Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мәскеуді қорғаған қазақ қызы – Шәмшия Сәдуақасова

«Қызы батыр ел - ұлы ел»

Шәмшия Сәдуақасова Сұлтанғазықызы

Биылғы жылы Ұлы Жеңіс күніне 71 жыл толмақ. Жеңіс Кеңес халықтарына оңайлықпен келген жоқ. Қаншама боздақтар майдан даласында туған жердің топырағы бұйырмастан, қаза тапты. Соғыс жарасы қаншама жылдар өтсе де, жазылмақ емес.

Қостанай өңірінен Ұлы Отан соғысына жетпіс үш мыңнан астам адам аттанды. Олардың арасында қыздардабар. 1942 жылдың шілде айында облыста Қызыл Армияның тыл бөлімдері мен мекемелеріне 19 бен 25 жастың аралығындағы 500 бойжеткен әскерге шақырылған.

Ұлы Отан соғыс жылдарында кестесін қаруға, орамалын пилоткаға өз еріктерімен айырбастаған ержүрек қазақ қыздарының бірі Шәмшия Сәдуақасова еді [1].

Шәмшия Сәдуақасова Ұлы Отан соғысына Новосібірден 17 жасында аттанады. Мәскеу маңындағы Серпухов қаласындағы дала госпиталінде медбибі болып қызмет еткен. Шәмшия апай қандай әскери тапсырма болса да, оқ пен оттың астында жүріп бұлжытпай орындаған.

Әскери полктің жүргізушісі,болашақ жары Көшенбаймен де 1943 жылы Серпухов қаласында танысады. Екі жас соғыс аяқталған соң ғұмыр бойы бірге болуға уағдаласты. Олар Ұлы Жеңісті Мәскеу қаласында қарсы алды. 1945 жылы 9 мамырда отбасын құрады.Шәмшия апай жолдасы Көшенбаймен бес баланы тәрбиелеп өсірді. Кенже баласы Жоламанның отбасымен бірге тұрған [2].

Ш.Сәдуақасова жолдасы Көшенбай және құрбыларымен бірге. Фотосурет Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынды

Ұлы Отан соғысының ардагері Шәмшия Сәдуақасованың өміріне қатысты құжаттар мен фотосуреттер Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған. Сол құжаттарға сүйенсек, Шәмшия Сұлтанғазықызы халық шығармашылығының Бүкілодақтық ІІ фестиваліне қатысқан.Амангелді ауданының қоғамдық, мәдени өміріне, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге көп үлес қосқан. Оған сол кезеңдерде алған марапаттары куә [1].

Шәмшия апай өнерге жақын жандардың бірі болған, танымал композитор Қалибек Деріпсалдиннің баянмен сүйемелдеуімен ән шырқап тұрған суреті.

Соғыстан елге Қостанай ауданының «Алтын дала» ауылына аман-сау оралып, отағасының қызмет бабымен Қарағанды қаласына қоныс аударады. Бұл жерде шахтерлер дайындайтын техникалық училищеде жұмыс істеді. Араға біраз уақыт салып, бұрынғы Торғай облысының Амангелді ауданына оралады. Екеуі де сауда саласында қызмет атқарған. Кейіннен Шәмшия апай Амангелді Иманов мемориалдық музейіндеұзақ жылдар қызмет етеді. Содан соңСәдуақасовтар отбасы Қостанай қаласына көшіп келеді.

Мәскеудің бұрынғы мэрі Ю.М.Лужков Мәскеу үшін шайқастың 65 жылдығына орай оған қатысқан ардагерлерді ескерткіш медальмен наградтаған болатын. Олардың ішінде Шәмшия Сәдуақасова да бар. Қостанайдан Мәскеуді қорғауға қатысқандардан қалған жалғыз әйел еді. Шәмшия апай көзі тірісінде жастармен, оқушылармен кездесуге жиі баратын. Өзі көзбен көрген соғыстың ауыртпалығын жастарға айта отырып, мұндай күндердің қайталанбауын тілейтін.

Амангелді аудандық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Шәмшия апайды 9 мамыр күнімен құттықтауы өлеңмен жазылыпты [1].

Фотосурет Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынды.1987 жыл

Не өтпеді тіршілікте бүл басыңнан, Бейнетке араластың он жасыңнан. Аман-сау қайттың соғыс апатында Жаңбырша жауып түрған қорғасыннан.

Шырылдап өрт ішінде шыбын жаның Төгілді талай рет қызыл қаның.

Қорғадың туған елдің топырағын Шүрқ-шүрқ боп тесілсе де оққа тәнің.

Жалғасып үрпағыңда жатады ісің. Зәузаты қүрметтейді атаны шын.

Өйткені жастық шағың майданда өтті. Шайқастың қасиетті Отан үшін!

Оралдың ең бастысы сау-саламат. Осы ғой ең қадірлі зор қанағат.

Өзіңдей талай боздақ жанын қиып, Амалсыз қош-қош айтып өтті аманат.

Соғыста оралмасаң егер тірі, Қуаныштың болар ма еді бірде-бірі.

Кісінің амандығы – басты байлық. Тойдың да бастысы сол-нағыз ірі.

Тірліктің арқасында семья қүрып,

Әліңше еңбек еттің адал жүріп.

Жар сүйдің, бала сүйдің балдан тәтті,

Жаныңа қуат беріп ата ғұрып.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері ақ жарқын, жаны жомарт Шәмшия апайды көзі тірісінде 9 мамыр қарсаңында өтетін кездесулерге шақырғанда, үнемі қалмай келіп, мектеп оқушыларына, студенттерге естеліктер айтып, «ешқашан соғыс атты зұлматты сендер көрмесеңдер» деп тілейтіндігін айтты [3].

Шәмшия Сәдуақасова жасы сексенненасқан шағында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында дүниеден өтті. Ер азаматтармен қатар соғысқа аттанып, майдан жолын жүріп өткен қайсар қазақ қызы Шәмшия апайдың есімі өзі өмірден өтсе де, ұмыт қалмайды.

 

Әдебиет

  1. Қостанай облыстық тарихи – өлкетану музейінің қор материалдарынан
  2. Жақсанов. О.Мәскеуде қарсы алған. // Қостанай. – 8 мамыр 2015жыл.
  3. Атамыздың әңгімесінен кейін... // Қостанай таңы. шілде-қыркүйек 2010 жыл.
  4. Костанай: вчера, сегодня, завтра. – Алматы:Казахстан,1979 – 248 с

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.