Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шилі ауылы: тарихы, бүгігінгі келбеті

Ауыл – ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі ата мекені. Ананың әлдиі, аяулы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін, туған ауылдың тарихын білу қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ұлттық болмысын сақтай алады деп ойлаймын. Алатаудың мұз балақ ақыны Мұқағали Мақатаев:

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы;

Бұдан артық рахат табылмайды, – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосақан болатын. Міне осындай туған жерге деген ыстық ықыласымыз ауылымыздың тарихы жайлы қалам тербеуге, өлең жазуға шабыт берді.

Жалпы аудан мұрағатында Шилі ауылының атауының шығу тарихына қатысты деректер жоқ болып шықты. Наурызым ауданына қарасты Шилі ауылының жергілікті тұрғыны Асипов Бауржан Қонарбайұлының (1964 жылы туылған) берген мәліметтері бойынша Шилі ауылы Наурызым ауданының орталығынан. Қостанай Арқалық обылыс орталығынан 220 - шақырым жерде орналасқан [1, 591 б.]. Бауржан Қонарбайұлының айтқан мәліметтері бойынша ауылдың аталу себебі «Ши» деген тал ағаш тәрізді қамысқа ұқсас ағаш, ауылдың төңірегінде өте көп өскен. Шиді өріп үй, қора көтеріп үстінен балшықпен сылаған. Сондықтан ауыл атауы Шиелі атанған [2] деседі.

Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты сақталатын түріне жатады. Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына кесілген. Мұны басқа мәдениеттер тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. Алайда, рулық экзогамияның жағымды жақтары да айқын. Осындай некелік қатынастар аралары жүздеген-мыңдаған шақырым ауылдарды бір-бірінежақындатты, туысқан етті. «Құда – мың жылдық» деген ұғым осыдан пайда болған. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы да осыдан. Ауылдар арасындағы ынтымақтастықтың артуы этностық тұтастықты нығайтып, бүкіл ұлт адамдарын бір әулет сияқты туыстастырды («Қарға тамырлы қазақ»). Ауылдың әлеуметтік құрылымына келсек, онда батыстық тұрғыдан қаралып жүрген тап, тап күресі, феодал, шаруа, қанау тәрізді ұғымдардың мәнсіздігін аңғарамыз. Біріншіден, рулық-ауылдық қоғамда отырықшы мәдениеттердегідей жерге деген жеке меншік дамымаған. Ол рудың меншігі болып есептелген. Бай ауылдастардың малы да бүкіл ауыл мүшелерінің игілігі ретінде табыс көзіне айналған. Тіпті, басқа ауылдан түскен қалыңдық та бүкіл ауылдың келіні болып есептелген [3].

Ауылда дәулетті бай кісілер өздерінің рулас туыстарын жақындарын қастарына жинаған, солай көп ауыл болған. Қасындағы ауылдармен қарым-қатынас жасап, қыз беріп, қыз алысып құда-жегжат болған. Осылай Шилі ауылы жиембет руының мекеніне айналған. Оның маңайында Құмжота деген жерде Сүгір руы мекендеген, Жаркөл ауылында Көтібақ руының мекені болған «Атадан мал қалғанша тал қалсын» дегендей, ауылдың зәулім теректері, ақ қайындары, талдарға қарағанда көз сүйсінеді. Ал жерге қарасаң тоғай маңын қарағай өскен бүлдіргеннің көп түрін көресін әсіресе кішкентай қой бүлдіргендер көп кездеседі. Құмжота Жаркөлде кәдімгі бүлдіргендер сай маңында бұлақтарға, жақын жерлерде өседі. Бұлақтар саны қырыққа жуық. Көзі ашылмаған қайнар бұлақтарды да кездестіруге болады. Бұлақ суы сапалы, сапасы «Tassay» суынан кем емес шипалы тұшы. Ауылға келген қонақтар міндетті түрде, бұлақ суын өздерімен бірге алып кетіп жатады. Көктемде жол бойы өскен әр түрлі қызғалдақтар бірнеше шақырымға созылып жатады. Шиелі жерінің шөбі шүйгін малға жайлы, өрісі кең. Өзендер мен көлдерде балықтың бірнеше түрі бар. Көктем кезінде құс базары басталады. Наурызым қорығының көлдері ауылға жақын болғандықтан және егін жинағанан кейін кұстар күндіз сол егіннің ортасында жайылып, кеш түсе көлге қайтады. Аққу, тырна, қоңыр қаз, қараша қаз, үйректің бірнеше түрі мекендейді. Күзде аңшылар обылысымыздың түпкір түпкірінен көрші облыс Ақтөбеден тіпті Ресей аңшылары да кұс аулаға келіп жатады [2].

Шиелі ауылының байырғы тұрғындарының айтуларынша, Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Шиелі ауылының тұрғындары да қиын қыстау кезеңді бастарынан өткізген. 1930 жылдары Шилі, Құмжота, Жаркөл, ауылдары өзалдарына жеке колхоздар болып егін егіп, мал бағып кеңестік үкіметтің қойған жоспарларын орындаған. 1937-1938 жылдардағы репрессия кезеңінің азабын Шиелі ауылының тұрғындары да көрген. Ауылдың көптеген білімді оқыған, көкірек көзі ашық колхоз басқармалары, ауыл мұғалімдері «халық жауы» деген айыппен сотталып Сібірге жер аударылған. Кері қайтып оралғандары болмаған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы басталғанда ауылдың кәмлеттік жасқа толған ер азаматтарының бәрін әскер қатарына, шақырып майданға аттандырған. Ауылда қалған қарттар мен әйелдер, балалар «Бәрі майдан үшін, бәріжеңіс үшін» деген ұранмен аянбай еңбек еткен. Шиелі ауылынан майданға аттанған соғыс ардагерлерінен аман-есен елге оралғандары: Сауқымбай Ағыбаев, Есенғали Ақылбеков, Досмағамбет Арыстанов, Қонарбай Асипов [4, 2, 78 б], Бәжікей Бекетаев, Ғарыпжан Бекмұхамбетов, Қараубек Бимелдин, Есенғали Бисенов, Жанайдар Біржанов, Қайырбек Есімтаев, Нәдіржан Жолдыбаев, Нұрахмет Исмұханбетов, Кептануш Евгений, Нұраш Кұлыншақов, Қойбағар Мергенбаев, Зия Мұхаметов, Болмақ Мыржакупов, Ахметжан Омаров, Петров Леонид, Кәмен Садыков, Мұсағали Сыздыков, Мария Топорова, Марғаждар Төлеужанов, Хитев Василий, Шевченко Петр [4]. Бір үйден кеткен ағайындарлардан біріде соғыстан аман оралмағандарыда бар. 2011 жылы Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға ескерткіш қойылды.

1954-1958 жылдары тың игеру кезінде ауылдарың өмірі өзгере бастаған Ресей, Украйна, Беларуссия, Молдовиядан көптеген «тың игерушілер» келе бастайды. Содан 1961 жылы үш колхозды біріктіп орталығы Шилі ауылы болады. Кейін Шиелі ауылы «Первая Семилетка» деген кеңестік шаруашылыққа айналады. Кеңшардың 500 ден астам отбасынан тұратын 3 бөлімшесі болған. Кеңшардың 18-24 мың гектар егістік жері,10 мың гектар шабындық тоғайы бар аймақтың бір шетті Шолақсай ауылы, Қожа ауылы, Наурызым қорығы шектесіп жатқан. Орташа деңгейдегі кеңестік шаруашылық болып есептелген ауылдың шаруашылығында екі мыңнан астам ірі қара мал, 28 мыңға жуық қой болған. Ауылдан жазғы балалар дем алатын пионер лагері ашылған. [2].

Кеңестік шаруашылық құлдырап ел нарыққа көшер тұста, Шилі ауылыда әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешті. Пысақай «кәсіпкерлер» алаяқтық жасап, ауылдың шаруашылығын талан таражға салған. Ауыл тұрғындарының көпшілігі жұмыссыз болғандықтан, күн көріс қамымен кәсіп іздеп ауылдан көшіп кетті.

Жаңа ғасырыдың басында Шиелі ауылын «Иволга Холдинг» ЖШС қарауына алып егін егіп, ауылдың тірлігіне жан біте бастады. Бүгінде ауылда 130-ға жуық отбасы тұрады. Ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін наубайхана, шатхана, аралас тауарлар сататын дүкен бар. 2013 жылы «Қызғалдақ» балабақшасы ашылды. Болашақта «Иволга Холдинг» серіктестігінің Шиелі аулында 1200 бас мүйізді ірі қара мал ұстайтын ферма ашу жоспарлары бар. Нарықтық экономиканың бастапқы тұсында ауылдың шабындық тоғайлы көп жерлері Сарымойын, Әлекбай, Танатбай, Кеншарық, Жаркөл, Қарасу жерлері Наурызым қорығына аударылды. Наурызым қорығы ЮНЕСКО тізіміне енгізілді.

Шилі ауылынан шыққан белгілі азаматтарымыз бар. Оларесімі обылысқа белгілі азаматтар: Абенов Арман Тарғынұлы (01.10.1970 ж.) Шилі ауылында туып өскен. Шилі орта мектебін бітіріп Мәскеуге Тимирязив атындағы ауыл шаруашылық академиясын бітірген. Бүгінде Қостанай облыстық әкімшілігінде жұмыс істейді. Жаукин Айдар Кәкімбекұлы (11 07 1971 ж.) Шилі ауылында туып өскен қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы күштер саласындадағы бас штабындаәскери қызметте. Кирик Сергей Витальевич «Енесей» Краснояр агромаш холдингінің бас директордың орынбасары. Исмухамбетов Әділбек Әбілқайырұлы «Қазақстан темір жолы» басқармасының төрағасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары. Сыздықов Рақымжан Сәкенұлы «Болашақ» бағдарламасымен Түркиядан оқу бітіріп, қазіргі кезде сырқы істер министірлігін де жұмыс істеуде [2].

Шилі ауылының әлеуметік-демографиялық келбетінің дамуына келсек, еліміздің жағдайы дұрысталып экономикасы дамып келе жатқан кезде, Шилі ауылын да бір шама көркейіп келе жатыр. Жаңа жұмыс орындары ашылып жеке шаруа қожалықтары мал ұстап жағдайларын дұрыстап жатыр. Қазіргі кезде Шилі ауылында 1орта мектеп бар, 25 орындық. Бір балабақша бар, кітапхана, қонақ үй, наубайхана және намазхана бар. Алдағы уақытта ойын-сауық клубын ашу жоспары бар [2].

Шиелі аулының тумасы Асипов Дінмұхамбет Қонарбайұлы әкім болып сайланды. Дінмұхамбет Қонарбайұлы осы уақытқа дейін қызметін аброймен атқарып келеді. Ауыл тұрғындары әкімнің қызметіне разы.

Жергілікті тұрғындар әулие деп таныған әжеміз Жолшарақызы Қоянаққа 2010 жылы ас беріліп, ескерткіш ашылды. Әжеміз ерекше қасиетті адам болған деседі.

2012 жылы Ұлы Отан соғысынан оралмаған майдангерлерге арналған мәрмәр тастан ескерткіш қойылды.

Біздің ауылдың Құмжота деген жерінде аудан орталығы Қараменді ауылын арасында 36 шақырым жерді құрайтын ойпатты жер, осы екі орта Науырзым қорығына кіреді, Шилі ауылы Сарыарқа платформасына жатса, Қараменді ауданы Үстірт платформасына жатады, ауылдың қарттарының айтуы бойынша осы екі ортаны «Торғай қақпасы», – деп атайды. Бұл ойпат Каспий теңізінен бастап, Ресейдегі Батыс Сібір ойпатына дейін созылады. Осы жерден үнемі жел соғып тұрады.

Қорыта келе айтпағымыз, Біріншіден, қырға желдің күшінен тоқ алатын электор құбырғысын орнатса, арзан электр тоғын алуға болады; Екіншіден, бұл тоқ қоршаған ортаға зиян келтірмейді, таза ауаны сақтар еді; Үшіншіден, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауыл адамдарына жаңа жұмыс орындарын ашша. Мәселен, Шиелі бұлағының суын халық игілігіне айналдыратын қаржы салатын кәсіпкерлер болса, ауыл тұрғындарына жұмыс орындары ашылар еді. Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауылымыз көркейіп, гүлденеді деп сенеміз. Үкіметіміз ауылды көркейтуге, жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді. Тек ауылым деп атқы мінер азаматтар көп болса, ауылдың балашағы зор болады.

Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сеніммен көз тастасақ біздің ауылымыз сәулеті асқан, дәулеті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенеміз.

Өлең-жыр сүйер қауымға, Айгерім Қонарбаеваның өзінің туған ауылы «Шиелі» туралы шығарғын өлеңін оқырмандар назарына ұсынамыз:

Ауылым

Алтын бесік ауылым, Алтын дала мекенім.

Сенде жүріп көркейіп,

Ауаңнан сенің дем алдым.

Мөлдір бұлақ суыңнан, Деміңе шипа аларсың.

Батпақ шалғай жерінен, Бойыға қуат аларсың.

Ауылымды мен жырлап,

Бойымды тік ұстармын. Ауылымның көркіне, Көзім тоймай қараймын.

Шилі менің ауылым,

Шилідей жер таппадым.

Киелі жер ауылым,

Жырға қосып жазармын.

 

Әдебиет

  1. Топонимика. Энциклопедический справочник. Т. 58. – Алматы:ТОО «Аруна Lid», 2010. – 816 с.
  2. Шиелі ауылының баырғы тұрғыны Асипов Бауржан Қонарбайұлының берген мәліметтері бойынша.
  3. 3.Электрондық ресурс. Ауыл. 20. 10. 2015 жылы алынды. https://kk.wikipedia. org/wiki/%D0%90%D1%83%D1%8B%D0%BB
  4. 4. Олар жеңіспен оралғандар. Т. 14, 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысына 65-жылдығына арналған. Ескерткіш кітабы. – Қостанай. – 2010. – 385 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.