуге жаңа бағыт тұрғысынан келген ізденістерге тоқталатын болсақ олардың лингвокультурология, этнолингвистика, когнитивті лингвистика аспектісінде жүргізіліп келетінін айту керек. Осындай зерттеулердің бірінде мынадай тұжырымдар жасалған: - бір, екі, үш, төрт, жеті сан атауларының символдық мәні ғаламдық модель туралы көне мифологиядан бастау алады; - жеті, тоғыз, қырық сан атауларының символдық қасиеті магия өнерінің тууымен бірге қалыптасқан; - сандар алғашында ерекше қолданылып, соның барысында, кейіннен сиқырлы сандар, киелі сандар, тұрлаулы сандар ретінде семантикалық жағынан дамыған; - сандық символдар жүйесінде қалыптасып, философиялық, логикалық, психологиялық т. б. негіздермен сабақтасып, сандар арқылы көрнектенген этномәдени, рухани ескіліктердің күрделі де, кешенді мазмұны – тілдік сананың түп негіздері; - сандар жүйесінде қалыптасқан қазақ ескіліктерінің пайда болуы ұлттық танымға сай о бастағы сандарға тағылған ерекше қасиет пен жұмбақ ұғымдарға байланысты; - қазақ тіліндегі бір, екі, үш, төрт, тоғыз, он екі, қырық сандары адамзаттық жалпы дүниетаным жүйесіне негізделген.

 

Әдебиет

  1. Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 бб.
  2. Ахметжанова Ф. Р. , Дүсіпбаева Қ. С. «Қасиетті сандар қатысқан қазақ ескіліктері» Ғылыми басылым. - ШҚТУ, Өскемен, 2001.
  3. Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987.
  4. Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы. Алматы 2002.
  5. Қайдар Ә. Т. Халық даналығы. –Алматы, 2004, -565б.
  6. Марр Я. Н. О числительных // Языковые проблемы по числительным. – Л. : ЛГУ. 1927. – 270 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.