Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері

Жеткіншек шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады,ол анатомиялық , физиологиялық , интелектуалдық , адамгершілік. М.Қ.Бапаеватың «Даму психо логиясы» атты оқулығында жеткіншек жас 10-11 жастан 14-15 аралығы деп берсе, М.М.Мұқановтың «Жас және педагогикалық психо логиясы» оқулығында жеткіншек жас қыздарда 12-13 жас ,ұлдарда 13-14 жас аралығы деп көрсеткен. Қыз бала 13 жастағы күш жағынан шешесінен кем емес , ал 14 жастағы бала күші әкесінің күшіне жақындайды[206]. Бұл кезде жеткіншектердің жыныстық мүшенің дамуы да мінез - құлық өзгеруіне ерекше әсер етеді.Тез жетілген жағдайда жеткіншектің көңіл - күйі тұрақсыздықпен көрінсе, кеш дамып жатқан жеткіншектерде мінезінің өзгеруі, яғни ашушаң болу, үнемі қарсы шығу тағы басқа көрініс береді. Кешеуілдеп дамыған жеткіншектер жай қимылдап, өзіне сенімсіз болады. Көңіл күйдің тұрақсыздығы ер балаларды 11 - 13 жас, қыздарда 13-15 жаста ерекше көрініс береді[99].Сонымен қатар,бұл жаста қырсықтық , өзбеттілік бой көрсетеді. Жеткіншек өмірде өз орнын тапқысы келіп, өмірді өзгерткісі келіп , көбіне дүниеге деген көзқарасы өзгереді.Жеткіншек өмір ағымына байланысты өз дүниетанымымен, әлеуметтік ролін :Оқушы , мұғалім ,спорттың топ команданасының мүшесі тағы басқа иемденеді. Бірақта олардың сол ролді игеруі қиынға соғады .Кейде күрделі эмоционалды қысымға , мінез - құлықтың бұзылуына әкеліп соғады. Осы көрсетілген ауытқулар девиантты мінез-құлық болып аталады[5]. Девиантты (ауытқулы) мінез - құлық - деп, қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез - құлықты айтады (И.А.Невский).Танымал социолог И.С.Кон анықтамасында , - “ Девиантты мінез - құлық ол психикалық саулық ,құқық,мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы ” - деп қарастырды. Девиантты мінез- құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасындаболғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес,сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек. Жеткіншектік жаста адамның мінез - құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне,осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды.Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады.

  • -Ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу
  • -Мектептегі қиындық пен сәтсіздік
  • -Тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату .

Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту,мектептегі сәтсіздік,келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.“Қиын бала”дегеніміз кім? Осы сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды ,жалпы жұртшылықты жиі толғандырады және бір сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз ,өйткені баланың “қиын” аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес. Менің ойымша, мұндай қиын өтпелі кезеңде ата- ана тарапынан жеткіншекке дұрыс қарым-қатынас жасай білу. Дұрыс қарым -қатынас дегеніміз-дұрыс сөйлей білу.Яғни, “Мен саған сенемін” ,“Мен сені жақсы көремін”, “Мен әрқашан сенімен біргемін” ,“Сенің жетістігіңе мен сенемін ” т.б.

Ата-ана тарапынан қолдау дегеніміз бұл :

  1. Жеткіншектің жақсы қасиеттеріне көңіл аудару
  2. Жеткіншектің қателік жасамауға өз ақылын,көзқарасын білдіру
  3. Жеткіншектің өзі күшіне сенуіне көмектесу
  4. Сәтсіздіктерде қолдау көрсету

Жеткіншекке қолдау көрсетуде ата-ана, өз іс-әрекет , қарым-қатынас стильін өзгертуіңіз мүмкін. Жеткіншекке қолдау көрсету-оған сену.Көптеген өмірлік қиыншылықтарды бірге бастан кешу. Жеткіншек өз күшіне деген сенімділігі пайда болу үшін, ата-ана шыдамды , қайратты әрі сабырлы болу керек .Бұл қасиеттер

  1. Өткен сәтсіздіктерді ұмыту үшін
  2. Кез-келген тапсырманы орындай алуына сенімділігін арттыру үшін
  3. Барлығын жаңадан бастауға және ол жетістікке жететініне сену үшін
  4. Өткен жетістіктерді ұмытпауға және қателіктерді қайталамау үшін қажет.

Сонымен қатар жеткіншекті қолдауда

  1. Ата-ана көп уақыт жеткіншекпен бірге өткізгені жөн
  2. Жеткіншектің жақсы қасиеттеріне сүйену
  3. Күрделі тапсырмаларды жеңіл етіп түсіндіру
  4. Жеткіншекпен қарым-қатынасыңызда әзіл-қалжыңды ендіру
  5. Жеткіншектің барынша мәселені өзі шешуге мүмкіндік беру
  6. Шектеулер мен жазалардан қашу
  7. Сәтсіздіктер мен қиындықтарда оптимизм көрсету

Бұл жерде ең бастысы ата-ана өз баласын қандай болса,солай етіп қабылдау. Баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине , отбасыда қалыптасады . Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде , ол ата-аналарды кінәләй бермей , бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден , ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, “қиын” балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: “Менің отбасым ”, “Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)”, “Мен бос уақытымды қалай өткіземін? ” деген тақырыптарға шығарма жаздырып, содан көп нәрсені білуге болады. Ата- аналармен,олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшіліктер ін ескере отырып жоспарланған болуы керек [30].

Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау,оларды жеке-жеке бақыланып әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет.Тәрбиесі “қиын” жасөспірімдерді тәрбиелеу – ділгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзінде асыруға ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтер менпсихологтерг е, заң қызметкерлеріне жүктеледі. Өйткені, біздің ойымызша , “қиын ” бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады. Баланы тәрбиелеу барысында мектеп отбасы ,бала бір-бірімен тығыз қарым- қатынас жасап отыруы қажет.

Бала үшін ата - анасынан артық адам жоқ. Баланың бас ұстазы ата - анасы. Ендеше , әрбір ата - ана өз перзентін мәдениетті , адамгершілігі мол , білімді , ата –салтын ,ана тілін қастерлейтін ұлтжанды адам етіп тәрбиелеу ата - аналық міндеті деп түсінуі керек. Девиантты баланы тәрбиелеу барысында ата-анаға көмек көрсету қажет. Анығырақ төмендегі 1-кестеде көрсетілген :

Кесте-1

Девианты мінез-құлықты жеткіншектерді түзету барысында , мына жәйттерді ерекше есте ұстаған жөн.

  • -“Қиын” жеткіншектердің жақсы қасиеттерін анықтап арттыру, мадақтау. Белсенділігін , талпыныс , ынтасын қолдау.
  • -Спорт, өнер, техника, қоғамдық жұмыстарға қызықтыру,қатыстыру.
  • -Мұғалім педагог этиканы с ақтай отырып “ қиын ” жеткіншекті қадағалау , ар-намысына тимеу.
  • -Орынсыз жазаламау керек.

Қиын жеткіншекті түзету барысында төзімді,сабырлы болған жөн. Қиын баланың саналы түсінгеніне сенім көрсетіп , әділетті болған абзал. Сонымен қатар,қиын баланың құр уағыз айтып ,мезі етіп , жанын жараламай , қателігін үнемі бетіне баспау керек [40]. Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақыланып, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі “қиын” жасөспірімдерді тәрбиелеу – діңгегі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзінде асыруға ата-анаға көмектесу , психологиялық жағынан бақылау педагогтер мен психологтерге , заң қызметкерлеріне жүктеледі. Баламен жұмыс жасаған да, мынау мектептің жұмысы , анау ата – ананың міндеті етіп бөліп жармай-ақ , жас ұрпақты келешек өмір , елдігіміз үшін б іріг іп тәрбиелегенге не жетсін.

 

Әдебиет

  1. М.Қ.Бапаева «Даму психологиясы» Алматы 2014ж. 206 бет.
  2. М.М.Мұқанов «Жас және педагогикалық психология» Алматы 1982 ж 99 бет.
  3. Юсупова И. “Қиын” оқушы қайдан шығады // Қазақстан мұғалім і 2006 қараша,5-бет.
  4. Г.Аязбекова. “Қиын ”баланы тәрбиелеу жолдары .// Білімдегі жаңалықтар №1, 2005, 30-бет.
  5. Б.Жолмаханов. “Қиын”оқушыны тәрбиелеу // Бала тәрбиесі № 5 , 2005, 40-бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.