Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілін орыс тілділерге оқытудың кейбір теориялық мәселелері

Қазақ тілі – студентке ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту барасында оқытушы студенттердің пікір айту, ауызша сауатты сөйлеу, жазу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативті дағдыларды қалыптастыруы керек. Тіл үйренушінің мамандығына қарай бейімдеп оқытуға талап та, сұраныс та көбейіп келеді. Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу ағартудың, оның ішінде білімді адамдардың беделі өсіп келеді. Оқу үрдісінің мақсаты мен мазмұны жаңарып, жаңа мазмұнды білімді іске асыру әдіс-тәсілдері, технологиялары да игерілуде.

Демек, қазақ тілін басқа тілді оқу орындарында оқытуда, біріншіден, практикалық мақсат қойылады, яғни оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақша ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, бір-бірімен сөйлесуге, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша әңгімелеп беруге жаттықтырылады.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың мақсаты – коммуникативтік, тілдік, мәдени-танымдык біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауга мүмкіндік туғызу.

Екі тілді салыстыра келе студенттерге көрсете білу – бұл сауатты да, білімді оқушыларды көбейте білу, бөтен тілді ұғындыра білу, оқи алу, түсіну және де сол тілде сөйлей білуге үйрету. Адамның сыртқы ортаны тануы жекелеген қасиеттерден,жеке бөліктерден тұрғанымен белгілі бір ұғым, түсінікті тұтастай қабылдайды. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда қабылдаудың осындай тұтастық заңдылықтары мен даралық ерекшеліктерін дұрыс байланыстыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Қазақ тілінің өзіне табиғи сөз тіркестері мен ұғымдары, жекелеген сөздердің белгілерінің даралық ерекшеліктерін ажыратып тани отырып, тіл үйренуші бірінен-бірі ажыратуға болмайтын тұтас ұғымдарды, сол тіркестердің тудырып тұрған тұтас түсініктерін, сол арқылы қазақ тілінің өзіне тән табиғатын таниды. Осы ұғымның студент есінде берік орнығуының бір шарты – ассоциациялық байланыста түсіндірілуі.

Тіл үйренушілердің қазақ тілін өз ана тілі сияқты үйретудің тиімді жолдарының бірі, әр сөзді білдіретін мағыналарына бойлау, сол сөздіңтүбірі неден шығып тұр, оның білдіріп тұрған мағынасы не дегендер болса, екіншіден, аталған сөздер арқылы үйренушінің ассоцияциясын тудыру.

Белгілі бір тақырыпты өткенде үйренушінің сөздік қорына жүгіну қажет. Студенттің сөздік қорында қанша көлемде сөз бар екенін оқытушы есепке алып отыруы керек. Әр студентке даралай жұмыс жүргізген немесе деңгейлеп оқытқан өте тиімді. Сөздік жұмысы студеттердің тілін дамытады, жатық сөйлеуге үйретеді.

Жаңа сөздерді меңгеру арқылы сөз тіркесін және сөйлемдер құрай алады. Сөйлем құрауға дағдыландыру әдісінде бұрынғы өткен сөздерді жиі пайдаланып, ауызекі тілдік қорын қайталап, кеңейтіп отыру қажет.

Лексикалық жұмыс күнделікті жаңа материалды үйретумен байланысты жүргізіліп отырады. Жаңа сөздерге мағынасы келсе синоним, антоним, омоним сөздерді тауып түсіндіру, сөздермен қысқа сөйлемдер құрату, жаңа сөздерге байланысты суреттер болса, сол суреттерді пайдалана отырып сөйлем құрату. Бұл әдіс жаңа сөздерді есте сақтауға көмегін тигізеді. Студенттің неғұрлым сөздік қоры көп болса, соғұрлым қазақ тілін жақсы үйреніп еркін сөйлейді және дүрыс, сауатты жаза алатын болады.

Оқыту процессінде сөздікпен жұмыс барысында студенттердің тілдік материалға талдау жасау, салыстыру, топтау, есте сақтау дағдылары қалыптасады.

Тілді меңгертуде оқытудың интерактивті («Inter» өзара, «act» әрекет) әдісін қолдану өз нәтижесін беріп жүр. Сабақ үстінде тіл үйренушіге яғни, студенттерге қатысы да, қажеті аз, олар өмірде қолданбайтын ақпараттардан гөрі олардың әрқайсысының жеке өмірі және болашақ мамандығына тығыз байланысты рольдік ойындар, жағдаяттық тапсырмалар беріп, түрлі мәселелерді дөңгелек үстелде құрып талқылау берілсе, ол студенттердің қызығушылықтарын арттырады. Соған сәйкес қатысым әрекеті де белсенді жүріп, оқытушы үшін де, студенттер үшін де сабақ қызықты өтеді.

Қазақ тілін мамандық бойынша меңгертуде терминдерге ерекше көңіл бөлінеді. Терминдерді меңгертуде пікірталас түрінде өткіземін. Құқық, экология мамандықтарына берілетін терминдерді дұрыс, жүйелі меңгерту мақсатында сөздіктерді басшылыққа алып отырамын. Себебі орыс тілді дәрісханаларда сөздіктермен жұмыс, негізінен, мамандығына қатысты терминдерді студенттердің жақсы түсінуіне пайдасы бар. Оны келешекте қызмет барысында қолдану – олардың білімді де іскер, жан- жақты, өз мамандығын жетік меңгерген терең білімді маман болуына аса қажет.

Оқытуда тілдік қатынас мақсатын алға шығарған қатысым (коммуникативтік) әдісінің артықшылығы пратикада дәлелденген. Өйткені, мәтін сөйлеуге жаттықтыру, сөйлеу дағдысын қалыптастыру құралы. Мәтінмен байланысты жүргізілетін жұмыстардың бәрі де сөйлеу дағдысын қалыптастырумен байланысты болғанда ғана, тілге үйрету жұмысы нәтижелі болмақ. Оқу мәтіндегі қазақша сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсетіп қана қоймайды, оған бірте-бірте дағдыландырылады. Кәсіби мәтінмен жұмыстың мақсаты: мәтін ішіндегі мамандыққа қатысты терминдердің мағынасын түсіндіріп, меңгерту арқылы студенттердің кәсіби сөз қорларын молайту, мәтін мазмұнын дұрыс түсінуге машықтандыру.

Кәсіби мәтінмен жұмыстың тиімділігі: студенттер мамандығына сәйкес терминдермен, кәсіби ұғымдармен жұмыс істеуге үйренеді, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтуға дағдыланады, мамандыққа байланысты ой-пікірін қазақша еркін жеткізуге үйренеді.

Сабақ барысында мәтінмен жұмыстың алдындағы жаттығуларды орындау арқылы студенттер оның мазмұнын түсінуге дайындалады. Берілген сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру арқылы олар өз кәсібіне сай белгілі бір ойды байланыстырып айту, жаза білуге үйренеді, мәтін мазмұнын түсінуге мүмкіндік алады. Мәтіналды жұмысы жаңа сөзді тыңдатып, қайталату, сосын мағынасын түсіндіруден, оның баламасын көрсетіп, синоним, антонимдер арқылы мағынасына сипаттама беру, аудару, олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру дағдысын қалыптастыру бағытында жүргізілсе, енді кәсіби мәтінмен жұмыс жасау кезеңі мәтінді тыңдату, тыңдағанын оқытудан басталады.

Қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Бұл міндетті мәтін атқарады. Тілді оқытудың алғашқы кезінен бастап соңғы кезіне дейін мәтін ұзақ уақыт сабақта қолданылатын болғандықтан, ол сөйлеудің дұрыс үлгісінің еске сақталуына мүмкіндік беретін дидактикалық материал. Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері оны оқу, мәтіндегі дұрыс сөйлеу үлгілері арқылы оқығанын, аударғанын жеңіл диалогқа айналдыру, қарапайым мазмұнын айту арқылы көрінеді. Мақсат – оқушының мәтіндерді практика жүзінде іске асуына, байланыстырып сөйлеуге қалыптастыруға дұрыс пайдалану. Мәтінде тілдің барлық деңгейіне қатысты тілдік тұлғалардың бәрі орын алады. Сондықтан, ол арқылы тілдің фонетикасын, лексикасын, грамматикасын оқытуға болады. Ал түрлі деңгейдегі тілдік тұлғалардың түйісетін орны мәтін болғандықтан, тіл оқытуда мәтінді дұрыс пайдаланған жөн.

Қазақ тілін басқа тілді дәрісханаларда оқыту барысында қазақ тілінің өзіндік басты ерекшеліктерін назарда ұстауымыз керек. Қазақ тілі сөз жасау жағынан жалғанбалы (аглюнативті тілдер тобына жататыны бәрімізге мәлім). Сол себептен де қазақ тілінде жұрнақ түрлері көптеп саналады, сонымен қатар төрт түрлі жалғаудың беретін өзіндік мағынасы,сөзге жалғану кезіндегі варианттары да жеткілікті. Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін, мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, студенттердің қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемдеосындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, студенттің тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді.

Тілді меңгеру және меңгерту оңай жұмыс емес. Ең алдымен тілді тұтыну қажеттілігіне тіл үйренушінің ынтасы болу шарт. Оқыту әдісінде дәстүрлі әдіспен қатар этно, тандем, ойын, тәжірбие, қайталау әдістерін жаңа технологияға үндестіре қолданған жөн.

 

Әдебиет

  1. Ж. Мұсаұлы, Р.Әмренова, «Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы». Оқу құралы, 2003.
  2. Н. Оралбаева. Қазақ тілі. Практикалық курс. А., 1982.
  3. Қазақ тілі. Учебное пособие для интенсивного обучения казахскому языку.
  4. Ә.Тұрғынбаев, Л.Нұсқабаева. Тіларалық байланыстар мен қатынастар диалектикасы. Алматы, «Білім», 2005.
  5. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы, 2006. -4,5 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.