Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Абай шығармаларының тәрбиелік мәні

Хакім кешегіден де бүгінімізге кажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абай мерейтойында сөйлеген сөзінде осы жайтты нықтап-нықтап айтқан болатын. «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгінарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді: Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Өз халқын «жұрт болсын, өссін, өнсін» дейтін әрбір аз амат әуелі Абайды оқысын. Абайға құлақ салсын». [ 1]

Әр заманда момынның жоғын жоқтап, мұңын тыңдап, жағдайын жасауға тырысқан халық перзенттері ғаделет, рахым, қайрат, қажыр иелері болған. Абай сөздерінде ондай кісілерге тән қасиеттер мыналар: махаббат. шапағат, нысап, мархама, таза пиғыл, мағрифат, көкірегі-көнілі тірілік, имандылық, мұсылмандық, еңбекқорлық, адалдық, ұяттылық, бауырмалдық, мейірімділік, сезімталдық, ақылдылық. Адамшылық, адам табиғатына сай болу үш ғашықтықтан туады. Бірінші, дүниені, адамның өзін жаратқан Аллаға ғашықтық. Ғылым алланың бір сипаты бо лғандықтан, ғылымға ғашықтық. Алланың жолы хақиқат болғандықтан, хақиқатқа, растыққа ғашықтық. Ал егер мал, мақтан, қадір, сый, құрмет, алланың ықрарымен, адамды өзі іздеп тапса, ол адамды бұзбайды, керісінше адамдыққа көрік береді. Сондықтан да халқымыздың ділін, яғни, менталитетін, дінін, тілін сөз қылғанда, тағылым іздегенде Абайдан алшақ кету қиын. Қазақ бүгін өз табиғатын сонау Абай арқылы түсініп отыр. Сонымен Абай философиясының өзегі адам мәселесі болып, адамның өмір сүру тәсілі, тіршілік ету ерекшеліктері, діні, ділі, білімі, мінез-құлқы, мұрат-мақсаты және де басқа тылсым сырлары сарапқа салынып жатса, мұндай дүниетанымнан өмірмәнділік сипат іздеу біздің рухани тәуелсіздігіміздің бір көрнісі дер едік.

«Абайдың дүниетанымында философиялық, этикалық, эстетикалық, танымдық және әзіл-ысқақ, кеңес беру түрінде жазылған «Қара сөздер» маңызды орын алады. Ондай ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері шеттей қабысқан. Мұнда философия адамдардың рухани танысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды күйретудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай, әр алуан әлеуметтік топтағы жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананың дертін айқындайды да, бейнелі түрде жеткізеді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол үлттық психо логияның негізіне, барлығын да тарихи жадында с ақтап қалған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал- мәтел дәрежесіне көтерілді».[2,5-6 бб.]

Жалпы руханилық, адамшылдық деген түсініктер ад амз ат тарихымен бірге жасап келе жатқан және де дәстүрге айналып кеткен нәрселер. Әсіресе, өскелең өсу жолында жаңалықтар көп бола бермейді. Бүкіл адамзатқа ортақ ұждандық өсу талабы – жастарды адам болуға баулу, адамшылдықтың негізгі принциптеріне үйрету. Ал адам болудың жолдары әр халықтың, ұлттың дәстүріне, салтына, тарихына, діліне, дініне, рухани болмысына байланысты. Қазақтың өмір салтында адам болу жолдарыүлкенді сыйлаумен, ата жолын, ана жолын қуумен, ар -намысты, ұятты бетке ұстаумен, өнер-білімге, еңбекке ұмтылумен анықталады. Абайдың өз басында осы қасиеттердің бәрі де болды. Сондықтан да ұлт ұстазы болуға, неден қашық болып, неге асық болып, немен дос болуға шақырып жөн, көрсетуге моральдық құқығы болды.

Ұлттық тәрбие ісіне уақыт өз талаптарын, өз өзгерістерін енгізді. Абай заманында тәлім-тәрбие ісін ең қарапайым элементарлық нәрселерден бастауға тура келеді. Себебі, адамдар жас баладай аңқау, аңғал, тек біреудің жетегінде жүруге бейім болды. Жөн білетін дана азаматтар оларға ақ пен қараның, адал мен арамның, жақсы мен жаманның не екенін айтып көрсетуге борышты болды. Абай солардың асқар шыңы. «Халық ешқашан толас таппаған және таппайтын рухани күресіне адастырмас нысана, жаңылыстырмас бағдар сілтеп бере алатын көреген көсем тұлғаларды әрдайым сусай аңсаған, әрдайым төбесіне көтере құрметтеген. Өйткені ақыл табылмай тұрып ештеңе табылмайды. Ол жетілмей тұрып ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз аз ам ат өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл». [1]

Абай қазақтардың кешегісі мен бүгінін, болашағын, олардың мінез- құлқын, салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-білімін, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі уақыттың түсініктерімен зерделеп айтқанда, хакімнің ой барысы қазақтың менталитеті қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, не істеу керек ол үшін? Әсіресе, өмірінің соңында дүниеге келген «Қара сөздеріндегі» ой желісі осы мәселелер маңында түйінделеді. Адамгершілік, толық адам туралы ойлар үшінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он сегізінші, жиырма үшінші, жиырма жетінші. Жиырма сегізінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық ек ін ші, қырық төртінші сөздерінде жан-жақты сарапталады. Әрбір ұлттың ұлылығы өздеріне тән жағымсыз жақтарын жасырмай, аяусыз сынап, көрсете алатындығында деген пікір бар. Абай қазақ халқын басқа халықтардан, ұлыстардан кем деп с анаған емес, керісінше халқының озық ойлы, озық мәдениетті елдер санатына қосылып, олардан да асып түссе екен деп армандады. Осы арман үшін өмірін сарп етті. Өз халқының аяулы ұлы ретінде өз заманында орын алған қаракетсіздікке, жалқаулыққа қарсы аянбай күресті. Абай ең алдымен бес нәрседен өсектен, өтірік айтудан, мақтаншақтықтан, еріншек, жалқаулықтан және бекерден-бекер мал шашудан қашық болуға шақырды. Әрбір жалқау адам, қаракетсіз, қорқақ та болады, оның тіршілігі де мардымсыз, сүреңсіз болады. Ал мақтаншақ адам аı‹ıыɪсыз, надан адам. Кісі қашық болу керек бес нәрсе, әрі қарай сабақтаса көптеген келеңсіз қасиеттерге апарып тірейді. Оны Абайдың өзінен артық зерделеу қиын. Ол былай дейді: «Бүкіл ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: Әрбір жалқау кісі қо рқақ қайратсыз тартады: Әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді: Әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді: Әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді: Әрбір арсыз жалқаудан сұрамақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жок жандар шығады».[3.148б]

Ғаламға белгілі данышпандар байқаған деген сөздерге назар аударған жөн. Кейбір зерттеушілер айтатындай бұл тек қазақ ұлтына тән жұғымсыз қасиеттер емес, жалпы адамның тозу әдісі. Бұлар басқа ұлттарға да тән. Бірақ Абай өз отандастарының жайын, болашағын ойлаған соң бұл сөздерді соларға арнағандай болып отыр. Бес қашатын қасиетті көрсетісімен, көпке созбай, осы жерде бес асыл қасиетке де тоқталды. Олар тек қана адамның адамшылдығының белгісі емес, әлгіндегі айтылған кемшіліктерден арылу үшін де қажет. Абай қазақтардың кешегісі мен бүгінін, болашағын, олардың мінез-құлқын, салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-білімін, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі уақыттың түсініктерімен зерделеп айтқанда хакімнің ой барысы қазақтың менталитеті қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, не істек керек ол үшін? Әсіресе, өмірінің соңында дүниеге келген «Қара сөздеріндегі» ой желісі осы мәселелер маңында түйінделеді. Адамгершілік, толық адам туралы ойлар үшінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он сегізінші, жиырма үшінші, жиырма жетінші. Жиырма сегізінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық екінші, қырық төртінші сөздерінде жан-жақты сарапталады. «Адам баласына адам баласының бәрі -дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде тууың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің махшарада сұрауың бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупың, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің барм ма, жоқ па?... Біріңе бірің қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көз алартыспақ лайық па?».

Дананың бұл пікірі дүниежүзілік философия тарихындағы адам мәселесі, адам теңдігі жайлы аса маңызды ойлар қалдырған Сократ, Сенека, Канттардың қағидаларынан, әр ілімінің императивтерінен артық түспесе кем түспейді Мысалы, Сенеканың құл мен қожайынның теңдігі жайлы айтқан мынандай әңгімесі бар. Өзінің бір досына қонаққа барғанда былай дейді: «Мен сенің үйіңде болған кісілерден естідім, сен өзіңнің құлдарыңмен достық қарым-қатынас жасайды екенсің. Бұл ісің сенің адамгершілігіңе, біліміңе сай қылық. Тағдыр адамды бір жағдайда мырза қылады, басқа бір жағдайда құлға айналдырады. Ойлансаң сенің құл деп тұрған адамың да дәл сен сияқты жолмен жарық дүниеге келді, сен сияқты ауа жұтады, өседі, өледі. Ортақ аспан, ортақ жер. Сонда сенің нең бөлек, ерекше. Ал құлдыққа келсек, адамның бәрі құл. Біреу нәпсінің құлы, біреу сараңдықтың құлы, тағы біреу мансаптың құлы, ал адамның бәрі қорқыныш пен үміттің құлы. Сондықтан сенің құлдарыңа дұрыс көзқараста болғаныңды мен құптаймын». Әрине бұл да дәлелдері мінсіз керемет түсінік. Бірақ Абайдың ойлау құдіреті одан да жоғары. Бұл жерде  біржақты таптарды ғана үйлестіру, келісімге келтіру шарт емес. Абай ұлт пен ұлттың, нәсіл мен нәсілдің, ел мен елдің достығын, теңдігін өз пікіріне тиек етіп отыр. «Адамшылдық» қағидасын жалау қылып көтеретін себебі де, адамзаттың баласы бол, біреуді орыс, біреуді ноғай, біреуді сарт деп күлме, өзіңді ешкімнен артық санама, ғылымын, өнерін, жақсы қасиеттерін үйрен, жаман қасиеттерінен жирен, адамзаттың барлық асыл қазынасын өз жаныңа азық қылсаң ғана адам атын қабылдауға негіз бар дегендік. Тарих тағылымы тек қана ұлы тұлғаларымыз емес, жалпы өткен-кеткенімізді, дәстүрлі мәдениетімізді, рухани болмысымызды шын мәнісінде бағалай білуіміз үшін де қажет. Қазақ «Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді. Кейде біздің туған әкелеріміз бен аталарымыздың ғұмырын, жеңістерін, жетістіктерін, ерен еңбегін, қайғысын-қасіретін, қуанышын-сүйінішін жоққа шығарғымыз келеді. Кешегі дәуір, қандай да болса солардың дәуірі. Ол дәуірді сылып алып тастасаң ұрпақтар үндестігі, сабақтастығы қайда қалады. Біздің бүгінгі менталитетімізді қалай ашып, түсіндіре аламыз. Ол мүмкін емес. Тарих талқыға көнбейтін шындық. Өйткені, ол ойдағы жорамал, қиял, арман емес, қандай да болса болған, өткен процесс. Тарихты ананың, мынаның қалауына қарай бұрмалауға болмайды, оны жауып тастауға да болмайды. Ал адам осы тарихтың бір тармағы, тарихты жасаушы. Сондықтанда адамды тарихтан, халықтан бөлек қарастыруға тіптен де болмайды. Осы себептерден, Абай «Қара сөздерінде» қазақ табиғатының ең бір жағымсыз жақтары баса айтылғанмен, оны айту керек, сынау керек. Одан бері екі дәуір өтті, бақытымызға орай халқымыз олардың біразынан арылды, саналы, мәдениетті, білімпаз халықтар санатына қосылды. Жан саулығы адамның өз өмірінде жоғары құндылықтар мен ұлы идеяларды санасына тірек ете алғанына да байланысты.

Жан тазалығы адамның алдына қойған мұрат-мақсаттарының биік адами дәрежеде болғанына да байланысты. Абай жолымен жүріп келе жатқан қазіргі қазақ философиясы да осы мәселелерге өте зор көңіл бөлуде. Әрине рухты, сананы өзгерту, дамыту мәселесі қилы кезеңдердің баршасында қоғам алдына қоярлық маңызды тапсырма. Абай өз парызын түсініп саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап адамтану, адамгершілік ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай дүниетанымының басты мақсаты адамды барынша кемелдікке жеткізу, ол кемелдікті адамға лайықты түрде көрсету, пайдалану, бүкіл өміріне азық ету, басқаға да шарапатын тигізу.

 

Әдебиет

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы.
  2. Әлем әдебиеті. Абай Құнанбаев шығармалары – Алматы, «Жалын» 1995ж.
  3. Әуезов М. Абай мұрасы жайында,- Қазақ ССР ҒА-ның хабаршысы. 1957, № 3, 21 б.
  4. Сыздықова Р. Абай шығармалары мен 19 ғ-дағы жазу нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (журн.), 1959, № 2.
  5. Төкебаева Ж.Ә. «Абай шығармалары тілінің статолингвистикалық аспектілері» - Қ.Р., Алматы, 2001, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты.
  6. Абай. Таңдамалы өлеңдері. Ташкент. 1922 – ІІІ-Ү және 276,287б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.