Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық құқық нормаларын ұлттық соттың қолдану мәселелері

Халықаралық шарттардың нормаларын тікелей пайдалану қажеттілігі туралы көптеген елдердің мамандары мәлімдейді. 2002 жылы 18-20 тамызда қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасы (ЮНЕП) аясында Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) құқықты тұрақты дамыту және рөлі бойынша жаһандық Симпозиумы өтті, оның жұмысына әлемнің 60-тан астам мемлекетінің сот билігі жүйесі өкілдері, сонымен қатар Қазақстаннан да өкілдер қатысты. Симпозиум қатысушылары құқықтың рөлі мен тұрақты дамуы туралы Йоханнесбург қағидалары деп аталатын Судьялардың Бүкіләлемдік Симпозиумының қорытынды құжатын қабылдады. Бұл құжат заңдарды қолдану және орындау арқылы құқықтың тұрақты дамуы мақсатына жетуге бағытталған. Құжатта «... ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде сот процесіне үлесін қосатын сот органдарының мүшелері мен тұлғалар халықаралық және ұлттық құқықтың сақталуын, жүзеге асырылуын және қолданылуын қамтамасыз етуге көмектесетін басты әріптес болып табылады. ...судьялар ұлттық заңнамадан басымдыққа ие халықаралық шарттардың тікелей қоданылуының міндеттілігін және олардың барлық жерде орындалуын назарға алуы тиіс» [1].

Халықаралық құқық нормаларын қолдануын өткір және анық түрде ұлттық соттардың қызметінен көруге болады және бұл қазіргі құқықтың дамуының оңды жағымен байланысты, себебі, адамдар сотқа қорғау органы ретінде жүгіне бастады.

Сот қызметінде белсенділіктің осыған ұқсас арту процесі нарықтық экономиканың негізін құрған ТМД барлық мемлекеттерінде байқалады. Сол үшін оларда ұлттық соттардың халықаралық құқықтық нормаларын қолдану мәселесі кең ауқымда талқылануда. Бірақ бұл мәселе дамыған демократиялық елдерде де өзекті. Американдық ғалым Дж.Гинзбург бүгінгі күні демократияға бет бұрған көп елдерге үлгі болып отырған американдық конституциялық жүйедегі билікті бөлу және оның үш тармағының теңдігі доктринасы биліктің үш тармағының бір біріне еркін таңу мүмкіндігінен айырады деп айтады. Бірақ олардың арасындағы халықаралық аспектідегі келіспеушілік болған жағдайда судьялар Конституция елдің сыртқы саясатын жүзеге асыру бойынша басты жауапкершілікті атқарушы билікке артып отырғандығын сезіне отырып, «бұл салада президент және оның аппаратының керемет білімі және тәжірибесі бар, ол әрине, халықаралық құқықтың практиканы да қамтиды» деп мойындайды. Ары қарай Дж.Гинзбург мынадай қорытындыға келді: барлық жағдайларды шешуде өздерінің жеке қорытынды шығару құқықтары барына қарамастан соттар атқарушы билікке жүгінеді [2].

Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттардың халықаралық құқық нормаларын қолдануын сөз еткенде Ресей Федерациясының тәжірибесі қызық көрінеді. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттардың халықаралық құқықты дұрыс және біртекті қолдануын қамтамасыз ету мақсатында 2003 жылы 10 қазанда Жоғары Сот Пленумының «Халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларын және Ресей Федерациясының халықаралық шарттарын жалпы юрисдикция соттарының қолдануы туралы» Қаулысы қабылданды. Қаулыда Ресей Федерациясының халықаралық шарттары халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормалары бірге мемлекеттің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болады деп жазылған. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігіне Ресей бұрынғы КСРО-ның мұрагері ретінде мойнына халықаралық құқықтар мен міндеттемелер алған КСРО халықаралық шарттары жатады.

РФ Жоғарғы Сотының Пленумы адам құқықтары мен негізгі бостандықтары саласында негізгі рөл халықаралық шарттарда деп атаған. Сондықтан мемлекетішілік деңгейде халықаралық құқық ережелерін жүзеге асырумен байланысты сот қызметін болашақта жетілдіру керек. Пленум түсінік береді, соның ішінде: «Ресей Федерациясында халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидалар мен нормаларына сай және Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі және мойындалады. Ресей Федерациясы Конституциясының 46-бабының 1- бөлігіне сәйкес әркімге құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауғакепілдік беріледі. Осыдан анықтасақ, адамдар құқықтар мен бостандықтары жалпыға танылған қағидалар мен халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес, сонымен қатар, РФ халықаралық шарттары бойынша Ресей Федерациясының юрисдикциясында тікелей іске асырылады. Олар заңның мағынасын, мазмұнын және қолданылуын, заң шығарушы және атқарушы биліктің қызметін, жергілікті өзін-өзі басқаруды айқындайды және сот төрелігімен қамтамасыз етіледі.

Беларусь зерттеушісі Л.В.Павлованың ойынша, халықаралық жария құқық саласындағы көптеген шарттар ұлттық құқықтық салада тікелей қолдануға жарамайды. Егер мұндай қасиет дәлдігіне, нақтылығына және мемлекетішілік реттеуге бағытталуына байланысты халықаралық жеке құқық нормаларына тән болса, ал халықаралық жария құқығының нормаларына көп жағдайда жалпылық, абстрактілі нысан тән, бұл оларды халықаралық ынтамақтастықта ғана қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, егер халықаралық құқықты ұлттық құқық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде немесе оның ережелерінің ұлттық заң но рмаларымен қайшылығы кезінде басымдығын жариялап, ұлттық имплементациялық тетік халықаралық шартқа сілтеме жасаса, бұл соттың оған нақты жағдайда жүгінуі тиіс дегенді білдірмейді. Шарт ережесінің мазмұндық жарамсыздығы оны қолдануға жатпайтындай етеді [3].

Бұл жерде зерттеушінің айтқаны дұрыс екенін мойындаған жөн. Өкінішке орай, бүгінде халықаралық құқық нормаларына жүгіну – сот тәжірибесінде соншалықты кең таралған емес.

Мұның объективті себептерімен қоса субъективті себептері де бар. Объективті себептерге бұрынғы антикалық «заңда көрсетілгеннен басқа қылмыс жоқ» қағидасын ұстанған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекстерін жатқызуға болады. Сондықтан тиісті но рмативтік құқықтық актілерде көрсетілгендей ҚР қылмыстық заңнамасы мен ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының тиісті Кодекстерінен тұ р ады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын басқа заңдар Кодекске енгізілгеннен кейін ғана қолданылуға жатады. Бұл талап халықаралық құқық нормаларына да қатысты. Қылмыстық сот өндір іс і мен қылмыстық құқықтың материалды нормаларына қатысты халықаралық құқық нормаларын тікелей қолдануға болмайды. Тек тиісті нормалар іс жүзінде ұлттық құқыққа имплементацияланғаннан кейін ғана қолданылуға жатады.

Сондықтан халықаралық құқықтың нормаларын кәсіби судьялармен қатар алқа билері де білуі қажет. Халықаралық құқықтың жалпы танымал қағидалары мен нормаларын тікелей қолдануға келмесе де, сот істі қараған кезде олар маңызды рөл атқарады. Мысалы, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қаз ақс тан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 25 бабында былай делінген: сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді іс бойынша жинақталған дәлелдерге негізделген өздерінің ішкі сенімдеріне сүйеніп, заң мен арын басшылыққа ала отырып бағалауы тиіс. Сот пен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ішкі сезімі оның білімі мен мәдениетіне, және әділеттілікке ұмтылысын қалыптастырады.

Қазақстанда Жоғары сот органының халықаралық-құқықтық құжаттарға жүгінуі практикасын көрсетуге болады. Сотқа дейінгі істі жүргізу кезінде адам құқықтары мен бостандықтарының орындалуын қамтамасыз етуде маңызды орынды «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» 1993 жылғы Минск Конвенциясы (ТМД-ның 12 мемлекеті қатысушысы) мен және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек мәселелерін реттейтін екіжақты халықаралық шарттар алады.

Халықаралық бақылау мәселесі қазіргі халықаралық құқықтың барлық салаларымен, бірінші кезекте халықаралық шарттар құқығымен байланысты. Алайда, 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясында халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасын бекіткен 26-баптан басқасы халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерді көрсеткен нормалар жоқ. Халықаралық бақылау – салыстырмалы түрде халықаралық құқытың жаңа институты ретінде қарастырылады. Оның объектісі болып халықаралық құқық нормаларымен реттелетін әр түрлі халықаралық қатынастар, сонымен бірге мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша, халықаралық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті қызметі табылады.

Халықаралық жүйеде шарттық ережелердің толық және бірыңғай орындалуын қадағалайтын бірыңғай орган жоқ. Сондықтан мемлекеттер өздері бақылау механизмдерін жасайды, арнайы комитеттер құрады, олар шарттарды жүзеге асыру бойынша өткізілген шараларды талдау үшін жиналып тұрады. О.И.Тиунов, И.И.Котляров еңбектерінде халықаралық бақылау қызметінің мазмұнына ауқымды түсінік беріледі. Бұл еңбектерде халықаралық міндеттемелердің бұзылмауын алдын алудағы бақылаудың рөлі туралы және олардың толық, адал, әрі уақытылы орындалуы мақсаттары туралы айтылады [4].

Р.М.Валеевтің айтуынша, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық кеңейген сайын, ғылыми-техникалық прогресс пен халықаралық құқықтың мәселелер жаһанданған сайын халықаралық бақылаудың рөлі артып, жаңа нысандар мен әдістерге ие бола бастайды. Халықаралық бақылауға қазіргі кезде келесідей анықтама беруге болады, бұл халықаралық құқық субъектілері мен олар құрған органдардың қазіргі халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына негізделген қызметі және бұл қызмет мемлекеттердің халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауын бақылаудан және оларды орындау бойынша шаралар қабылдаудан тұрады [5].

Әлемдік деңгейде халықаралық құқықтың жасалуы мен қолданылуы ісінде неғұрлым тиімді ұйымдастырушы, бақылаушы функцияны Біріккен Ұлттар Ұйымы атқарады. БҰҰ Жарғысында осы ұйымның функциялары 80 толықтай бекітілгенімен, ол туралы халықаралық құқық бойынша көптеген еңбектерде жан жақты жазылғанымен, оның кейбір органдары мен олардың негізгі, соның ішінде бақылау функцияларына тоқталған жөн. Жарғысына сәйкес БҰҰ қызметінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады: халықаралық бейбітшілік пен қауіпс іздікті қамтамасыз ету; теңдік және халықтардың өз тағдырларын өздері анықтау қағидасын сыйлау негізінде ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту; бүкіләлемдік бейбітшілікті нығайту үшін басқа да тиісті шараларды қабылдау; экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешу бойынша және адам құқықтары мен нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлығының негізгі бостандықтарын сыйлауды көтермелеу мен дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; осы ортақ мақсаттарға жетуде ұлттардың әрекетін үйлестіретін орталық болу.

Осылай айта келе, басқа мемлекеттермен экономикалық, саяси, мәдени және басқа да байланыстардың кеңеюіне байланысты құқықтық ынтымақтастықты нығайтатын елдердің де саны көбейеді. Сондықтан 2002 жылы 20 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұжырымдамасында халықаралық құқықтық дамудың басым бағыттардың біріне қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құқықтық көмек туралы, қылмыскерлерді ұстап беру, жедел іздестіру, ғылыми- техникалық, статистикалық ақпараттармен алмасу бойынша, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау туралы, сондай-ақ, түрлі іс шаралар мен арнайы операцияларды бірлесе өткізу туралы, мамандардың өзара тәжірибе алмасуы мен оқуы туралы екіжақты халықаралық шарттар жасау және қабылдау жатады Сонымен бірге, ТМД, ЕурАзЭҚ және ОАЭҚ және басқа ұйымдар аясындағы қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, қылмыстық қудалау үшін беру, қылмыстылықтың ауыр түрлерімен бірлесе күресу туралы халықаралық келісімдерге мемлекеттің катысуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау қажет деп саналған.

Қорытындылай келе, ең алдымен, аудандық соттардан бастап, Жоғары сотқа дейін барлық сот органдары қолданыстағы құқықты, соның ішінде халықаралық құқықтың нормаларын қолданып, сондай-ақ, ұлттық және халықаралық құқық нормаларын қолдану тәжірибесінде туындаған қайшылықтарды жоюы тиіс. Туындаған мәселелерді сәйкес бірінші кезекте с о ттық органдар, яғни аудандық соттан бастап Жоғарғы сотқа дейін қабылдауы керек. Бұл Республика мойындаған халықаралық құқықтық нормалар мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және сол арқылы Конституциямыздағы Қазақстан Республикасы құқықтық және демократиялық мемлекет деген ереже іске асырылады.

 

Әдебиет

  1. Йоханнесбургские принципы о роли права и устойчивого развития//Зангер. – 2002. – №9. – С.9.
  2. Гинзбургс Дж. Американская юриспруденция о взаимодействии международного и внутреннего права//Государство и право. – 1994. – №11. – С.86.
  3. Павлова Л.В. Международное право в правовой системе государств//Белорусский журнал международного права и международных отношений.
  4. Тиунов О.И. О понятии международного контроля // СЕМП. –1988. – М. – 1989. – С.99.; Котляров И.И. Правовые вопросы контроля за соблюдением международных обязательств//Международное сотрудничество и международное право. – М., 1977. – С.40.
  5. Валеев Р.М. Контроль в современном международном праве: Автореф. дис. д-ра юрид. наук. – Казань, 1999. – С.40.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.