Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пробациялық қызметті қамтамасыз етудің құқықтық ұйымдастыру механизмдері

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде қылмыстардың құрамы, олардың қоғамдық қауіпт іл іг ін ің сипаты мен дәрежесі негізінде құрастырылған. Қазақстан Республикасы ҚК Жалпы бөлімінде қылмыстық-жазаланатын әрекеттер санаттары бойынша жіктеу көзделген. ҚК 10-бабына сәйкес қылмыс онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр қылмыс ретінде қарастырылады. Құқық бұзушылықтың келтірілген нормаларының мағынасы бойынша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қоғамдық қауіптілігі жоғары емес болып табылады.

Сынақ режимін тағайындау кезінде құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктерін есепке алу міндеті пробация шараларын әділ, тиімді қолданудың маңызды шарттарына жатады. Сотталғанның жеке басын зерттеу, оны пробацияға көшіру орындылығы жөніндегі сұраққа жауап беру үшін туған. Ол тұлғаның мінез-құлқының, естілім және эмоционалдық-жігерлік саласының, оның адамгершілік және әлеуметтік жетілгенінің, құқық бұзушының отбасындағы өмір жағдайларының, оның туыстарымен және басқа адамдармен өзара қарым-қатынасының, өзекті мәселені шешудің криминалдық түрін таңдаумен байланысты жағдаяттардың, жәбірленушіге қатынасының және жасалған қылмыстағы өзінің жеке рөлінің ерекшеліктерін таңдаумен байланысты. Осындайзерттеулер процесінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің бақылауын қүқық бүзушы қаншалықты қабылдауға қабілетті, және оның әртүрлі өмірлік тауқыметтерді жеңуде көмегін және ол қоршаған шындыққа деген өзінің көзқарасын өзгертуге, «қоғамға оралуға» дайын ба екендігін анықтау қажет. Аталған жүмысқа тәжірибелі психологтарды және басқа адамның бейәлеуметтік мінез-қүлқын түзеумен айналысатын мамандарды тартудың маңыздылығына назар аударған жөн.

Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән- жайлар сәйкесінше Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53, 54 баптарында көзделеді [2]. Бүл мән-жайлар жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігін және қылмыскердің жеке түлғасын көрсететін мәліметтерінің маңыздылығы дәрежесі бойынша үқсас. Бүдан басқа, ҚК 53 б. 2 т. сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар толық сипаттама бере алмайды және сондықтан сот үшін сынақ қадағалауын тағайындау туралы үқыпты дара тәсіл негізінде қабылдауға қолайлы мүмкіндік жасалады.

Пробация шартты түрде соттау кезінде қүқық бүзушының (сотталғанның) мінез-қүлқына бірқатар заң талаптары қойылуымен байланысты сотпен арнайы мемлекеттік қызметтің қадағалауына берілетінін және сынаққа тартылатынын білдіреді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес «сынақ мерзімі және пробациялық бақылау мерзімі сот үкімі заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі» (Қазақстан Республикасы ҚАК 183 б. 1 т.) [2]. Сынақ мерзімінің үзақтығы бір жылдан үш жылға дейін (Қазақстан Республикасы ҚК 63 б. 3 т.).

Сот үкімі заңды күшіне енген сәттен бастап, сынақтан өтуші мен қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің арасында қүқықтық қатынастар пайда болады. Оларды дүрыс атасақ, шартты түрде сотталғанға қатысты арнайы заңдық міндеттерді белгілеуде іске асырылатын криминалдық бақылаудан кейінгі бақылау қатынасы.

Жалпы мемлекет және қүқық теориясында міндеттер жеке түлғаның тиісті мінез-қүлық шарасы ретінде белгіленеді. Басқаша айтқанда, бүл түлғаға арналған қүқықтық негізі бар, оларды орындауға міндетті әртүрлі талаптар. Кеңестік қылмыстық қүқықтағы шартты түрде соттау институтының дәлелді сынға үшырағанын, сол себепті, қадағалауға жататын адамға жүктелетін арнайы міндеттерді көздемегенін атап ө ту ім із қажет. Қазақстан Республикасы ҚК 63 б. 5 тармағында сынақтан өтушіге криминалдық бақылаудан кейінгі міндеттерді шешуге бағытталған, қылмыскердің түзелуі үшін ең қолайлы жағдайларды жасау мазмүндалған. Заңның сынақ мерзімі аяқталуы бойынша қылмыскерді өзінің түзелуін дәлелдеуге бағыттайтын мән-жайлары назар аударуға түрарлықтай.

Қазақстан Республикасы ҚК 63 бабының нормасында сотталғанның мінез-қүлқына сілтеме бар. Осылайша, нақ сол қылмыскердің түзелуіне өлшем болады, оның түзелуі жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген заңдық талаптарға сәйкес шартты түрде соттауды қолдануды даралау қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы ҚК 63бабының 5 тармағында сынақтан өтушіге қойылатын талаптардың келесі түрлері көзделген:

  1. Тұрғылықты жерін, жұмысын немесе оқуын қылмыстық-атқару жүйесі инспекциясының пробация қызметін хабарландырмай, ауыстырмау міндеті.
  2. Белгілі орындарға бармау міндеті.
  3. Маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныстық қатынастан жұғатын соз ауруларынан немесе АИТВ/ЖИТС-тен емделу курсынан өту міндеті.
  4. Отбасына материалдық қолдау көрсетуді жүзеге асыру міндеті.

Аталған жағдайлар негізгілер болып табылады және әртүрлі елдердегі, соның ішінде осы зерттеудің беттерінде қарастырылған пробацияны қолдануды реттейтін нормаларда мазмұндалған талаптарға тікелей байланысты.

Соттар пробация қызметінің келісімінсіз мекенжайын ауыстырмау және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне тіркеуге келу міндетін жиі жүктейді. Осылайша, бақылау мазмұны шартты түрде соттау кезінде іс жүзінде негізінен сотталғандардың белгілі ауданда тұруын және олардың пробация қызметіне уақтылы келіп тұруын қамтамасыз етуді қамтиды. Сонымен бір мезгілде сынақтан өтушілерге қатысты құқықты шектеуді белгілемей, шартты түрде соттауды қолдану үрдісі орын алады.

Мұндай тәжірибе заңға қайшы келмейді, себебі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «сот, шартты түрде соттауды тағайындағанда, сотталғанға белгілі бір міндеттерді орындауды жүктей алады» (Қазақстан Республикасы ҚК 63 б. 5 т.) [2]. Демек, заң шығарушымен үкімге тиісті құқық шектеуді енгізу талабы қозғалмаған және қылмыстық-құқықтық норманың келтірілген ережелері императивтік сипатта емес. Алайда пробация процесінде қылмыскерлерге арнайы міндеттер жүктемейтін бақылау көбіне тиімділігін жоғалтады және сынақтан өтушіге тәрбиелік ықпал жасау бойынша пробация қызметінің нақты мүмкіндіктерін төмендететінін ескермеуге болмайды. Әсіресе жас қылмыскерлер мен жеке тұлғаға қарсы қастандық жасағаны үшін с о тталған тұлғаларға қатысты міндеттердің болмауы кері әсер етеді, себебі олардың қоғамдық қауіптілігі уәкілетті органдардың тарапынан интенсивті қадағалауды жүзеге асыруды талап етеді.

Пробацияның мақсатына жетуі үшін тұрғылықты мекенжайын ауыстырмау талабын сотталғанның орындауы үлкен маңызға ие. Әдебиетте «...сотталғанның тұрғылықты және нақты мекенжайын белгілеу қажетті жағдай болып табылады, онсыз оның мінез-құлқына ұдайы бақылау жүргізу мүмкін еместігі» әділ көрсетіледі [7, 56 б.]. Сотталғанның өзінің үй-жайын, тұратын ауданын қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметін хабардар етпей қалдырып кетуі, оның қызметкерлерінің құқық бұзушыны бақылау және қадағалау мүмкіндігінен айырады және сынақ режимінің одан әрі келешегін мәселе етіп қоятыныайқын. Тұлғаның пробация қызметінің бақылауынан кетуі кейде оның бейәлеуметтік өмір салтын ұстанғысы және жаңадан қылмыс жасағысы, өзге жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарғысы келетініне байланысты болады. Сонымен қатар, тұлғаның осыған ұқсас іс-әрекеттері оның мінезінің ерекшеліктерімен анықталуы мүмкін: ырықсыздық, қызбалық, жасаған қылығына қатысты ойланбаушылық. Сонымен бірге басқа жерде тұратын туыстарынан хабар алу, жақын адамдарына көмектесу секілді және т.б. себептер де болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 63 бабында, сондай-ақ шартты түрде сотталғандарға бақылаушы органды хабардар етпей жұмысын немесе оқуын ауыстыруға тыйым салынатыны көзделген. Сонымен бірге қадағалаудағы тұлғалардың оқу орнына түсу үшін жұмысын қалдырып кету жағдайлары да кездеседі. Немесе керісінше оқудағылар әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты техникумды, институтты қалдырып, жұмысқа шығуға мәжбүр болады. Пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты жерін қалдыруға тыйым салудан ерекшелігі, бұл жағдайда, пробация қызметін хабардар етіп қана еңбек немесе оқу қызметінің нақты түрі туралы сұрақты сынақтан өтуші өзі шешуі қажет. Жастарды білім беру бағдарламаларына тарту, көбіне, жас адамдардың, бір мезгілде олардың жеке басының кәсіби, адамгершіліктік, рухани дамуына себептесіп, криминалдық жүріс-тұрысы мүмкіндігін төмендетуге қабілетті болып табылады.

Пробацияны қолданудың басты мақсаты: сынақтан өтушінің қайта әлеуметтенуін (түзелу) қамтамасыз ету екенін атап өту қажет. Шетелдік тәжірибеге қарасақ, көптеген елдердің қылмыстық заңнамасы сынақтық қадағалауды тағайындау кезінде сынақтан өтушінің жұмыс істеу немесе оқу міндетін белгілеуді көздейді. Бұл талап пробация қызметінің қадағалауға алынған адамға жұмыс орнын іздеуге және оның жұмысқа тұруына, оқу орнына қабылдануына көмектесу міндетінен хабар береді. Аталған ұйғарымның жүзеге асырылуына АҚШ, ГФР, Жапония және өзге мемлекеттердің заңгерлері аса көңіл бөледі. Әрине, Қазақстандағы нарықтық қатынастарды, соның ішінде еңбек саласындағы қазіргі қалыптасу, әлеуметтік-экономикалық жағдайларда мемлекеттің әрбір азаматты нақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуге қатысты конституциялық міндетінің жоқтығын ұмытуға болмайды.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 63 бабының 5 тармағында сынақтан өтушінің маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, венерологиялық аурудан немесе АИТВ/ЖИТС-тен емделу курсынан өту міндеті көзделген. Осыған ұқсас талаптар пробация режимін іс жүзінде барлық жерде сүйемелдейтіні өзіне назар аудартады. Осылайша, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 63 бабында белгіленген талап қадағалаудағы тұлғаның бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алуға ғана емес, сонымен бірге оның денсаулығын қорғауға, сондай-ақ сынақтан өтушінің жақын байланыстағы тұлғасының денсаулығын қорғауға бағытталған. Шартты түрде сотталғанның венерологиялық аурудан немесе АИТВ/ЖИТС -тенемделу курсынан өту заңдық міндетінің аса маңыздылығын атап өткен жөн.

Жоғарыда аталғандай, шартты түрде соттаумен көзделген заңдық міндеттер аталған институттың құндылығы мен тәжірибелік маңыздылығын арттырады.

Мемлекеттік пробация қызметі - бұл өздеріне тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыру орындарында емес, қоғамда өткеріп жатқан (шартты соттау, түзеу жұмыстары) адамдармен жұмыс жасай отырып, қоғамдық қауіпсіздігіне қамқорлық жасайтын, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсететін, қоғамға бейімдейтін мемлекеттік мекеме болып табылады, сонымен қатар басқа да құқық қорғау органдарының жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді деген сенімдеміз.

 

Әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл.
  2. ҚР Қылмыстық-атқару құқығы: ҚР Заңы, 13 желтоқсан 1997 жыл.
  3. Пробация қызметі туралы: Қазақстан Республикасының Заңы, 2011.
  4. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы: ҚР Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығы.
  5. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: ҚР 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV Заңы.
  6. Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012-2015 жылдарға арналған бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы №775 Қаулысы.
  7. Саркисова Э. А. Воспитательная роль условного осуждения. - Минск: Наука и техника, 1971. - 111 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.