Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бақсылық тарихы мен қобыз өнерінің байланысы

Ислам дінінің қазақ арасында енуі бірте-бірте бақсылықты ығыстырып, басқсы өнерін көз бояушылық, алдамшы деген. Осымен бақсыда "ие" емес "жын" дегенұғымдар қалыптасты. Ол туралы Р.М.Мұстафина:"Қазақ халқының ұғымында "жын" сөзі "жын ұстаған", "жын ұрған" деп келетін ұстамалы жүйке ауруымен байланыстырылды. Бақсыларды осылай атау арқылы шамандық дінді, мұсылмандық дін ығыстырды",- деген. Нәтижесінде бақсылар ислам дініндегі діни образдарды жұрт алдында ойнау кезінде ием деп те шақырған. Сәкен Сейфулиннің жинағындағы "Бақсының жырларынан " мысал:

Аспандағы көк пері!

Көк перінің ішінде.

Аты шулы көк пері.

Қаражал, жазған қасқырым,

Таси берші тасқыным!

Қобыз аспабының тарихы бақсылық дәстүрмен байланысты. Қобыздың көмегімен аруақтармен тілдесіп, адам емдеген, тағдырын айтып берген.

Көне заманнан ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан қазақтың төл музыкалық аспабының бірі - ысқымен ойналатын қыл шекті қобыз өнері ұлттық өнерімізде үлкен орын алады. Қазақтың музыкалық өнері мен аспаптың пайда болуы Қорқыттан (VIII-IXff) бастау алады. Бізге жеткен мол мұралары: "Қорқыт күйі", "Қорқыт зары", "Ұшардың ұлуы", "Аққу", "Желмая" және т.б. күйлері халық қобызшылары дәстүрлі өнерінің мұрасы ретінде, кейінгіге сабақтасып, жалғасын табуда. Қобыздың ерте кездегі суреттері бейнеленген тас мүсіндер Ұлытау мен Қарқаралы төңірегінде (IV-VIIIff) табылған. Ежелгі Қытай жазбаларында ғұндардың кезінде қылқобыз бен сыбызғы болғаны жөнінде айтылған. Осы деректерден қобыздың пайда болғаны Қорқыттың өмір сүрген кезінен ерте екенін көруге болады. Сондықтан да, қобызға қатысты аңыздардан аспаптың тым көне екендігін көрсетеді.

Қылқобыз аспабы Қорқытпен байланысып, оның күйлері мен сарындары, бақсы-балгерлердің болмысында, салттарында сақталған. Ә.Марғұлан: "Қорқыт ата - халықтың рухани санасында ұлы сәуегей, қазақ бақсыларының пірі, табынатын тәңірісі. Бақсылар оны әрдайым бабам деп Қорқытқа сиынып отырған" [45] . Ел арасында орны бөлек, хандардың ақылшысы, ақыны, көрегені болған бақсылар, Қорқыт дәстүрін сақтап келген. Қорқыт шығармалары өмірге құштар, халықтың өшпес рухы оптимистік тақырыпта көрініс тапқан.

Қорқыт туралы аңыз бен бақсылық ғұрыптың тікелей байланысын дәлелдеген Ш.Уалихановтың: "өлімнен қашу - шаман дінін ұстанатынхалықтардың аңыздарында жиі кездеседі", - деген [11 б]. Қорқыт туралы аңыздардың бақсылықпен байланысын қазақтың болмысына тән екенін аңғарамыз.

Қорқыттың тарихта болғандығы, оның түркі тілдес халықтарының арасында тым әйгілі болғандығы аян. Қазақ халқының көне заманғы дүние танымы, болмысы, мен тыныс тіршілігі бір тұтастықта. Ол тұтастық қобыз музыкасы мен бақсылықта да орын алады.

Әуелі Құдай сен оңда!

Сен оңдасаң, біз мұнда.

Тілеген тілек және бер!

Жақсы құдай! Жай құдай!

Өлі десем, өлі емес,

Тірі десем, тірі емес,

Ата Қорқыт әулие!

Бұл өлең шумақтарынан бақсылардың өз сарыны болатынын анықтаймыз.

Қазақ бақсыларының өнеріне өткен заманның орыс және шетел фольклористері, этнографтары, ғалымдары мен саяхатшылары қызығушылықпен қараған. Олардың еңбектерінде қазақ фольклорлық мұрасы кең орын алған. Бақсының синкретикалық қырларын шіркеу қызметшісі Петр Тиховтың ноталық жазбасынан көреміз.

Бұл екі дауысты элементтердің болуымен қоса ионийлік ладындағы әуен анық көрінеді. Әуен сан рет қайталанып, жұбату мен тыныштық күйін туғызады.

Бақсылық культінің ғұрыптық әрекеті барысында музыка сүйемелінің қатысуын ең алғаш жазған неміс этнографы, фольклоршысы Р.А.Пфенинг сөзінде: "Көне шаманизмнің жұрнағы болып табылатын бақсы дәрігер орнына жүреді. Бірақ барабанның орнына бақсылар скрипкаға ұқсас әртүрлі формадағы ұсақ темір-тесектер мен қоңыраулар тағылған екі шекті аспап пайдаланды. Бұл аспап кобус деп аталады" - деген.

Бақсылар ем кезінде қобыз аспабын пайдаланып, трансқа кіріп, аузы басы қисайып, аузынан ақ көбік аққан, адам емдеген, аралда қалған кигіз үйді де сол қалпында бергі жағаға көшірген. Себебі осы тұста бақсы тылсым күшпен байлнысқа түссе де оны қасындағы адамдар сезбеген.

Қобыз аспабын адам мен тылсым күш арасындағы байланысын орнату үшін пайдаланса керек. "Малқыбай бақсы жүйрік сайгүлектермен бірге жарысқа өзінің қобызын қосқан"- дейді. "Табиғат алай - дүлей өзгеріп, дауыл соғады. Алыстан шабуып келе жатырған ат шабысының дүрсілі естілген жаққа қараса Малқыбай бақсының қобызы алда келеді екен",- деген ел аузында сақталған аңыздардан қобыз аспабының киелі, қасиеттілгін көреміз.

Қазақ хандығы кезінде Абылайханның кемшілігін тек Бұқар жырау ғана айта алған. Абылайхан жорыққа дайындалса, алдымен Бұқарға балаштырған, егер ол аттан десе аттанған. Бұл, бізге үлкен дарындылықпен танымал болған бақсылық өнердің құлдырауын білдіреді.

Мысалы Кенесары 1844 жылы Сарысу қазақтарына келіп, түйе мен астық тауып бер деп келгенде, Досбол ақыл сұрамақ болып, Тоба биге барады. Есіктен кіре беріп Досбол басын тартып алады да, "менің аруағым түлкі еді, Тоба бидікі барыс екен. есіктен кіре бергенімде түлкім тайқып кетті де, мен сескеніп қалдым", депті.

Бақсылардың жындарына тотемдік атауларды иеленуі өздерін қоршаған табиғат аясындағы жайбайы аңдар мен құстардың молдығынан да болған. Қазақ жерінде бақсы ұрпақтарының мүлде құрып кетпеуі қазақ жеріндегі бүркіт- құс патшасы, арыстан - аң патшасы, бөр - дала патшасы болуынан. Ш.Уалиханов : "Олар бақсылық құруменн бірге құмалақ тартып, адам емдеген", деген.

Қобыз аспабының семантикасы оның құрылысына да байланысты. Қобыз аспабын шеберлердің өз тәсілімен ағаштан ойып жасаған. Ағаштың түрі мен сапасына да үлкен мән берген. Көбінесе арша, қарағай, қайың, қарағаш және үйеңкі ағаштарын пайдаланған. Қайың мен қарағай ағаштарынан жасалған аспап дыбысы неғұрлым жұмсақ болып, ұзақ уақытқа ұрпақтан - ұрпаққа сақталған. Аспапты дыбысының ерекше шығуы, шекті етпен емес, тырнақтың сыртымен басып орындауында. Сонымен дыбыс тембрі шек қылындағы шаш-өз обертонын шығарады. Осындай қасиет ойын кезінде қою және кеңістікті толтыратын дыбыс әсерін береді. Қобыз аспабының формасы аққу бейнесіне ұқсауы, аспап дыбысының құлаққа жағымды естілу мәні де осыдан болар.

Жалпы қобыз аспабының дауысы табиғи дыбыстарды ерекше келтіреді. олар жан-жануарлардың дауысы, қимылы, ұлуы, балапан шырылы, аққу сұңқылы, түйенің боздауы - көне музыкаға тән қасиет.

Аспаптың тембрлік ерекшелігі - түркі - моңғол дәстүрінің феномені - бурдон және обертондарды шығару мүмкіндігі. Бурдон көп дауыстылығы алғашқы қауымдық заманында, космологиялық ұғымдармен байланысты қалыптасқан немесе әлем құрылысының үш қабаттылығы дыбыстың табиғаттылығы көрінеді.

Обертондар немесе дыбыстың резонаторлық бөліктері аспаптың төменгі регистрінде нұғұрлым әдемі шығады, сонымен қатар саусақтарды жеңіл басқанда ғана, флажолет шығады.

Қыл қобыз күйлерінің тарихы мен мазмұны - көне, ескі мақамда келеді. Олардың шығу тегі архаикалық салт - сананы көрсетеді.

ХҮІІІ ғасырдағы бақсылар қалап, Ұлы Қазақ төңкерілісінен кейінгі уақыт аралығында «Ерден», «Қазан», «Шыңырау» т.б. күйлерімен қобыздың ойнау мүмкіншілігін дамыта түскен Ықлас Дүкенұлы болды.

Мағжан Жұмабаев «...Дүкен ұлы Ықыластың қазақ музыкасы тарихында орны - ең алдымен бақсы – балгерлердің қолынан қобыз сияқты тамаша аспапты, оны халықтың қуанышы мен сүйенішін, қайғысы мен күйінішін жырлайтын аспапқа айналдырды» деп жазып кетсе, «Ықылас 10-12 жасар бала кезінен-ақ атақты Қоянды жәрмеңкесіндеЖанақ, Біржансал, Тәттімбеттердің көзін көріп, олардың алдында өнерін көрсетіп, ақ батасын алған» деп белгілі өнер зерттеушісі, жазушы, композитор Илия Жақанов «Ықылас» атты кітабында суреттеген.

Өткен ғасырдағы қобыз дәстүрін жалғастырушы жерлесіміз, Қазыбек Әбеновтың өмір жолы туралы қысқаша деректер айтып кету парызым деп ойладым. Жыланшық өзенінің жағасында дүниеге келген. Кішкентайынан әкесінен айырылып нағашыларының қолында тәрбиеленген. Жастайынан өнерге жақын өскен боз бала әскер қатарында жүріп те өнерін тастамаған деседі. Табиғатынан мақтануды ұнатпайтын жас жігіт, өсе келе де баспа қызметтерінің газет беттеріне мақалаға шығу жайындағы ұсынысынан да бас тартады екен. Ұлы Отан соғысы жылдары 1942 жылдың қазан айында Торғай АӘК-нан шақырылып, 491 АП-да ефрейтор болған. 1945 жылы әскерден босап, елге келген соң, біраз жылдар бойы мәдениет бөлімінде кейінгі жылдары Амангелді аудандық мәдениет үйінде директорлық қызмет атқарып, Республикаға Еңбегі сіңген халық әртісі атағын алып, зейнеткерлікке шыққан.

Қазір соңынан ерген бала – шаға, немере - шөберелері облыс, Қазақстан, шет елдеріне таныс беделді өнер иелері ата жолын жалғастырып келеді. Артына өшпес мол мұра ретінде шығармашылық өнер жолында қыл қобызын зарлатып бірнеше күйлердің авторы болған. «Сарын-Баубек» күйі қыл қобызшы орындайтын шығарманың бірі болып табылады.

Кеңес Одағы заманынан бастап бақсылық өнеріне тыйым салса да, Ұлы отан соғысы кезінде батырларымызды аруақтар қолдап жүргендігі, сол тылсым күш иесіне айналған қобыз аспабын аңызға айналдыру арқылы ел арасында қобыз дәстүрін сақтап қалғандығын көрсетеді.

 

Әдебиет

  1. Б.Е.Ғизатов. Қазақтың халық аспаптық музыкасы.- М: Музыка, 1988.
  2. Б.Сарыбаев Қазақтың музыкалық аспаптары. - Алматы: Өнер, 1981.
  3. Д.Тезекбаев. Қобыз үйрену мектебі. - Алматы: Өнер, 1980.
  4. С.Ш.Аязбекова. Картина мира этноса: Коркут - ата и философия музыки казахов. - Астана. АСТ Полиграф, 2011.
  5. Т.Қоңыратбай.Қазақ музыка тарихы. -Алматы: ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, 2011.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.