Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биология пәнін оқытуда білімді қорытындылау сабағының әдістемесін жетілдіру

Сабақ – оқытудың басты формасы. Сабақ сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда деп айтуға болады. Күн сайын өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырары, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс- тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсендішығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - міндет. Ұтымды ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдер сабақты жандандырады, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім берудің негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру болса, бұл ретте мақсатқа жетудің басты шарты - өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ.

А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді «барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді, ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».

Қазіргі кезде оқушының ой - өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін тәжірибеде қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделген.Бұл жағдайда оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалынған оқыту технологиясы – құрылымы ортақ,бірақ мазмұны әртүрлі үш бөліктен: кіріспе, сөйлесу, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әр оқу модульінің сағат саны оқыту бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Мұғалім оқушыларды оқу модульінің жалпы құрылымы мен және мазмұнымен таныстырады. Оқушылардың осы оқу модульіндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының қабылдауына,түсінуіне ерекше көңіл бөледі.

Сөйлесу бөліміндегі оқу материалын меңгеру – тек қажетті құрал ғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету,қисынды ойлауды, түрлі құбылыстармен фактілер арасындағы байланысты көру білуді дамыту. Егер бұл бөлім дұрыс ұйымдастырылмаса,оқу модульіндегі оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа және оқушылардың дайындық деңгейінің мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатар кол жеткізгелі отыр.Қорытынды бөлім тарауды оқытудың тұтас циклін анықтайтын Рефлекциялық- бағалау кезеңі.Ол оқушылардың сөйлеу бөліміндегі танымдық қызметі барысында жағдай жасалынған дайындық деңгейін бақылауға тексеруге, бағалауға арналған.Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсілі ретінде тестілі оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады.Биологияны оқытудың өзінде оқушыларға ауызша(лекция), көрнекті құралдар, тәжірибелік (зертханалық)сабақтардың бірін – бірі толықтыра отырып оқушыға толықтай білім беруге болады. Оның өзінде оқушының күнделікті сабаққа дайындалып, жаңа ғылыми мақалалармен, әдебиеттермен танысып,білімін көтеріп отыруы керек. Неғұрлым оқытушының білімі жан – жақты,терең болса оның оқушылары соншалықты білімді болады.Сонымен қатарокушылардың білім деңгейі олардың өзіндік қабілетіне байланысты.Оларды үш топқа бөлуге болады.

  1. Бұл топтағылар берілген материалды толық меңгеріп, оған қосымша материал берсең де меңгере алады, оған өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек, яғни оның қабілеті басқа оқушыларға қарағанда жоғары.
  2. Бұл топтағылар материалды толық меңгере алады, бірақ кейбір сұрақтарға жеке, талдап түсіндіруді қажет етеді.
  3. Бұл топтағы оқушылар материалды баяу меңгереді, оларға бір материалды түсіндіру үшін бір сабақ жеткілікс із . Әр материалды бірнеше сағат және жеке отырып түсіндіру керек. Бұған уақыт аз және де бұлармен жұмыс істеу уақытыңды алады. Бұл кезде 1–шǐ топтағы оқушылар материалды меңгеріп қойған олар алға жылжығысы келеді. Осыған байланысты жақсы оқитын оқушыларға бөлек топпен оқытса дұрыс болар еді деп ойлайсың.

Оқушылардың білімі төмен болуы көбіне мына факторларға байланысты болады екен.

  1. Ойлау қабілетінің және интеллектінің төмен болуы.
  2. Сабақтан қалу, сабақты жіберу, сабаққа бармау.
  3. Денсаулығының төмен болуы.
  4. Сабаққа қалауының болмауы.
  5. Жанұяның және құрдастарының кері әсері.
  6. Оқушылардың білім деңгейі төмен болуы.
  7. Оқулықтардың, көрнекі құралдардың жеткіліксіз болуы.

Білім, білік, дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар екі түрлі өлшем арқылы жүргізіледі. Оның бірі – оқушының сөйлеу қызметі, түсіну, сөйлесу, оқу мен жазуы болса, екіншісі – білім деңгейін анықтау.

Биологиядан білімді қорытындылаудың бастапқы ұғымы – тапсырмалар.

Білім оқыту мен тәрбиелеудің адам,қоғам мемлекет игілігіндегі бір

мақсаттағы үрдіс ретінде танылады.Сондай-ақ білімді өзіңізді және қоршаған әлемді тану жемісі деп те анықтауға болады.Педагогикалық тапсырмалар оқушылардың өзін-өзі танудағы танымдық қызметін жетілдіреді белсенділігін арттырады,оқушылардың білім сапасын көтереді, сондай-ақ педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады.Педагогикалық тапсырмалар тест және тестік емес түрде жасалады. Шет елдік білім беруде тестік түр екі тапсырмадан тұрады.Бірі-білім беруші-оқыту тапсырмалары оқу үрдісінде жеке адамды дамытуда,ал бақылау-білім басқармаларындағы оқу кезеңінің аяқталу барысында дайындықтың құрылымы мен деңгейін анықтау мақсатында

қолданылады.Тапсырмалардың көп бөлігі оқыту мен бақылау үшін қолданылады. Тест тапсырмаларындағы түр- элементтерді орналастыру мен ұйымдастырудың үлгілі принципі, ұстанымы сондай-ақ ол– тәртіптілікті реттейтін, топтастыратын ұстаным анықтамасы.

Әрбір тақырыппен әрбір тарауды өткеннен кейін, оқушылардың ойын, алған білімдерін тиянақтау,қорытындылау үшін тесттің тигізетін көмегі көп.

Оқушының логикалық ойлауын,жалпы жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдануда тест тапсырмаларының орны ерекше. Білім алу-шылар категориясына қарай дәстүрлі(жалпы білім беру), орта білім алушыға бағытталған, тереңдетілген білім беру, дарынды білім алушылармен жұмыс жүргізу технологиялары тест тапсырмаларын жасауда негізге алынады.

Тест тапсырмалары-Қысқалық:Қажетті сөздерді жан-жақты таңдау (символ,график),максималды нақтылық, қайталау, түсініксіздік, сирек қолданылатын сөздерді (түсініксіз) қолданбау,шешім қабылдауда қиыншылықтарға кезіктірмеу.Технологиялық:аудиовизуалды құралдар көмегімен жүргізу:дәл,тез,үнемді,о бъективті,манито р экранында түрі мен мазмұны жақсы көрінуі тиіс.

Тест тапсырмалары барысында қолданылатын әдіс түрлері: Дәстүрлі проблемалық әдіс:алынған шешімдер мен нәтижелерді бір жүйеге түсіріп, оларды қолдану жолдарын анықтау көзделеді.Әңгіме әдісі(еске түсіретін): меңгеруге тиісті материалдардың түйінді мәселелерін оқушылардың өздері ашатындай жағдай тудыру қажет.Байқау әдісі:мәселен,сөз тіркестерін жазуда да, сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшін,оның мағынасы мен формаларын білудің міндет екенін аңғару. Байқалғандарынан ненің басты, ненің қосымша фактор екенін аңғарып, Соның негізінде дұрыс қорытынды шығару, ой қорытындысының дұрыстығын байқаған дәйектемелермен дәлелдеп беру.

Тест тапсырмаларын құрастыру алдында мұғалім биологиядан өтілген барлық сабақ барысының әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық оқу іс-әрекетін жандандыра,белсендіре алатындай нақты міндеттерді айқындап алып,жоспарын құрады.Жоспар сайып келгенде, оқыту үдерісінің нәтижесіне болжам жасай отырылып,шәкірттердің білім сапасының жоғарылығы олардың өз іс-әрекеттерінің сипатына тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа алады. Оқытудың жүйелілік, бірізділікпринципі де басты назарда ұсталады. Оқу материалын саналы түсінуі үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігі, ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді.Түрлі шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді. Сонымен бірге,ережелер мен анықтамаларды саналы түсінуі үшін оқушылар тіл фактілерін дұрыс ажырата білуге машықтанады (сөз тіркесі,еркін тіркес, атаулы тіркес т.б.).Оқытудың берік, тиянақты болу принципі – тест тапсырмаларын орындауда басшылықта ұсталынатын негізгі де өзектісі.Тест тапсырмаларын үзбей орындап отыратын оқушыларда сабақтағы материалды жан-жақты меңгеру,есінде берік сақтау құрғақ жаттауға жол бермеу білгенді ұмытпау үшін қайталау, өзін-өзі бағалауқасиеттері қалыптасады.

Білімді қорытындылау сабағын жетілдіру әдістерінің дидактикалық негіздері. Дидактика - педагогиканың маңызды саласы.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А.Коменский пайдаланып,1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды.

Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Жаңа әлемдік білім беру жүйесіне көшу барысында оқушыларды жан-жақты тұлға етіп қалыптастыру орта мектептердегі барлық пәндерге ортақ мақсат етіп қойылды. Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру,тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әр жақты дамыту мақсаттары қойылады. Биология пәні де оқушыларға табиғат туралы ғылыми және технологиялық білім беру,ғылыми көзқарас қалыптастыру,солардың негізінде экологиялық,экономикалық, адамгершілік,еңбек, т.б тәрбиесін беру,олардың бақылау,қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.

Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталаудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды (қайталау - оқытудың анасы), оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді.Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп,тыңғылықты әзірлігін қажет етеді.Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі.

Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады. Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек. Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен

(ауызша,жазбаша,графикалық,лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады.

Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет,білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар

дидактиканың өз Категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу,оқыту принциптері, оқыту процесі,мақсаты, міндеттері,

мазмұны,түрлері,әдістері, құралдары оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік.

Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс -әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі Оқыту процесі -білімді,біліктілік пен дағдыны меңгертетін,оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс- әрекет барысы.

Оқу барысында оқушының сана-сезімі,адамгершілік қасиеттері,эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктер іне назар аударайық. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты,әдістәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту - таным процесі.Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат,қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.Оқушы дүние тануда Бұрын ғылымда белгілі болған,зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі,ғылым тарихымен,оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым -қатынаста,ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі,бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды.Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.Бұдан шығатын қорытынды:оқыту баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді;оқыту – бала дамуының алғы шарты.Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Л.С . Выготскийдің баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады.Олбаланың кешегі күнгі дамуына емес,ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді, осыған орай, бала дамуының ''екі зонасы'' болатынын айтады.''Бірінші зона'' -бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай,мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (''екінші зонаға'') жеткізуге міндетті екендігін айтады.

Оқушының жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады.Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.Оқыту -екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс.өйткені, оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылы-ғы арқасында ғана жүзеге асады.Оқыту жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған,ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.Оқушы білімді қысқартылған,педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отырып меңгереді. Сөйтіп,оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.Оқыту- бұл күрделі процесс.Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас(комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыларға білім беру.

Білім беру,біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен,қағида және түсініктермен,заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде,айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Екінші қызметі - тәрбиелеу.Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып,жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту.Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады.Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады .Демек,тұлғаға білім бере отырып,оны тәрбиелейміз,тәрбиелей отыра білім береміз.Сөйтіп,тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі - дамыту.Оқыту барысында оқушы-ларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б.көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына,біліктіліктері шыңдалып,қабілеттерінің артуына оң әсер етеді.Демек,тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды

(байқағыштығы,ойы,есі,қиялы секілді психикалық процестері деқарастырылады).Даму қызметінің ерекшелігі сол,ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан,дамудың қарқынды,жан-жақты әрі,терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді. Дидактикада ''Жетілдіре оқыту нәтижесі'' процесі 1960 жылдардан басталды. Осы негізде Л.В.Занков, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, М.А.Данилов, М.Н.Скаткин еңбектерінде, оның жолдарын шешу үшін әртүрлі принциптерді ұсынды. Солардың ішінде Л.В.Занковтың оқу процесі арқылы білім беруді қарқынды, ұйымдастыру,оқушылардың оқуды саналы меңгеруін қамтамасыз ету ережесін ұсынылды.Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуына да оңтайлы әсер етеді.Білім беру технологияларының проблемасы педагогикалық инновациялардың,авторлық мектептер мен новатор мұғалімдердің мол тәжірибесі әрдайым жалпылық пен жүйелілікті талап етеді. Каркасты жүйелі түрде құратын негіз ретінде педагогика үшін жаңа ұғым «технология» және педагогикалық үрдістерді анализдеудің және жобалаудың жаңа жолын мақсатқа лайықты қолданған жөн.

Қазіргі уақытта педагогикалық лексиконға педагогикалық технология ұғымы берік енді.Дегенмен,оның қолданылуында үлкен, әртүрлі түсіндірмесі бар.

Технология – қандай-да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы (түсіндірме сөздік).

Технология – бұл өнер, шеберлік, іскерлік, қалыпты жағдайды өзгерту және қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы (В.М.Шепель).

Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрама іс жүргізу бөлімі (М.Чошанов).

Педагогикалық технология ұғымының үш жағы бар:

  1. Ғылыми: педагогикалық технологиялар – оқытудың мақсаттары, мазмұны мен әдістерінін зерттейтін және педагогикалық үрдістерді жо балайтын педагогикалық ғылымның бір бөлімі;

2.Іс жүргізу-түсіндірмелі: оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету үшін мақсат, мазмұн, құралдар мен әдістер жиынтығын, үрдісті түсіндіру.

3.Іс жүргізу-әрекеттілік:Технологиялық үрдістерді жүзеге асыру, барлық жеке,инструменталды және методологиялы педагогикалық құралдарды функционалдау.Сөйтіп, педагогикалық технология білімді қорытындылау мен бағалаудың тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, және оқытуда қолданылатын әдістер, приниптер мен регулятивтер жүйесі ретінде және нақты оқыту үрдісі ретінде жұмыс істейді.

 

Әдебиет

  1. «Білім кілті», №4-6.
  2. «Биология және салауаттылық» журнал №1, 2010.
  3. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі. 2006. №6, 39-40 б.
  4. Бозбаева Г. Оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №5, 48 - 51 б.
  5. Исманбетова М. Модульді оқыту. Биология және салауаттылық негіздер. 2006. №3, 30 – 34 б.
  6. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы» Алматы, 2006
  7. Г. Жүнісқызы. Биология оқыту әдістемесі. Биология және салауаттылық негіз. 2003. №4, 9 – 17 б.
  8. «Қаз ақс тан мектебі», №12.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.