Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ҚАЖ қызметінде орын алатын сыбайлас жемқорлықты қылмыстары зерттеу мәселесі ретінде

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің нақты шараларын қабылдамасақ, оның криминалдық, экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күр ес етін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай қүқық бүзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және үлттық қауіпс іздікке төнген тікелей қатер болып саналады.

Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты қүбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» - деп санаған [1].

Бүгінде «жемқорлық» түсінігі әлемнің барлық баспаларында, журналдар мен газеттердің беттерінде жиі айтылуда. Сондықтан Қазақстан Республикасы үшін сыбайлас жемқорлықпен күресте «үздік тәжірибелерді» қолдану үшін жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесін зерттеу және талдаудың маңызы зор. Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье өз кезеңінде: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім түрады және де тиістішекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан болатын [2, 14-б].

Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты

[3, 44-б].

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық аса қауіпті құбылыс ретінде өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап айтылды. Барлық заң шығарушы және нормативтік актілерде пара беру мен жемқорлық мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қарама қайшы келетіні көзделген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аталған мәселені халықаралық шарттарына сай құжаттың дәрежесіне көтерді. Ол небәрі 10 жылдан астам әрекет етеді.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» [4].

Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемаларының салдары деуге болады. Ол, көбінесе, қоғамдық жаңару кезеңінде бой көтереді. Ал біз ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің қиындығы сонда, бұл қылмыста жасырындықпен қатар өзара келісушілік сипат бар. Ешкім бірінің үстінен шаңымданбайды. Пара талап еткеннің өзінде шағымдана қоймайды, себебі сыбайлас жемқорлықпен күреске сенім аз.

Сыбайлас жемқорлық, әдетте, мемлекеттік қызметтің өте күрделі, көпшілік түсіне бермейтін түрлерінде орын алады. Басқа салаларға да тез таралады, тез дамып жетіледі. Бірақ оны айқындау өте қиынға түседі. Өйткені бұл қылмыс әшкереленген күннің өзінде «айран ішкендер» құтылып кетеді де, тек «шелек жалағандар» ғана тұтылады.

Барған сайын өріс алып бара жатқан сыбайлас жемқорлық қазіргі кезде тек заңгерлердің ғана емес, философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика, психология және басқа салалардың мамандарының да назарын аударып отыр. Бұл қылмыста өзінше ерекшелік бар. Ол ұйымдасқан қылмыстың, бас пайданы көздейтін, экономикалық және кәсіби қылмыстардың жиынтығын береді. Екінші жағынан онда қылмыстықжауапкершілік көзделген нақты қылмыстың сипаты бар. Кеңестің заңнамада сыбайлас жемқорлық үғымы болмағанмен лауазымдық қылмыстар қарастырылған болатын, ал олардың көбісі қазір жемқорлық қылмыс деп саналады.

Кез келген күрделі әлеуметтік қүбылыс сияқты сыбайлас жемқорлыққа да нақты анықтама беру мүмкін емес. Оған берілген алғашқы анықтама қүқық саласына жатады. Сыбайлас жемқорлық деп нені санауға болатындығы әр елдің өз қылмыстық Заңдарында өзінше анықталған. Заңда көрсетілген рүқсаттар мен тыйымдар қоғамның да, жеке адамның да іс- әрекетіне бағдар береді, ол жеке дара немесе үжымдық этиканың орнын басады.

Бірақ мүнда едәуір кемшіліктер бар. Біріншіден қүқықтық нормалар мен тыйымдар сыбайлас жемқорлықтың нақты көріністерін толықтай қамти алмайды. Жемқорлық үшін айып басқа айыптармен араласып келеді, оларды бірінен бірін ажыратып алу оңай емес, кейбір істерде сыбайлас жемқорлықтың нышаны ғана болады. Оның үстіне қазір пара алу-берудің бүрынғы дәстүрлі сипаты да өзгерді: бүрындары параны қандай бір адам мемлекеттік қызметкерге оның көмегіне мүқтаж болып беретін болса, қазір көбін мемлекеттік қызметкердің өзі пара алуға ынта білдіреді.

Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «согшрţǐо» - пара беріп сатып алу, қүқық бүзу, қүлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды түлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады». Заң энциклопедиясында бүл терминге «лауазымды адамның өзіне сеніп тапсырылған қүқықтар мен мүмкіндіктерді бас пайдасына жүмсайтындығын көрсететін саясат немесе мемлекеттік басқару саласындағы қылмыстық әрекет» деп анықтама берілген.

17.12.1979 жылғы Лауазымды адамдардың қүқықтық тәртібін сақтау жөніндегі кодексте былай делінген : «сыбайлас жемқорлық үғымын үлттық қүқық анықтайды», ал «лауазымды адамның өзі өкілетті салада кез келген формадағы сыйақы үшін сол сыйақыны берген адамның мүддесіне лауазымдық нүсқаулықты бүзып та, бүзбай да қандай да бір әрекет жасауы немесе жасамауы» сол анықтамаға жатқызылған [5, 29-б].

Қазіргі отандық криминология да сыбайлас жемқорлыққа «мемлекеттік немесе өзгедей қызметкердің сатқындығымен сипатталатын әлеуметтік қүбылыс» деп анықтама береді.

Сыбайлас жемқорлық проблемаларын зерттеуші американдықтар бүл қүбылысқа «саяси қызметкерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, бизнесмендердің және басқа да адамдардың жеке өзінің, отбасының немесе топтың мүддесі үшін өз ресми міндеттерін, мемлекеттік функцияларды орындаудан жалтаруы» деп анықтама береді.

А.И. Кирпичников сыбайлас жемқорлыққа мынадай сипаттама береді: «Сыбайлас жемқорлық - биліктің коррозиясы. Тат металды жейтіні сияқты, сыбайлас жемқорлықтта мемлекеттік аппаратты бүлдіреді, қоғамның керегесін күйретеді. Қоғамның ахуалын сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне қарап білуге болады. Металды коррозиядан әзірлейтіндігі сияқты, қоғам да сыбайлас жемқорлықтан қажиды» [6, 34- б].

Б.В. Волженкин сыбайлас жемқорлық үғымына кеңірек түсінік береді: «Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік қүбылыс, ол мемлекеттік қызметтердің немесе мемлекеттік функция атқаратын өзге адамдардың өз қызмет жағдайын, лауазымдық беделді және мәртебені өзінің баюы немесе топтың мүддесі үшін п айдалануы нәтижесінде биліктің әлсіреуіне алып еледі»

[7, 30-б].

Зерттеу барысында ҚАЖ қызметкерлерінің жемқорлық әрекеттерін анықтап негіздейтін факторларды ерекшелеуге мүмкіндік туды: ҚАЖ қызметкерлерінің жемқорлық әрекеттерін анықтап негіздеуші факторлар негізінде келесі себептер мен жағдайлар анықталды:

  • -биліктің азғындауы;
  • -ҚР барлық аймақтарында қылмыстық оқиғалардың артуы, оның барлық азаматтарға өздігінен теріс ықпалық тигізбеуінің мүмкін боламуы;
  • -біздің қоғамындағы рухани-адамгершілік қүндылықтардың қүлдырауы;
  • -бүқаралық ақпарат қүралдарының теріс ықпалы, олардың оңай олжаны, пайдакүнемдікті, қаталдықты, зорлық-зомбылықты, материалдық жағдайда заңнан тыс тәсілдермен қол жеткізуді насихаттауы;
  • -ІІО, оның ішінде ҚАЖ қызметін реттейтін нормативті қүқықтық актілердің жетілдірілмеуі;
  • -ҚАЖ кейбір қызметкерлерін ің қүқықтық беделсіздігі;
  • -ҚАЖ қызметкерлерін ің материалдық қамтылуының төмендігі;
  • -ҚАЖ қызметіне үміткерлерді байқау негізінде таңдау мүмкіндігінің болмауы;
  • -ішкі істер органдарының біршама қызметкерлері мен басшыларының теріс қылықтары;
  • -ҚАЖ мамандарын сапасыз орналастыру;
  • -ҚАЖ жеке қүрамының жүмысын қадағалаудың тиімсіздігі;
  • -ҚАЖ жеке қүрамымен жүмыста тәрбие бағытыныдағы кемшіліктер ;
  • -ішкі істер органдарындағы жемқорлық көріністердің алдын алу және болдырмаудың тиімді жүйесінің болмауы.

Біздің тәуелсіз мемлекетімізде ҚАЖ органдарында сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш жігерін біріктіру, осы дерттің одан да әрі таралмауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бүл қүбылысқа тиімді түрде қарсы түруға болады. Ол үшін ҚАЖ органдары қызметкерлерінің қүқықтық сауатын арттырып,қызметкерлердің материалдық -тұрмыстық жағдайыіі көтеру арқылы жетуге болады деген тұжырымға келдік.

 

Әдебиет

  1. Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2012. – 15 желтоқсан.
  2. Состояние преступности в России. – М., 1994. – С. 14.
  3. Максимов С.В. Коррупция. Закон. Ответственность. - М.: 2000. С. 44.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы: Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шілдедегі №267-1 Заңы // Егеменді Қазақстан. 1998. - 9 шілде.
  5. Кодекс проведения должностных лиц по поддержанию правопорядка. – Бишкек, 1998.
  6. Козлов А.П. Понятие преступления. – СПб.: Юридический центр Пресс, 2004.
  7. Волженскин Б.В. Коррупция как социальное явление // Чистые руки. – 1990. - №1. - С. 30.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.