Қоңсылар институты

Қазақ қоғамындағы қоңсылар - дербес шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған әлеуметтік топ атауы. Дәстүрлі көшпенділік шаруашылық түрін ұстаған қазақ шаруаларының жұт жылдары малдарынан айырылған немесе басқада экономикалық себептердің салдарынан мал мүлкінен жұрдай болып айырылғандықтан дәстүрлі көшпенділік шаруашылық салтын жүргізуден қалған [1, 190 б.]. Сондықтан күн көріс үшін малайлыққа жалдануға мәжбүр болғандар қоңсылар тобын құраған.

Революцияға дейінгі тарихнамада қоңсы институты мүлде талданбаған. Патша үкіметінің ресми құжаттарын да «қоңсы» термині кездеспейді. Солай бола тұрса да, қазақ даласында болған көптеген саяхатшылар мен патша шенеуніктері, «қоңсы» деген терминді қолданбағанымен, осы әлеуметтік топтың болғандығын көрсетті.

Қоңсылар туралы М. Вяткин: «Қоңсы» деп жалпы келімсекті айтады. Бөтен қауымдардың ішінде қазақтарды осылай деп атаған. Бұлардың арасында беделді, ауқатты семьялардың кездесуі де мүмкін. Бірақ қоңсылар көбінесе өз бетімен шаруашылық жүргізуге мүмкіншіліктері болмаған соң амалсыздан басқа ауылдарға келіп қосылған кедей қазақтар екендігінде ешқандай күмән жоқ [2, 123 б.], - деген анықтама берді.

Қоңсылар бай ауылдарға қосылып, солардың шаруашылықтарында жұмыс істеп жүрген. Ең ақырында, нағыз пауперлер «байғұстар» болған, бұлар оқта-текте жұмыс істеп немесе қайыр тілеп күндерін көрген [2, 123 б.],

Қазақтардың арасында болған Ф. Назаров жазбаларында қоңсылар жөнінде: «Нұрадан Есілге құятын Қаракөл өзені маңында біз ешқандай малы жоқ кырғыздарды (қазақтар. - Ө. И.) кездестіргенін ...Тамағын асырау үшін олардың көпшілігі жақын маңда көшіп жүрген қырғыздарға барып жалданатынын айтады [1, 92 б.]. Қоңсылар туралы неғұрлым толық дерек Михаил Граменицкийдің деректерінде кездеседі. Оның көрсетуінше: «Баспанасыз, жарлы қырғыздар сұлтанның төңірегіне жиналып, күн көреді. Бейбіт уақытта оған қызметшілер болып еңбектеніп, оның малын бағады... Егер сұлтанды немесе қандай да бір бай адамды төңіректемесе, олардың аштан өлуіне тура келер еді. Дүние-мүліктен, малдан жұрдай болуы оларды малайлыққа баруға мәжбүр етеді» [1, 92-93 б.]. Деректер қоңсылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайларының өте төмендігінің себебінен малай болуға мәжбүр болғандарын көрсетеді. Қазақ феодалдары әдетте бақташы жалдамаған, өз кедейлерінің - қоңсылардың еңбегін пайдаланған. Қоңсылардың арасында сол байдың кедей туыстары, кейде «жамағайын» деп аталатындар болуы мүмкін. Бір рудан, мысалы, Арғын немесе Керей руынан тараған қазақтар өзара жамағайын болып есептеледі, мұндайда қазақтар «ата тегі бір», деген.

Қазақ қоғамында қоңсылар көпшілікті құраған. Қоңсылар байлардың ауылдарына барып, солардың шаруашылығына жұмыс істеген басқа күн көріс амалы қалмаған. Бұл жөнінде академик Е.Бекмаханов: «Азық-түлік рентасымен қатар жұмыспен өтеу рентасы болды. Азық-түлік рентасымен салыстырғанда жұмыспен өтеу рентасы неғұрлым көне формада көрініп, құқықтық нормалар саласында берік сақталған патриархалдық-рулық қатынастармен астасып кетті. Әдетте жұмыспен өтеу рентасы «рулық көмек» түрінде көрінді. Айта кеткен жөн, XIX ғасырдың бірінші жартысында рулық құрылыстың осы бір ескілікті институтын бүкіл феодал басшы топ - сұлтандар, билер, ақсақалдар және жаңа әлеуметтік топ - байлар шебер пайдаланды. Феодал, басшы топ феодалдық жұмыспен өтеу міндеткерлігін «туысқандық көмек», «жетімдерге қамқорлық» деген желеумен өздерінің тумаластарының еңбегін пайдалануы. Қазақтардың қалың бұқарасынан алынған жұмыспен өтеу рентасы орыс помещигі шаруашылығында колданылған шаруаның жұмыспен өтеуіне өте ұқсас еді. Тек қазақтардағы жұмыспен өтеу көбінесе туысқандық көмек түрінде болды» [1, 91 б.], - деп көрсетеді. Келесі деректе, Ресейде капитализм дамуындағы помещиктік шаруашылықта кең түрде қолданылған жұмыспен өтеу рентасының түрлерін атай келіп, жоғарыда айтылғындай, жұмыспен өтеу барынша алуан түрлі болды. Кейде шаруалар ақша үшін өз құрал-саймандарымен жер иесінің жерлерін «кесімді жалдау», «десятиналап жұмыс істеудегі табыстар»,«теңдеме жерлерді» ұқсату дейтіндерге және т. т. жалданды. Кейде шаруалар қарызға астық немесе ақша алып, сол алған несиесін түгелімен немесе несиесінің проценттерін жұмыспен өтеуге міндеттенді. Бұл форма тұсында жалпы жұмыспен өтеу жүйесіне тән белгі, атап айтқанда, жұмысқа бұл сияқты жалдаудың кіріптарлық, өсімқорлық сипаты ерекше айқын көрінеді. Кейде шаруалар «егіннің тапталғаны» үшін жұмыс істейді (яғни егіннің тапталғаны үшін заң бойынша белгіленген айыпты жұмыспен өтеуге міндеттенеді), әншейін «абырой үшін» - яғни, жер иесінен алатын басқа «табыстарынан» айырылып қалмау үшін, одан бір рет тамақ ішіп, тегін жұмыс істейді. Лқырында, жер үшін жұмыспен өтеушілік не жарма- жарымшылық формасында, не шаруаларға жалға берілген жер, шабындық және т. б. үшін тікелей жұмыс істеу формасында барынша көп таралған. Кейде шаруа мұнымен қатар «жер иесінің бұйырғанын» істеуге міндеттенеді, жалпы алғанда «тыңдауға», оның «айтқанын істеуге», оған «қолғабыс етуге міндеттенетіндерін айтады [1, 91 б.]. Жұмыспен өтеу деревня тұрмысындағы жұмыстардың бүкіл циклін қамтиды.

Лл, қазақ қоғамында шаруаның жұмыспен өтеуінің мысалға келтірген толып жатқан түрлері Қазақстанның егіншілікті аймақтарында не ана, не мына түрінде орын алды. Бірақ мұнда жұмыспен өтеу бүркемелі сипатта болды. Сұлтандар мен феодал шонжарлар туысқандық көмек деген желеумен кедей қазақтарға құралдар мен тұқым берді, бұл үшін жарлы-жақыбайлар қожайынның жерін жыртып, өз еңбегі үшін егіннің болмашы бөлігін алды.

Мал шаруашылығымен айналысатын аймақтарда жұмыспен өтеу біраз өзгеше формада көрінді. Мұнда ол мал шаруашылығымен байланысты болды. Жұмыспен өтеу формасындағы қанаудың негізгі обьектісі қоңсы деп аталды. Қоңсы - іс жүзінде жартылай басыбайлы болған кедейлер. Олар өз отбасыларымен сұлтандарға және ру шонжарларына барып, мардымсыз ақы үшін олардың шаруашылықтарына қызмет етті. Қоңсы феодалдардың ауылдарымен бірге ылғи көшіп жүрді, олардың жылқысын бағып, неше түрлі ұсақ жұмыстарды атқарды, қоңсылардың әйелдері сиыр, бие, қой, ешкілерді сауып, кір жуды және феодалдың үй шаруашылығына көмектесті. Бұл үшін қоңсы көшіп-қону кезінде байдың көлігін пайдаланды, уақытша пайдалануға бір не екі сауын сиыр, кейде қой немесе ешкі алды.

Қоңсылар тобын тек «қара сүйек» өкілдерінен шыққандар ғана емес, «ақсүйек» өкілдері төре тұқымдары да қоңсылар болған. Ру шонжарларында кейде тіпті бұрынғы чингизидтер де қоңсы ретінде жұмыс істеді. Жұт жылы малдан айырылып жұтаған «ақсүйек» өкілдері төрелер де қоңсыларға айналған. Мәселен, «төрелердің» тұтас бір ауылы Мұса Шормановқа қоңсы болды. Феодал мен қоңсы-кедейдің өзара қарым-қатынастарынан сауын деп аталатын өзінше бір жұмыспен өтеу жүйесі қалыптасты. Қоңсы өзінің феодалынан уақытша пайдалануға сауын сиыр алады да, бұл үшін шаруашылық жұмыстың алуан түрлерін тегін атқаруға міндеттенеді. Бұл орайда қалыптасқан қатынастар феодалдың өзінің кедей тумаласына «туысқандық көмегі» түрінде, ал егер ол жақын адамы болмаса, онда ылғи бірге көшіп жүріп, «өз» адамы болып кеткен қоңсыға көмек беру түрінде көрінеді. Мүнымен бірге өз бұйрығы орындалмаған жағдайда феодал өзі берген малды кез келген уақытта қайтып алуға қүқықты болды. Сөйтіп, рулық көмектің ескілікті институты феодалдық қоғам жағдайында өзінің қарама-қарсылығына, яғни еңбекші қазақтарды қанаудың қүралына айналды. «Сауын» Қазақстанның мал шаруашылығын кәсіп еткен көшпелі аймақтары үшін жүмыспен өтеудің өзіндік формасы болды. XIX ғасырдың бірінші жартысында кедей тумаластарға «көмек» көрсету түрінде (аманат мал) несиеге төл беру практикасы кең таралды. Бүл үшін кедей қоңсылар немесе феодалдың кедей туыстары белгілі мерзім өткен соң бір жасар тайыншаның немесе тоқтының орнына екі жасар мал қайтаруға міндеттенді. Бүл жөнінде Орынбор Шекара Комиссия шенеунігі Лукин: «Қырғыздар (қазақтар. - Ө.И.) қарызға мал береді де, мал алады. Егер қырғыз қарызға бір жасар тоқты немесе тайынша берсе, келесі жылы екі жасар, ал үшінші жылы - үш жасар мал алады» [1, 93 б.], - деп жазған. Демек, қоңсыға малын өзара келіскен белгілі бір мерзімге уақытша қүлдануға беріп, өсіммен қайтарып алатын келісім шарт болған.

Кедейге - қоңсыға немесе тумаласқа несиеге мал бергенде феодал онымен куәгердің көзінше малды өсімімен қайтару мерзімі туралы келіседі. Қоңсы малды қайтармаған жағдайда несие берген кісі бидің талқысына жүгінеді де, би кедейге малды қайтару жөнінде үкім шығарады. Кейде кедей қоңсы несие берушіге қарызды жүмыс істеп өтеуге тиіс болды. Мүндай жүмыспен өтеу қоңсы үшін тиімсіз шарт болды.

Феодалдық қатынастардың осы жүйесінен «ортақтастық», яғни тумаластардың өз феодалына үжымдасып көмектесуі пайда болды. Феодалдар ортақтастықты шөп шабу, қыстақ салу және ақырында, терең қүдықтар қазу кезінде пайдаланды. Туыстары көрсеткен көмегі үшін феодал оларды тойдыра тамақтандыруға міндетті болды. Ортақтастық Қазақстанның көшпелі аймақтарында да, егіншілікті аймақтарында да кең түрде қолданылды.

Егіншілікпен айналысқан кедейлер қоңсылардың ерекше тобын қүрады. Олар егінші деп аталды, Бірақ егіншілер неғүрлым күрделі әлеуметтік топ болды. Бүл топқа коңсылар ғана, яғни өз шаруашылығын жүргізу қабілетінен айрылған қазақтар ғана емес, сонымен бірге малы жеткіліксіз болғандықтан, өз бетімен көшіп-қона да алмайтын, бірақ өз алдына егіншілікпен шүғылдана алатын қазақтар да енді. Егіншілікпен айналысу қазақтардың әр түрлі топтарын бір категорияға - егіншілер категориясына біріктірді. XIX ғасырдың 40-жылдарында Орынбор ведомствосының шығыс бөлігіндегі қазақтардың арасында болған П. Небольсин егіншінің қоғамдық жағдайына мынадай анықтама береді [1, 9495 б.], «Түқым сеуіп, өз бетімен егін егушілікпен айналысып, немесе егіншілікпен шүғылданатын бай қырғыздарға жүмыс істеп күнелтетін адамдарды егінші деп түсінеді. Өздерінің егістік жерлерін өңдеу үшін феодалдардың егіншілерді жалдау тәртібі туралы Сырдария қазақтары арасында үзақ уақыт бойы өмір сүрген Орынбор көпесі Д. У. Белов қожайын кедейге тек қана жер, тұқым және мал береді, ал кедей жерді өндегенде өз 324

азық-түлігімен күн көреді немесе қожайынның шартты мөлшерде арпа не тары алады. Бірақ қызметшіге бұл мөлшерді айына 20 батпаннан аспайтындай етіп белгілейтінін265 айтқан. Тегінде, феодал мен егіншінің арқасында ақы төлеу тәртібі туралы нақты уағдаластық болмаса керек, егінші жұмыс істегенде қожайынның ауызша айтып берген уәдесімен шектелген сияқты. Егіншінің өз феодалының жеріндегі осы жұмысын помещиктің имениесінде орыс шаруасының жұмыспен өтеуінің кіріптарлық формасымен салыстыруға әбден болады. Айырмашылық тек қана мынада: өз феодалының жерінде егіншінің жұмыспен өтеуі өзара «көмек» дейтінмен бүркемеленеді, – феодал тұқым, мал беру арқылы егіншіге көмектеседі, ал егінші өз еңбегімен «көмектеседі».

Өздерінің жағдайы жағынан қоңсылар жатақтар мен егіншілерге жақын тұрды. Малдары болмағандықтан, олар көше алмады, сондықтан ұдайы қыстауды сағалады. Жатақтардың жағдайын сипаттай келіп, И. Завалишин: «Жатақ байларға бақташы, ал Шеп маңында тұратын қазақтарға батырақ болып жалданады, тіпті Шеп маңындағы қалаларда, станицаларда, елді мекендерде тұтас ұлыс болып топтанады, бірақ осының бәрі тек бір үзім нан үшін ғана еңбектену» [1, 95 б.], деп көрсетеді. Қоңсылар өздерінің жамағайынының тапсырған жұмыстарының түріне қарап егін егетіндері егінші аталғанымен шын мәніндегі егіннен түсетін өнімге ешқандай үлестік қатысы болмады. Еңбегін сатып малайлыққа жүрген қоңсыларды шын мәніндегі егіншілер деп айту дұрыс болмас. Мысалы жатақтарда егін салып егіншілер атанды жатақтардың, қоңсылардың жалдамалы жұмысшы екендіктері бүркемеленді. Егістікке одан түсетін өнімге ешқандай иелік құқығы болмағандықтан шын мәніндегі егінші шаруа деп айта алмаймыз. Құлды арғымаққа мінгізсеңде құл демекші. Қоңсылар жалдамалы егішілер болған.

Тек біршама бай адамдар – сұлтандар, феодалдар, билер, ру шонжарлары, малы көп ауқаттылар ғана көше алды. Осындай бір бай туралы кедей жатақтың айтқаны: «Байдың малы көп, сондықтан оның көшуге мүмкіндігі бар». Мұнан жатақтардың экономикалық тұрмыс жағдайын жеткілікті дәрежеде түсінуге болады.

Қорыта келе, қоңсылар институтын – күнкөрісі нашарлау, ішіп-жемі жеткіліксіз, әл-ауқаты төмен кедей адамдар құраған [4, 344-345 б.]. Қоңсы бұрын бай, ауқатты адамдармен жанаса отырып, солардың қызметін істеп күн көретін болған. Тек аталас, рулас жақын адамдар ғана емес, туыстық жағынан алыстау кірме аталар да қоңсы болды. Қоңсы болуда туыстық жағынан гөрі, тұрмыстық жағы көбірек ескеріледі. Бастапқыда кедей, пақыр мағынасында пайдаланған қоңсы сөзі кейіннен қазақ ауылдары арасында көрші, ауылдас мағынасында да қолданылып кеткен [4, 345 б.].

 

Әдебиет

  1. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырлардың 20-40-жылдарында. – (Оқу құралы). – Алматы, Санат, 1994. – 416 б.
  2. Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат, 2002. – 344 с.
  3. Толыбеков С. Е. Общественно-экономический строй казахов в XVII- ХІХ веках - Алма-Ата: Казгос. изд-тво, 1959. - 448 с.
  4. Исенов Ө. И. Дәстүрлі қазақ қоғамы: тұлғалар тұғыры. / Монография. - Қостанай, «Шапақ» ЖШС баспасы, 2016. - 356 б.
Тег: Несие
Жыл: 2016
Қала: Қостанай
Категория: Тарих