Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибие

Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады. Мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік қызметтің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттей отырып, сыбайлас жемқорлық мүдделі топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады.

Біріншіден, барлығы мойындағандай, сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдықтұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік үқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн.

Үшіншіден, осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті – осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.

Жемқорлықты болдырмау үшін, біздің пікірімізше, экономикалық, құқықтық және саяси сипаттағы шаралар кешенін қабылдау керек, олар:

  1. Сыбайлас жемқорлықтың сайлау үдерісіне ықпалын азайту. Сайлау рәсімінің тазалығы және ашықтығы, ең алдымен – сайлау науқандарын қаржыландыру.
  2. Заң шығару органдарына сыбайлас жемқорлықтың ықпалын кеміту. Ол үшін депутаттарды қылмысты жауапқа тарту рәсімін ықшамдау керек. Конституция мен елдің заңдарына сүйене отырып, партия қызметіне мемлекет тарапынан бақылауды күшейту. Партиялардың құрылуын қолдау қажет, үміткерлердің сайлаушылар алдында жауаптылығын арттыру, оларға ашық түрде өздерінің үміткерлерін таныстыру, саяси әлеуметтік тетігіне ие болу және олар үшін жауап беру.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуші кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондықтан олардың жұмысын жетілдіру, ішкі сатқындардан тазарту – ең алдыңғы міндеттердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін:
  4. Ең алдымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру;
  5. Құқық с ақтау органдарын заманауи техникамен қамтамасыз ету деңгейін көтеру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды енгізу қажет.
  6. Жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламалар қабылдау. Әр ведомствоға өздерінің ерекшеліктеріне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстар құрылымы және жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру тәсілдері бар. Олардың әрқайсысына сырттан мамандарды тарту арқылы ерекше бағдарламалар жасау керек. Ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды әрбір үш-бес жылда жаңартып отыруды тәжірибеге енгізу қажет. Осы салаға алуан түрлі сыбайлас жемқорлықтыжұқтырған мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларға ревизия жасау да жатады.
  7. Насихат және хабардарлық. Бұл шаралар кешені төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
  8. басқа елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты бағдарламаларды зерттеп, игеріп, үлгісін тарату;
  9. аймақтардың, ірі кәсіпорындардың, салалардың, билік тармақтарының шешімдер ін және олардың өкілдерінің әрекеттерін бір- бірімен салыстырып отыру, сыбайлас жемқорлық деңгейінің көрсеткіштерін бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялау және пайдалану;
  10. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде тұрақты ақпарат беріп тұру.
  11. Халықаралық ынтымақтастық. Егер ұлттық сыбайлас жемқорлық нақты бір елдегі жалпы проблемалардың пайда болуына себеп болса, халықаралық өзара әрекеттен туындаған сыбайлас жемқорлық осы өзара әрекеттердің толық жетілмеген іне байланысты. Сондықтан өзара әрекет ету тетігін жетілдіруге бағытталған күш қолдану қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемісті нәтиже беру үшін мынадай ұсыныстар ескерілуі тиіс:
  12. жемқорлыққа қатысты азаматтардың адами ұстанымын қалыптастыру;
  13. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
  14. мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан ұстанымы олардың мәртебесіне сай болуы;
  15. мемлекеттік қызметкерлердің табысын және олардың заңға сәйкестігіне шынайы бақылау жүргізу;
  16. қылмыстық жолмен тапқан пайда мен мүлікті тәркілеудің тиімді тәртібін енгізу;
  17. мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында қоғам мен мемлекет осы мемлекеттік қызметшілерге беретін жеңілдіктерді заңда нақты белгілеу.

Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалықөркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді. Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине, еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады. Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.

Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі. Осыған орай, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деген ойдамыз. Айтылғандарды қорытындылай келе, айтатымыз:

  • жағымсыз элеуметтік-экономикалық факторлар кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, өрістеуі және таратылуының себептері болып табылады.
  • алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық факторлар белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған құралдар болуы әбден мүмкін.

Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту.

Сыбайлас жемқорлық - бұл әлеуметтік жауыздық, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Құқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің жоқтығы жатады. Ал бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекци онизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар непотизм мен саяси демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады. Ал бұл – құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың өзі де сыбайлас жемқорлыққа малынған, біріншіден, институционалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге күші жетпейді, екіншіден құқық қорғау органдарын сыбайлас жемқорлық субъектілері өз заңдарына бағындырады. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі жазаға тартылмағандықтан, қылмыстық істерін одан әрі жалғастыра береді. Көп жағдайда сот жүйесі сыбайлас жемқорлық субъектісіне қатысты өз бетінше және тәуелсіз шешім шығара алмайды. Тәуелсіз құрылымдар енгізілген бірқатар елдер (АҚШ-та тәуелсіз прокурор, Гонгконгта, Сингапурде, Малайзияда, Тайванда тәуелсіз комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нақты жетістіктерге қол жеткізді. Бұндай мекемені құру кезінде билік пен мүлік, саясат пен ақша мәселесі жүйелі шешімін табуы керек.

Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени - этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала «материалды емес». Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі. Мәселен, «керек» адамды мейрамханаға шақыру, «ерекше» бір көмегі үшін біреуге құнды сыйлық беру, жоғары оқу орнына түсуге көмектесу тағы сол сияқты этикаға жатпайтын қылық деп танылмайды.

Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделінезалал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.

Қылмыстық кодекстен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ұғымын алып тастап, орнына лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымын енгізу керек деп ойлаймыз. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлға ұғымы, біздің пікірімізше, осы ұғыммен алмастырыла алады.

 

Әдебиет

  1. Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің проблемалары. //Заң. - №2. 2008. – Б. 25-29.
  2. Алауханов Е. Казахстанское и зарубежное антикоррупционные законодательства. //Заң және Заман. - №1. 2008. – С. 32.
  3. Аленчинов Ж. Исторические предпосылки формирования коррупционного правосознания в Казахстане. // Фемида. - №2. 2007. – С. 11.
  4. Алданжаров А. Борьба с коррупцией в Англии. //Юридическая газета. - №7. 2005. – С. 13-14
  5. Ахметов А. Коррупция в минусе когда борьба с ней. //Казахстанская правда. - №.127. 2007. – С. 1-2.
  6. Вагапов Р. От качества законов зависит уровень коррупции. //Зако н и правосудие. - №3. 2008. – С. 7.
  7. Жандарбеков Р. Жемқорлықпен күрес ешқашан бәсеңдемейді //Арқа Ажары. - № 8. 2008. – Б. 2.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.